Ф. пк-уму. Уп. 04. 14 1 переиздание документации смк каргу 01. 02. 2011 г



бет6/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#133805
1   2   3   4   5   6   7

113

Жануарлар және адам физиологиясы


Курстың мақсаты организмнің, жүйелердің, мүшелердің қызметтерінің физиологиялық механизмдерімен таныстыру. Физиология ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру және даму болашағын көрсету. Білім беріп, физиологиялық ой қалыптастыру.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Адам анатомиясы, биология, эмбриология

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина және гистология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

114

Жастық физиологиясы


Студенттерге ағзаның жасына қарай қалыптасатын физиологиялық қызметттерінің дамуын, баяулауын, бәр түрден екінші түрге өтуі мен бір-біріне қатынасысыны заңдылықтарын білу

Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні болашақ мұғалімдергі, психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсунуге жол ашады.

Жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл- ойын дамытудың, еңбекке баулудың, дені сау, сымбатты өсірудің негіздерін білу, медициналық және санитарлық күту негіздерін түсіну.


Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: физиология, адам анатомиясы, жалпы гигиена, педагогика және эмбриология

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина және педагогика, психология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

115

Қазақстан Республикасының табиғатты қорғаудың өзекті мәселелері


«Қазақстанның экологиялық мәселелері» курсы қазіргі кездегі адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі - қоршаған ортаның экологиялық деградациясын түсінудегі пәнаралық синтезделген ғылым болып табылады.

Қоршаған ортаның дестабилизациясы Арал, балқаш және Каспий маңын, Кенді Алтайды, Ертіс маңын және басқа да көптеген Қазақстан Республикасының табиғи өңірлерін қамтиды. Әсіресе, маңызды мәселелерге Жер климатының өзгеруін, тұщы судың жетіспеуін, ормандардың құрытылуын, құрғақшылықты, атмосфералық ауаның ластануын, су ресурстарының ластануын, топырақтың ластануын және биосферадағы биологиялық әртүрліліктің азаюы мен жойылуын т.б. жатқызуға болады.

Табиғат пен қоғамның арақатынасын жоғарыда аталған өзекті мәселелерін гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған ортаның қорғау саласындағы интеллектуалдық деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезеңнің экологиялық мәселелерін оңтайлы шешіп, оны болдырмауға бағытталады.


Қазақстан экологиясы, қоршаған орта туралы ілім, қолданбалы экология, Қазақстан геоэкологиясы, Қазақстанның экологиялық құқығы.


Табиғи ортаның мониторингісі, әлемдік экология, табиғатты қорғау, экология және табиғатты тиімді пайдалану, энвайронментология, экология және халық денсаулығы, әлеуметтік экология, адам экологиясы.

116

Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері


«Қазақстанның экологиялық мәселелері» курсы қоршаған ортаның экологиялық деградациясын түсінудегі пәнаралық синтезделген ғылым болып табылады. Маңызды мәселелерге Жер климатының өзгеруін, тұщы судың жетіспеуін, ормандардың құрытылуын, құрғақшылықты, атмосфералық ауаның ластануын, су ресурстарының ластануын, топырақтың ластануын және биосферадағы биологиялық әртүрліліктің азаюы мен жойылуын т.б. жатқызуға болады. Қоғам мүшелерінің қоршаған ортаның қорғау саласындағы интеллектуалдық деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезеңнің экологиялық мәселелерін оңтайлы шешіп, оны болдырмауға бағытталады.

Қазақстан экологиясы, қоршаған орта туралы ілім, қолданбалы экология, Қазақстан геоэкологиясы, Қазақстанның экологиялық құқығы.


Табиғи ортаның мониторингісі, әлемдік экология, табиғатты қорғау, экология және табиғатты тиімді пайдалану, энвайронментология, экология және халық денсаулығы, әлеуметтік экология, адам экологиясы.

117

Адам анатомиясы


Курстың мақсаты адам денесінің ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтарын зерттеп, оқу жастық ерекшеліктерін, эволюциялық және салыстырмалы – анатомиялық аспектін білу.

Пәнді оқу нәтижесінде студент адам денесінің құрылысын және даму заңдылығын, организмнің пішіні мен қызметін, олардың қарым-қатынасы жөнінде мәлеметтерді білу керек.

Студенттердің міндеттері. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу, нақтылы материалды зерттей отырып және оның дамуынан тірі организмнің құрылысының және функциясының заңдылыктарына көз жеткізу.


Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: адам биологиясы, зоология, эмбриология, гистология .

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина химия, морфология, медицина негіздерін оқығанда қолдануға болады.

118

Организмнің іс-әрекеті мен бейімделуінің физиологиялық механизмдері


Курстың мақсаты организмнің, жүйелердің, мүшелердің қызметтерінің физиологиялық механизмдерімен таныстыру. Физиология ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру және даму болашағын көрсету. Білім беріп, физиологиялық ой қалыптастыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студент физиологиялық жүйелердің атқару қызметтерін анықтап, олардың реттелу механизмдерін толық білу керек.



Игерген білімдерін практикалық сабақтарда және экспериментальды жұмыста пайдалана білуі қажет. Физиологиялық классикалық әдістермен танысып, оларды қолданатын жағдай туғызуға, физиологиялық әрекеттерiнiң молекулярлық негiздерiнiң ашылуы,жалпы экологиялық физиологияда және оның тарауларында жинақталып,қорыту жасауға мүмкiндiк бердi.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: адам биологиясы, эмбриология, гистология, адам анатомиясы, биохимия, морфология, экология, токсикология, генетика.

Осы пән бойынша алынған білімді биология, анатомия, физиология, медицина химия, морфология, физика негіздерін оқығанда қолдануға болады.

119

Биохимия


Биохимия тірі организмдердін химиялық кұрамын, олардын тіршілік құбылысында өзгеріске ұшырауын зерттейтін ғылым. Биохимия тірі организмдердігі биологиялық молекулардың құрамын, құрылысын, құрылымын, қасиеттерін (статистикалық биохимия), сонымен қатар атқаратын қызметтерін және тірі табиғаттағы зат алмасу процесстерін (динамикалық биохимия тексереді). Студенттер биохимияны игере отырып, оның ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, гормондар, ферменттер бөлімдерімен танысады. Биохимия пәнінің міндеті тірі организмдердің химиялық құрамын,ондағы күрделі органикалық қосылыстардың қасиеттерін, атқаратын қызметтерін, олардың өзара өзгеріске ұшырауын, сонымен қатар биологиялық молекулалардың, тіршілік құрылымдарының биохимиялық қасиеттерін зерттеу.

Оқылатын пәнді игеру үшін студенттер жимия, биофизика, молекулалық биология, молекулалық генетика, адам және жануарлар физиологиясы, биотехнология, өсімдіктер физиологиясы курстарын білуі тиіс.

Осы пәнді меңгергеннен кейін студенттер алған білімдерін мына салаларда қолдана алады: ауыл шаруашылық биохимиясы, техникалық биохимия, экологиялық биохимия, тамақтану биохимиясы, бұлшық ет биохимиясы,белоктар биохимиясы.

120

Зоология


Жануарларды, олардың шығу тегін, дамуын қазіргі жағдайын жан-жақты зерттеу, биосферадағы маңызын талдайды. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың морфологиясы, систематикасы, биологиясын түсіндіру. Омыртқалы жануарлар пәнін меңгеру нәтижесінде студенттер теориялық курс пен қатар практикалықта тәжірибе алады. Берілген пән биологияның фундаментальды бөлімі. Зоология пәнінің міндеті - жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің құрылысын, тіршілігін жеке даму заңдылықтарын, систематикасын, таралуын, тіршілігн, жеке даму заңдылықтарын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін маңызын көрсету. Типті және оның кластарын қазіргі системаға сәйкес, төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу әрбір топтардың ерекшеліктері туралы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың пайда болуы мен туыстық ара қатынастарын, құрылысы мен органдар жүйесінің эволюциясын және олардың функциональдық байланыстарын қадағалауға да мүмкіндік береді.

Оқылатын пәнді игеру үшін студенттер Зоология бөлімі, оның ішінде омыртқасыздар зоологиясы мен омыртқалылар зоологиясының бөлімдерін қарастырады.

Пәнді оқыту негізінде оқытуға берілетін басқа пәндер тізімі. «Омыртқасыздардың және омыртқалылардың салыстырмалы анатомиясы», «Зоотомия», «Жануарлардың салыстырмалы морфологиясы».

121

Қазақстанның топырақ экологиясы


Қазақстанның топырақ экологиясы пәні бойынша студенттер топырақ экожүйесімен, олардың ара-қатынасын зертеп, оқып танысады. Топырақтың құнарлығын арты


Берілген пәнді меңгеру барысында студент адам өмірінде топырақтың маңызын, оның биосферадағы ролін, биологиялық әртүрлілікті сақтауда топырақтың маңызын, топырақтың түзілу үрдісінде, топырақтың қасиеттері мен оған экологиялық факторлардың әсерін; топырақ ресурстарын тиімді пайдалануды қорғау жолдарын білуі қажет.

Берілген пәнді меңгеріу барысында студент алған білімдерін топырақ экологиялық зерттеулер әдістерімен тәжірибеде қолдана білуі керек.

122


Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен


Қолданбалы биология және топырақтану негіздері курсының мақсаты педагогикалық профильдегі химия-биология, биология-психология мамандықтары бойынша студенттерді теориялық және практикалық білім беру ауыл шаруашылығы салаларымен таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

Келешек мұғалімдер үшін қолданбалы биология және топырақтану негіздерін оқыту олардың табиғат тану ғылымдары мен танысудың негізгі бір бөлігі. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері курсы барлық биология, химия т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл келешек мұғалімдер үшін маңызы зор. Педагогикалық профильдегі биологтар үшін қолданбалы биология және топырақтану негіздерін оқып білу, мектеп жанындағы тәжірибе участоктарында жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады, тәрбиелік мәні бар ғылыми жұмыстарды жүргізу әдістерін үйретеді.



Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен пәнін меңгері үшін студенттер ғылыми басылымды оқулықтармен, ақпаратты технологиялармен сауатты жұмыс жасағандарын талап етеді. Сонымен қатар басқа саладағы пәндермен: топырақтану, жер шаруашылығы, ботаника, өсімдіктер мен жануарлардың физиологиясы мен морфоогиясын, тыңайтқыштар, арамшөптер мен зиянкестермен күресу жолдары оған қолданатын препараттармен жұмыс жасау қауіпсіздіктерін білгендерін қажет етеді.

Топырақтану, жертану, агрохимия, өсімдік шаруашылығы, химия, экономика т.б. ғылымдарды меңгеуге қажет.

Ауыл шаруашылығы туралы білім студенттер үшін мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге, мектеп жанындағы участоктерде ғылыми негізде тәжірибелер жүргізуде, факультативтік сабақтар өткізуге, биология, химия сабақтарын өткізуде қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні туралы білімнің маңызы зор.



123

Жануарлар экологиясы


«Жануарлар экологиясы» пәнінің міндеті болашақ мамандардың жануарлардың тіршілік ортасы мен тіршілік ету жағдайларымен теориялық тұрғыда білу. Жануарларға қоршаған орта факторларының әсер етуі мен олардың қоректенуі, көбеюі, тіршілік жағдайларымен күрес, популяция динамикасы т.б. экологиялық сипаттамаларымен танысу. Студенттерге пәннің маңыздылығын түсіндіре отырып: жануарлардың экожүйеде маңызды орын алатындығын, жануарлар популяциясының өзара қарым-қатынастары мен заңдылықтарын, жануарларды қорғау және табиғи қорды рациональды пайдалануға үйрету.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: «Зоология», «Экология», иметь четкие представления об Аутоэкология, популяциялық экология, синэкология жайлы нақты түсініктерді білуілкрі қажет.

Осы пән бойынша алынған білімді экологиялық сала бойынша басқару жүйелерінде қолдана білу; табиғи ресурс көздерін тиімді пайдалану және жақсарту саласында, жануарлар әртүрлілігін сақтап қалуда пайдаланылады.

124

Микроорганизмдер экологиясы


Микроорганизмдер экологиясы қоршаған ортаны зерттеуде су, топырақ, ауаның ластану жолын анықтауда аса қажет.

Табиғи экожүйедегі және азық-түліктік тізбекте микроорганизмдердің ролін анықтауда қажет. Студенттердің міндеті микроағзалардың табиғаттағы ролін және экологиясын білу қажет.



Ботаника, зоология, цитология, топырақтану пәндерімен тығыз байланысты

Осы пән тамақ экологиясы, ет-сүт экологиясы салаларымен байланысты.

125

Өсімдіктер экологиясы


Берілген пәннің мақсаты – табиғаттағы өсімдік түрлерінің бәсекеге қабілеттілігі мен биологиясы, басты экологиялық факторлардың олардың морфологиялық ерекшеліктерімен заңдалылықтарына байланысын көрсету.

Тіршілік ортасының факторлары мен организмдер арасындағы көптеген байланыстарды ашу, түрдің өзгергіштігіне олардың әсерін көрсету және түсіндіру; орта жағдайларына өсімдіктердің бейімделу стратегиясын, өсімдіктердің биосферадағы орнын білу қажет. Қоршаған ортаны қорғау.

Болашақ экологтарға оқылатын жаратылыстану ғылымдарының пәндері блогындағы өсімдіктер экологиясының орны осы пәннің міндеттерімен анықталады. Өсімдіктер экологиясы “Экология”, “Биология”, “Өсімдіктер географиясы”, “Топырақтану”, “Биоэкология”, “Химия” пәндерімен пән аралық тығыз байланыста. Бұлар экологиялық білім берудің үздіксіз жүйесі мен ойлаудың ғылыми стилінің қалыптасуына ықпал етеді.

126

Өсімдіктердің экологиялық анатомиясы


Экологиялық анатомия пәнінің негізгі мақсаты - өсімдіктер экологиясының құрамдас бөлігі ретінде өсімдік организмінің тіршілік ету ортасымен байланысын зерттеп, олардың ішкі құрылысында болатын өзгерістерді, өсімдіктің бейімделуі ретінде архитектониканың қайтадан құрылуын қарастыру. Әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің вегетативтік органдарының үлкен құрылымдық әр алуандығын анықтау.

Экологиялық анатомия ірі теориялық проблемаларды, мысалы, өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтарының белгілі бір табиғи орта факторларының комплексіне: аридті, тұзды, биік таулы, шөлді және басқа да тіршілік орталарына бейімделу үрдістерінің заңдылықтарын шешуге, биогеоценоздардың негізгі құрауыштарының, әсіресе эдификатты түрлердің құрылымдық сипаттамасын құруға бағытталған. Барлық экологиялық факторлардың (антропогендік фактор да бар) әсерінен өзгеріске ұшырайтын анатомиялық құрылымдарының консервативтілік және лабильділік деңгейін анықтау керек.

Студенттер теориялық курсты, лабораториялық сабақты өту негізінде өсімдіктердің жекелеген мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыстарын, тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің анатомиялық ерекшелік белгілерін, білуі қажет. Әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің жекелеген белгілеріне байланысты анатомиялық зерттеулер жүргізуі, қандай экологиялық топқа жататынын анықтай алуы керек.

Микроскопиялық техиникамен жұмыс жасауға дағдылануы, анатомиялық препараттар дайындай алуы қажет.



127

Адам экологиясы


Адам экологиясы - адамды биосоциальдық тiрi ағза ретiнде күрделi компоненттi қоршаған ортамен қатынасын, динамикалық дамуын, организмдегi ағзалар мен құрылымдардың байланыстарын зерттеп,эколог мамандарын дайындауда жалпы биология пәндердiң iшiндегi ең негiзгi болып саналады. Әр түрлi ауа райы мен географиялық жағдайда тiршiлiк әрекет кезiнде организмнiң әр түрлi әрекеттерiнiң, зат алмасудың,қан айналудың, тыныс алудың, ас қорытудың, бұлшықет жұмысының, жүйке жүйесiнiң және т.б. заңдылықтарын көрсету. Физиологиялық әрекеттерiнiң молекуляр-лық негiздерiнiң ашылуы,жалпы экологиялық физиологияда және оның тарауларында жинақталып,қорыту жасауға мүмкiндiк бередi.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: адам биологиясы, генетика. экология, адам анатомиясы, биохимия, морфология, генетика.

Осы пән бойынша алынған білімді биология, физика, химия, токси-кология, биоиндикация, физиология негіздерін оқығанда қолдануға болады.

128

Урбоэкология


Адам денсаулығына әртүрлі қоршаған ортаның факторларының және өндірістік қызметтерінің әсерлігін, адамның қызмет атқару қаблеттілігін, өмір ұзақтығын, және адамның өмірсүру және қызмет атқару қаблеттіліктерін тиімды жағдалар жасау.адамға өмір сүру орталықтарының факторларының әсерлерін, халықтың өмір сүру жағдайларын арттырытын, ол факторлардың әсер ету механизмдерін, және эколого-гигиеналық нормативтермен алдын ала қолданатын шараларды құрастыру. Урбоэкология пәннің мақсаты. Коммунальдық гигиена және экологиялық қала құрлысының мақсаты ағзаның әртүрлі заңдылықтарын кәзіргі уақыттағы өмірсүру процеесінде анықтау,калықтын денсаулығына қалалық факторлардың әсерлігін. Мақсаттың қорытынсы адм ағзасының казыргі уақыттағы өмірсүруі механизмдерін терең зерттеп анықтау, ал нәтижелерін қолданып қалаунша бағытта қолдану.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: экология, биогеохимия, өндірістік экология, қоршаған орта гигиенасы.

Осы пән бойынша алынған білімді биология, экология, өндірістік санитария, токсикология. негіздерін оқығанда қолдануға болады.

129

Популяциялық экология


Берілген пәннің мақсаты, экологияның құрамдас бөлігі ретінде – жекеленген түрдің құрлысы мен динамикасын, жекеленген популяцияның статистикалық және динамикалық көрсеткіштерін, популяцияның демографиялық құрлысын зерттеу.

Бұл курсты оқу үшін студентке мынандай бағыттар бойынша білім керек: эволюциялық процесстер, мутациялық процесс, экологиялық өзара қарым-қатынас, түрішілк өзара қарым-қатынас.

Осы пәнді студент оқығаннан кейін популяцияның экологиялық, демографиялық, географиялық сипаттамаларын, различать виды популяцияның түрлерін ажыратуды, популяциялық зерттеу әдістерін білуге тиіс.

130

Өсімдіктер физиологиясы


Өсімдіктер физиологиясы курсының оқытылу мақсаты – студенттерді өсімдік организмінде болатын физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қазіргі және қолданбалы мәліметтерімен таныстыру, сонымен қатар өсімдіктің қоршаған ортамен байланысын зерттеу. Өсімдіктер физиологиясының маңызын өсімдіктердің өнімділігін жоғарылату, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын жоғарылату мақсатында негіздеу керек. Өсімдіктер физиологиясының табиғатты тануға қажетті фундаментальды пәндердің бірі екендігін көрсету қажет.

Өсімдік клеткаларының жекелеген комоненттерінің құрылыс мен қызметінің негіздерін білу, онда органикалық заттардың пайда болу механизмдері, физиологиялық үрдістердің онтогенез кезеңдері бойынша өтуі, өсімдіктердің төзімділігінің физиолгиялық негіздері, өсімдік организмінің физиологиялық қызметтерінің қалыптасуының эволюциялық аспекттерін білу.

“Өсімдіктер физиологиясы” пәнін меңгергеннен кейін студенттер қоршаған орта факторларына байланысты өсімдіктер организмін де болатын механизмдерді біліп, физиологиялық үрдістердің маңы зын практика жүзінде қолдану мақсатында түсіндіре алуы қажет.

131

Жануарлар морфологиясы


Пәнді оқыту міндеті: жануарлар морфологиясы жөнінде түсініктің қалыптасуы; Пәнді оқыту мақсыты: омыртқалы жануарлардың негізгі құрылыс ерекшелігі мен филогенетикалық байланысы; - қоршаған орта жағдайларына жануарлардың бейімделгіштігімен танысу.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: жануарлар анатомиясы мен физиологиясы, мррфологияның жалпы принциптерін меңгерулері керек.

Курс жануарлар дүниесінің дамуына эволюциялық көзқарастардың қалыптасуына, жануарлардың морфологиясын дұрыс танып білуге қажет болып табылады.

132

Жануарлардың салыстырмалы экологиясы

«Жануарлардың салыстырмалы экологиясы» пәнінің міндеті болашақ мамандардың жануарлардың тіршілік ортасы мен тіршілік ету жағдайларымен салыстырмалы түрде теориялық тұрғыда білу. Жануарларға қоршаған орта факторларының әсер етуі мен олардың қоректенуі, көбеюі, тіршілік жағдайларымен күрес, популяция динамикасы т.б. экологиялық сипаттамаларымен танысу. Жануарлардың экожүйеде маңызды орын алатындығын, жануарлар популяциясының өзара қарым-қатынастары мен заңдылықтарын, жануарларды қорғау және табиғи қорды рациональды пайдалануға үйрету.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: «Зоология», «Экология», иметь четкие представления об Аутоэкология, популяциялық экология, синэкология жайлы нақты түсініктерді білуілкрі қажет.

Осы пән бойынша алынған білімді экологиялық сала бойынша басқару жүйелерінде қолдана білу; табиғи ресурс көздерін тиімді пайдалану және жақсарту саласында, жануарлар әртүрлілігін сақтап қалуда пайдаланылады.

133


Қазақстан табиғи ресурстарының геоэкологиясы


Пән мақсаты - Табиғат қорларының геоэкологиясы – антропогендік өзгерістерді зерттейтін және табиғат қорларын тиімді пайдалану, қорғау жолдарын қарастыратын ілім. Мұнда табиғат қорларының жаратылуы, қолдануы бойынша жіктелуі, табиғат қорларының әлеуметтік-экономикалық бағалау ұғымы, территориялық таралуы, жартылай тиімділік және бір-бірін алмастырушылық ұғымы қарастырылады. Қоршаған орта – ауа, су, топырақ геоэкологиялық жағдайы Қазақстан аумағы бойынша талданады. Сондықтан осы пән эколог маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады және осы пән игеру нәтижесінде, студент алдында мына мәселелер тұрады: ҚР қоршаған ортасын ластайтын негізгі көздерді анықтау; ауа, су, топырақ ластану заңдылықтарын игеру; ластану мониторингімен, ҚР аймағында ластану таралу географиясымен танысу; қоршаған орта ластаушыларының статистикалық мәліметтерін жинау, талдау, ұсыныс жасау тәсілдерін игеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет