Кірме сөздерге де жалғанатын (колхозшы, тракторшы т.б.) болды, Бұл жұрнақпен синонимдес парсы тілінен енген -гер, -кер жұрнағының да қолданылу аясы кеңіп цаламгер, қьгтеткер, дәріскер, әдіскер сияқты жаңа сөз,а,ердің пайда болуына негіз болды. Дегенмен бұл кірме жұрнақ болғандықтан, қолданылу аясы, жалғану мүмкіндігі қазақтың өз төл жұрнағы -шы, -ші-дей емес, элдеқайда төмен. Бұл жұрнақтарды ретімен қолданбау термин жасауда үлкен қателікке алып келетін кездері де болады. Мысалы, 30-жылдары «врач» сөзі «дэрігер» болып аударылды да сол бойы сіңісіп кетті. Қазір медицина ғылымы дамып «фармацевт» деген сөз пайда болған кезде оған енді балама таба алмай жүрміз. Шындығында фармацевт —дәрігер, врач - емші болуы керек еді. Енді қолданысқа әбден еніп кеткен бұл сөзді өзгерту мүмкін емес.
-лы, (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті), -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік), —ғы (~гі, —қы, -кі) сияқты сын есім тудырушы жұрнақтарды ретімен пайдалан білген жөн. Медицина терминдерінің қазақ тілінде қалыптасуыназор еңбек сіңіріп жүрген профессор Ә.Нұрмұхамбетұлы бұл жұрнақтарды өте орындықолданып жүр (вредная доза - зиянды доза (мөлшер); ежедневная - күнделікті; лечебная -емдік; оптималъ- ная —оңтайлы;разовая - бір дүркіндік; вьісшая - ең жогаргы т.б.) [1, 209-210]. Бірақ автор «доза» сөзін «доза» деп те қалдырған, сонымен қатар өлшем, мөлшер, нәумет деген нұсқаларын да ұсыныпты. Біздіңше, өлшем, мөлшер, нэумет деген нұсқалар бұл мағынаны бере алмайтын болса, «доза» сөзін қалдыра беруге де болады. Себебі, «доза» сөзі қазақ тіліндегі үндестік заңына қайшы келмейді жэне бұл сөзде қазақ тілді адам айта алмайтындай дыбыстар тіркесімі жоқ.
Жаңа сөздер тек түбір сөздерге эртүрлі жұрнақтар жалғану арқылы ғана жасалмайды. Сөз тудырудың өнімді тәсілдерінің бірі -- сөздердің бірігуі.Әуел баста анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық, яғни бағыныңқылық-басыңқылыққатынастағы сөз тіркестері айтыла- айтыла ықшамдалып, тұтас бір сөзге айналып, бір ғана сұраққа жауап беретін күрделі сөздерге айналған. Осылайша бірігу арқылы жасалған терминдерге «бұлшық ет» (мышца), «көкет» (диафрагма), «көкбауыр» (селезенка) сияқты сөздерді жатқызуға бодады. Қазақ тілінің орфо- графиялық жэне медициналық сөздіктерінде «бұлшық ет», «күре тамыр», «көк желке» сөздері бөлек, ал «көкет», «көкбауыр» сөздері бірге жазылып жүр. Міне, бұл мәселелердің де шешімін тапқан жөн.
Қазақ тілін басқа өркениетті елдердің тілімен терезесі тең, ғылым тіліне айландыру үшін, ана тілімізге тэн барлық амал-тәсілдерді қолданып, тілдің ішкі мүмкінідігін барынша пайдалау қажет.
Терминжасамда кеңінен қолдануға болатын әдістердің бірі - қолданыстан шығып, ұмыт болуға айналған сөздерімізге жан бітіріп, оларға үстеме мағына беру. Медициналық терминдер жасауда бұл тэсілді сәтті пайдаланып жүргендер де бар. Бұған мысал ретінде стоматология саласында қолданылып жүрген «кіреуке» («эмаль»), «тіссауыт» («коронка») сөздерін келтіруге болады.
Дыбыстық өзгеріске түсіп еніп кеткен кірме сөздерді де медициналық термин ретінде қолдану - терминжасамның тағы бір тәсілі. Мысалы, қазір медицина ғылымында кеңінен қолданылып жүрген жүрген агза сөзінің түп-теркіні мүшелер (дененің, үйымның) дегенді білдіретін араб сөзі [9,37]. Сондай-ақ қазақ тіліндегі жарацат. (рана, язва) сөзіне келетін болсақ, ол «жарахатун» деген араб сезінің дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі [9, 99].
Медициналық терминдердің жасалуындағы өнімді тәсілдердің бірі – морфологиялық тәсіл. Осы тәсіл арқылы қосымша және сөз құрамы ерекшеленеді, сонымен бірге ауру атауларының туынды және күрделі атаулары жасалады.
Қазақ тілінде морфологиялық (синтетикалық) сөзжасам тәсілі арқылы жасалған терминдер сан жағынан едәуір. Олар мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:
Достарыңызбен бөлісу: |