Біздің айтайын деп отырған мәселеміз осы Заңмен 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық-процестік кодексі
немынадай мазмұндағы «Адвокаттың қылмыстық іске қатысты
ақпаратты білуі ықтимал адамға сұрау салу тәртібі» тақырыбында жасалған 210-1-баппен толықтыруға байланысты.
Нақты айтатын болсақ осы бапта көрсетілген «сурау салу» терминіне байланысты. Бұл термин ҚР ҚПК
бұрыннан келе жатқан ұғымдарға жатады, осыған қарамастан ҚПК 7-бабында әлгі күнге дейін оған түсініктеме
берілмеген. Осыған байланысты ҚПК жаңадан ендірілген 210-1-бабының тақырыбы да, мазмұны да мағынасына сай
келмейді. Осындай тұжырым жасауға бірнеше негіз себеп бола алады. Оның біріншісі, сұрау салу орыс тіліне
аударылғанда «запрос» деген сөзді білдіреді. Сауал қою орыс тіліне аударылғанда «опрос» деген сөзді білдіреді. ҚР
ҚПК 210-1-бабында әңгіме сұрау салуда емес сауал қоюда болып отыр.Орыс тіліндегі осы Кодекстің 210-1-бабының
редакциясының тақырыбы да, мазмұны да мағынасына сай келеді.
Екіншісі, ҚР ҚПК «сурау салу» терминіне түсінік берілмегенімен, Қазақстан Ркспубликасының «Ақпаратқа
қол жеткізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңында «сұрау салу» терминіне келесі түсінік берген «сұрау салу –
ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша
нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш»
.
Осы жерде айтып кететін тағы бір
жағай ол, ҚР ҚПК «сауал қою» терминіне де түсінік бермеген. Ал ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңында оған
«адамдарға сауал қою - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат
бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның сөздерінен жинау» деген түсінік берілген.
Үшіншіден, ҚР ҚПК өзінде сұрау салу бірнеше баптардың тақырыбында қайталанады. Мысалы,
272-1-
бап
«Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы»;
560-
бап
«Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу» немесе
579-
бап
«Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы
сұрау салуды жіберу» және тағы басқа баптарда. Олардың барлығында «сұрау салу» термині – ақпарат иеленушіге
заңмен белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде
электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш» деген мағынада қолданылады.
Төртіншіден, Жоғарыда көрсетілген ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысында келесідей дұрыс көрсетілген
«
Қылмыстық-процестік кодексте адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға сауал қою және
сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуды жолдау жөніндегі өкілеттіктерін іске асыру тәртібі неғұрлым егжей-
тегжейлі реттелген (Заңның 1-бабы 1-тармағының 14)және 19) тармақшалары)».
Жоғарыда көтерілген міселелерді шешу мақсатында ҚР ҚПК келесі баптарына, келесі мазмұндағы өзгерістер
мен толықтыруларды енгізуді ұсынамыз:
1. 7-
бапты «сауал кою» және «сұрау салу» ұғымдарын енгізу және оларға түсініктеме беру;
2. 210-1-
баптың тақырыбында және мазмұнында «сурау салу» ұғымын «сауал қою» ұғымына ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |