Методические указания
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Этнология, мәдениеттану және археология кафедрасы
«Қазіргі заман мәдениеті» пәнді оқытуға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
050204 – «мәдениеттану» мамандықтың студенттері үшін
Павлодар
Лист утверждения к методическим указаниям
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2.1/05
| БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық
факультетінің деканы
________А.А.Ақышев
«___»________200__г.
Қүрастырушы: аға оқытушы Кабиденова Ж.Д._________
Этнология, мәдениеттану және археология кафедрасы
«Қазіргі заман мәдениеті» пәнді оқытуға арналған Әдістемелік нұсқаулар
050204 – Мәдениеттану мамандығынан студенттеріне арналған
Кафедра отырысында үсынылды «___»____200__ж. Хаттама №_____
Кафедра меңгерушісі ____________ «___»___200__г. Ж.О. Артықбаев
Тарих және қүқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді «___»_________200__г. Хаттама №____
ӘК төрағасы __________________________ Н.И.Мошна
1 Дәріс сабақтарын жұргізудің мақсаты мен міндеттері
Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.
Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:
Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:
А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;
Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.
Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);
Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;
Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.
Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.
Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.
Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.
Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)
Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты, сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.
Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.
Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртұрлісі қолданады. Кең тараған тұрі:
Дәрістің негізгі сұрақтары
|
Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.
|
|
|
Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:
Дәрістің негізгі сұрақтары
|
Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау
|
Студенттің ескертпесі және оның оқытушыға сұраѓы.
|
|
|
|
Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.
Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.
Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді
3.1 Дәрістердің мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе
Оқу пәнінің зерттеу объектісі ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениеті болып табылады. Оқу пәнінің нысанасы ХХ ғасыр мәдениетінің динамикасын, негізгі ағымдарын, бағыттарын зерттеу, қазіргі заман мәдениетінде мәдени құндылықтардың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу. ХХ ғасыр мәдениеті мен қазіргі заман мәдениетін көркемдік және философиялық өзіндік түрдің жаңа және бұрын белгісіз болған типтері, өнердің техникалық түрлері, негізгі ғылыми теориялар ерекшелендіріп тұрады. ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениетінің құрылымы мен типологиясында өнер түрлерінің жойылуы мен «маргинализациясы» анық көрінеді. Қазіргі жағдайда өзін ерекше көрсететін мәдениеттің бірі - бұқаралық мәдениет, ол техника жетістігі мен коммуникация технологиясына сүйенуімен ерекшеленеді. ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениеті авангардизм, модернизм және мәдениет дегуманизациясы дәуірлерінің орталық парадигмасының өзіндік комбинацияларының нәтижесі ретінде көрініс тапты.
«Қазіргі заман мәдениеті» пәні өзі туралы аңыздарды жоққа шығаруға, «мимесис» пен ‰йлесімділік империативтерін жоюға қабілетті қайсар-сыни, қиратушы «Эго» модельдерін құрастыруды іске асырады. «Қазіргі заман мәдениеті» курсының пәндік саласын зерттеу барысында студент рационалды, терең ойлайтын субъектілердің метафизикасын сынау мен деконструкциялауда постклассикалық және классикалық емес философияның рөлі туралы біле алады. «Қазіргі заман мәдениеті» пәні қазіргі заман мәдениетінің динамикасын қайта құрастыруда ғана маңызды рөл атқармайды, ол сондай-ақ студенттерді ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі сатыларымен таныстырып, қазіргі заман мәдениетінің негізгі формаларының орны мен рөлін анықтауға, осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени практикасының ерекшелігі туралы түсінік беруге көмектеседі.
«Қазіргі заман мәдениеті» пәнін оқу басқа мәдениеттанулық және гуманитарлық пәндердің ішінен беделді орын алады, себебі ол қазіргі заман мәдениеті ұғымының әлем мен адамзаттың ғылыми, эстетикалық, философиялық мәнін түсініп, ұғынудың интегративті процесіндегі құбылыстар мен фактілердің біртұтас жүйелік бірлігі ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. «Қазіргі заман мәдениеті» пәнін оқыту студенттердің көркем мәтінге мәдениеттанулық сараптама жасай білу, ХХ ғасырдың көркемдік-эстетикалық ағымдарын жүйелей білу және оларды қазіргі дәуір мәдениетінде болып жатқан эпистемологиялық өзгерістермен байланыстыру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі заман мәдениетін оқытудың негізгі әдістері – синхрония және диахрония әдісі, мәдени релятивизм әдісі, тарихи әдіс, контент-анализ әдісі және т.б.
Тақырып 2. ХХ ғасырдығы мәдениет пен өркениет тағдырлары
ХХ ғасыр мәдениетіндегі тоқыраудың қайнар көздері және «эпистеманың» ауысуы Картезиандық адам типінің тоқырауы мен мәдениет дегуманизациясы нигилизм философиясының мұрасы ретінде. Құдай және адам «өлімі» философиясының эсхалогиялық дискурсі. С. Кьеркегор, А. Шопенгауэр, Ф. Ницше философиялары классикалық мәдениеттің тарихилығы, рационалдылығы, антропологизміне және батыстық өркениет моделіне сын ретінде. ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-мәдени орта. Ғасыр басының мәдени авангарды. Осы кезең мәждениетіндегі философиялық-теориялық және көркемдік-эстетикалық қозғалыстаро. ХХ ғасыр басындағы мәдениет қайраткерлерінің көркем-эстетикалық манифестері.
Модерн және реализм: эпистемалар мен эстетикалық құндылықтардың ауысуы. Позитивизм және модернизм. Декаданс және гуманистік оптимизм. Соцреализмнің көркемдік әдісі. Тоталитарлық қоғамдардың мәдениеті. Әлеуметтік ортаның модернизациясы және модерн мәдениеті. Модернизмнің теориялық және философиялық негіздері. А. Бергсонның интуитивизмі. Э. Кассирердің рәміздік формалар философиясы.
Тақырып 3. ХХ ғасыр мәдениеті және әлемнің Батыстық моделі
ХХ ғасырдағы Батыс Еуропаның мәдениеті құндылықтардың батыстық жүйенің мұрагері ретінде. Құндылықтардың батыстық жүйесінің негізгі паттерндері. Әлемнің батыстық моделі және оның мағына қалыптастыратын бірлігі. Адамның ерікті, шығармашыл жан ретінде қалыптасуы әлемнің Батыстық моделінің орталық оқиғасы ретінде. Әлемнің батыстық моделінің негізгі идеялары. Шығармашылық субъективтілік туралы идея, сызықтық идеясы, бір қалыпты дамушы жүйелердің заңдылық, тұрақтылық идеясы. Мәдениет құндылықтар жүйесі ретінде және рух эстафетасының векторы ретінде, Ф. Ницшенің нигилизм теориясындағы батыс өркениетінің «соңғы апатын» жете түсіну. Ф. Ницше «Құндылықтарды қайта бағалау». Құдайға, Адамға, ақылға сенімнің жойылуы әлемнің Батыстық моделінің құндылықтар жүйесінің құлауының негізі ретінде. ХХ ғасырдағы негізгі жаңа кезеңдік дүниетанымдық құрылымдардың өзгерісі. Мәдениеттің тұлғасыз, рухсыз қалыптасуы. ХХ ғасыр мәдениеті «құндылықтарды қайта бағалау» мәдениеті ретінде.
Тақырып 4. ХХ ғасыр мәдениеті мәдениеттанулық ойлар айнасында
Н. Данилевский, О. Шпенглер философияларындағы апаттылықты жете түсіну. Тарихилықты, антропологизмді, рационализмді, тарихи прогрессизмді сынау. Еуропалық тоқырау техногенді өркениет тоқырауы ретінде. ХХ ғасыр мәдениеті рационалистік және гуманистік құрылымдардың тоқырауы ретінде. Кері құбылыстарды жеңу және ренессанстық, ағарту мәдениетінің дәстүрлі құндылықтарын сақтау, тоқырау жағдайынан шығу шарты ретінде (А. Вебер, Х. Ортега-и-Гассет).
Тақырып 5. ХХ ғасыр мәдениетінің тоқырауы «гумандылықтың жоғалуы» ретінде
ХХ ғасыр мәдениетінің тоқырауы «гумандылықтың жоғалуы» ретінде (Р. Гвардини). «Адамгершілік сезім қасіретінің тапшылығы – «гумандылықтың жоғалуы» симптомы ретінде. ХХ ғасыр мәдениетінің ақырзаманы - «эзотерикалық ізденістердің жандануының» шарты ретінде. Тақырыптың өзектенуі: мәдениеттің жоғалуы немесе оның жаңаруының бастамасы. П. Сорокин мәдениеттің дамуындағы өтпелі жағдай ретінде батыс мәдениетінің тоқырауы жөнінде. Батыс футурологиясының қалыптасуы. «Рим клубының» қызметі. «Рим клубының» негізгі мәселелері. Жаһандық модельдеу «Рим клубының» негізгі мәселесі ретінде. «Рим клубы» зерттеулерінің негізгі бағытары.
Тақырып 6. Батыс мәдениетінің техногендік сатысы
Ч. Сноу және оның мәдениеттің екі типі жөніндегі теориясы. Сциентизм және антисциентизм. ХХ ғасырдағы батыс қоғамындағы техника феномені. Техникалық сфера: субъективтілік мәселелерімен, субъективтіліктің жаңа өмірлік типтерінің қалыптасуымен байланыс. Ғылыми-техникалық мәдениеттің жаңа типінің қалыптасуы. Ғылыми-техникалық дамудың ақпараттық аспектісі. Рационалды құрастырудың доминантасы. Адам жасалған техникалық әлемнің бөлігі ретінде. М. Хайдеггердің техника философиясы және техниканың өнер түрлеріне әсері. Техника мәдениеттің негізгі параметрі ретінде. Технологиялық құрастырулардың негізгі сатылары. ХХ ғасыр батыс мәдениетіндегі ғылым феномені. ХХ ғасырдағы ғылымның негізгі жетістіктері. Ғылыми-техникалық төңкеріс феномені. Ғылыми-техникалық прогресстің негізгі әлеуметтік салдары. Компьютерлік төңкеріс – Адам бейнесінің, кейпінің және оның бос уақытының сапалы өзгеруі. Компьютерлік ойындар әлемі. Компьютерлік технология әлеміндегі адамның аддиктивті іс-әрекеті.
Тақырып 7. ХХ ғасыр батыс мәдениетіндегі философия феномені
ХХ ғасыр батыс мәдениетіндегі классикалық емес философияның қалыптасуы. Психоанализ және оның ХХ ғасыр рухани мәдениетіне әсері. Мәдениеттің иррационалдығы келіспеушілігі мәселесі. Франкфурттық мектеп философиясы және адам мен батыс қоғамының «біркештілік» проблематикасы. Ғылыми-техникалық рационалдылық батыс мәдениетінің феномені ретінде. Батыс мәдениеті қоғамындағы жатсыну және затқа айналдыру феномені. Ғылым философиясы және ғылыми білім мәселесі. Ғылым және метафизика демаркациясы мәселесі. Философия беделін қайта ұғыну. Философия рөлі мен қызметінің өзгеруі. Білім сциентизациясы мәселесі. Структурализм ХХ ғасыр Батыс философиясындағы басты ағым ретінде. Структурализм және семиотика пәнаралық ғылыми бағыттар ретінде. Мәтіннің структуралистік түсінігі. Структурализм генезисі. Структуралық лингвистика ХХ ғасырдың философиялық-теориялық парадигмасының қайнар көзі ретінде. Фердинанд де Соссюр және оның «Жалпы лингвистика курсы». Орыс формальді мектебі. Прага линвистикалық үйірмесі. Француз структурализмі. М. Фуко және оның билік пен білім контаминациясы мәселесі. Сэпир және Уорфтың лингвистикалық қатыстылық теориясы. Мәскеу және Тартустық семиотика мектебі.
Тақырып 8. ХХ ғасырдағы көркемдік практиканың негізгі бағыттары
Импрессионизм, абстракционизм, символизм, акмеизм, экспрессионизм өнерінің сипаттамалық белгілері. Модерн және авангард ұқсастық пен айырмашылық аспектісінде. Авангард көркемдік және технологиялық эксперимент ретінде. Авангард иституализациясы. Әлеуметтік прагматика аспектісіндегі авангард мәдениеті. Көркемдік авангардтың негізгі бағыттары. Футуризм. Абсурд театры. ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттың қалыптасуы. Абстракционизм өмірден көркемдік шеттену формасы ретінде. Абстракционизмнің көркемдік бастаулары (нышандары). Абстракционистік өнердегі негізгі бағыттар. Поп-арт жаңа реализм ретінде. Поп-арт өнеріндегі ақиқатқа қатынас. Поп-арттың түрлері. Поп-арт «топ адамының» өнері. Поэзия мен әдебиеттегі сюрреализм. Бейнелеу өнеріндегі сюрреализм. Сюрреалистік эффектілер. Экзистенциализм көркемдік-философиялық, мәдени бағыт ретінде. Экзистенциализмнің орталық міндеті. Экзистенциализмнің негізгі мәселелері. Экзистенция рефлексияның басты тақырыбы ретінде, антисциенттік бағыт. Адам тіршілігінің абсурдтылығы. Еркіндік мәселесі.
Тақырып 9. Ақпараттық қоғам және бұқаралық мәдениет
Зерттеулер мен стратегиялардағы өзгерістер: қарқынды және баяу экономикалар жүйесі (Э. Тоффлер). Ақпараттық қоғам теориясы (Е. Масуда). Ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы. Бұқаралық урбанизация және адамның кескінсізденуі. Символикалық капитализмің қалыптасуы. Ақпарат тауа ретінде. Ақпараттық техникалар мен технологиялар. Адамды құрастыру. Бұқаралық адам әлеуметтік манипуляция объектісі ретінде. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аңыздардың таралымы. Деромантизация және дегероизация адамгершілік қатынастардың дегуманизациясының негізі ретінде. Постмодернизм және бұқаралық адам. Адам атомизациясы және адам деиндивидуализациясы. «Шоппинг» бос уақыт формасы ретінде. Бұқаралық мәдениеттегі жыныс девальвациясы. Бұқаралық мәдениет мифтері симулякрдің түрі ретінде. Бұқаралық адам ақпараттық қоғамның жемісі ретінде. Адамның тотальді «пассивизациясы», оның дебилизациясы және примитивизациясы. Бұқаралық адам «басқарылатын жан» ретінде. Бұқаралық мәдениет қоғамның мәдени өмірін ұйымдастырудың, жасаудың кешенді формасы ретінде. Адамның ойлау қабілетіне теледидар мен компьютерлердің әсері. Импульсивті жауап берудің қалыптасуы. Шығармашылық ой деформациясы және креативтіліктің төмендеуі. Бұқаралық мәдениеттің әлем суретін қалыптастыруы. Китч - мәдени символика вульгаризациясының формасы ретінде.
Жарнама бұқаралық мәдениет феномені ретінде. Жарнаманың мәдениеттанулық сараптамасының ерекшелігі. Жарнама генезисі мәдениет феномендері ретінде. Жарнама фантастикалық кеңістік, «ертегілік карнавалдық салтанатты шеру» формасы ретінде. Левинсонның жарнамаға берген сипаттамасы. Жарнаманың бұқаралық мәдениетке әсері. Бұқаралық мәдениет және жарнама «символдық» конструктор ретінде. Музыка бұқаралық мәдениеттің объектісі ретінде. Тұтынылатын музыкалардың қалыптасуының қайнар көздері. Музыкалық өнердегі тұтынылатын тенденциялардың дамуы. Музыка және бұқара адамы. «Шлягер» тұтынылатын музыканың атомды бірлігі ретінде. «Джаз» көңіл көтеру формасы ретінде. «Мюзикл» «театрландырылған» көңіл көтеру формасы ретінде. «Поп-музыка». Фотосурет және киноматограф. Кино бұқаралық мәдениет феномені ретінде. Қазіргі қоғам мен мәдениеттегі кино. Кино бұқаралық құбылыс ретінде. Кино бұқаралық коммуникация түрі ретінде. Кино және оның коммерциялануы. Кино ерекше мәтін ретінде. Киноның семиотикалық кеңістігі. Киноның манипулярлы сипаты. Қазіргі мәдениет пен қазіргі қоғамдағы теледидар, және оның дамуы. «Теле-дәуірдің» негізгі сипаттары. «Зэппинг» спутниктік және кабельді теледидардың таралуының нәтижесі ретінде.
Тақырып 10. Постмодернизм мәдени ағым ретінде
Постмодернизм мәдени ағым ретінде: философия, эстетика, өнер және гуманитарлық ғылымдар. Постмодернизмнің философиялық-эстетикалық негіздері. «Постмодернизм» терминінің тарихв. Постмодернизмнің қалыптасуының негізгі дәуірлері. Интеллектуалды әрекеттің жаңа ережелері. Постмодернимзнің авангардттан айырмашылығы. Ойлаудың классикалық категориялылығынан бас тарту. Постмодернизмнің әмбебапты гуманизмі. Постмодерн эстетикасының өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм практикасы. Постструктурализм мәдени шығармашылықты ұғынуға және мәдениеттің мәтіндерін интерпретациялауға философиялық-әдіснамалық қадам ретінде. Уақиғалық және маргиналдылық постмодернистердің философиялық ізденістерінің тақырыбы ретінде. Ж. Делездің «қалау философиясы». Ж. Бодрийардың «ынтық философиясы». Ж. Дерриданың «деконструкция философиясы».
Тақырып 11. Қазіргі Жапония мәдениеті
Жапония мәдениеті «азиаттық мәдениет мұражайы» ретінде (К. Окакура). Жапония мәдениетінің уникалдылығы. Жапония мәдениетінің негізгі құндылықтары. Жапонияның мәдени архетиптері. Жапондықтардың мәдени бейімделгіштігі. «Самурай рухы» және елдің модернизациясы. Мәдени дәстүрлер мен жаңалықтары. «Жапондық керемет» феномені. Әлемнің конфуцийлік моделі және «жапондық капитализм» феномені. ХХІ ғасыр «Тынық мұхит» ғасыры ретінде. Қазіргі Жапон мәдениетінің жаңа «тынықмұхит моделінің» мәдени өзгерістері мен қалыптасуындағы орны мен рөлі. «Мәдени жабықтылық» және «мәдени ашықтылық» (Д. Икэда). Мәдениет экспансияның «әсерлі құралы» ретінде. Тұлғаның жаңа типі. Мәдени бірегейлік мәселесі. Мәдени бірегейлікті сақтау қиыншылықтары. Мәдениет коммунитарлығының феномені. Жапония мәдениетіндегі постмодернистік жағдай.
Тақырып 12. Қазіргі Қытай мәдениеті
Қытай мәдениетінің уникалдығы және модернизация, вестернизация үрдістері. Мәдени дәстүрлер мен новациялар, «өзіңдікі» мен «өзгенікі» қатынастарының сәйкес баламасы. Қазіргі Қытай мәдениетінің құндылықтар жүйесі. Конфуцийлік құндылықтар мен Қазіргі Қытай мәдениеті. Қытай мәдениетінің монолиттілігі және басқа да мәдениеттермен сұхбаты. Қытай мәдениетінің мәдени бейімделгіштігі. Легизм идеологиясы және Қытайдағы қазіргі замандық үрдістер. Рух, ата-баба культінен білім, оқу және ғылым культіне. Білім беру мәдениеті тұлғаның әлеуметтік мәртебелігін іске асыру формасы ретінде. Қытайдың дәстүрлі мәдениетінің «рәсімділігі» және батыстық модель. Бұқаралық мәдениеттің «американдандырылуы» және либералды құндылықтар.
Тақырып 13. Араб Шығысының мәдениеті
Араб Шығысының мәдениеті және исламның діни идеологиясының көтерілуі. Ислам әлемі және «прогрессизм» идеологиясы. Жер бетіндік пен сакралдықтың ұстанымдық бөлінбестігі. Араб әлемінің өмір сүру бейнесіндегі ислам дінінің тамырлануы. Дәстүрлі мұсылмандық жүйе: корпоративтілік, рухани туыстық және қоғамдастыққа деген бағдар. Араб әлемі мәдениетінің өзіндік санасы және әлемнің батыстық моделі. Мұсылман қоғамының өзіндік болмыстылығы. Ислам діні контексіндегі әлемнің мәдени моделі. Ислам мәдениетінің паттерндері. Құранның негізгі құндылықтары мен араб елдерінің қазіргі замандық мәдениетіндегі модернистік тенденциялар. Мұсылмандық дәстүрлер мен қазіргі замандық мәдени үрдістер. Исламдағы діни-жаңартушылық үрдістері мен Батыстың ғылыми-техникалық жетістіктерін игеру мәселелері.
Тақырып 14. АҚШ мәдениеті
Әлеуметтік мифология мен американдық мәдениеттің қалыптасуы. Американдық миф және американдық мәдениеттің өзіндік ерекшелігі. Америка халқының миссионерлік жаратылысы. «Американдық арман». Американдық мәдениет «мәдениеттердің балқыту қазаны» ретінде. «Ақ қауымдастықтың» синкреттік мәдениеті. АҚШ-тың қазіргі замандық мәдениетіндегі плюрализм мен децентрализациясы ұстанымдары. «Нәсілдік-этникалық қауымдастықтың мозаикасы» қазіргі замандық АҚШ мәдениетінің моделі ретінде (Д. Холлинджер). Мәдениеттер интеграциясы. Динамикалық-калейдоскоптық мозаикалық американ қоғамы мен мәдени әрт‰рлілік. Субмәдениет феномені. Бұқаралық мәдениет пен әлеуметтік архетиптер. Американ қоғамындағы ақпараттық үрдістер мен бұқаралық мәдениет.
Тақырып 15. Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Мәдени идентификация мәселелері. Апокалипсис аясындағы мәдени регресс. Бұқаралық мәдениет практикасы. Мәдениеттің коммерциялануы.
ҰСЫНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі
негізгі
-
Барт Р. Семиотика. Поэтика. – М., 1994.
-
Гвардини Р. Конец Нового времени // Феномен человека: Антология. – М., 1993.
-
Культурология. ХХ век: Энциклопедия. Т.1, Т.2. – СПб., 1998.
-
Померанц Г. Язык абсурда // Выход из транса. – М., 1995.
-
Разлогов К. и др. Дар или проклятие? Проблемы массовой культуры. – М., 1994.
қосымша
-
Руднев В. Словарь культуры ХХ века. – М., 1999.
-
Бодрийяр Ж. Экстаз коммуникации // Постмодернистская культура. – Л., 1985.
-
Бодрийар Ж. Символический обмен и смерть. – М., 2000.
-
Бахтин М. Эстетика словесного творчества. – М., 1984.
-
Вирмо А. Мэтры мирового сюрреализма. – СПб., 1996.
-
Гудков Л. Метафора и рациональность как проблема социальной эпистемологии. – М., 1994.
-
Дейк Т. ван. Язык. Познание. Коммуникация. – М., 1989.
-
Делез Ж., Гваттари Ф. Капитализм и шизофрения. Антиэдип. – М., 1990.
-
Делез Ж. Марсель Пруст и знаки. – СПб., 1999.
-
Долгов К. От Киркегора до Камю: Философия. Эстетика. Культура. – М., 1990.
-
Западное искусство: ХХ век. – М., 1978.
-
Зиновьев А.А. На пути к сверхобществу. – М., 2000.
-
Ильин И. Постструктурализм. Деконструктивизм. Постмодернизм. – М., 1996.
-
Морозов А.И. Конец утопии. – М., 1995.
-
Новая постиндустриальная волна на Западе: Антология. – М., 1999.
-
Рикер П. Конфликт интерпретаций: Очерки о герменевтике. – М., 1995.
-
Русский авангард. – СПб., 1996.
-
Туганова О.Э. Современная культура США. – М., 1989.
-
Туровский М. Философские основания культурологии. – М., 1997.
-
Успенский Б. Избранные труды: В 3-х т. – М., 1996-97.
-
Федотова Л. Массовая информация: Стратегия производства и тактика потребления. – М., 1996.
-
Чучин-Русов А. Новый культурный ландшафт: постмодернизм или неоархаика? // Вопросы философии. – 1999. – № 4.
-
Япония: культура и общество в эпоху НТР. – М., 1985.
Достарыңызбен бөлісу: |