«Ғылым тарих мен философиясы» пәні бойынша ДӘрістер


Тақырыбы: Техника философиясы



бет12/18
Дата14.10.2022
өлшемі73.45 Kb.
#462713
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
 蜞痂觖 филос. Д рістер.

Тақырыбы: Техника философиясы

  1. Техника және білім ғылым философиясы қалыптасуы

  2. Қазіргі кездегі техника ғылымның даму үрдістері

Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көге елестету мүмкін емес. Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдардыайтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардын бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пенөзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондац жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен  көрінеді. Мысалы, адамның қолын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалықты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.
Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда әр түрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерми­низм — бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияньң маңызды рөлі орасан зор.
«Адаммен бетпе - бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мәселесіне айналды. Қaзipгi тех­никаның барша өмір салаларына енгізілуін және оның өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей және ойлау барысында дәстүрлі тарихи қалыптарды қолдана отырып, қазіргі және өткен өміріміз арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет» .
Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде - бір саласы қалмады. Қaзipгi коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең шалғай аудандарға дейін қамтып, кезкелген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін сездіре алады. Техника әсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек өнімділігі қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қaзipгi техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпа­лын тигізеді. Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет