ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
146
еді. Осыны ескергентрест Гурьев уезі территориясынан жалға жер сұрады. 1922 жылы 18-19
желтоқсанында Орал губерниялық экономикалық Кеңесі Ембі кәсіпшіліктеріне Сағыз өзені жанынан
және
Базар-Соколок, Балка-Рытье жер учаскелерін жалға пайдалануға ұрықсат етті (АтО МА).
Сөйтіп, трест осындай учаскелерді игеру арқылы өз еңбекшілерін көкөніс өнімдерімен
қамтамасыз ету мақсатын алға қойды. Бұл тек бір ғана мәселенің шешімі еді. Мұнай басқармасы
1922 жылдың қаңтарынан бері жұмысшылардың жалақысын толықтай төлей алмады. 1922 жылы
1 тамызда Доссорда мұнайшылардың жиналысы өтті. Жиналыста қаралған мәселе - басқарма
жұмысшыларға сәуір, мамыр, маусым, шілде айларының еңбек ақыларын төлемеген. Сондай-ақ,
жұмыс киімімен қамтамасыз етпеген.
Жиналысқа қатысқан Р.Н. Фридман жұмысшылар үшін Мәскеуден 22 млрд. сом ақша мен
9,2 мың
метр мануфактура жіберілгенін, оның таяуда келетінін мәлімдеді. Қаражат пен жұмыс
киіммен тарыққан жұмысшылар 28 тамызда екінші рет жиналыс өткізген. Оған 256 адам қатысқан
(Ат ОМА, 1).
Соның нәтижесінде маман жұмысшылар тағы да өз еріктерімен жұмыстан шыға бастады.
1922 жылдың сәуірінен тамызға дейін кәсіпшіліктен кеткен 674 адамның 231-і маман жұмысшы еді
(Ат ОМА,41: 14).
Трест босаған маман жұмысшылардың орнын көмекшілерімен, тіпті оқушылармен де
ауыстыруға мәжбүр болды. Ембі кәсіпшіліктерінде жұмысшыларға төленетін жалақының
болмауына Орталық та кінәлі еді. Себебі, Ембі өндірген мұнай пайдаланусыз жатты. Ал өндіру болса
Фридманның жазғанындай оның Ембіден тасылуына байланысты еді, яғни 1921
жылы көтерілген
мәселе 1922 жылы да өз шешімін таппады. Сондықтан да 1922 жылдың 21 шілдесінде мұнай
өнеркәсібі Кеңесінің отырысы арнайы «Ракушадан Ембі мұнайын тасу» мәселесін тағы талқылады.
Кеңес Ембі мұнайын тасу дұрыс жолға қойылмай отырғандығын және оның мұнай өндіруді
көбейтуге кері әсер етіп отырғандығын атап өтіп, Бас отын басқармасынан «Ембімұнай» тресіне
мұнай таситын кемелер ұстауға құқық беруін сұрады (Ат ОМА).
1923 жылдан бастап өндірілген мұнайды тасымалдау дұрыс жолға қойыла бастады. Ең алдымен
бұрыннан сақталып келе жатқан өнімдер жіберілді. 1922-1923 жылдары әкетілетін 10.991.30 пұт,
мұнайдың, тек 1923 жылдың кеме жүретін уақытында (навигация) 9.456.267-інің тасылуы сөзімізге
дәлел болады. Тасып әкету 1921-1922 жылдарымен салыстырғанда 146,04 процентке жетті. Осы
жылдың қыркүйек айында Жайық-Ембі кәсіпшіліктерінде 53 скважина жұмыс жасаған (Ат ОМА, 1).
Қазіргі кезеңде біздің еліміз үшін дүниежүзілік озық тәжірибеге негізделген индустриялды-
инновациялық стратегияны қалыптастырудың маңызы өте зор.
Дамыған өркениетті елдердің
барлығы белгілі бір тарихи кезең бойында физикалық еңбекті қажет ететін өңдірістен капиталды,
технология мен ғылымға негізделген өндіріске дейінгі жолдан өтті. Қазақстанға да осындай жолдан
өтуге тура келді. Шикізатқа ғана бағыт ұстаған ел болып қалмаудың амалы ғылым мен техниканың
жетістігіне, жоғары технологияға сүйенген дүниежүзілік стандартқа сай сапалы өнім өндіретін
өнеркәсіп орындарын дамытуға тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: