Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


Key words: sacred geography of Kazakhstan, tourism, pilgrimage, motivation of tourists, historical and  cultural heritage, holy places



Pdf көрінісі
бет241/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   264
34-36-PB (2)

Key words: sacred geography of Kazakhstan, tourism, pilgrimage, motivation of tourists, historical and 
cultural heritage, holy places.
ҒТАМР 03.20
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДАҒЫ КИЕЛІ НЫСАНДАРДЫҢ РӨЛІ
Д. Әбдіғалиева
 1
, Б. Жұмабаев
2*
, Б. Исабаева
3

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Қазақстан, Нұр-Cұлтан қ.
2*
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті. Казақстан, Нұр-сұлтан қ.
3
Tұран Университеті. Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
*Автор-корреспондент
Email: zhumabaevbatyrkhan@gmail.com (Б. Жұмабаев), mars_diko@mail.ru (Д. Әбдіғалиева), email: 
issabayeva@inbox.ru (Б. Исабаева)
Түйіндеме. Мақала еліміздегі ішкі туризмді дамытудың жолдарын, оның сатылап даму 
әлеуетін талдауға арналған. Авторлар туристердің қасиетті нысандарға баруды ынталандырудың 
негізгі компоненттерін зерттеп, сонымен қатар тарихи және мәдени көрікті жерлерді жіктеудің 
ерекшеліктерін қарастырған. Зерттеу нәтижелері бойынша саяхаттың негізгі себептері, туристерді 
қасиетті жерлерге тартатын факторлары анықталды. Сондай-ақ, мақалада киелі кеңістік пен 
мәдени мұраның теориялық аспектілері қарастырылған. Киелі мәдени-тарихи мұра Қазақстандағы 
туризмді дамыту үшін маңызды ресурс болып табылады. Қазіргі тақырыптық туристік бағыттар 
Қазақстан аумағында киелі орындар бар екенін көрсетіп қана қоймай, оларға бару адамдардың 
көңіл-күйін, ішкі-жан дүниесін жақсартуға септік туғызатыны белгілі. Киелі нысандардың 
тарихи-мәдени мұрасын сақтауда шырақшылар (қараушылар) ерекше рөл атқарады. Бүгінгі таңда 
шырақшы Қазақстандағы коммуникативтік практика мен киелі кеңістікті түсіндіруші есебінде 
ерекше орны бар тұлға болып келеді. Көбінесе шырақшының киелі объектінің әулиелік-тұлғасымен 
шынайы туыстық немесе елестетілген генетикалық байланысы болады. Алайда діни туризм мен 
зайырлы көзқарастан зиярат ету түрлерін ажырата білу керек. Зайырлы тұрғыдан зиярат деп 
ішінара мәдени және танымдық мақсаттары бар діни нысандарға зайырлы көзқарастан зиярат 
ету, ал әдет-ғұрыпты сақтап зиярат ету міндетті түрде емес. ал діни зиярат ету, керісінше, барлық 
әдет-ғұрыпты сақтай отырып және соларды қайталап зиярат ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет