Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Экономика және бизнес факультеті
Бизнес және әскерлік әкімшілік жүргізу кафедрасы
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Аймақтық экономика дамуын мемлекеттік реттеу: басым бағыттары мен аймақтық саясаттың мәселелері
Авторлары
|
|
Жәнібекова С.Ж., Қызырбекова Қ.Қ.,
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенттері
|
Ғылыми жетекші
|
|
Домалатов Е.Б.,
Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің төрағасы
|
Өскемен қ., 2014 жыл.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса маңызды өндірістік және өмір сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр. Әр аймақ, жалпы экономикалық тенденциялар мен құбылыстардың күшті ықпалына ұшырай отырып, дәл сол уақытта өзінің қауіпсіздік мәселелеріне ие, олар аймақтың ерекшеліктерімен анықталады: жағрафиялық орны, климаттық жағдайлары, экономика салаларының құрылымы, тұрғындардың ұлттық құрамы және оның мінез-құлқының мәдени-тарихи дәстүрлері. Қазіргі уақытта мемлекеттің, оның аймақтарының және ұйымдарының, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызмет салаларының экономикалық мүдделерін қорғау әдістері мен тетіктерін қалыптастырудың жаңа тұжырымдамалық әдістерін іздестіру жүргізілуде, ол Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясынан көрінеді.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасын мемлекеттік реттеу мен аймақтық саясаттың басым бағыттарын зерттеу және айқындау.
Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
-
Аймақтық экономика түсінігі мен оның аймақ экономикасының дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
-
Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының даму деңгейінің қазіргі жағдайдағы ахуалын зерттеу;
-
Аймақ экономикасының дамуын мемлекеттік реттеу механизмдері мен әдістерін зерттеу;
-
Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты және аймақ саясатының тұжырымдамаларын негіздеу және зерттеу.
Зерттеу пәнi болып Қазақстан Республикасында аймақтық экономикасы дамуының қазіргі таңдағы жағдайы, мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылады.
Зерттеу нысаны ретiнде Қазақстан Республикасының аймақ экономикасы алынған.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығын келесі тұжырымдамалардан байқауға болады:
-
Қазақстан Республикасының аймақтық экономика дамуының теориялық негізін кеңінен қарастырылып тұжырымдама жасалды;
-
Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтарының қазіргі жағдайдағы ахуалы зерттеліп, оны дамыту бойынша ұсыныстар жасалды;
-
Аймақтық экономика дамуын жеделдету мақсатындағы мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралары және басым бағыттары зерттеліп, тұжырымдама мен ұсыныстар жасалынады;
-
Қазақстан Республикасының аймақтық саясатын және аймақ саясатының тұжырымдамаларын негіздеу арқылы тұжырымдама жасау.
Күтілетін нәтиже: Аталған тақырып шеңберінде жүргізілген зерттеулер көмегімен еліміздегі аймақтық экономиканың дамуына бағытталған айтарлықтай ұсыныстар бере алады, сонымен қатар, ел экономикасының дамуына серпіліс беруге және тұрақтылықты сақтауға бағытталған үлгі мен ұсыныстар бере алады.
Ғылыми және қолданбалы мәні: Жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстары экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша студенттерге дәрістер оқуға (дайындауға) немесе оқу-әдістемелік материалдарды дайындауда көмектеседі. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасындағы аймақтық экономика мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу барысында методологиялық құрал ретінде және аймақ экономикасын дамыту бойынша негізгі кедергілерді азайту мен алдын алу және шешу мәселелері бойынша ұсыныстар береді.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі.
Жас ғалымдар мен студенттердің «Жасталап 2013», «Жасталап 2014» ғылыми жобалар байқауында, «Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіруі: адлғышарттары мен перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық конференциясында (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ) сынақтан өткізілді.
Зерттеу жұмысы тақырыбы шеңберінде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқу үрдісіне енгізілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
1 тарау. Аймақтық экономика дамуының теориялық негіздері
Аймақтар экономикасы - бұл өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуын ел аумағындағы әлеуметтік экономикалық үрдістерді және оның аймақтарын табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым.
Аймақтар экономикасы ғылымы 20- ғасырдың 50-ші жылдары батыста қалыптасты. Бұл ғылымды ұйымдастырушы белгілі ғалым У. Айзарт, ал аймақтық экономика ғылым ретінде дамуына үлес қосқандар: Гранберг, Некрасов, Добрынин, Алаев, Маршлов, Новоселов.
Аймақтар экономикасының зерттеу нысанына елдің әлеуметтік экономикалық жүйесінің аумақтық аспектілері ұлттық экономиканың аумақтарының қызметі олардың өзара байланысы және аймақтарды дамы Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.
Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз - біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Аймақтық экономиканың басты міндеті бұл аймақтардың экономикалық дамуының старттық (ең басындағы) деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу.
Аймақтар экономикасының зерттеу бағыттарының келесілерін ажыратады.
1.Аймақтар экономикасына әсерлі үрдістерді зерттеу –аймақтардағы еңбек бөлінісін, аймақтағы шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастырылуы, экономиканың құрылымдық өзгертілуі, халықаралық байланыс және өндіргіш күштердің жеке аймақтардағы жағдайы.
2.Нарықтық мамандандырылудың аймақтық ресурстарды ұтымды пайдалануына әсер етуі және аймақтық шаруашылық кешендердің қалыптасуы.
3.Басты дамытуға қажетті аймақтарды айқындау.
4.Депрессиялы аймақтарды анықтау және оларды дамыту бағдарламаларын даярлау.
Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.
Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап ететін аймақтар. Проблемалық аймақтар саны тым жоғары болмауы тиіс. Өйткені мемлекеттің олардың барлығын қолдауы тым тиімділігі төмен болады.
Әр түрлі ғылыми аймақтық институттардың мамандары көптеген аймақтарды жіктеуді ойлап тапқан. Олардың ішінде өте жиі қолданылатыны өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ұсынылған әдістері.
Аймақтарды жіктеу әдісі негізгі 3 өлшемді қолданады:
1.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.
2.Даму динамикасы
3.Табиғи географиялық жағдайлары.
Аймақтардың экономикалық дамуын талдау әдістемесі бойынша негізгі 3 типтік проблемалық аймақ ажыратылады;
1.Артта қалған аймақтар
2.Депрессивтік аймақтар
3.Күйзелістік аймақтар.
Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән белгілері бар:
1.Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.
2.Өнеркәсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.
3.Ғылыми-техникалық әлеуеті әлсіз.
4.Даму деңгейі төмен әлеуметтік сферасының болуы.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.
-
шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
-
индустриялық дамыған;
-
агроөнеркәсіптік;
-
дағдарыстық.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
-
минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;
-
отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
-
ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-
шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
-
жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
-
нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
-
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
-
ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңатехнология мен техникаларды енгізу және пайдалану,
-
тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік -экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
-
экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
-
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
-
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
-
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
-
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
-
өндіріс қарқынының төмендеуі;
-
халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
-
жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
-
демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.
Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістері
Аумақтық шоғырландыру.Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады. Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің алдында аумақтарды сан-салалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын «халықтың экономикалық тығыздығына» бірте-бірте қол жеткізумен «шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін орналастыруға көшу міндеті тұр.Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады.Полярлық даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы инновациялық-индустриялық технологияларға негізделген экономиканы әртараптандыру жатады.
Урбандалу және агломерацияларды қалыптастыру. Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуын базасы ірі қалаларда нақты даму алғышарттарына ие жаңа экономика болуы тиіс. Бұл ел экономикасының басым салаларында жоғары технологиялық өндірістерге бағдарланған кластерлерді қалыптастыруды және дамытуды, урбандалған өңірлерде шоғырландыра отырып көздейді. Агломерациялық даму қалалардың дамуын жандандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Аумақтардың басты ресурстары қаржылық, адами, инновациялық, табиғи-климаттық, мәдени ресурстар шоғырландырылатын агломерацияларды қолдау осыған ықпал етеді. Агломерациялардың дамуын тежеуші факторға - негізгі әлеуеті елдің оңтүстігінде шоғырландырылған адами ресурстардың шектеулі болуы жатады. Инновациялық даму.
2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылату болып табылады.
Инновациялық көшбасшы болу қалаларда шоғырланған басқарушылық инновацияларда да көрінуі тиіс.Отандық және шетелдік инновациялық технологиялар трансферті, білім және ноу-хауды жинақтауға бағытталған ұлттық инновациялық жүйе белсенді дамитын болады. Бизнестің инновациялық белсенділігін қолдаудың жаңа нысандары мен тетіктері дами бастайды.
2 тарау. Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының даму деңгейінің қазіргі жағдайы
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды.
Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады. Жоғарыдағы айтылған барлық өндірістердің, өндіріс әдісі бойынша өңірлердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2011 жылы 27 571 889,0 млн. теңге, 2012 жылы 30 346 958,2 млн. теңгені көрсетсе 2013 жыл 34 140 040,4 млн. тенгені құрады.Бұл жерде жыл сайын өнім көлемінің артқанын байқауға болады (1-кесте).
Кесте 1 - Өңірлер кескінінде өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім, млн.теңге
Өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім
|
2011
|
2012
|
2013
|
Қазақстан Республикасы
|
27 571 889,0
|
30 346 958,2
|
34 140 040,4
|
Ақмола
|
809 400,6
|
803 896,3
|
942 164,3
|
Ақтөбе
|
1 477 682,0
|
1 674 697,9
|
1 816 346,2
|
Алматы
|
1 246 208,6
|
1 454 293,6
|
1 665 494,6
|
Атырау
|
3 447 336,7
|
3 292 532,2
|
3 635 092,7
|
Батыс Қазақстан
|
1 323 537,6
|
1 711 408,0
|
1 845 841,0
|
Жамбыл
|
634 251,9
|
763 861,8
|
863 986,6
|
Қарағанды
|
2 397 919,6
|
2 458 966,9
|
2 690 682,1
|
Қостанай
|
1 135 574,0
|
1 156 230,9
|
1 309 668,3
|
Қызылорда
|
1 034 819,0
|
1 176 555,0
|
1 374 026,7
|
Маңғыстау
|
1 751 142,2
|
1 640 136,5
|
1 880 010,4
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1 507 227,9
|
1 870 589,5
|
2 062 591,1
|
Павлодар
|
1 527 256,2
|
1 528 366,5
|
1 539 148,9
|
Солтүстік Қазақстан
|
667 893,3
|
683 013,8
|
747 535,9
|
Шығыс Қазақстан
|
1 624 341,0
|
1 819 547,8
|
2 050 251,3
|
Астана қ.ә
|
2 090 987,4
|
2 582 855,9
|
3 245 383,9
|
Алматы қ,ә
|
4 896 311,0
|
5 730 005,6
|
6 471 816,4
|
Аймақтың экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын жандандырады. Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып өткен жылғы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне назар салатын болсақ, жалпы Қазақстанда Өңірлер кескінінде өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім 34 140,0 млрд. теңге, өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 17 834,0 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2 386,1 млрд. теңге, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6 072 687 млрд. теңге, бөлшек сауда көлемі 5 474,3 млрд. теңгені құрайды (2-кесте).
Кесте 2 - 2013 жылғы өңірлер дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
|
Өңірлер кескінінде өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім, млрд. теңге
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, млрд. теңге
|
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы, млрд. теңге
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар, млрд. теңге
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд. теңге
|
Қазақстан Республикасы
|
34 140,0
|
17 834,0
|
2 386,1
|
6 072 687
|
5 474,3
|
Ақмола
|
942,2
|
291,7
|
231,6
|
141 716
|
159,4
|
Ақтөбе
|
1 816,3
|
1 285,7
|
125,4
|
496 248
|
387,3
|
Алматы
|
1 665,5
|
588,5
|
377,0
|
431 364
|
270,4
|
Атырау
|
3 635,1
|
4 614,2
|
44,0
|
1 038 438
|
171,7
|
Батыс Қазақстан
|
1 845,8
|
1 659,7
|
79,7
|
193 869
|
173,9
|
Жамбыл
|
864,0
|
233,9
|
127,3
|
248 842
|
151,7
|
Қарағанды
|
2 690,7
|
1 324,7
|
142,9
|
405 015
|
497,6
|
Қостанай
|
1 309,7
|
530,5
|
230,9
|
180 419
|
207,1
|
Қызылорда
|
1 374,0
|
1 164,1
|
48,6
|
371 935
|
150,0
|
Маңғыстау
|
1 880,0
|
2 187,3
|
8,0
|
440 025
|
129,3
|
Оңтүстік Қазақстан
|
2 062,6
|
552,6
|
297,0
|
415 277
|
298,4
|
Павлодар
|
1 539,1
|
1 334,8
|
118,7
|
276 246
|
248,8
|
Солтүстік Қазақстан
|
747,5
|
150,4
|
264,9
|
101 758
|
145,2
|
Шығыс Қазақстан
|
2 050,3
|
998,7
|
287,7
|
301 168
|
532,1
|
Астана қ.ә
|
3 245,4
|
276,2
|
1,7
|
547 490
|
543,8
|
Алматы қ,ә
|
6 471,8
|
641,0
|
0,7
|
482 877
|
1 407,6
| Нарық механизіміндегі шаруашылық, Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру. Жалпы бұл мәселелерді кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға тиtсілі байланысты болады.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет.
Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу.
Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттігін жоғарылату механизмдерін іске асырудың екі деңгейін бөліп көрсетуге болады. Бұл ең біріншіден, жалпы мемлекеттік деңгей, екіншіден, аймақтық деңгей. Мемлекет қаржыландырудың пайдалы шарттарын, монополияға қарсы шаралардың кешенін және өндірушілер үшін жағымды айырбас бағамын қамтамасыз ететін тұрақты макроэкономикалық жағдайларды қарастыруға тиіс. Тұрақты макроэкономикалық жағдайларға қарамастан, экономика күтетіндей нәтиженің болмауы мемлекеттік басқарудағы аймақтық деңгейдің артта қалуымен түсіндіріледі. Аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың ұйымдық механизмінің шеңберінде қоғам мен мемлекеттің арасындағы өзара қарым – қатынастарды реттеуге қызмет ететін әртүрлі институттарды ұйымдастыру мүмкіндіктерді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |