Ф 7-008-02 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#139160
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Ф.4.7-008-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Есіркепова Г.К.

Философия

(СӨЖО тапсырмаларын кеңес түрінде дайындауға

арналған құрал)

Шымкент-2008

УДК 10(09)1(31/35)(075.8)

Б

БК 87 я 73

Құрастырушы: доцент Есіркепова Г.К.

Философия пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік құрал. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008

Әдістемелік құрал оқу жоспарының және «Философия» пән бағдарламасының талаптарына сай құрастырылып, құрамына СӨЖ орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Студентердің өзіндік жұмыстарының (оқытушымен бірге) тапсырмаларын орындауға арналған көмекші құрал болып табылады.

Пікір жазғандар: ф.ғ.к., доцент Т.А.Сүлейменов (ОҚМУ)

ф.ғ.к., аға оқытушы Г.З.Абдрасилова (ОҚМУ)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітілген


Хаттама № __ _______ 2008 ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік университеті


  1. Мәдениет контекстіндегі философиялық шығармашылықтың тарихи типтері.


Философия мәдениет феномені ретінде.
СӨЖО тапсырмалары бойынша мына ñ½ðàºòàð¹à æàóàï áåðó êåðåê:

1.Ôèëîñîôèÿíû» генезисі және құрылымы.

2.Ôèëîñîôèÿíû» ì¸ñåëåëåði.

3. ľíèåãå ê¼çºàðàñ ұғымы және оның тарихи түрлері.

Ôèëîñîôèÿ - àäàì ì¸ñåëåñií çåðòòåéòií àäàìçàò ì¸äåíèåòiíi» åðåêøå ñàëàñû. Ôèëîñîôèÿ - ä¾íèåòàíûìíû» ê¼íå ò¾ði. Àäàì æ¸íå ¸ëåì ºàòûíàñûíû» ê¼ïºûðëûëû¹ûíû» áåéíåñi ðåòiíäå îë åðòå çàìàíäà ïàéäà áîëäû. Íåìiñ ôèëîñîôû Êàðë ßñïåðñ ôèëîñîôèÿíû» ïàéäà áîë¹àí êåçå»ií “¼çåêòi óàºûò” äåï ¸ñåðëåãåí åêåí. Ñîë óàºûòòà ïëàíåòàäà ðóõàíè º½áûëûñ ¼òåäi, í¸òèæåäå ¾ëêåí ì¸äåíèåòòåð ìåí ôèëîñîôèÿëûº æ¾éåëåð ä¾íèåãå êåëåäi äåï ïàéûìäàéäû îë. Àäàìçàòòû» îé òàðèõû îíû» áîëìûñ òàðèõûìåí ¾éëåñiï æàòºàíû àíûº. Ôèëîñîôèÿ òàðèõûí îºûï ¾éðåíó -¾ëêåí ìåêòåï. Ôèëîñîôèÿ ¼òå ½çຠòàðèõè äàìóäû áàñòàí ê¼øiðäi. Á½ë æîëäû» áàñû ¾ø ìû»æûëäûºòàí àñûï æàòûð. Îë óàºûòòà¹û àòà-áàáàìûç ìèôòåðìåí ºàíà¹àòòàíà áiëãåí. À»ûçíàìà àäàìíû» ¼çiíå æ¸íå ºîðøà¹àí ä¾íèåãå ñàíàëû ºàòûíàñûíû» àë¹àøºû ¸ðåêåòi áîëàòûí. À»ûçäàðäà ä¾íèå àäàì¹à ¹½ëàìà òûëñûì òàáè¹àòûìåí áåòií á½ðäû, àë àäàì îíû ò¾ñiíãiñi êåëäi æ¸íå ¼çiíi» øàìà øàðºûíøà ò¾ciíäiðãiñi äå êåëäi. Òûëñûì ä¾íèå ïàðàñàòòû àíûºòàìàëàð¹à î»àéëûºïåí áåðiëå ºîéìàäû, áiëiì äå, ðàöèèîíàëäûº ò¸æiðèáå äå æåòiñïåäi. Å» áàñòûñû àäàì òàíûì¹à ½ìòûëäû. À»ûçíàìà, ìèôîëîãèÿ ¼íåðäi æ¸íå ôèëîñîôèÿíû òóäûðäû.

Áàòûñ ôèëîñîôèÿñû îéëàóäû» çà»äàðû òóðàëû ¹ûëûì áîëûï òàáûëàäû, àë Øû¹ûñ ôèëîñîôèÿñû áîëìûñòû» òûëñûì æàºòàðûí òàíó¹à ì¾ìêiíäiê áåðåòií iëiì äåñå áîëàäû. Ôèëîñîôèÿ äàíàëûººà º½øòàðëûº åìåñ ïå åäi, ìiíå ñîë ºàñèåòií ôèëîñîôèÿ Øû¹ûñòà æî¹àëòûï àë¹àí æîº. ²àçiðãi ôèëîñîôèÿ äàíàëûººà äåãåí ñ¾éiñïåíøiëiêòåí àëøàºòàï áàðàäû. Ñîíäûºòàí äà áiç ºèûíäûºòàð¹à êåç áîëûï æàòûðìûç. Àë äàíàëûº - á½ë àäàìíû» ðóõàíèëû¹ûíû» ºàéíàð ê¼çi. Äàíàëûºòû æî¹àëòó – ðóõàíèëûºòàí àéðûëó. Ðóõàíèëûºòû æî¹àëòºàí æà¹äàéäà, àäàìçàòòû» å» áið æàìàí æàºòàðû àøûëûï øû¹à êåëåäi.


Философияның пайда болуына ықпал еткен ерекше рухани процесс тарихта аса маңызды кезең болып өткен деп жорамалдайды неміс философы Карл Ясперс (1883-1969). Ясперс «өзекті уақыт» (осевое время) деп белгілеген кезең хронология жағынан б. з. б. 800-200 жылдар аралығы болыпты. Осы кезеңде ежелгі Қытай, ежелгі Үнді және ежелгі грек елдерінде жаңа дүниетаным қалыптасады, адам бүкіл болмысты, сондай-ақ өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Адамның алдынан дүниенің тұңғиығының сырлары және өзінің маңыздылығын тану мүмкінділігі ашылып, қызықтырып, мен мұндалап тартып тұрады. Адам радикалды мәселелер қоя бастады, түсінік іздеді, жанды құтқару жолдарын іздестірді. Адам мүмкіндігінің шекарасын пайымдай отырып, өзіндік сананың тереңдігі мен трансценденті дүниенің тұңғиығының абсолюттілігін түсіне бастайды.

Бұның бәрі рефлексияның арқасында мүмкін еді. Сана өзін-өзі тани бастады, ойлаудың объектісі ойлаудың өзі болды. Рухани тайталас басталды, әркім өз пікірін басқаға жеткізуге тырысты, өз идеяларының дәйектілігін аргументеуге тырысты. Қарама-қарсы пікірлер сыналды. Пікір таластар, рухани саланың жікке бөлінуі, олардың қайшылықтары мен өзара байланыстары жайбарақат өмірді сергілтіп, қозғалыс тудырды, рухани хаос алаңдаушылық тудырды.


Осы дәуірде негізгі категориялар қалыптасты, ол категориялармен біз осы күндерде де пайдаланамыз. Нағыз сол уақытта адам өмірін анықтауда әлі күнге дейін күшін жоймаған әлемдік діндер қалыптасты. Бұл процесстер көп адамдардың бұрын санасыз қабылданған әдет-ғұрыптарға көзқарастарын өзгертті. Бұның бәрі тоғыса келе шексіз таным процесіне ұласып кете берді. Философияның тақырыптық мәні қоғам дамуының барысында дамып отырды. Философияның мазмұны да эволюцияға ұшырайды. ХХ ғасырдың кейбір ғалымдары философияға нақты анықтама беру мүмкін емес деп есептейді.

Философия мифологиялық дуниетанымның әлсіреу салдарынан, ғылыми білімнің жинақталу салдарынан пайда болды. Философияның көркем- әдеби формасы бұдан 4,5 мың жылдар бұрын пайда болды (ежелгі шығыс өркениеттерінде). Ал философияның ғылыми түрі бұдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды. Алғаш “философ” терминін қолданған Пифагор екен. Философияны ғылыми негіздеуші ретінде Платонға қошемет көрсетеміз. Платонға дейін де алғашқы философиялық мектептер болған. Бірақ олардың көзқарастары стихиялық, әрі қарапайым, ғылыми жүйеге салынбаған еді. Сондай алғашқы философиялық мектеп ежелгі Грециядағы милет мектебі болатын. Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Осы жағдайға байланысты Фалесті философияның атасы деп те айтады. Философияның қалыптасуына ықпал еткен алғышарттар мыналар:



  1. Қолайлы табиғи жағдай негізінде қол жеткізген мәдениеттің даму деңгейі.

  2. Дұрыс білімдердің жинақталуы, бұл білімдерді жүйелеуге қажеттіліктің тууы.

  3. Абстрактілі ойлау қабілетін қалыптастыруға жағдайлардың тууы.

  4. Рухани өмірде шығармашылық бәсекелестіктің, сөз жарыс атмосферасының орын алуы.

Философияның басқа дүниетаным формаларынан кейін пайда болуының себебі осы алғышарттармен байланысты, яғни білімдердің жинақталуы, логикалық ойлаудың дамуының жоғары деңгейге жетуі қажет болған.

Философиялық білімдердің ерекшеліктері.

Философиялық білімдер мынадай сипаттармен ерекшеленеді:


  1. Философия реалды шындық туралы жалпылама білімдер болып табылады.

  2. Философия адам және әлем қатынастарын қарастырады.

  3. Философиялық білімдер адам және дүние туралы тұтас білімдер болып табылады.

  4. Философиялық білімдер дүние танымдық сипатта болады және мәңгілік сұрақтарды көтереді, талқылайды.

Философияның күре тамырын өмір мен таным мәселелері сипатындағы сұрақтар құрайды. Руханилық пен материалдылық қандай қатынастаболады деген сұрақтар - философияның басты мәселелері. Философия – бұл адам болмысының негізгі мәселелерін зерделеуге және сол болмысты дамытуға бағытталған адам іс-әрекетінің түрі. Философияның мәні ақиқатты, ізгілікті, әсемдікті іздестіруде. Философия - адам іс-әрекетінің және қалай жүзеге асатынынын зерттейтін рухани саланың түрі. А. Камюдің пікірінше, өмірдің мәні туралы сұрақ философияның ең басты сұрағы болуы тиіс. Н. Бердяев үшін ондай сұрақ - адамның еркіндігі туралы мәселе.

Философияның міндеті ғылыми-танымдық мәселелерді шешуде емес. Философия дүниеге көзқарастың теориялық түрі болғандықтан ғылымға сүйенеді. Ғылым мен философия бақталастар емес, екеуі де мәдениеттен ерекше орындарын алады, өз міндеттерін атқарады. Философия мынадай міндеттер атқарады:



  1. Адамның еркіндігін паш етеді.

  2. Адамның дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.

  3. Танымдық қызмет атқарады.

  4. Методологиялық қызмет атқарады.

  5. Рухани құндылықтарға бағдарлау қызметін атқарады.

  6. Болашақты болжау қызметін атқарады.

Философияның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Онтология – болмыс туралы ілім. Болмыстың субстанциясы бар ма? Табиғат заңдары бар ма, әлде біз олардың бар екеніне тек сенеміз бе? Қозғалыс, кеңістік, уақыт деген не? Осы сияқты сұрақтарды онтология бөлімі қарастырады.

  2. Натурфилософия (табиғат философиясы).

  3. Гносеология – таным туралы ілім. Адам дүниені тани алады ма? Ақиқат дегеніміз не? Ақиқаттың өлшемі қандай? Бұл мәселелер гносеология бөлімінде қарастырылады.

  4. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.

  5. Антропология

  6. Тарих философиясы.

  7. Саясат философиясы.

  8. Дін философиясы.

  9. Құқық философисы.

  10. Мораль философисы

  11. Өнер философиясы.

  12. Құндылықтар философиясы (аксиология).

Философиялық дүниеге көзқарастың мәні.

Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері туындайды. Ол адамзаттың рухани тәжірибесі үшін мақызды үш қабатта көрініс табады. Бұлар-Ақиқат (ғылым мен идеология); Ізгілік (мораль мен дін) және Әдемілік (әр түрлі түрдегі, формадағы өнер).

Философия осы үш қабаттың өзара қабысу шегінде тұрады. Ол оларға сүйенеді, солар арқылы өз бойына адамзаттың рухани мәдениетінің барлық қасиеттерін сіңіреді.

Дүниетаным дегеніміз – адамды, тарихты, әлемді, байланыста, біртұтастықта, біріне-бірін кірістіріп, жинастырып қарастыратын көзқарас. Кез-келген пән қажетті ақпаратты бере отырып, әлемнің салыстырмалы әмбебап үлгісін көрсетеді. Ал философия ойлаудың болмысқа қатынасының түпкі тамырын негіздерін зерттейтін болғандықтан, ол қоршаған ортада нақты ішкі жағынан біртұтас, жалпы көзқарасты қалыптастырады.

Философия-жүйеленген дүниетаным. Тарихта әлеуметтік өмірді, дәстүрлі көзқарастарды, басты нанымдарды күрделі, түпкілікті өзгерістерге ұшыратып отыратын ірі идеялық қозғалыстар, кең көлемдегі діни-мистикалық жаңарту ағымдары көп болған.

¬азіргі уақытта мұндай процестердің кей орын алғандығы соншалық, оның ерекше қарқыны туралы атап айтуға тура келеді. Бұл философияның қоғамдық маңызын жоғарылатады, өйткені белгілі бір дүниетанымға негізделмеген қоғамдық белсенділік өте қауіпті. Жеке адамның еркімен дүниетанымның өзгертушілік күші іске асып, қоғамдық мақсаттың орындалуы мүмкін емес.

Адам әр уақытта заттар мен құбылыстардың түпкі мәніне бойлауға тырысады. Әсіресе, бұл балаларға тән қасиет. Өйткені олар мынау не, неліктен деген сұрақты өте жиі қояды. Мысалы: неге жаңбыр жауады, ал қар түседі?

Дүние күрделенген сайын философияның қоғамдағы маңызы арта түседі. Оның бірнеше маңызды себептері бар:

- Әлемнің ірі жетістіктері философиялық тұрғыдан түсіндіру мен бағалауды қажет етеді.

- Қазіргі өркениетте орын алып отырған діни өрлеу философияға, оның дүниетанымдық мүмкіндігіне тағы да көңіл аударып, оны кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашуда. Өйткені әр түрлі діни көзқарастар мен ізденістер өзара сұхбаттасып, ұшырасу процесінде бұрын онша мән беріле қоймаған тосын жағдайлар туғызып, философиялық талдауға кең өріс бере бастады.

- Антропологиялық өрлеу, яғни адамды, онық мәні мен табиғатын философиялық тұрғыдан анықтау алдыңғы қатарға шығып отырған маңызды мәселе.
2.Мәдени-тарихи контексттегі философия.
СӨЖО тапсырмалары бойынша мына сұрақтарға жауап беру керек:

1. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептердің сипаты.

2. Ежелгі Үнді еліндегі философиялық мектептердің мәселелері.

3. Ежелгі Грек және Рим философиясы.



Ежелгі Қытай философиясы. Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді, оқ дәріні (порох), фарфор ыдыс-аяқты және т.б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. Көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.

Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.д.д. 8-3 ғасырлар аралығында ең белгілі философиялық мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді. Олардың қалыптасуына мынадай негізгі алғышарттар ықпал жасады:



  1. Қолайлы табиғи климат жағдайларының әсерімен орын алған мәдениеттің жоғарғы деңгейі;

  2. Иероглиф негізінде жасалған жазудың қалыптасуы;

  3. Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымдарындағы абыздар тобының болмауы;

  4. Рухани өмірдегі бәсекелестік, сөз бостандығы, шығармашылық құбылыстарының орын алуы;

  5. Қытай білімінің классикалық кітаптарының қалыптасуы.

Ежелгі қытай философиясының қайнар көздері ретінде есептелетін бұл кітаптардың тізімі төмендегідей көрініс алады:

- Ши цзин (б.д.д. ХІ-YІ ғ.ғ.) (жыр кітабы) – ежелгі халық поэзиясының жинағы;

- Шу цзин (б.д.д. 1 мыңжылдықтың басы) (Тарихи аңыздар кітабы) – ресми құжаттардың жинағы;

- Ли шу ( б.д.д. ІY- І ғ.ғ.) ( Дәстүрлер кітабы) – діни және саяси рәсім, салттарды жүргізу ережелерінің жинағы;

- Чунь цю (б.д.д. YІІ- ІY ғ.ғ.) (Көктем және күз кітабы) – Лу мемлекетінің хроникасы (жылнамалар);


  • И цзин ( б.д.д. ХІІ- YІ ғ.ғ.) (Өзгерістер кітабы)

Философиялық тұрғыдан қарағанда “Өзгерістер кітабы” аталмыш кітаптардың ішінде ең маңызды болып табылады. Ол екі негізгі бөлшектерден тұрады: 1) каноникалық текстерден және 2) сол текстерге берілген түсініктемелерден.

Каноникалық текстерді 64 гексаграммалар құрайды. Әр гексаграмма шындықтың, қоршаған ортаның, болмыстың белгілі бір күйін суреттейді. Гексаграмма бірінің астына бірі орналасқан 6 сызықшалардан құрастырылады. Өз кезегінде гексаграммалар триграммалардан пайда болады. Алғашқыда “Өзгерістер кітабы” бал ашу кітабы болғандықтан триграммалар былай қалыптасқан: белгілі бір адамға үш рет теңгені (монетаны) тастауға мүмкіндік беріледі; егерде монета оң (“орел”) бетімен түссе, онда “—” белгі, яғни үздіксіз сызықша, “ян” белгісі қойылады, монета (теңге) теріс бетімен (“решка”) бетімен болғанда “– –” белгі, үзік сызық “инь” белгісі сызылған. Сөйтіп, көрсетілген белгілер өзара комбинацияға түсіп 8 триграммаларды береді. Адамда кездесетін түрлі құбылыстарды және заттарды осы триграммалардың үйлесімімен немесе олардың бірімен белгілеуге болады.

Аталмыш 8 триграммалардан құралған 64 гексаграммаларды мантика және философия тұрғыларынан қарасытыруға болады: мантика болжау өнері ретінде ақыл-кеңестер, ұсыныстар арқылы көрініс тауып, ашық, анық түрде орын алады, ал философия жасырын турде берілгендіктен, өз мәнін ашуды талап етеді. “И цзин” кітабындағы философияны инь мен ян туралы ілім сипаттайды. Ежелгі Қытай мифологиясында әлемнің екі негізгі бастамаларын (рухтарын) білдіретін инь мен ян ұлы шығарма беттерінде ұғымдық түрге ие болады.

“Инь” сөзінің мағынасы таудың, жотаның, сайдың қараңғы, көлеңкелі жақтарын білдірсе, “ян” сөзінің мағынасы аталған объектілердің жарық жағын білдіреді. Жалпылама түрде айтқанда, ежелгі қытай философиясында инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топтарға жіктеуге болады:




Инь тобы

Ян тобы

Қараңғы

Жер


Әйел

Төменгі


Ай

Ішкі


Салқын

Белсенді емес, енжар

Тыныштық және т. Б.

Жарық


Аспан

Ер

Жоғарғы



Күн

Сыртқы


Жылы

Белсенді


Қозғалыс және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет