Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Жергілікті өзін-өзі басқарудың тікелей демократия нысаны ретінде мәні және маңызы»
Факультет: Заң
Мамандығы: Құқықтану
Тобы: 303
Орындаған: Асылбек Ерасыл Жандосұлы
Тексерген: Жарболова А.Ж.
Алматы 2023
Жоспар:
1.Кіріспе
1.1 Муниципалдық құқық түсінігі;
1.2 Муниципалдық құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастар;
2.Негізгі бөлім
2.1 Жергілікті өзін-өзі басқару
2.2 ҚР жергелікті өзін-өзі басқарудың негіздері және жүзеге асуы
2.3Тікелей демократия көрінісі
3.Қорытынды
1.1
Муниципалдық құқық- бұл ұлттық құқықтың дербес және кешенді саласы. Муниципалды құқық жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызмет етуі процесінде пайда болатын қатынастарды реттеуді қарастырады. Муниципалдық құқық, кез-келген басқа құқық саласы сияқты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қамтиды. ҚР Конституциясы өзге де мемлекеттердің Конституциялары секілді «жергілікті өзін-өзі басқару», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары» ұғымдарын «муниципалдық органдар», «муниципалдық құқық» ұғымдарына синоним ретінде пайдаланылады. Муниципалдық құқықты жергілікті өзін-өзі басқару құқығы ретінде анықтауға болады.
1.2
Муниципалдық құқықтың пəні болып келесі қоғамдық қатынастар табылады:
1. жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтардың тікелей ерік білдірулері арқылы жүзеге асыру процесінде пайда болатын қатынастар;
2. жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғаларының жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу жөніндегі қызметті жүзеге асыруда жəне жеке мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруда пайда болатын қатынастар;
3. жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық-экономикалық негіздерінің болуымен жəне оларды пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастар;
4. жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтың негізін белгілеумен байланысты пайда болатын қатынастар;
5. жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктері қатынастары;
6. жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі жауаптылық қатынастары;
7. жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі муниципалдық қызмет қатынастары;
8. жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен мемлекеттік билік пен басқару органдарының, əсіресе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзара қатынастары.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін құқықтық реттеу кезінде екі əдіс қолданылады:позитивтік (рұқсат берушілік) жəне негативтік (тиым салушылық).
Позитивтік əдіс Конституция мен өзге нормативтік құқықтық актілер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде не істей алатындығын белгілейтіндігін шамалайды.
Негативтік əдіс жергілікті өзін-өі басқару оргшандарының заңмен тікелей тиым саланбаған қызметті жүзеге асыру құқығын танудан туындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |