Офистік технологиялар, документ-сервистер (https://onedrive.live.com, http://www.cometdocs.com/)
Органайзерлер, информерлер (https://calendar.google.com, http://linoit.com/)
Топпен жұмыс, планировщиктер, закладкалар (http://www.symbaloo.com/, https://www.diigo.com/)
Сандық контенттің стандартты емес форматтары
Білім алушылармен ортақ медиажобалау кезінде қолданылатын сандық контент форматтары:
- лайфхак (пайдалы кеңес блогтары), селфи-күнделік (әмбебап оқу әрекеттері негізі ретінде);
- мемдер мен гифтер (түсініктер мен құбылыстардың визуалды маркерлері ретінде)
- сайттар мен блогтар (интерактивті формадағы материалдарды жүйелеу мен жалпылау дағдысын дамыту ретінде);
- медиаиллюстрациялар (видеоролик-миниатюралар) сабақтың әр түрлі бөліктерінің мазмұнын визуализациялау ретінде).
4-дәріс. Білім берудегі әлеуметтік желі қызметі.
Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отыруға болады. Жай хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады. Әлеуметтік желілердің жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға пайдасы зор. Интернеттен музыка, фильм, ойындардан басқа ғылыми мақалалар, аудиокітаптар, тіл үйрену курстарын, тамақ істеу, би үйрену, дене шынықтыру тәсілдерін көшіріп алуға, қарауға болады. Көптеген оқулықтар мен рефераттар, түрлі суреттер де Интернетте жетерлік. Кез-келген мемлекеттік органдар, түрлі компаниялар мен дүкендер, кафе, мейрамханалар туралы ақпарат алу, олардан анықтама алу, тапсырыс беру сияқты көптеген жұмыстарды үйде отырып Интернет арқылы бітіре беруге болады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы кез-келген адам өзінің пікір алмасатын, мүдделестер ортасын қалыптастыруға, жаңа таныс, дос табуға да мүмкіншілігі бар. Сол сияқты кез-келген фирма өзінің өнімдеріне қызығушылық танытқан клиенттерін топтастыра алады.
Қазіргі таңда әлеуметтік желіге тәуелділік туындауда. Олардың артықшылығы мен кемшілігін қарастырып өтелік.
YouTube - бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет. Мұнда қолданушылар қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар.You Tube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблогтар ұсынылады. Youtube видеохостингінің негізін салушылар -Steve Chen, Chad Hurley, Jawed Karim.
Артықшылықтары:
1) Тіркелу тегін
2) Əркім өзінің форматы бойынша видео сала алады.
3) 15 тілмен қарауға болады, соның ішінде қазақ тілі бар.
4) Сервер таратылымдарды сақтауға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері:
Өте үлкен аудитория жоқ
Əрдайым жаңа хабарды тарату керек
Порталда тыйым салынған əрекеттерді орындамау керек.
WhatsApp — смартфондарға арналған мессенджер. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болады. WhatsApp-тың негізін қалаған Yahoo! компаниясында 20 жыл бойы жұмыс істеген Ян Кум және Брайн Эктон. WhatsApp Facebook-ке 2014 жылы қосылды, бірақ ол әлемнің кез келген жерінде қолданысқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |