221
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2019.23.03.
берілген өзгерістер мен
толықтыруларымен)
2.
Конституциялық Кеңес адвокаттық қызмет мәселелері жөніндегі түзетулердің Конституцияға сәйкестігін тексереді
12.05.2021,
23:27
15188
Читать:
https://www.kt.kz/kaz/state/
konstitutsiyaly_ke_es_advokatty_yzmet_m_seleleri_1377915582.html
3.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралыҚазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2021 жылғы 4
маусымдағы № 1 нормативтік қаулысы
4.
Дархан Омирбек
«Президент не должен был подписывать этот законопроект». Как адвокаты несмогли отстоять свою
независимость. 11 июня 2021, 13:25:
https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-president-signs-into-law-controversial-bill-on-
attorneys/31301962.html
ӘОЖ 343
ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЙ-
КҮЙІ
Нурлыбекова М.Н. – ЮМ 19-1к9 тобының студенті
Еркебаева Н.А. – аға оқытушы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы1998 жылғы 26
маусымда қабылданды, (өзгертулер 06 қаңтар 2012).
Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және
адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
Ұлттық қауіпсіздік түрлері:
1) қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң,
денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының
және әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
2) әскери қауіпсіздік – әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі
қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-
күйі;
3) саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және
олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз
етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару
тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
4) экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін,
Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
5) ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін,
ақпарат
саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы
ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ
адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі;
6) экологиялық қауiпсiздiк – қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-
қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің
қорғалуының жай-күйі болып табылады [1].
Қазақстан Республикасының ақпарат саласындағы негізгі ұлттық мүддесібәсекеге қабілетті және қорғалған
ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау және дамыту.
Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер:
елдің ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ ұлттық ақпараттық ресурстардың рұқсат етілмеген қолжетімділіктен
қорғалу деңгейінің төмендеуі;
ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен
байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал ету.
Ақпараттық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуімен
жүзеге асырылады:
1) Қазақстанның ақпараттық тәуелді болуына жол бермеуге;
2) басқа мемлекеттердiң, ұйымдар мен жекелеген адамдардың тарапынан ақпараттық өктемдік пен оқшаулаудың
алдын алуға;
3) Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiн, Үкiметiн және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін
күштерді ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында, оның iшiнде
айрықша кезеңде және табиғи,
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс
желiлерiнiң үздiксiз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің және өзге де заңмен қорғалатын құпияның таралуы мен
жоғалуын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге;
6) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен
байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал етуге жол бермеуге;
7) мемлекеттік шешімдер тұжырымдау мен қабылдау процесіне ұлттық қауіпсіздікке
нұқсан келтіре отырып,
жасырын ақпараттық ықпал ету тетіктерін табуға және бұзуға;
222
8) мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер айналыста
болатын ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және байланыс инфрақұрылымын қорғаудың тиімді жүйесін
қолдауға және дамытуға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті, оның iшiнде мемлекеттік электрондық ақпараттық
ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның
және ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық
жүйесі құрылады және нығайтылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғау және ақпараттық оқшаулануын болдырмау мақсатында
мемлекеттiк уәкiлеттi органдар инвесторларға берiлетiн кепiлдiктердi сақтай отырып, магистральдық байланыс
желілерін басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын ұйымдардың
басқаруындағы немесе меншiгiндегi байланыс желiлерiнің қызметiне заңнамада айқындалған тәртiппен бақылау
жасауды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалар
байланыс желiлерiн салу, пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiнде шешiм
қабылдау кезiнде байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық қауiпсiздiкті сақтау талаптарын
басшылыққа алуға тиiс.
Терроризмге қарсы операциялар жүргізу және жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу кезінде жедел штаб
басшысының шешімі бойынша байланыс желілерінің иелері мен операторларына жеке және (немесе) заңды тұлғаларға
байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желілері мен құралдарын пайдалануды шектеу,
сондай-ақ байланыс желілері мен құралдарының жұмыс режимін өзгерту [2].
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және оның үздiксiз жұмыс iстеуi;
2) Қазақстанның әлемдiк байланыс және ақпараттандыру жүйесiне кiруi;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін және байланыс
инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету және оның деңгейін арттыру жөніндегі ұлттық мүдделеріне қайшы келетiн
шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берілмейді.
Мыналарға тиым салынады:
1) мазмұны ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiретiн шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының баспа өнімдері
мен өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуға;
2) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге;
3) жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң
талаптарына сәйкес келмейтiн байланыс желiлерiн пайдалануға беруге тыйым салынады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі қауіп-қатердің алдын алу немесе қауіптерді іске асырудан
болатын зиянды азайту мақсатында субъектінің қарым-қатынас объектілеріне әсер ету тізбегі ретінде жүзеге асырылады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты- құқықтық ықпал ету жүйесін объектілердің қорғалу жай -
күйін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері құқықтық,
ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылық-
техникалық, техникалық, экономикалық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: