Факультет: Тарих Кафедрасы : Дүниежүзі тарихы, тарихнама, деректану СӨж тақыыбы



Дата01.03.2024
өлшемі94.81 Kb.
#493789
Архив срс


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Факультет: Тарих
Кафедрасы : «Дүниежүзі тарихы, тарихнама, деректану


СӨЖ
Тақыыбы: «Архивтердің және архив ісін ұйымдастырудың мемлекет пен қоғамдағы маңызы»

Орындаған: Өтеген Ақбота

Мамандық: Архивтану,құжаттану және құжаттамамен басқаруды қамтамасыз ету

Тексерген: Сабденова Г.Е.

Алматы 2024


Жоспар:
Кіріспе бөлім:
1.1.Архив жайлы жалпы түсінік----------------------------------------------3
Негізгі бөлім:
1.2.Архивтің қоғамдағы рөлі---------------------------------------------------4
1.2.Архив саласындағы өзекті мәселелер-----------------------------------5
Қорытынды бөлім:
1.3.Архивтың қазіргі қоғам үшін өзектілігі---------------------------------8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------9

Мұрағат немесе Архив (лат. archіvum) – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді.


Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, Ежелгі Грекияда, Римде, тағы басқа елдерде мемлекет дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда дербес архивтің пайда болуы Бөкей ордасы архивімен байланысты (18 ғасыр). Қазақстандағы архив жүйесі (республика, салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен 20-ғасырдың 20–30-жылдары қалыптасты. Ұлттық архив ісінің бастауында А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды мәдениет қайраткерлері тұрды. Мемлекет А. 1921–38 жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 1938–58 жылы Қазақ КСР-і Ішкі Істер халкоматының қарамағында болды, 1958 жылдан Министрлер кеңесіне бағындырылды. Облысы, ауданы архив жергілікті әкімшіліктерге қарады. Архив қызметінің басты бағыттары: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, ғылым анықтамалар мен көрсеткіштер жасау; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. КСРО дәуірінде архив социализмді дәріптеудің идеологиялық құралы болды. Республикадағы барлық құжаттар айналымының 10%-ға жуығы коммунистік құндылықтар тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекет сақтауға – архивке жинақталды. Құжаттардың біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы деректер архивке түспей, біржола жойылып отырды. Ал архив қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеулер қою арқылы зерттеушілерге берілмеді. Қазіргі архивтерде дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен қатар фото-киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. Архивтерде мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, экономика, саяси-идеология қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан архивінің қызметіне халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр.[1]

2
Халық пен ел тарихындағы құнды жазба деректерді жинастырып сақтау ісіне әуелгі замандардан бері мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазір де архивтерде мәңгілікке сақталатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады. Қазақстанның мемлекеттік архивтері де ел тарихының елеулі кезеңдеріне, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты жәдігерлер жинақтап отыр. Алайда архивтердің сақталуы және қоғам мен мемлекет мүддесі үшін барынша белсенді пайдаланылуы салада қалыптасқан түрлі түйткілдер салдарынан біршама кенжелеп қалғаны жасырын емес. Осы орайда отандық архив жүйесіндегі кемшіліктер мен саланың даму көкжиегі туралы мәселелер жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өткен «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: өзекті мәселелер, тәжірибе, инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кеңінен сөз болды.


Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ және Өзбекстан мемлекеттерінің архив ісінің мамандары мен сарапшылары қатысты. Конференцияда экономика және қоғамды жеделдетілген технологиялық жаңарту тәжірибесі мен әлемдік архив ғылымының жетістіктерін ескере отырып, архив ісінің жағдайы мен даму келешегі, ақпаратты іздеуді тиімді ұйымдастыру, ақпараттық ресурсты іріктеу, сканерлеу, архивтік деректер базасына қолжетімділік және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде архивтердегі цифрлы ресурстардың жағдайы мен оларды бір жүйеге біріктірудің перспективалары және біртұтас ақпараттық кеңістіктің бөлшегі ретінде архивтік ақпараттық ортаны құруға баса назар аударылды.
Конференцияны ашқан ҚР Президенті архивінің директоры, профессор Болат Жапаров қатысушыларды құттықтап, архивтің Кеңес өкіметінің орнаған кезінен бастап бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси билігінің құжаттарын жинақтап отырған мекеме екенін атап өтті. Жиынға арнайы келген шетелдік әріптестеріне, АҚШ-тың Архив агенттігінің, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің өкілдеріне, облыстық архив мекемелерінің басшыларына алғысын жеткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған іс-шаралардың еліміздегі архив саласының одан әрі дамуы, архив қызметкерлерінің өзара пікір алмасуы, архив қоғамдастғының қарым-қатынасын нығайтуға, шетелдік әріптестермен тікелей байланысқа шығуға оңтайлы ықпал ететініне сенім білдірді.
3
Архив қызметкерлері – тарихи жадының сақтаушылары. Саналуан ақпараттық байлықпен жұмыс істейтін сіздер қоғам мүддесі үшін тарихи мұраға қол жеткізуге қызмет етесіздер. Архивте сақталған құнды құжаттарсыз тарихты зерттеу, ғылымның, мәдениет пен білім беру саласының дамуы мүмкін емес. Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылдың 17 сәуірінде Қазақстанның үшінші жаңғыруы жөнінде бастама көтере отырып, қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымы мен бағыт-бағдарын айқын көрсетіп берді. Баршаға белгілі, біз бұған дейін еліміздің мәдени-тарихи ескерткіштерін қалпына келтіруге арналған «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламаларын жүзеге асырып, дүние жүзінің архивтерінен өз тарихымызға қатысты құжаттарды елге әкелген болатынбыз. Ал қазіргі жаһандық ақпараттану дәуірінде бүгінгі конференцияның күн тәртібіне қойылып отырған мәселелер айрықша мәнге ие болып отыр. Яғни, мәселе ақпараттың көлемінде емес, онымен жұмыс істеудің, өңдеудің, сақтаудың тиісті құралдарын әзірлеуге келіп тіреледі. Сол себепті қазіргі архив қызметкерлерінен білім ғана емес, жаңа технологияларды меңгеру талап етілуде. Және де бұл талап жылдан жылға өсе түспек» дей келе, М.Жақыпов конференция нәтижелері архив қызметін жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

4

Б.Жаппаров архив саласындағы өзекті мәселелерді ашып айтқан.


Архив басшысы атап көрсеткен аса маңызды мәселенің бірі – архивтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды толықтыру. «Бүгінгі таңда архив қоймаларына және құжаттарды сақтауға байланысты аса күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстанда 2000-2015 жылдары бар болғаны 4 жаңа архив нысаны пайдалануға берілген. Облыстардағы мемлекеттік архивтердің көпшілігінде орын жоқ, соның салдарынан өздерінің басты міндеті – құжаттарды сақтауға қабылдау міндетін атқара алмай отыр.
Құрал-жабдықтың жоқтығынан мемлекеттік архивтер аса құнды құжаттардың сақтандыру қорын құру ісі кешеуілдеуде. Мәселе төтенше жағдайлар, апаттар және әскери агрессия жағдайында Үкіметтің, атқару органдарының негізгі қызметін қалпына келтіруге қажетті «өмірлік маңызды құжаттарға» қатысты. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2002 жылы құжаттар көшірмесінің Мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже бекітілген болатын. Міне, 14 жыл өтсе де арнайы қойма әлі жоқ. Құрал-жабдықтың жеткіліксіздігінен құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді, архив қоймалары оңтайлы температуралық режім жасауға қажетті желдеткіштермен, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жарақталмаған. Тағы бір өзекті мәселе – архив ғылымы және маман даярлау. Ғылыми-зерттеу ісі алға жылжымай келеді, архив ісі мәселелері бойынша кәсіби түрде ғылыми ізденістер жүргізуге қабілетті дайын мамандар жоққа тән. Отандық ЖОО-ларда құжаттану және архив ісін оқитын студенттердің саны барған сайын қысқаруда, төмен жалақы мұрағатшы мамандығының мәртебесін өсірер емес. Соның салдарынан, мемлекеттік архивтерде дипломы бар архив мамандарының деңгейі төмен. Сонымен бірге, ақпараттық технологиялар, репрография, архив экономикасы, реставрация салаларында қосымша мамандарға қажеттілік туындауда.

5
Архивті дамыту қағидаттары, мақсаты мен міндеттері

Архивтің дамуы мынадай қағидаттарға негізделетін болады:

- ҰАҚ құжаттарын цифрлық платформаларда жинақтау, сақтау және пайдалану бойынша жұмыс бағыттарының сақталуы мен одан әрі дамуындағы сабақтастық;

- алдыңғы қатарлы архив тәжірибесін пайдалану мен архив менеджментінің заманауи шешімдерін енгізудегі тиімділік;

- архивтік құжаттардың еркін пайдалану үшін қолжетімді болуы және цифрлық технологиялар арқылы Архив қорларымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттің қауіпсіздігіне, сондай-ақ азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарына байланысты құжаттарға қолжетімділікті шектеу;

- Архивті цифрландырудың инновациялық шешімдерін әзірлеуде және ведомстволық және мемлекеттік сақтау сатыларында құжаттарды басқарудың сервистік моделін жобалауда әріптестік.

Архивті 2035 жылға дейін дамытудың стратегиялық мақсаты – оны құжаттамалық қамтамасыз ету мен архивтік сақтаудың әлемдік практикаларын табысты енгізетін, Қазақстандағы архивтік жұмыстың әдіснамалық орталығы функциясын орындайтын, еліміздің архивтерін тұрақты жетілдіру мен үдемелі өсірудің бастамашысы және интеграторы болып табылатын ТМД елдеріндегі жетекші архив мекемелерінің біріне және Қазақстанның архив саласының көшбасшысына айналдыру.

Мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу қажет:


  1. халықаралық тәжірибені талдау және заманауи архив әдіснамасын практикаға енгізу арқылы архив қорын жинақтаудың жаңа тәсілдерін

6
қалыптастыру;

2) ҰАҚ құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Архивтің инфрақұрылымын жаңғырту және материалдық-техникалық жабдықтандыруды нығайту;

3) Архивті «e-archive» (электрондық архив) архитектурасынан «i‑archive» (интеллектуалды архив) архитектурасына цифрлық трансформациялау;

4) Архивті ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихы жөніндегі құжаттарды сақтау мен зерделеудің республикалық орталығы ретінде қалыптастыру;

5) халықаралық аренада елдің имиджін нығайту және Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның тарихи-құжаттық мұрасын кеңінен таныту арқылы Мемлекет басшысының саясатын насихаттау;

6) Архивтің базасында құжаттану, архивтану және археография саласындағы ғылыми-қолданбалы және әдістемелік зерттеулер бағыттарын институттандыру;

7) жоғары білікті архившілер мен құжаттанушылардың пулын қалыптастыру бойынша Архивтің отандық және шетелдік архив мекемелерімен, ҒЗИ-лармен және ЖОО-лармен көп аспектілі өзара
іс-қимылын ұйымдастыру.

7

Архивтерді және архив ісін ұйымдастыру мемлекет пен қоғамдағы маңызды, себебі олар тарихты деректерді сақтау мен қорғау үшін көмек көрсетеді. Архивтер мәліметтердін жасау, сақтау, жасау мен басқа іс-әрекеттерді орындау арқылы тарихтың дамуын жүзеге асыратын өнімділіктерді ұйымдастырады. Мемлекет пен қоғамда қолдау көрсету арқылы архивтерді жүргізу, деректерді табу, іздеу және қолдау көрсету жүйесінің жасалуы алғаш рет болмаса, тарихты өзгерту, сақтау және тарихтың дайындалуы үшін алғаш рет болмаса көмек көрсетеді.


Архивтерді қоғамдық жобаларды дайындау мен жетістіру, тарихты толықтыру және әлеуетін өзгерту болып табылады. Олар ғылыми, саяси, әдістемелік және әлеуетілік мәселелерді шешу мен айналдыруда маңызды рөл атқарады. Архивтерді қолдау көрсетуді, мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен басқару, ұлттық бірлікті қалыптастыру және демократияны дамыту үшін пайдалану орын алмайды. Архив ісінің қамтамасыз етуі, әлеуетінің қамтамасыз болуы мемлекеттік салт-денсаулықты және тарихтық дайындалуын сақтау арқылы тірілікті, адалдықты және салт-денсаулықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Архивтерді жүргізу мен ұйымдастыру қамтамасыз етудің бірі мемлекеттік бағдарламаларды, саяси тараптарды, ғылыми-техникалық жағдайларды ұйымдастыру мен басқару алдындағы маңызды аспекттерге түседі. Олар арқылы тарихтың өзгеруі мен дамуын сақтау мүмкіндігіне негізделген болады. Архивтерді қолдау көрсету арқылы тарихты танымалы үйрену, мемлекеттік басқаруды дамытпайтын саяси және ғылыми шешімдерді ұйымдастыруды, күрделі бағыттарда өзгерістерді жасау жолында мәліметтерді пайдалану мүмкіндігін тану маңызды.

8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010

  2. «Жаңа Архив» ғылыми әдістемелік журнал 2022 Ә.Қ.Мұстафина

  3. «Ана тілі» газеті 1990


9

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет