Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Орталык Азия университеті
Педагогика-психология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Мектеп оқушыларының мазасыздануының
психологиялық мәселелері
Ғылыми жетекші: психология
ғылымдарының кандидаты,.
доцент Орманова З.Қ.
Орындаған: Гуманитарлык факультетінің, психология және педагогика бөлімінің
4 курс студенті
Абдрешова Асем Акбергенкызы
Алматы- 2006 ж
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………2
I –тарау. Бастауыш мектеп окушыларының мазасыздануының теориялық негіздері
1.1Баланың мектеп өміріндегі әлеуметтік жаңа ортаға бейімделуі.........………………………………………………………….8
12 Бастауыш сынып оқушыларның мазасыздануының
физиологиялық дамуы ……………………...……………………….....11
1.3. Балалардың мазасыздануының себептерінің негіздері......................14
II –Тарау. Мазасызданудың эмоционалды қалпына жалпы шолу
2.1Психологиялық эмоционалды қалыптар тарихы .................................20
2.2 Мазасыздану туралы психолог-ғалымдардың
теориялары ……………….………….. .................................………….24
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану қасиеттеріне
арналған зерттеулерге шолу ..........……………………………………… 29
III-Тарау.Мазасызданудың психологиялық мәселелеріне эксперименталды зерттеу
3.1. Эксперименттің мақсаты, міндеттері, ...............................………..39
3.2.Эксперименттің ғылыми өтілу барысы
Қорытынды…………………………………………………………....57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..….59
Қосымшалар…………………………………………………….……62
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды.
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4]
Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады".
Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады.
Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,].
Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11]
Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды.
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]
Жекелеген мазасыздануды біздер, жағдайға қатысты субъект әрекеті құрылымының теріс сигналы деп түсінеміз. Мазасыздану негізінен жеке тұлғаның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі болады. Бұл пайдалы, яғни жеке тұлғаның белсендiлiгінің шарты ретіндегі мазасыздану болады.
Физиологтар еңбектерінде, соның ішінде К. Прибрам зерттеуінде эмоция нейрофизиологиясы бойынша былай дейді: "кез-келген эмоциялық күй, соның ішінде мазасыздану да сыртқы жағдайлардағы жаңа нәрсеге ағзаның реакциясы ретінде физиологиялық деңгейде пайда болады. [14].
Біздің проблемаға қатысты С.Л. Рубинштейннің түрліше эмоционалды күйлерді жіктеуі жайлы айтып кетуге болады. Ол аффектілер, елігулер және көңіл-күйлер деп бөледі де, көңіл-күйлерді сананың бақылауынан тыс-санадан тысқары пайда болады дейді.
Ол В.К. Вилюнас мазасыздану табиғаты туралы ұғымын талдай келе былай дейді: "Мазасыздану - нақты жағдайда мінез-құлықты басқаратын және түзейтін механизм" [15,16].
Біздің зерттеуіміздің басты мақсаты бағдарлану іс-әрекеті ретіндегі бастауыш сынып окушыларындағы мазасыздану байкалуының маңызды механизмдерін белгілеу, анықтау.
Эмоционалды қалыпты зерттей отырып, топ динамикасының кейбір аспектілерін бақылауға болатындықган, оның құрылымы мен принциптерінің өзгерісі әлеуметтік, жас ерекшелік және педагогикалық психология үшін өте маңызды әрі өзекті болады.
Осы мақсаттарға орай, зерттеу болжамдары құрастырылды:
Жалпы болжам: Мазасыздану жеке адамның белгілі бір накты жас кезеңінде оның жетекші әрекетімен өзара байланысты және жас ерекшелік, топтағы социометриялық статус сияқты факторлармен өзара шарттасады. Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:
1. Мазасыздану деңгейі бағдарлану әрекетіне жоғары деңгейлі
дайындықты қажет ететін жеке тұлғалық қарым-катынас
құрылымындағы тұрақсыз ситуациялардың байқалу индикаторы болып табылады.
2. Мазасыздану деңгейі мен субъектінің топтағы социометриялық тұрқы арасында белгілі-бір тәуелділік болуы тиiс.
3. Мазасыздану деңгейі мен түрлі жас кезендеріндегі субъекті тұрқы арасындағы байланыстың түрлі сипатын болжауға болады.
Зерттеу объектісі ретінде мазасыздану ерекшеліктері бар бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды калпы табылды.
Зерттеу пәні — эмоционалды қалып ретіндегі мазасызданудың пайда болуының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің міңдеттері:
1. Эмоция, эмоциялық күйлер, мазасыздану проблемасына
арналған әдебиеттерге тең талдау жүргізу.
2. Мазасыздануды оқып-зерттеуге арналған әдістемелерді
іріктеу және жүргізу.
3. Эксперименттік тұрғыда мазасызданудын деңгейлерін, бағыттылығын және өзге ерекшеліктерін анықгау.
4. Мазасызданудың жеке адамның түрліше факторларына (социометриялық статус, жасы) қатысты рөлі мен орнын
анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Ең алғаш рет мазасызданудың жағымды сиапттамасы зерттелінді. Мазасызданудың адам өмірі бойындағы өзгерісі және бастауыш сынып кезеңі шамасында жетекші іс-әрекетке сай оның байқалу механизмінің өзгерісі көрсетілді. Жас ерекшелік және социометриялық статусқа тәуелді мазасызданудың байқалу механизмінің өзгерісі эксперименталды тұрғыда анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада, дипломдық жұмыстың материалдары жалпы, жас ерекшелік, мектепке дейінгі және әлеуметтік психологияның бөлімдерін мәнді түрде толықтырады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Жекелеген мазасыздану эмоционалды қалып ретінде ситуацияға
бағдарлану функциясын орындайды.
Жекелеген мазасыздану мен социометриялық статус, жас
ерекшеліктің өзара тәуелділігі анықталды.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласындағы №100-ші орта мектептің бастауыш сыныптары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: ұсынылып отырған диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және 58 әдебиеттен тұратын тізімнен тұрады.
Жалпы жұмыс көлемі 73 бет.
I тарау. Бастауыш мектеп окушыларының мазасыздануының
теориялық негіздері
1.1 Баланьң мектеп өміріндегі әлеуметтік жаңа ортаға бейімделуі
Мектепке жаңа келе салып, бала мектеп оқушысы бірден бола қоймайды. В.В.Давыдов пікіріне сай, бұл қалыптасу, яғни мектеп өміріне ену бүкіл бастауыш кезеңі барысында жүзеге асады. Және мектепке дейінгі балалық шақтың сипат-ерекшеліктері бүкіл бастауыш мектеп кезеңін сипаттайтын болады.
Баланың психологиялық қиындықтарға тап болуының алғы шарттарының бірі, оның "әлеуметтік жаңа даму жағдайына" енуі, яғни ішкі жаңа бағыт-бағдарының өзгеруі. Мұның барлығы баладан күрделі психологиялық қайта құрылуды талап етеді.
Ал келесі бір қиындықтар түрі субъективті алғышарттар арқылы туындайды. Ол алғышартгар: бала-бақша мекемелеріне барып жүріп, барғысы келмеу ниеттерінін орнығуы; мектеп оқушысы болып қалыптасуды кешеуілдететін бірқатар жеке-дара ерекшелікгер, яғни тұйықтық, агрессивтілік, мазасыздық, ұқыпсыздық т.б.
Балалардың бастауыш мектептегі түрліше қолайсыздық жағдайлары психиатриядан алынған "дезадаптация" терминімен анықталады. Дезадаптацияны құрайтын шарттардын бірі 3 төменгі оку мотивациясы, үлгерімнің төмен болуы және аса жоғары дөрежедегі мазасыздану проблемасы.
Атақгы психолог Л.С.Выготский 1730-шы жылдары былай деген
болатын: "Бала өлеуметтік ситуацияның бір бөлігі, баланың қоршаған
ортаға және ортаның балаға деген қарым-катынасы бастан кешулер
және баланың өз іс-әрекеті арқылы беріледі. Қоршаған ортаның күші
баланың бастан кешулері арқылы башттаушы маңызға ие болады.Бұл
дегеніміз, баланың бастан кешу жағдайларын терең іштей талдауға
міндеттейді". [38,383]
Міне, кезінде, яғни 1930-шы жылдары, айтып кеткен Л.С.Выготский ой-пікірлері біздің зертгеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құрады.
Бастауыш мектеп окушыларының бойында мазасыздану күйі ұзақ уақытқа созылатын болса, бұл ол баланың жүйке жүйесінің жұмысына өсер етеді. Нәтижесінде уақыт өте келе, астения дамиды, яғни жүйке бірте-бірте тозады, әлсірейді. Астения кезінде шаршау жиілейді, жұмысқа деген бала қабілеттілігі төмендейді, зейін қоюлары нашарлайды, естері әлсірейді. Әрине, бұл кемшіліктердің барлығын жоюға болады, бірақ оларды жоймайынша оку іс-әрекетіңде табыс, нәтиже төмендей беретіні сөзсіз. Бұндай жағдайда көптеген ата-аналар баланың кездескен қиыншылықтарын жою үшін, күнделікті қосымша сабақтар ұйымдастырады. Бұл бала астенизациясын жоғарылатады, бірақ жалпы ситуацияға теріс әсер етіп, дамуды одан ері тежелтеді.
Үнемі бола беретін нәтижесіздік жағдайы уақыт өте келе, шындыққа деген пессимистік қатынасты, көзқарастың пайда болуына және депрессивті күйдің өріс алуына себепші болады.
Әдетте мінез-құлықтық қиыңдықтар дегенді әдебиетте "мектептік мазасыздану" деген терминімен түсіндіріп жүр.
Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда жазылған еңбектер де бар. Мысалы, айтып кететін болсақ, М.В.Кузубованын "Жасөспірімдік шақтағы мазасыздану жайлы" және АЛ.Ескендірованың "Агрессияға" байланысты кандидаттық диссертация жұмыстары белгілі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Жақыпов өзінің "Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-ерекетін басқару" еңбегінде мынандай құнды пікірді алға тартады.
"Бірлескен іс-әрекет жағдайында эмоциялар санаға жекелеген ұғымдар жөніндн белгі береді. Бірлескен іс-әрекетте бір субъектінің эмоциясы өзге субъект үшін жеке мән-мағына жайлы белгі ретіңде болуы мүмкін.
Эмоциялардың сигналдық функциясы негізгі үш қарым-қатынас каналы арқылы жүзеге асуы мұкін. Олар: одағай, интонацияны білдіреді, 2-ші: , ым-ишарат, 3-ші мәнерлі қимыл, дене тұрын білдіреді". [39]
Бастауыш сыныпта оқушылардың мазасыздануы туралы зерттелген зерттеулер жоқ. Бірақ, жоғарыдағы еңбектерге, әдебиеттерге терең талдау жасай отырып, мынандай қорытындыға келуге болады.
Бастауыш мектеп кезеңі өте еліктегіштігімен дараланады.
Жан Пиаже айтқандай, бұл кезең – интуитивті ойлау кезеңі, яғни бала нақты әрекет-амалдарды орындай отырып, нағыз ойлау, логикалық ойлауға көшеді. Жөне осы ойлауда міндетті тұрде эмоциялық күй қатар жүреді.
Осы жас кезеңіңде мазасызданудың туындауы түрлі факторларға байланысты, яғни социометриялық статус, жас кезеңі, отбасы жағдайы және т.б.
Мазасыздану өзге эмоционалды қалып сияқты бастауыш мектеп окушысының мінез-құлқына әсер етеді. Және бұл калып түрлі іс-әрекет түрімен, оның ішінде ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты.
Жалпы, педагог, ересек, ата-аналар осы жас кезеңінің тұрлі даму ерекшеліктерін қатаң түрде ескеріп, тиісінше психокоррекциялық жаттығуларды әдістемелік тұрғыда дұрыс өткізе білулері тиіс.
Адамның көптеген психикалық кдсиетгерінің негідері нақ осы бастауыш мектеп жасыңда қалыптасады және әдетке айналады. Мектепке келген бойда кездесетін қиындықтар түрлері, мысалы, мектеп режиміне байланысты, әлеуметтік қарым-катынас (мұғалім, сыныптағылар, отбасындағы). Осы қиындықгармен соқтығыса отырып, балалар мазасыздануды бастан кешіріп отырады.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының физиологиялық негіздері.
Орта білім берудің әлеуметгік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретінде бастауыш мектеп шағының хроналогиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де.
Түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми қөзкараспен карағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптаскан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым негізгі тән белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасында дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде катар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқгы бұл шак көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайыңдауға мүмкіндік береді.
Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттін қатаюы өлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру жөне спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, соңдай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілетгілігінің шарты екендігі, осыдан.
Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшықет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ерте жетіледі. Сондықтан да балалар салыстымалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек кабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тығыз - он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа карай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда басауыш сынып оқушысы неліктен әр жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе I-II сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі кебінесе нәтижені жақсартпайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре тамырларының диаметрі үлкендігі арқасында ми жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа қабілетгі болуының маңызды шарты болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Әсіресе, мандай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетіңце жоғары әрі неғұрлым күрделi функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
Олардың бірінші жаңа мекгеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну тұру керек, сабақгы жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдетте тыс шаршау оку жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою қанша болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психикалық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарлы түсінікті де айқын жеткізу, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке - дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғалімен, сыныптағы жолдастарымен, семьяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндiгінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтата отырып үнемі балалардың еңбегіне баға береді.
Баланың мектепке баруымен оның семьядағы жағдайы өзегереді. Оның жаңа міндеттері мен праволары пайда болады (мысалы, оқушыға үй тапсымасы үшін ерекше орын және уақыт болу керек, оның күн режимімен санасу керек). Көпшілік семьяда баланың бұл праволары құрметпен қабылданып, толық қанағаттандырытыны тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті мынадай көрініс жиі байқалады: үлкендердің қарым- қатынасын және олардың «мектеп еңбектерінің» тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері — оқушылар — басшы тұлға болатын тәртіпті орната бастайды. Ал, бұл енді оқушының ерекше өзімшілдігі пайда болуына әкеліл соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші сынып оқушысының көңіл бөлуді оған семьяның басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен қамы-қаракеті бар екенің көрсетумен ұштастыру керек. Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағымыңда өзінің мекгептегі кақтығыстары шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оку жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасын мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ бірінші сыныпта оку процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сактап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімдерге деген кажеттілік арнайы карастырылмаған.
1.3. Балалардың мазасыздану себептерінің негізері
БІз мазасызданудың қолайсыздық қаупін алдын-ала сезумен байланысты, эмоционалды дискомфортты бастан кешу екенін білдік. Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектепке білім алуға ұмтылуы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ішкі позициясын өзгеруіне әкеліп соғады. Ішкі позиция — баланы окуға ынталандыратын, мектепке деген оң эмоциясын қалыптастыратын үгіттеуші орталық. Алғаш мектепке қуанышпен барған бала, енді өз алдына үлкен міндеттемелердің бар екенін сезіне бастайды. Ол мұғалімнің оқушыларға қоятын талабы ата-ананың қадағалауы және т.б. Еркін ойнап өскен бала бұл талаптарды алып кете алмауы да мүмкін, осындай эмоцияларды сәтсіздікке ұшыраған (өзінің сыныптастарымен қарым-қатынасы, педагог, ата-ананың нашар қатынасы) ішкі позициясы үрейлі, қорқышынты тудырады. Қорқыныш — бала өміріне және сәттіліктеріне төніп тұрған қауіптің мидағы бейнесі. Мазасыздық – қоркынышты эмоциналды түрде сезіну. Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу мынадай себептерге байланысты болады: өз қатарларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-анасының өзара конфликті болуы психикалық травма алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп т.б. Бұл баланың тіпті ортамен араласпай тұйық болуына немесе ызыланғыш, ашушаң болуына әкеліл соғады. Үрей, қорқыныш сезімдерін жою ұшін кейбір психологтарымыз баланы мадақтау жоғары бағалау керек деген пікір айтады. Сонымен катар, мазасыздану типіндегі эмоционалды сәтсіздік өзіңцік бағалауы жоғары балаларда бақыланған. Олар «ең жақсы» оқушы болуға, немесе ұжымда ең жоғарғы деңгей алуға үміттенді, ягни өз талаптарын жүзеге асыру үшін шындығында мүмкіндігі болмаса да анықталған сапаларда жоғары талаптанулар болған [61].
Отандық психологгар балалардағы адекватсыз жоғары бағалау бұрыс тәрбие, бала сәттілігін үлкендердің асыра бағалауы, асыра мақтау, оның жетістіктерін асырып айту нәтижесінде қалыптасады деп санайды.
Қоршағандардың жоғары бағасы және соған негізделген өзіндік баға балаға ұнайды. Қиындықгармен және жаңа талаптармен соқтығысу оның құралмағандығын аңғартады. Бірақ, бала бар күшімен өзінің жоғары өзіндік бағасын ақтап қалуға тырысады, өйткені ол оған өзін сыйлауды, өзіне жақсы қатынасын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, бұл балаға әрқашан сәтті бола бермейді. Окудағы жоғары деңгейдегі жетістікке үміттене отырып, ол дегеніне жету үшін жеткілікті дағды, білімге ие болмауы мүмкін, мінездің кері сапалары жөне белгілері сыныптағы, құрбылар арасындағы керекті жағдайды алуына мүмкіндік бермейді. Осы арқылы жоғарғы талаптанулар және нақты мүмкіндіктер арасыңдағы қарама карсылық ауыр эмоциялық күйге алып келуі мүмкін.
Қажеттілігінің канағаттанбауынан бала санасында сәтсіздікті, сенімсіздікті мойындауды және өзін сыйлауды жоғалтуға мүмкіндік бермейтін қорғаныс механизмдерін өндіреді. Ол басқа адамдардан өз сәтсіздігінің негізін табуға тырысады: ата-анасынан, мұғалiмдерден, жолдастарынан. Сәтсіздіктің себебі оның өзінде екенін мойындамауға тырысады, оның жетіспеушілігіне нұсқайтындардың барлығымен қақтығысқа түседі, тітіркендіргіштік, өкпелегіштік, агрессивтілік танытады.
М.С.Неймарк мұны «адекватсыздық аффектісі»- «өзін өз әлсіздігінен қорғауға өткір эмоциялық ұмтылу, кез-келген тәсілмен санада өзіне сенімсіздікке жол бермей, шындықтан қол үзу, баршадан және барлығынан тітіркену және ызалану».
Мұндай күй созылмалы болуы мүмкін және айлар мен жылдарға созылуы мүмкін. Өзін нығайтуға күшті қажеттілік бұл күндердегі қызығушылық тек өзіне бағытталуына алып келеді.
Мұндай күй балада үрейді бастан кешірмеуі мүмкін емес. Алғашында үрей негізделген, ол бала үшін нақты қиындықтан пайда болады, бірақ үнемі баланың өзіне, өз мүмкіндіктеріне, адамдарға қатынасының адекватсыздығының нығаю шамасына қарай адекватсыздық оның әлемге қатынасының тұрақты белгісі болады, сонда бала кез-келген өзі үшін кері жағдайладан қолайсыздық, сәтсіздік күтетін үрей мазасыздыққа айналады.
Т.В. Драгунова, Л.С.Славина, Е.С.Макслак, М.С.Неймарк көрсетуінше аффект тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады дейді, сондықтан оған төтеп беруі қажет. Осы авторлардың жұмысында адекватсыздық аффектісіне төтеп беру өте қиын екенін атайды. Маңызды мәселе баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестікке алып келу немесе оған оның нақты мүмкіндігін өзіндік баға деңгейіне дейін көтеруге көмектесуден тұрады. Бірақ нақты жол – бұл баланың қызығуы және талпынуын бала сәттілікке жеткізетін немесе өзін нығайтатын салаға ауыстыру.
Славинаның аффективті мінез-құлқы бар балаларды меңгеруге арналған зерттеуі балалардағы қиын эмоционалды қайғыруы адекватсыздық аффектісімен байланысты екенін көрсетті.
Бұл зерттеулерді баланың өмірінде анықталған қолайсыз жағдайларында пайда болатын нақты үрей нәтижесі ретінде, оның әрекеті жөне қарым-қатынасы процесінде пайда болатын құрылым ретінде қобалжуды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады. Басқаша айтқанда, бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс.
Мазасыздану мәселесі басқа аспектіге де ие - психо-физиологиялық.
Аландау, үрейді зерттеудегі екінші бағыт берілген уақыттағы деңгейді шарттайтын тұлғаның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін оқып-білу жолы бойынша жүреді.
Көптеген авторлар үрей күшті психикалық қысым-«стресстің» құраушы бөлігі болып саналады деп айқындады.
Стресс күйін зарттеген отандық психологтар оның анықтамасына әртүрлі жорамал енгізді.
Мысалы, В.В.Суворова лабораториялық жағдайда алынған стрессті зерттеді. Ол стрессті адамға қиын және жағымсыз экстремалды жағдайларда пайда болатын күй ретінде анықтады.
В.С.Мерлин стрессті «аса қиын жағдайда» пайда болатын жүйкелік қысым ретіңде емес, психологиялық күй ретінде анықтайды.
«Стрессті» ұғымын жорамалдауың барлық ерекшелігіңде барлық авторлар стресс – бұл өте қиын жағдайларда пайда болатын жүйке жүйесінің шамадан тыс қысымы дегенде үйлеседі. Стрессті еш уақьпта мазасызданумен "теңестіруге болмайды, өйткені стресс еркашан нақты мазасызданудың жоқ кезінде көріне алады. Күнi бойынша да стресс және мазасыздану-әртүрлі кұйлер. Егер стресс – бұл жүйке жүйесінің шамадан тыс қысымы болса, онда қобалжуға мұндай қысым күші тән емес.
Стресс жағдайындағы үрейдің болуы кауіп немесе жағымсыздықты күтумен, оны алдын-ала сезумен байланысты деп санауға болады. Сондықтан үрей дәл стресс жағдайында емес, ал осы күйдің бастауына дейін пайда болуы мүмкін. Мазасыздық – күй ретінде қолайсыздықты сезу деген сөз. Бірақ үрей субъектінің кімнен қолайсыздық күткеніне байланысты әртүрлі мүмкін: өзінен (өзінің құралмағандығынан), объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.
Осы арқылы мінез-құлықтың кері формаларында мыналар жатыр деп шешім шығаруға болады: мазасызданудық көрінуі ретінде қарастырылуы-мүмкін эмоционалдық кұйзелу, тынышсыздық, қолайсыздық және өз аман-саулығына сенімсіздік.
Қорқыныш, аландау, әлсіздік және оңашалану сезімдерінен қорғану мақсатымен индивидте тәжірибе нәтижесіне меңгерілген тұлғаның невротикалық белгілері деп атаған "невротикалык, қажеттіліктер" пайда болады.
Өзіне қоршағандардың дұшпандық және немкұрайлы қатынасын басынан кешіре отырып, үреймен құрсауланған бала өзінің мінез-кұлық жүйесін жөне басқа адамдарға қатынасын жасап шығарады. Ол кекті, агрессивті, тұйық бола бастайды немесе махаббаттың жоқтығына орнын басу үшін басқаларға беделді орнатуға тырысады. Бірақ, мұндай мінез-құлық сәттілікте алып келмейді, керісінше ол кақтығысты одан әрі шиеленістіреді және әлсіздік пен қоркынышты күшейтеді. Хорни осыны ескере отырып, "Біздің уакыттың невротикалық тұлғасы" кітабында 11 невротикалық кажеттелікті атады.
1. Үйірсектік жөне мақұлдауға, басқаларға ұнауға, жағымды
болуға невротикалық қажеттілік.
2. Барлық тілекті, күтімде орындайтын «серікке» невротикалық
қажеттілік, жалғыз қалуға қорқу.
3. Өз өмірін тор шектермен шектеуге, байкаусыз қалуға
невротикалық қажеттілік.
4. Ойдың алдын-ала көрудің көмегімен басқаларға қарағанда
невротикалық қажеттілік.
5. Басқаларды қанау, олардан жақсыны алуға невротикалық
қажетгілік.
6. Әлеуметтік мойындау немесе престижге қажеттілік.
7. Жеке мәпелеуге кажеттілік. Өзінің асыра көрсетілген бейнесі.
8. Жеке жетісіктіктерге невротикалық талаптану, басқалардан
озып тусу қажеттілігі.
9. Өзін-өзі қанағатгандыру және тәуелсіздікке невротикалық
қажеттілік, еш нәрседен мұқтаж болмау қажеттілігі.
10. Махаббатқа невротикалық қажеттілік.
11. Аса басымдыққа жетілуге, қол жеткізбеушілікке невротикалық қажеттілік.
К.Хорни осы қажеттіліктерді қанағатгандыру көмегімен адам үрейден кұтылуға ұмтылады, бірақ невротикалық кажеттіліктерді қандыру мүмкін емес, оларды қанағаттандыруға болмайды, алдан шығатын үрейден құтылу жолы жоқ деді.
ІІ тарау. Мазасызданудың эмоциналды қалпына жалпы шолу
2.1 Психологиялық эмоцианалды қалыптардың тарихы
Эмоционалды қалып проблемасы адамды әуел бастан-ақ қызықтырды. Өйткені, нақ осы біздің эмоцияларымыз сол немесе өзге істерді орындауға және шешім қабылдауға итермелейді. Психология ғылымының жас ғылым екендігіне қарамастан, психологиялық білімдер төркіні антикалық философтар мен медиктер еңбектерінен бастау алады.
Ежелгі грек философы Платон, философия мен психологиядағы идеалистік бағыт өкілінің пікірінше, эмоциялар жоғары, "интеллектуалды" және төменгі қанағаттануларға бөлінеді. [17]
Платонның шәкірті болып келетін Аристотель "Жан туралы" трактатында 3 түрлі жан түрін анықтады және сезімнің міндетті түрдегі заттылығын, эмоцияның сипатын айқындады. [18]
Ежелгі гректік философияда эмоция жайлы Эпикур еңбектерінде құнды пікірлер айтылады. Ғалым жан күйзелісін, қорқыныш сезімін, мазасызданудың сана-сезімнің адасуы деп түсіндірді. Эпикур пікірінше, адам үшін сезімнен артық даму жоқ.
Аффективті қалыппен күресудің біркдтар жолдары ұсынылды:
1) аффекті сырттай байкалуға ауыспауы тиіс: сырттай байқалу
аффектіні нығайтады. (Мұнда ішкі, эмоционалды реакциялар
сыртқы мінез-құлыкпен байланыста болады.
2) өзге әрекетке ауысу яғни, қорқыныш кезінде ерлік пен
шыдамдылық үлгісін, ал мазасыздану кезінде тыныш күйді
еске түсіру.
Бүл сияқты ұсыныстар, зейінді өзекті қалыптан ауқымды қалыпқа ауыстыру казіргі, яғни психотерапевтикалық бағыттарда, мысалы нейролинвистикалық бағдарламада ұсынылады. (NLP) [19]
3) эмоцияларды үнемдеу оның қарқынын бәсеңсітеді.
4) iс-әрекет пен аффект арасында ара қашықтықты құру.
Мысалы, атақты философ Ф.Декарт өзінің философиялық тұжырымдамаларында эмоцияның психофизиологиясына үлкен мән береді, яғни тыныс алу, қан қысымы, пульстің өзгеруі сияқты өзгерістердің табиғаты туралы жазды. [20]
Сезімдер проблемасы жайлы "этика" деген еңбегінде Б.Спиноза терең жазды. Л.С.Выгтоский, Б.Спинозаның еңбегіне орынды баға берді. Б.Спиноза бойынша, адам тәні табиғатынан аффектілер шығады. Ол 3 негізгі аффект түрін бөліп көрсетеді: қанағаттанбау, қанағаттану және қалау. Адамға зиян келтіретін аффектілер: қайғыру және жек көру.[2І]
Жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы біздің зерттеу пәндерімізге де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Адам табиғаты жөнінде революция жасаған ғалымдар Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвиндер пайда болды. [22]
Жаратылыстанушы Ч.Дарвин өзге проблемаларымен қатар эмоцияларды да зерттеді. "Адамда және жануарларда эмоцияның пайда болуы" деген 1872 ж. еңбегіндегі жүйеленген зерттеулер оны мынандай қорытынды жасауға келіп жеткізді: біздерді ым-ишарат арқылы бейнеленетін сезімдеріміз – эволюциялық процесс нәтижесі болып табылады. Ч. Дарвин эмоциялардың байқалуын бас салып төну мен қорғануда көрінетін сақталып қалған әрекеттердің қалдығы деп қарастырды. Жануарлардың әлеуметтеніп дамуына орай бұл қимыл-қозғалыстар дербес рөлге ие болды. [23]
Американ психологы У. Джеймс теориясында субъекгивті эмоционалды тәжірибе физиологиялық функциялармен қатысты қарастырылады.
У.Джеймстің жұмыстары әрі қарай ми мен эмоцияның нейрофизиологиялық негізін зерттеуде алғашқы қадам болып саналады.
З. Фрейд неврологияны оқыды да, мидың жұмысы арқылы эмоцияларды түсіндіруге тырысты. Ол былай деді: "Эмоциялар - ми тереңіндегі дискомфорт сезімінің күшеюі немесе азаюы".
Американ психофизиологтары Д. Олдс, П. Милинер, Р.Хит, К.Сен-Джонсон, швейцар физиологы В.Гесс, кеңес одағының нейрофизиологтары, В.Н.Бехтерев, Ю.А.Макаренко, П.В.Симов және т.б зерттеулері бас миында түрліше эмоционалды орталықтардың ашылуына әкеліп соқты. [24]
Бұл жаңалық П.К. Анохинге эмоционалды құбылыстардың жануарлар эволюциясының механизмі, олардың өмір суруге тырысу, қоршаған ортаға бейімделу қасиеті екендігі жайлы тұжырымдама жасауға әкеліп жеткізді. Және де П.К.Анохин эмоцияларды қарапайым субъективті құбылыстар деп тұсіндірді де, олардың психологиялық мазмұнын нақтылады. [25]
У.Джеймс пен К.Г. Лангенің перифериялық теориясы маңызды рөл атқарды. Бұл теория бойынша эмоция туындағанда, субъект бүл эмоцияны өзінің ағзасыңда физиологиялық өзгерістерді түйсіну ретіңде бастан кешіреді. У. Джеймс былай деді: "Біздер қайғырамыз, себебі жылаймыз, өкпелейміз — себебі, соққы береміз, ал қорқамыз – себебі, дірілдейміз". [2б]
Әдебиеттерге талдау жасай келе, бүгінгі күні сипаттау ретінде эмоцияның келесі сипаттарын бөліп көрсетуге болады:
а) санада эмоцияның тікелей бастан кешулер ретінде берілуі;
б) эмоцияның психофизиологиялық сипаты: бір жағынан
аффективті толқу, енді бірі — органикалық байқалуы:
в) эмоцияның айқын берілген бояуы.
С.Л. Рубинштейн өз теориясында эмоцияны қажеттіліктердің болуының субъективті формасы деп көрсетеді. Бұл дегеніміз, мотивация субъектіге эмоционалды құбылыс түрінде ашылады да оларға қарай іс-әрекетті бағыттайды. [27]
А.Н.Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырады. Ол былай дейді: "Эмоциялар - өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың "механизмі" және нәтижесі болып табылады". Эмоцияның функциясы жайлы "эмоциялар ішкі сигналдар функциясын орындайды. Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді". А.Н.Леонтьев мынандай құнды пікірді алға тартады: "мотивтер сезілмеген уақытта да, олар өздерінің психикалық бейнеленуін ерекше формада - әрекеттің эмоционалды бояуы формасында табады". [28]
В.К. Вилюнас эмоциялардың функционалды жіктелуіне күш салды. Ол эмоциялардың екі негізгі түрлерін бөліп көрсетеді — жетекші және өндіргіш. Жетекші эмоциялар қажеттілік затының мәнін және мағынасын ашады. Осы жетекші эмоциялар іс-әрекет мотивімен, тікелей байланысады. [29]
Аффект пен эмоциялар өзінің ситуативтілігімен ерекшеленеді. Аффектілер А.Н. Леонтьев бойынша, әрекет соңында пайда болып, әрі жағдайдың жалпы бағасын береді де, ал эмоциялар болған немесе мүмкін болатын жағдайға бағалау және жеке қатынасты бейнелейді де, идеаторлық сипатта болуы мұмкін.
Ал сезімдер – айқын сипаттағы заттық сипаттағы тұрақты эмоционалды бастан кешулер болып табылады, және іс-әрекетке қатысады, бірақ жағдайға тәуелді болмайды. [30]
Қазіргі таңда күрделі эмоциялардың динамикасын ғана түсіндіретін теориялардан басқа, эмоцияның дамуын жеке дамуымен байланысты қарастыратын теориялар пайда болды. Ол бұл тұжырымдамасыңда былай дейді: эмоционалды даму деген жоқ, тек жеке адамның дербес дамуының эмоционалды аспектісі болады.
В.А.Петровский жеке адамның "эмоционалды дамуының" екі аспектісін бөліп көрсетеді:
1. эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;
2. өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнатуы.
"Эмоционалды күрделілік" ұтымы "Когнитивті күрделілік" ұғымына жақын. [31]
Эмоциялар саласы бойынша, зерттеулер әлі жеткіліксіз, бірақ дегенмен жалпы сипатта эмоционалды процесстердің пайда болуы және динамикасын анықтайтын басты зандылыктарды көрсетуге болады.
-
эмоционалды процесстер — индивид үшін әрекетке әкеліп
жеткізетін психикалық басқару класының ерекше класы.
-
эмоционалды процесстер индивид үшін маңызды факторлар
арқылы туындайды. Бұл ең алдымен, физикалық
тітіркендіргіштер.
-
эмоционалды процесстер басқару процестеріне әсер етеді,
ағзаның ішкі қалпына және сыртқы мінез-кұлыққа да әсері
болады.
2.2 Мазасыздану туралы психолог-ғалымдардың теориялары
Эмоция мен эмоционалды қалыптың негізгі теориялық аспектілерін қарастырғаннан кейін, біздер енді мазасыздану немесе мазасыздық сияқты эмоционалды қалыпқа байланысты қазіргі таңдағы психологиялық тұжырымдамалардың басты қағидаларын қарастыруға тырысамыз. Біздер талдауымызды мазасыздануды белгілі бір мінез-құлыктық реакция деп түсінген бихевиористік көзқарастан бастаймыз. Бұл бағыттың психологтары Д. Уатсон, Т. Тарндейк, К. Лешли және т.б мазасыздануды белгілі бір стимул арқылы туындаған жағымсыз процесс деп қарастырды. Олар балаларда мазасыздану мен қорқыныштық қалыптасу мүмкіндігін көрсетті. [32]
Бихевиористік бағытка реакция ретінде ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардың аяғы, 60-шы жылдардың басында когнитивті психология мектебі пайда болды. Оның көрнекті өкілдері - С.Шехтер, Дж Келли, Л.Фестингерлер эмоционалды қдлып пен мазасыздануды төмендегідей қарастырды. Яғни, "эмоциналды калыптар субъект бір аспект жөнінде екі түрлі психологиялық білімде болғанда пайда болады. Ал мазасыздану – теріс эмоция, дискомфарт күйі және оны жағдайды дұрыс шешу жағына өзгерту жолы аркылы, әрі жаңа мәліметті алу жолы арқылы өзгертуге болады", [32]
Физиологиялық көзқарасты ұстанған психологгар Д.Гамбург пен Дж Адамстор мазасыздану қалпын соматикалық аурулар табиғатымен салыстырды. Олар мазасыздық деңгейін адам ағзасының вегетативті функциясын тіркеу әдісі арқылы өлшеуді ұсынды. К.Кеннан мазасыздану кезінде адам қанында адреналин деңгейі жоғарылайтындығын анықтады. Франкенштейн мен Кинг, канға мехолил кұйғанда яғни мазасыздану барысында қан қысымы тез арада және біршама уақытка төмендейтіндігін дәлелдеді.
Мазасыздануды талдау З.Фрейдтің тұжырымдамасын назардан тыс еш қалдырмайды. Осы проблеманы теоиялық тұрғыда зерттеуді бастаған осы З.Фрейд бодды. Ғалым бөлген мазасыздануды тудыратын жағдайлар мыналар:
а) қалаған объектіні жоғалту мыс, ата-анасынан немесе жақын
досынан айрылған бала т.б
б) махаббат сезімінің жоғалуы.
Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливандардың тұжырымдамаларына сөйкес, мазасыздану әлеуметтік құбылыс. Адамдар тумасынан мазасыз болмайды, оларды мазасыз болуға өмір жағдайлары себепші болады. [33]
Г. Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды.
Мазасыз (қорқак) адамдар: бастауыш мектеп немесе жалпы бала кезенде қорқыныш сезімі ақырға шегіне жетеді, яғни олар адамдардан, өзге балалардан, ит, найзағайдан т.б қорқады.
Ресей ғалымы А.М.Прихожан өзінің "Жас өспірімдер арасындағы тұлғааралық мазасыздануға психологиялық талдау" деген еңбегін жазды. Ал, ғалым Н.Имедадзе мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануы жайлы тың мәселені көтерді. Оның пікірінше, мазасыздану "Жеке-дара, сараланған қалып-күй жеке бастың қасиеті. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кауіп туғызатын ситуацияларға эмоционалды тұрғыда көзкарас, қатынасты білдіру".
Н.В. Имедадзенің берген анықтамасына көптеген кеңес дәуірінің психологтары В. Белаус, В. Бакеев, В. Кисловская, Т. Купцовалар келісіп, қолдады.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз — қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустроциясын бастан кешіру.
Ал, бастан кешулер дегеніміз Л.И.Бажович айтқандай-ақ, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді.
Мазасыздану мен тынышсыздық таламусты тітіркендірген кезде байқалған (Делгадо).
З.Фрейд ұғымынша, мазасызданулар қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процесстерді қосып алады. Қажетттіліктерді түйсінген адам ізденістік әрекетін әрі қарай жалғастырады. Дамып келе жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жою болады. Мазасыздану күтетін немесе алдын-ала болжалған шиеленістің күшеюі немесе қанағаттанбаудан туады., және кез-келген жағдайда (ол шындық, немесе қиялдағы болсын) қауіп төнгенде дамуы әбден мүмкін. [1,2,3,4]
З.Фрейдің психоаналитикалық теориясы XIX гасырда физика мен биология дамыткдн позитивизм климатында өсті. Индивид ең алдымен сыртқы әлеммен өзара әрекеттестік арқылы ұстап тұрған күрделі энергетикалық жүйе деп қарастырылды.
XIX ғасырдың аяғында социология мен антропология ғылымдары дербес пәндер ретінде дамып қалыптаса бастады. Осы жаңа ғылымдар түсінігінше, адам көп дәрежеде қоғам жемісі. Психоанализге мазасыздану проблемасы жайлы көптеген еңбектер жазған. Ғалымдар Э.Фромм, К.Хорни мен Г.С.Салливандар болды. Э.Фромм "Сүйе білу өнері", және "Бостандықтан көшу" деген ірі еңбектерінде мазасыздануды тек қорғаныстық механизмдер деп атады. [5,6]
К. Хорни Фрейдистік жүйені тереңдетуді жалғастыра түседі. Ол "негізгі мазасыздықгы" – оқшаулану сезімі немесе баланың зұлым әлемде көмектен тыс қалуы", - дейді.[7]
Жалпы алғанда, баланың ата-аналарымен қарым-қатынасында қауіпсіздікті жоятынның барлығы мазасыздануды тудырады. Қауіпсіздікті сезбей тұрған, мазасыз бала бойында оқшаулану және дәрменсіздік сезімін игеруге арналған түрліше стратегиялар дамиды. Ол бала зұлым немесе, керісінше, өте ақылды, яғни өзі жоғалтқан махабабатты қайтаруға дайын болатындай қалыптасуы мүмкін. Балада шындықка сай емес, өзінің бейнесі калыптасуы да мүмкін [8].
Гарри Стек Салливан — "психиатрияның тұлғааралық теориясы деп аталатын жаңа тұжырымдаманы жасаушы ірі ғалым. Оның негізгі, маңызды қағидасы жеке адамды қайсыбір гипотетикалық мазмұн, мағына. Оның негізі – тұлғааралық қарым-қатынастар"- деп түсіндіреді. Яғни, жеке адамды нақты әлеуметтік ситуациядан тыс зерттеу мүмкін емес дейді.
Салливан да Хорни сияқты, мазасыздануды тұлғааралық қарым-қатынас жемісі деп санайды, және алғашқыда анасынан баласына беріледі дейді. Осы мазасыздықтан қашудың жолы: адамдар өз мінез-құлқын бақылау мен қорғаудың түрліше тәсілдерін қолданады. Нақ осы қорғаныс шаралары мен жүйені қалыптастырады. "Мен" адамды мазасызданудан қорғайды, әрі жоғары деңгейлі өзін-өзі сыйлау арқылы бекиді, өзін сыннан да қорғайды. Салливан да, өзге теоретиктер секілді жеке адамды когнитивті жүйе деп қарастырды. Ғалым дәлелдеуінше, мазасызданудың жоғары деңгейі индивидтің өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тиімділігін төмендетеді, өзара тұлғааралық карым-қатынастарды бұзады, ойлау процесінің бұзылуына септігін тигізеді. Мазасыздану қарқыны қауіптің қаншалықты екендігіне және қорғану тәсілдерінің тиімділігі қаншалықты болуына байланысты болады.
Жалпы алғанда, Салливан "мазасыздану өмірде бірінші болып оқып-білім беруші әсер береді", - деп есептейді.
Э.Фромм, К.Хорни және Г.С.Салдиван тұжырымдамалары бойынша айтатын болсақ, олардағы жалпы болатын ұғым: мазасыздану әлеуметтік кұбылыс деп есептеледі.
Адамдар табиғатынан мазасыз бола қоймайды, оларды өмір жағдай - шарттары мазасыз етеді. Фрейд пікіріне қарама-қарсы адамдар табиғатынан деструктивті емес. Олар деструктивті бола алады, ол үшін өзін-өзі жүзеге асыру жолына түсулері тиіс. [33]
Кейбір тұжырымдама авторлары мазасыздануды мінез акцентуациясы деп санайды да, мазасыз жеке тұлғалар деп типтерге бөледі. Мысалы, ол автордың бірі К.Леонгард ол былай дейді: "Бала өскен сайын мазасыздануы азаяды".
Гуманистік бағыттағы психолог-ғалым В.Франкл мазасызданудан құтылудың тәсілі ретігіде логотерапияны қолдануды ұсынады. [10,34]
Психикалық күй – қалып проблемасы және оның ішінде эмоционалды күйлер проблемасын өте ертеде зерттеген. Ертедегі философтар еңбектері негізінде психикалық қалып ұғымы категориалды сипатқа ие болды. Мысалы, Аристотель бойынша, психикалық қалыптар — адам жанының ерекше күйі. Аристотель ой-пікірлері арқылы, психикалық феномендер бірлігі, жиынтығы аффективті сипаттағы және сана, әрі еріктік күй сияқты психикалық қалыптарға бөлінетіндігі анықталды. (Тален, Плотин, Августин) [35]
Ал, Авицено пікірінше, эмоциялар "жануарлар күшінің" белгілі бір формасы. Ол медицинаны психологиямен біріктіру керек, яғни тығыз ғылымдар деп санаған ғалым. И. М.Сеченов эмоционалды күйлерді зерттеуде жаңа бір кезеңді ашты.
Психикалық күй-қалып, оның ішінде мазасыздану, қорқыныш т.б жайлы XX ғасырдың І-ші жартысында орыс зерттеушілері В.М. Бехтерев, Д.Н. Левитовтар терең зерттеді. Олардың айтуынша, психикалық күй-қалып — яғни адам психикасының байқалуында үнемі адам әрекетін бояп тұратын және оның танымдық іс-әрекетімен еріктік аумағы және тұтас жеке тұлғасына байланысты сыртқы сипаттармен қатар жүретін күй. [36]
В.Н.Мясищев былай дейді: "психикалық қалыптар адамның психикалық әрекетінің жалпы функционалды деңгейі ретінде болады" [37]
2.3 Мазасызданудың қасиеттеріне арналған зерттеулерге шолу
Ең алдымен, мазасыздану жүйке-психикалық күйзеліс қалпымен қатар зерттеліп келді.
Жүйке-психикалық күйзелістің клиника-эмпирикалық сипаттамасы — адамның психикалық – іс-әрекетінің тиімділігінің өзгерісі болып табылады. Бұл дискомфорт сезімін және мазасыздануды бастан кешірумен қатар жүреді.
Мазасыздануды бас миының қызмет етуімен байланыстырған Г.Г. Арокелов, Н.Е. Лысенко, Е.К. Шаттар мазасыздануды психофизиологиялық бағалау әдісін қолданды. Ол мазасыздану мен стресстің объективті сандық бағалау әдісі сияқты. [40]
Ал, Шенгфлугд (131) екі түрлі: үнемі және эмоционалды мазасыздану түрлері туралы айтады да, оның бірінішісін шығармашылық, аналитикалық ойлаумен байланыстырады. Бұл түр төменгі дәрежелі мазасыз тұлғаларда басым келуі де, 2-ші түрі жоғары деңгейлі мазасызданумен байланысты, әрі когнитивті іс-әрекетке теріс әсер етеді.
Жекелген мазасыздануды анықтауға арналған Спилбергер тестісін атауға да болады.
Ал, кейбір сыналушылар табында жекелеген мазасыздану артуына орай, қозулары төмендеген. (Стреляу)
Әдебиеттерді талдай отырып, біздер мынаны түсіндік: мазасыздану бұл дегеніміз, белгілі бір уақыт аралығында индивидтің белгілі қалыпын және кез-келген адамның тұрақты қасиетін суреттейтін көп маңызды психологиялық термин. Әдебиетгерге терең талдау жасау біздерді мазасыздануды түрлі тұрғыда қарастыруға алып келді. Ол көзқарастар жоғары мазасыздану адамға түрліше стресстік ситуациялардың әсер етуінен аффективті, когнитивті және мінез-құлықтық реакциялардың нәтижесінде пайда болады. Мазасыздану жеке адамның сипаты ретінде, адам миының генетикалық детерминациялы қасиеттерімен байланысты болады. Бұл мазасыздану түрі жоғары ситуативті мазасызданумен өзара әрекеттесе отырып, стресспен дистресстің күшеюіне әкеліп жеткізеді. [41,42]
Мазасыздану мүмкін болатын немесе ықтимал келеңсіздіктер арқылы, немесе әдеттегі жағдайдың өзгеруінен де туындауы мүмкін.
Ол қозғалып мазасыздануда, эмоционалды қозуда және кдтты күйзеу т.б арқылы байкалады.
Мазасыздану жеке адамның қасиеті және оның қалпы ретінде ажыратылады. Ең алғаш мұндай анықтама-ажыратуларды американ оқымыстылары ұсынды.
1950-ші жылдардың басында Тейлор мен Спенс Айова штатының университетінде мазасыздануды зерттеу әдістерін жасады.
Ал, Миллер мен Маурер мазасыздануды жүре калыптасатын және қиын жоятын эмоционалды реакция (Ке) деді.
Жеке-дара айырмашылықтарды өлшеу үшін және сыналушыларды мазасыздану күшіне қарай бөлу үшін, Тейлор мазасызданудың байқалу шкаласын (МА8) жасады. [43]
Жеңіл және күрделі тапсырмалар нәтижелерін салыстыру үшін, сексомоторлы, вербалды тапсырмалар және проблемаларды шешу тапсырмаларын қолдануы. Мыс: жұптар ассоциоциясы әдістемесі.
Мысалы, Дэвидсон, Эндрюсон, Росс деген ғалымдар жетістіктерді төмендету әдістемесі көмегімен жоғары дәрежелі мазасыз адамдар сәтсіздік жайлы хабарға эмоционалды тік рекция білдіретітіндігін анықтады. [13]
Мазасыздану ситуацияға да қатты байланысты, бұл қорытындыны негіздеу үшін, тексеру сынағы типіндегі ситуацияларды суреттейтін сауалнамалар жасалынды. (емтиханнан қорқу)
С.Д. Спилбергер "Мазасыздану күйі және қасиеті" деп аталатын 20 пікірден тұратын сауалнаманы жасады.
С.Д. Спилбергер бойынша "мазасыздану жеке адам сипаты ретінде мотивті және жүре қалыптасқан мінез-құлыкгык диспозицияны білдіреді". Мәндер мен Саросзон (1952) мазасыздануды емтихандар ситуациясымен ғана зерттеумен шектелді. Олардың пікірінше, мазасыздану күшті ішкі тітіркендіргішке реакция болып табылады. Олар 37 пікіріден тұратын "Тестілік мазасызданудың сауалнамасы" деген әдістемені жасады. [43]
Сонымен, әдістемелік тұрғыдағы әдебиеттерге терең талдау негізінде, біздер келесі аныктаманы тұжырымдаймыз:
Мазасыздану жеке адам касиеті ретінде жүйке жуйесінің қасиеттерімен және қарым-кдтынаста ұзақ уақыт сәтсіздік, қолайсыздық болуымен анықгалады. Ситуативті мазасыздану – нақты ситуациямен байланысты және одан тыс байкалмайтын мазасыздық күйі, қалпы.
Қарым-қатынаста мазасыздануды күту және оның құрбы-құрдастармен қарым-қатынасына тәуелділігін анықгау үшін бірқатар эксперименттер жүргізілді. Оны келесі кестеден көруге болады.
Кесте №1
Жасы
|
Құрбыларымен жақсы қарым-катынастағы балалар, %
|
Құрбыларымен қарым-қатынасы мардымсыз, нашар балалар,%
|
|
Мазасыз
|
Мазасыз емес
|
Мазасыз
|
Мазасыз емес
|
Бастауыш сынып окушылары
|
30
|
70
|
84
|
16
|
Жоғары сынып
окушылары
|
45
|
55
|
89
|
11
|
Бұны Н.Б. Пасынкова зерттеген ситуативті мазасыздану деңгейін төмендету үшін, келесі бір топ ғалымдар музыкалық қозғалыс әдісін ұсынды. [44]. Бұл әдістеме бойынша, классикалық және халыктық музыкаларда қозғалысты понтомимикалық түрде кдйта жаңғырту керек. Бұл эксперимент өзекті психологиялық калыптың өзгеруін көрсетті: яғни, жалпы эмоционалды танның артуы және ситуативтi мазасыздану деңгейінің төмендеуі байқаған.
Келесі бір әдістеме САН (өзін-өзі сезіну, белсенділік, көңіл-күй) деп аталады. С.Д.Спилбергердің жекелік және ситуативті мазасыздануға арналған сынағы, К.Изардтың эмоцияны жіктеу әдістемесі және бар. Эксперимент 4-ай уақыт бойы созылды.
Кесте №2
Жасы |
Құрбыларымен жақсы қарым-қатынастағы балалар, %
|
Құрбыларымен қарым-қатынасы маржымсыз, нашар балалар, %
|
Мардымсыз
|
Мазасыз емес
|
Мазасыз
|
Мазасыз емес
|
Бастауыш сынып оқушылары
|
30
|
70
|
84
|
16
|
Жоғары сынып оқушылары
|
45
|
55
|
89
|
11
|
Эксперимент көрсеткендей-ақ сабақтан кейін сыналушылардың мазасыздану деңгейі төмендеген.
Казіргі уақытта жеке адамды зерттеуде оқиғалы биографиялық көзқарас кең тараған. Бұл көзқарас жеке адам өмірінің ерекшелігін, оның нақты биографиялық ерекшеліктерін ерекше көрсетуге бағытталған. Оқиғаларды бастан кешіру тәсілі жеке адамның психологиялық тағдырын анықтайтын болады. Бұл бағытта жұмыс жасағандар Б.Г. Ананьев, оның әріптестері және оқушылары болды. Олар жеке адамды өмірлік жолдың субъектісі ретінде қарау тәсілін жасады. Оқиға ұзақ уақытқа маңызды шешім қабылдайтын бұрылысты кезең. [157]
Қазіргі танда отаңдық зерттеулерде жеке адамның ішкі мазмұны
мен сыртқы жүзеге асыру жағдайларының мәселесі талқылануда. Бұл
проблемамен Е.В.Шарахова, КА.Абульханова Славская, Н.А.Логинова, В.И.Уваравалар айналысуда [45,46,47]
Бұл қатынастар шеңберінде өмірлік ситуацияларды талдауға және соматикалық ауруларға, әрі хирургиялық мәселелерге қатысты мазасыздану проблемасымен кақтығысамыз. Жиі жағдайда мазасыздану психологиялық қорғаныс түрі, ауруға қарсы түру реакциясы ретінде алға шығады.
К.Форд өз зертгеуінде қайғы мен мазасыздануды қорғаныс механизмі ретінде кдрастырып, жалпылау кестесін жасаған. Соның бір кестесін ұсынамыз.
Кесте №3
Психологиялық корғаныс түрі
|
Норма нұсқасы
|
Патология нұсқасы
|
Мазасыздану
|
Мүмкін болатын қауіпті сезіну (комфорт, дене бөлігін, функцияларын)
|
Түсініксіз кіно сезімі, шамадан тыс сыншылдық, мазасыз фантазия-елестердің белсенділігі.
|
Хирургиялық емдеу кезіндегi туындайтын мазасыздану жайлы хирургия психологиясы жайлы кітап жазған Дж.Титтенер мен М.Ревиндер болды. [48]
Сонымен, мазасыздану - көп мағыналы психологиялық термин, индивидтің нақгы уакьіт кезеңінде белгілі — бір қалпын суреттейтін және оның эмоционалды аумағын сипаттайтын жеке адам сипаты, әрі тұрақты қасиеті.
Әдебиеттерге талдау жасау мазасыздануды түрлі тұрғыдан қарауға әкеліп жеткізді. Яғни, психологиялық күйзеліс ретінде, әрі үнемі алаңдаушылық сезініп түру сезімі сияқты, түрлі ситуацияларды қауіп төндіретіндей бастан кешіру. Өте жоғары деңгейдегі мазасыздану психологиялық қолайсыздықтың субъективті байқалуы сияқты болуы мүмкін.
Мазасыздану невротикалық конфликт, эмоционалды және невратикалық жұлқынулар, психосоматикалық аурулар арқылы туындауы мүмкін өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сыйлауға нұқсан келтіруі мүмкін.
Мазасыздану басынан-ақ жеке адамның жағымсыз сипаты болып саналмайды. Әрбір адамда өзіне тән оптималды мазасыздану деңгейі болады. Бұл жеке адамның белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Ол мазасыздану өзін-өзі қайта құруға, өзін немесе ситуацияны өзгертуге дайындық сигналы ретіндегі мазасыздану болып табылады. Жекелеген мазасыздану бұл ситуацияға катысты субъектінің іс-әрекет құрылымының сәйкес еместігі сигналы ретінде болады.
Жекелеген мазасыздану деңгейі өзара тұлғалық қарым-қатынас құрылымында тұрақсыз ситуациялардың болуына реакция білдіру және бағдарланушы іс-әрекетке жоғары деңгейде дайын болуды қажет етеді.
Бұл пікірде біздер, жоғарыда аталған эмоция нейрофизиологиясы жөнінде жұмыс жазған К.Примбрамның болжамдарына сүйеніп жасадық ол былай дейді: "кез-келген эмоционалды кдлып, оның ішінде мазасыздану да физиологиялық деңгейде, яғни сыртқы ситуациядағы жаңалықгарға ағзаның реакциясы ретінде пайда болады". [14]
"Психологияға кіріспе" кітабында П .Я. Гальперин былай деп жазады: "Жекелеген мазасыздану дәрежесі ситуацияда бағдарлану функциясьш аткарады.
Психикалық әрекеттің барлық формалары, оның ішінде эмоциялар субъектінің проблемалық ситуацияларда бағдарланудың түрліше формаларын білдіреді. Бұл формалардың пайда болатындығы, субъект болатын жағдайлар, оның міндет-шаралары әртүрлі болады".[49]
Біздің проблемаға сәйкес түрліше эмоционалды түзілістер мен кдлыптардың жіктелуі жайлы С.Л.Рубинштейннің тамаша пікірлері бар. Ол аффектілер, елігулер мен көңіл-күйлер деп бөледі.
Көңіл-кұйлер заттық емес, жеке бастық, екіншіден, ол арнайы бастан кешу емес, және жеке оқиғаға ғана кдтысты емес, ал тұтас қалып. Көңіл-күй, мысалға алғанда, мазасыздану жеке адамның сол бір белгілі кезеңдегі жағдайдың эмоционалды, санадан тыс бағасы.
Осылайша С.Л. Рубинштейн Кеңес психологиясында бірінші рет мазасыздану құрылымының сапасына мән берді. Және мазасыздану заттанған сипатта деді. Әрі мазасыздану эмоционалды бастан кешу сияқгы ретінде алға шығады да, бірнеше деңгейге бөлінеді. 1-ші деңгей — органикалық, аффективті-эмоционалды сезгіштік деңгейі. Бұл деңгейде С.Л.Рубинштейн бойынша мазасыздану сезімі белгілі-бір затқа бағытталмаған және сезімнің затпен байланысы әлі сезінілмейді. Келесі кезеңде С.Л.Рубинштейн Затсыз мазасызданудың орнына "заттанған сезім", яғни бір-нәрсенің алдында қорқыныш пайда болады. Адамға жалпы "қорқынышты" болуы мүмкін, бірақ, адамдар үнемі нақты бір нәрседен қорқады.
3-ші деңгейде бұл сезімдер тұрақты дүниетанымдық бағдарларға ие болады. [50]
Ал, К.К. Платонов мазасыздану құрылымында 3 форманы бөлiп көрсеттi:
1. Субъектiнiң шешiмдерi мен пiкiрлерiне әсер ететiн қысқа мерзiмдiк, әлсiз байқалған қорқынышқа деген экмоционалды шындық.
2. Осыған ұқсас мазасыз күй.
3. Жиi байқалатын мазасыздану реакцияларына жақын жеке адам қасиетi. [51]
С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов т.б. мазасыздану жайлы ұғымдары Р. Декарт көзқарасымен сәйкес, яғни олар бойынша мазасыздану мәнiн тану үшiн, бұл процестi тоқтатып, оны құрамдас бөлiктерге бөлi керек. Мазасыздану динамикалық процесс, яғни iшкi, сыртқы жағдайларға орай өзгерiп отырады.
Кеңес психологиясының классигi Л.С. Выготский ХХ-шы ғасыр басындағы шетелдiк психологтар еңбектерiн талдай келе, эмоциялар туралы былай дейдi: “Эмоция деген, қысылтаяң шақтакғы мiнез-құлық нәтижесi және қорытындысы тiкелей бұйыратын болады”.
А.Н. Леонтьев Л.С. Выготскийдiң шәкiртi мәдени-әлеуметтiк көзқараста еңбектерiн жалғастырады.
Ол өзiнiң “Қажеттiлiктер, мотивтер, эмоциялар” деген еңбегiнде былай дейдi: “адамда эмоциялар қанағаттану, қанағаттанбау, қорқыныш, мазасыздану сияқты бастан кешулердi тудырады, олар бағдарланушы субъективтi сигналдар рөлiн ойнайды”.
Ал А.Н. Леонтьев бойынша мазасыздану “психика құбылысы емес, даму жемiсi, яғни түрлiше iс-әрекеттi басқаруда роль атқарады.
Адамның iшкi қайғыруларды және ситуациялар көзге көрiнбейтiн субстанциялар, ал эмоция осы өзара әрекеттестiктiң нәтижесi сияқты үнемi ашық байқалады. Эмоциялар, А.Н. Леонтьев бойынша, адамды белсендiлiкке бағыттайтын iс-әрекет формасы”. [52]
Л.С.Выготский ілімін жалғастыра отырып, Ф.Е.Василюк бастан кешулерді ұйымдастыру идеясын ұсынды өзінің "Бастан кешулер психологиясы" деген еңбегінде ол былай дейді: "мазасыздану өзге де қалып-күйлер (стресс, фрустрация, конфликг, дағдарыс т.б) секілдi оларды бастан кешіру керек, ал бастан кешіру дегеніміз субъектінің осы күйді өз бетімен өзгертудегі белсенді әрекеті". [53]
Мазасыздану бастан кешудің іс-өрекеті, бірақ көптегеи зертгеушілер оның айрықша ерекшеліктерін-затсыздығы және диффуздығын ескертеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мынаны айтуға болады. Мазасыздану – жеке тұлға сипаты, оның эмоционалды аумағын сипаттайды. Мазасыздану деңгейі стресске деген жеке сезгіштікті білдіреді. Өте жоғары мазасыздану психологиялық қолайсыздықтың субъективті байқалуы. Мазасызданудың мінез-құлықтық байқалулары. Жалпы іс-әрекеттің бұзылуына жеткізеді, оның бағыттылығын, өнімділігін бұзады. [54,55]
Психология ғылымы жас болғанмен, эмоцияны сонау ерте замаңда ежелгі грек философы Платон, шәкірті Аристотель зертгеген. Эмоциялық күйлер-психофизиологияға кері әсерін тигізуі, адам денсаулығына залал келтіреді, - деген.
2-ші тарау бойынша түжырым
Балалық шақтан-ақ дүниеге көзқарас пен сенім негіздері қаланады. Бірақ, өмірге деген белгілі бір көзқарас бозбалалық шақтан адамдар өмірге, тыңдаған, естіген және істегендерінің бәріне саналырақ қараған кезден бастап, қалыптаса бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларында дүниеге деген белгілі-бір көзқарастар жүйесі жоқ, бірақ мектептің ықпалы нәтижесінде, сыныптан тыс оқудан, кинофильмдер көруден және үлкендермен әңгімеден келіп, балаларда оларға еліктегісі, ұқсағысы келетін белгілі бір мұраттар пайда болады.
Осыларға кедергі болатын жоғарыда айтып кеткен мазасыздану бар балаларымызға, ата-ана, мұғалімдер, психологтар өз әсерлерін тигізуі керек. Мазасыздану бала денсаулығына кері әсер етуші фактор. Ол тек мазасыз балаға ғана емес, қоршаған ортаға да кері ықпалын тигізеді. Себебі, мазасыз балалар жалпыға қадірлі болмайды, өздеріне-өздері сенімісіз болады, тұйық, жанасымы кейін немесе керісінше тым көпшіл, мазасыз болады.
Мiне, біз мазасызданудың шығу себептерін, олардың кері әсерін қарастырдық келесі тақырыптарымызда олардан құтылу жолдарын көрсетуіміз керек. Ата-аналар мазақсыз балаларының ынтасының төмендеуіне себешпі қандай факторлар екнін түсінуі керек. Ол баламен кдрым-каганасын жөндеу керек. міне, сонда ғана қоғамымызда ынжықтық тұйық, салғырт азаматтар саны азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |