Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақ тіліндегі «ғ» дыбысының қолданысы



бет1/5
Дата01.04.2024
өлшемі76.21 Kb.
#497222
  1   2   3   4   5
Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі «ғ» дыбысының қолданысы


Пікір

Қалжанқызы Інжу «Қазақ тілі сөздерінде «ғ» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Ізденуші жай ғана материалдарды қарастырып қана қоймай өзіндік көзқарасын танытып отырған.
 
Оқушы тақырыбы өзекті, зерттеу жұмысында зерттеуге түсіп отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, зерттеу жұмысының мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігі көрсетілген. Қалжанқызы Інжу зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақ тілі сөздерінде «ғ» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасаған, «ғ» дыбысын айтуды үйретудің әдіс-тәсілдері мен балаларға арналған Қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсеткен. Ізденуші тек зерттеумен ғана шектелмей, «ғ» дыбысының қалай айтылып жүргеніне нақты тоқталған. Зерттеу жұмысы талапкердің зерттеу жұмысқа қабілеттілігін, өзінді ізденіс, түйін жасай алатын, пікір тұжырымдарының тиянақтылығын көрсетеді. Сонымен қатар зерттеу жұмысының мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның тәрбиелі мәнін қоғам талабына сай анық аша білген. Зерттеу жұмысын, Кіші ғылым академиясына ұсынуға болады.
АҢДАТПА
Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, зерттеу жұмысының мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Зерттеу жұмысын сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданыл-ғандығы айтылды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және «ғ» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау.
Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдім:
1) Қазақ тілі тарихи даму жолы;
2) Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
3
Бірінші тараудың «Қазақ тілі тарихи даму жолы» деп аталатын бірінші бөлімінде Қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында, қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі, сондай-ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.
Бірінші тараудың екінші бөлімін «Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі, тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Екінші тарау толығымен Қазақ тілі сөздерінде кездесетін «ғ» дыбысын қарастыруға арналды.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысын жазу барысында «ғ» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды.
4
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................3
І ТАРАУ. Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түснік.............................5
1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы
1.2. Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі...........................................6
ІІ ТАРАУ. «Ғ» дыбысының қолданысы.....................................................8 Қорытынды....................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................14
5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет