ALT Педагогикалық колледж «ЖШС»
Мамандығы: 01140600- Тіл мен әдебиет оқудың педагогикалық әдістемесі
Біліктілігі: 4S01140601 - Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Қазақ тілінің практикумы бойынша
ЕСЕБІ
Тақырып: Фонетик. Буын
Орындаған: Дервизалиева Мөлдір
Тобы: 11Каз-22-1к
Жетекші: Райымханова.А.Т
Алматы 2024
Жоспар
1 Буын
2 Буынның түрлері
3 Буынның алмасуы
4 Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе
Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады, себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тармағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөзағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |