Ф. пк-уму. Уп. 04. 14 1 переиздание документации смк каргу 01. 02. 2011 г



бет7/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#133805
1   2   3   4   5   6   7


Бұл пәнді игеру үшін «Қоршаған орта туралы ілім», «Жалпы жертану», физика (тығыздық, газ қысымы, газ жағдайының теңдеуі, адиабаттық процестер, оптикалық құбылыстар, сәуле дифракциясы, дыбыс, атмосфера электрлігі т.б.); математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы); - сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.

Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет. Қазахстанның геоэкологиялық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау және т.б. жүйелі мәселелермен танысып, Қазақстан аумағы бойынша қарапайым экологиялық аудандастыру жасау, ҚР аймақатары бойынша экологиялық жағдайға баға беру, болжам жасау; -қоршаған ортаны ластану статистикалық мәліметтерімен жұмыс жасай білу, анықтамалар, карта-схемалар т.б. табиғат қорғау мақсатында қолданатын аспап-қондырғлыр жайлы жалпы мәлімет білу; ҚР аумағындағы қазіргі экологиялық ахуалды оқып, білу, қоршаған ортадағы глобалды антропогенді өзгерістерге талдау жасау.

134

Қазақстан табиғаттарын зерттеу


Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы пәнін таңдау пәні ретінде биология-география факультетінің география кафедрасының үшінші курс студенттері оқиды.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстан табиғатын зерттеген ғалымдар мен саяхатшылардың әр уақыттағы еңбектері мен зерттеу жұмыстары. қазақстан табиғатының жер бедері, табиғаты, климаты, мәдениеті, шаруашылығымен танысады. Саяхатшыларды қызықтырған табиғат ресурстары мен табиғат аймақтарын картографиялық мәліметтерді пайдалана отырып түсіндіру. Өлке табиғатын зерттеген Ш.Уалиханов, С.Тянь-Шанскии, Н.А.Северцев, ученого Ш. Уалиханова, русских исследователей П.П. Семенова–Тян–Шанского, Н.А. Северцова, И.В. Мушкетова, Л.С. Бергтің еңбектерін, аяхат жасаған жерлерін көрсетіп, түсіндіру.



Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы пәнін оқу алдында студенттер географияның негізгі пәндері мен жалпы білім беру мектептерінен тарих курсы бойынша алған білімдері болу керек. Студенттер кескін картамен және картографиялық материалдармен жұмыс жасауды меңгеруі керек.

«Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы» курсында географиядан алған білімдерін тереңдетеді, тарихи-географиялық білімдерін жетілдіреді. «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы», «Қазақстанның физикалық географиясы», «ТМД физикалық географиясы», «Өлкетану», «Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси географиясы», «Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы», «Тарихи география», «ТМД экономикалық-әлеуметтік географиясы». «Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы» пәні студенттердің географиялық білімдерін тереңдетеді.

135

Жануарлар дүниесін қорғау және қайта қалыптастыру


«Жануарлар дүниесін қорғау және қайта қалыптастыру» пәнінің міндеті болашақ мамандарды жануарлар дүниесін қорғауда теориялық білім және практикалық дағдыға үйрету; жалпы жануарлар дүниесін (аңдар, құстар,балық т.б.) және сирек жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалу шараларын білу. Жануарлар дүниесін қорғау және қайта қалыптастыру пәнін оқушылар жануарларға қауіп тудыратын (браконьерлік, әуесқой аңшылық); табиғи апаттардан /су тасқыны, өрт/ қорғау сақтық шараларын білулері шарт.

Курстың бастапқы сатысында жалпы зоология, экология, жануарлар экологиясы, биогеография пәндерін меңгерулері қажет.

Осы пән бойынша алынған білімді зоология, табиғатты қорғау, аңшылық салаларында қолдануға болады.

136

Радиациялық экология негіздері


Берілген пәнді оқыту мақсаты – ионды сәулеленудің экологиялық әсерлерінің физикалық негіздерін, радиоэкологиялық әсер механизмдерін, негізгі радиациялық синдромдарды, сәулеленуге қарсы қорғанысты, сәулеленуден кейінгі алшақ себептерді, иондық сәулеленуді шипалық мақсатта пайдалану және оның гигиеналық қалыптасуының негізін меңгеру.

Пәннің міндеті – радиациялық экологияның орталық проблемасын ашу, яғни радиосезімталдық пен биологиялық ұйымдастыру деңгейлерінде оны қазіргі заманғы басқару – клеткадан организмге дейін; студенттерді организмдердің сәулеленуінің алшақ және үздіксіз әсерімен таныстыру; биология, жалпы және ядролық физика, цитология және генетика, биохимия және физиология пәндерінен білімдерді бекіту, радиациялық әсері бар аурулардың алдын алудағы негізгі бағыттарын ашу.

Берілген кусты оқыту барысында студент әртүрлі радиациялық әсерлердің реакцияларының талаптарына ағза мен қоршаған орта реакциясының әсерін бағдарлауды үйрену керек, дозиметрия мен иондаушы сулелеу және радиометрия облысындағы практикалық жұмыстарды қолдана білу керек.

137


Қолданбалы экология


Берілген пәнді оқыту мақсаты – студенттерге экология ғылымындағы қолданбалы аспекттермен: оқу барысында алынған теориялық білімдерді практикалық мақсатта қолдануды таныстыру. Курсы меңгеру барысында студент су экоситемаларының ластану деңгейін бағалау әдістерін, құрлықтағы.

Бұл пәнді меңгеру үшін «Экология», «Жалпы экология», «Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемінің әртүрлілігі», «Экологиялық білім беру» және басқа да пәндер бойынша білімдері болу керек. Сонымен қатар студенттер шекті рауалды концентрация, шекті рауалды қосындылар және шекті рауалды қалдық деген түсініктерді білуі қажет.

Берілген пәнді оқыту барысында алған білімдер дағдылар экологиялық мекемелерде жұмыс істегенде практикада қолданылуы мүмкін. Алынған мәліметтер «Өндірістік экология», «Урбоэкология», «Адам экологиясы», «Құрлық және су экосистемаларын қорғау», «Бұзылған экосистемаларды қайта жандандыру», «Глобальді экология», «Қоршаған орта мониторингісі» және т.б. осы сияқты ғылымдарды меңгеру үшін қажет.

138

Биотехнология


Қазіргі таңда биотехнологиялық процестер қоршаған орта мәселелерін шешу жолында (ксенобиотиктер биотрансформациясы және қоршаған ортаны ластаушы заттар, экологиялық таза энергия көзін алу, күн энергиясын пайдалану, сутегі өндірісі, су көздерін тазарту, тұрмыстық қалдық заттарды қайта өңдеу, препараттар алу) кеңінен қолданылады.

Бұл пәнді меңгеру үшін микробиология, биохимия, генетика, гендік инженерия, ботаника, зоология пәндері бойынша түсініктерді білуі қажет..

Берілген пәнді оқыту барысында алған білімдер дағдылар тамақ биотехнологиясы, өндірістік биотехнология, инженерлік энзимология, иммундық биотехнология, биоэлектроника пәндерін меңгеру үшін қажет..

139

Биоәртүрлілікті сақтау


Алдыңғы фундаменталды пәндерді меңгеру барысында алған білімдердің негізінде жер шарының әртүрлілігімен, оның қазіргі жай-күйімен, пайдаланылу жолдарымен, өндірушілігімен және сақтаумен танысу.

Берілген пәнді меңгеру барысында студент биоалуандық, оның оқылуы, экожүйедегі қалыптасу рөлін, дәрежесін, бағасын, түрлердің өлуі – биоалуандылыққа қауіпін, атмосфералық ауаның антропогендік ластануын, оның ағзаларға және экожүйенің биоалуандылығына әсерін, ағзалардың интродукциясын және акклиматизациясын, олардың ареалдарының сақталуы мен кеңейуіндегі және экожүйенің биоалуандылықтағы байуындағы рольін білулері қажет.

Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет: материалдарды жинауда және өңдеуде, тиімді пайдаланудың негізгі әдістері мен жолдарын білуде, өсімдіктер бірлестігінің қайта құрылуы мен қорғауда, олардың мекен ету ортасында.

140

Өсімдіктер жамылғысын қорғау


Берілген пәнді оқыту мақсаты – студентерге ерекше қорғалатын табиғи территориялардың, ұлттық саябақтардың, заказниктердің, ботаникалық және зоологиялық бақтардың және т.б. классификациясын үйрету, осы территорияларды пайдаланумен бірге әртүрлілікті сақтау мүмкіндігін крету.


Осы пәнді меңгеру үшін мынандай пәндер бойынша білім керек, «Экология», «Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер дүниесінің биоәртүрлігі», «Экологиялық білім беру», «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер», «Өсімдіктер қоры» және т.б. Бұдан басқа, студенттер библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істеу қаблеті болу керек.

Бұл пәнді оқу нәтижесінде алынған білім мен жасай біліу мынандай ғылымдарды геоботаника, биогеоценология, фитоценология, өсімдіктер, жануарлар экологиясы, игеру үшін пайдалы.

141

Мутациялық процесс


Берілген пәнді оқыту мақсаты – студентерді қоршаған ортадағы генетикалық деңгейде бұзылушылықтар тудыратын мутагендермен таныстыру. Гендік және хромосомалық мутациялардың жіктелуін және олардың туындалу себептерін түсіндіру.

Бұл пәнді меңгеру барысында студенттер тұрақты препараттарда хромосомдарды микрофотографияда кариотиптеуді, эритроциттерді микроядерлік талдау, гендік мутацияларды тестілеу, яғни ДНҚ-ны бөліп алу, ДНҚ-ны электрофорездеу, амплификация реакцияларын орналастыру тәсілдерін үйренеді.



Пәнді меңгеру үшін студенттердің генетика, цитология, экология және басқа фундаментальды пәндерден білімі болуы керек. Студенттер «мутация», «доминанта» терминдерінен түсінігі болуы керек. Одан басқа, цитогенетикалық жұмыстарды жүргізуі үшін микроскоппен жұмыс істейтін дағдылары болуы керек.

Осы пәнді оқыту барысында алған білімдері мен дағдыларын студенттер «Қоршаған орта мониторингі», «Глобальді экология», «Радиациялық экология негіздері» және басқа пәндерді меңгеруі үшін қажет.

142

Хромосомалардың экопатологиясы


Берілген пәнді оқыту мақсаты – студенттерге организмдерде жағымсыз экологиялық факторлардың әсерінен туындайтын хромосомаларда болатын ауруларымен таныстыру, организмдердің кариотипінде болатын хромосомалық ауытқушылықтардың жіктелуін түсіндіру.

Бұл пәнді меңгеру барысында студенттер микрофотографиядағы хромосомдарды кариотиптеу, тұрақты препараттардағы эритроциттерді микроядерлік талдау тәсілдерін үйренеді.



«Хромосомдардың экопатологиясы» пәнін меңгеру үшін студенттердің генетика, цитология, экология және басқа фундаментальды пәндерден білімі болуы керек. Студенттер «экологиялық фактор», «кариотип», «хромосомдық топтар» терминдерінен түсінігі болуы керек. Одан басқа, цитогенетикалық жұмыстарды жүргізуі үшін микроскоппен жұмыс істейтін дағдылары болуы керек.

Осы пәнді оқыту барысында алған білімдері мен дағдыларын студенттер «Қоршаған орта мониторингі», «Глобальді экология», «Радиациялық экология негіздері» және басқа пәндерді меңгеруі үшін қажет.

143

Гүл шаруашылығы


Гүл шаруашылығы – ол әдемі гүлдейітн өсімдіктерді өсіретін және олардың жапырақтарының әсемдігі мен жалпы көрінісінің кереметтігімен ерекшеленетін өсімдік шаруашылығы ғылымының бір саласы. Гүлдер бізді пішіндері мен жиектерінің әсемдігімен, бояуларының әртүрлілігімен, иістерінің нәзіктігімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қуантады. Гүлді өсімдіктер кеңінен және жан-жақты пайдаланылады. Олардың эстетикалық, архитектуралық-көркемөнер, сауықтандырушы, пайдаландыратын маңыздары өте жоғары.

Гүлдер біз еңбек еткенде де, демалғанда да, жеке адамның және қоғам өмірінде де бірге болады және жайлы әсер береді. Гүлді өсімдіктер жұмыс орындары мен қызмет мекемелерін, оқу орындарын, асханаларды, емделу мекемелерін, мәдени-ағарту бағытындағы мекемелердің интерьерлерін (театр, мәдениет үйі, клуб, кино) безендіруде ерекше орын алады.



Гүл шаруашылығының ұдайы міндеті ашық және жабық топырақта гүлді өсімдіктерді тұқым шаруашылығынан бастап, топырақты дайындауға дейін гүл өсіретін мекемелерді жаңадан дайындап, ғылыми негізде мәдени түрге айналдыру әдістерін жан-жақты жақсарту және еңбек етуді жоғарылатып, оның өндіргіштігін тиімді қылу, соңында сәндік өсімдіктердің сапасының жақсаруын қамтамасыз ету және сәйкесінше гүл шаруашылығын жан-жақты дамыту.

Гүл шаруашылығының өндірістік базасын құру: гүл комбинаттарын салу, питомниктерді кеңейту, себу және отырғызу материалдарын және т.б. шаруашылықтарды мамандандыру.

Өндірісті рациондау: көкөніс жылыжайларын кешенді пайдалану, өндіріс үрдістерін механизациялау түрлерін ұлғайту және пайдалану, агротехниканың түрлерін кеңінен енгізу, себу және отырғызу материалдарын өсіретін өнеркәсіп орындарын интенсификациялау.



144

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің экологиясы


Пәнді оқытудың мақсаты: Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының негізгі мақсаты өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігімен, олардың эволюциялық даму заңдылықтарымен танысу.


Пәнді оқытудың міндеттері:пәнді оқытудағы негізгі міндеттері өсімдіктердің даму заңдылықтары мен құрылысының, шығу тегі мен олардың басқа организмдермен өзара сабақтастығын оқыту, оған үйрету, сыртқы орта әсерінен өсімдік тіршілігінде болатын әртүрлі ішкі және сыртқы құбылыстардың негізгі себептерін анықтау. Өсімдіктердің таксономиялық әдістері мен тәсілдерін меңгеруге үйрету.


Бағдарламада көрсетілген материалдарды оқып игеру, төменгі сатыдағы өсімдіктер жөніндегі кейінгі жаңалықтарды білу мен бірге өсімдіктердің құрылысының, көбею ерекшеліктерінің заңдылықтарын анықтау, олардың классификациясын білу; төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылық белгілерін туысқа дейін анықтауды игеру. лабораториялық сабақта өз беттерімен зер заттарын микроскоп арқылы тауып, оның органоидтарын анықтау әдістерін игеру;әдебиеттердегі кейінгі заңдылықтарды талдап үйрену, оны практикада қолдана білу.

145

Практикалық орнитологияның теориялық негіздері мен әдістері


Практикалық орнитологияның теориялық негіздері мен әдістері пәнінің міндеті: болашақ орнитолог мамандардың практикалық орнитологияның теориясымен қаруланулары қажет. Студенттердің міндеттері: құстардың ауыл-шаруашылық мәдени дақылдарға әсерін; орман, бау-бақша зиянкестерімен күресетін пайдалы түрлерін; құстар питомниктрін құру.

Курстың бастапқы сатысында Жалпы зоология, Экология, Құстар экологиясы, Орнитология; Биогеография пәндердің негізін меңгерулері қажет.

Осы пән бойынша алынған білімді практикалық орнитологияда құстарды номенклатуралауда қолдануға болады..

146

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар


Берілген пәннің мақсаты – ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының: қорықтардың, ұлттық бақтардың, қорықшаардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың және т.б. жіктелуін үйрету, осы аймақтарды пайдалана отырып, әртүрлілікті сақтаудың мүмкіншіліктерін көрсету.

Берліген пәнді меңгеру үшін “Экология”, “Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемінің әртүрлілігі”, “Экологиялық білім беру” және т.б. пәндерден хабардар болуы керек. Одан басқа, студенттер бибилиографиялық әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруы керек.

Берілген пәнді оқыту барысында алынған білімдер мен қабілеттіліктері геоботаника, биогеоценология, өсімдіктер, жануарлар экологиясы сияқты пәндерді меңгеруі үшін пайдалы.

147

Этногеография және діндер географиясы

Этногеография және діндер географиясы –экономикалық географиялық салалардың пәні. Ол дүние жүзі халықтарының конфессиальдық құрамын, ұлттық – тілдік, нәсілдік құрамдарын, этнология мн этногеографияның негізгі ұғымдарын қарастырады. Студент-географ кез келген елді оқып зерттеуде әлемдегі халықтың күнделікті тіршілігін, қай елде тұратынын және т.б. жағдайларын білмеуі мүмкін емес. Қазақстанның көпұлттылығы, көп мәдениеттілліг және көп дінділігі болашақ педагогтардың алдына маңызды тәрбие мақсаттарын шешуге қояды, яғни оқушыларда этникалық ұғымдардың қалыптастыру дағдыларын шешу. Этнос проблемасын білу болашақ туризм және қонақжайлық бизнесі бойынша негізделген мамандарына көмектеседі.

Пәнді меңгеру үшін, студентке материктер мен мұхиттардың, ТМД, Қазақстанның физикалық гоеграфиясының базалық алған білімдері қажет. Картография, математика бойынша студенттер қарапайым матемаиканың есептерді шығару білуі керек, пайыздың өлшем бірлікті есептей алуы керек. Студент статистикалық деректерді өңдеу олардың нәтижесінде кестелер, графиктер, карта сызбалар құрастыруға дағдылануы керек.

Пәнді меңгеру барысында, студент фундаменттік, негізгі пәндерден алған білімдер жүйесі мен дағдыларын көрсетеді, яғни елтану экономикалық әлеуметті географияға кіріспе, халықтар географиясы, этногеография, ТМД, Қазақстан және әлемнің экономикалық географиясы және т.б.

148

Дүниежүзі аймақты қорғау географиясы

«Дүниежүзі аймақты қорғау географиясы» пәні арқылы дүние жүзіндегі ерекше қорғалатын аймақтардың орналасуы, ерекшелігі, негізгі мақсаты және болашағына болжау мен бағалауға мүмкіндік береді.

Осы пәнді оқу үшін келесі пәндер бойынша білімділік керек: Жалпы жертану, Дүние жүзінің физикалық географиясы, Топырақтану негіздерімен топырақ географиясы, Ландшафттану, Картография, Геология, Геоэкология, Ғаламдық экология.

Дүниежүзі аймақты қорғау географиясы оқу клксі пәндерді игеруге мүмкіндік береді: Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Дүниежүзі шаруашылық географиясы, ҚР жер кадастры және жер ресурстары.

149

Картаны құру, жобалау және безендіру

Бұл мынадай картографиялық мәселерді кешенді шешеді: картоматериалдардың жиынтығы концепция құру, бағдарлама құрастыру және құжатнамалар дайындау; шығарылатын картаның «қаңқасын» жасату және жариялауға дайындау.

Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Математика, геометрия, тригонометрия, физика табиғаттық пәндер: физикалық география, жер тану, ландшафттану, геология, климатология, морфология, гидрология, топырақтану, ботаника, зоология, биология, экология; Қоғамдық пәндер:Экономикалық-әлеуметтік және саяси гоеграфия, тарихи және деректі жадығаттар.Картографиялық пәндер: картатану, математикалық картография, картометриялық өлшеулер мен есептеулер.

Базалық пәндер: Қазіргі заманның географиясы, геоэкология мен табиғатты қорғау, электрондық картография немесе ғылыми зерттеудің әдістемесі, ҚР жер ресурстары мен жер кадастры немесе нарықтық жағдайындағы ҚР АӨК гоеграфиясы.Профильдік пәндер: Дүние жүзінің экономикалық-әлеуметтік және саяси географиясы, гоеграфияны оқытудың әдістемесі, қызмет көрсетудің географиялық өрісі.



Дипломдық жұмыс барысында қолдану.

150

Геоэкология және табиғатты қорғау

Жоғары иерорхиялық деңгейдегі геожүйенің экологиялық ерекшеліктерін экологиялық ортаны қорғау және табиғат ресурстарын қолдану мақсатында пайдаланатын географияның бөлімі.


Курсты оқудан бұрын студент қарапайым білім жүйелерін білу қажет; жалпы экология негізі, биология, география, картография, биогеография. Сонымен қоса библографиялық әдебиеттермен жұмыс істеуді машықтандыру, алған білімді қортындылай білу.

Курстың аяқталуына байланысты студент нақты міндеттерді фундаманттау және қосалқы сипатта шешумен машықтандыру. География, Экология, Биогеография, Қоршаған орта мониторингісі, Ғаламдық экология, Табиғи география.


151

Орталық Қазақстанның Физикалық географиясы

Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысы мен тектоникасы; климаттық жағдайлары, жер бедері, гидрографиялық торы, топырақ - өсімдік жамылғысы, жануарлар әлемі, физикалық географиялық аудандастырылуы, Орталық Қазақстанның табиғат зоналарының ландшафттары. Аймақтағы қазіргі экологиялық-географиялық мәселелері.

Курсты оқудан бұрын студент қарапайым білім жүйелерін білу қажет; жалпы экология негізі, биология, география, картография, биогеография. Картамен жұмыс жасап, кестелер, графиктер, карта сызбалар құрастыруға дағдылануы керек.

Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет: Қазақстанның физикалық географиясы, Қазақстанның экономикалық географиясы, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, өлкетану мен туризм, метеорология және климатология, гидрология.

152

Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының АӨК географиясы


Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бүкіл халық шаруашылығының экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігін одан әрі өсіру, экономиканы дамудың интенсивті жолына көшіру қарқынын жеделдету, республиканың өндірістік күш-қуатынбарынша тиімді пайдалану, еңбекшілердің әлеуметтік және еңбекке деген белсенділігін арттыру, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін жағдайлар туғызуды қарастырады.

Табиғат жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен, ауылшаруашылық өндірісінің деңгейі мен мамандануы табиғат факторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік, экономикалық факторларға (қалалардың, өнеркәсіптің, көліктің даму сипатына, халықтың тығыздығына, тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерге және т.б.) байланысты болып келеді. Сондықтан әрбір жергілікті жер үшін өндірістің мамандану бағытын таңдап алу және оның салаларын реттеп үйлестіру республиканың ауыл шаруашылығының жекелеген азық-түлік түрлеріне деген қажетін және оларды түрлі географиялық зоналарда өндірудің экономикалық тиімділігін есепке ала отырып ғылыми жағынан негіздеуді талап етеді.



Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Қазақстан Республикасының географиясы, табиғи-география, экономикалық-география және геоэкологиялық бағалау әдістері.


Курста Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, оның аумақтық және мамандануына қарай жіктелінуі қарастырылады. Сондықтан келесі пәдермен тығыз байланыста: Жер кадастры және жер ресурстары, топырақтану, жалпы жертану, физикалық географиялық зерттеу әдістері, экономикалық-географиялық зерттеу әдістері т.б.

Факультет деканы __________________ А.М.Айткулов


Тіркеуші __________________ А.К.Кошкимбаева



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет