г, з дыбыстарынан басталатын сездердің аумағы кеңейді: зал, заман, зоотехник, газ, газет, т.б. в, ф, х, ц, ч, щ дауыссыздары осы дыбыстар айтылатын сөздермен бірге келіп орнықтьь] Дегенмен, бүл дыбыстардың кейбірінің қолданылуы қазақ одеби тілі тарихында бой көрсеткені бар. ХҮШ-ХІХ ғасырларда қолданылған "кітаби тіл" деп аталатын тіл құрамында ф, х, ч дыбыстары қолданыс тапқаны рас. Алайда ол тіл (кітаби тіл) көбінесе азын-аулақ оқығандардың ана тілі болды да, халық арасында кең қолданыла алмады. Сондықтан ол заманғы қазақ әдеби тілі сол дыбыстарды қолданды десек те, қазақ халық тілі ондай дыбыстарды білді деп айта алмасақ керек. Оның үстіне, ч аффрикаты сөйлеу тілінде бүрыннан бар дыбыс. Бірақ әдеби тілде ол дыбыс интернационалдық сөздермен бірге келіп орнықты.
Соңғы замандарда батыс тілдермен (ең әуелі орыс тілімен) баиланысқа түсіп, қарым-қатынастың жиіленуі қазақ тілінің дыбыс тіркесімділігіне ықпал етті. Қ, к дауыссыздарының тіркесу мүмкіндігі үлғайды - қ қатаң дауыссызы тек жуан дауыстымен ғана емес, жіңішке дауыстылармен де тіркесетін болды^қате, қызмет, к дауыссызы интернационалдық сөздер құрамында жуан дауыстылармен қатар айтылып қалыптасты. Осы ерекшеліктің екінші біл салдары - қазақ тілінде едәуір топ құрайтын сездер қүрамында сингармонизм - буын үндестігі сақталмайтын дәрежеге жетті: газетке, костюмшең, командирден, т.б.-
Жалпы алтайлық консонантизм қазақ тілінде біраз озгеріске үшыраған сыпатында орныққан. Бүл жағынан келгенде С. Е. Маловтың қазақ тілін ең жаңа тілдер тобына жатқызуының үлкен дәлелі бар. Р ~ з сәйестігінің қазақ тілінде з варианты сол қалпында да, өзгерген күйінде де қалған: көз, жаз, сондай-ақ болымсыздық қосымшасы -мас (з > с). Р~з сәйкестігінің кейінгі варианты й: тіре ~ тайа, л ~ ш сәйкестігі де сондай дәрежеде түрақталған: бес (беш ~ білек), тус: талтус (тал - чуваш тілінде тус, талтус), есіт (ес - (і) т - өзгелік етіс, елт - чуваш тілінде есіт), т.б. Сонымен бірге, бұл дыбыс сәйкестіктердің барлық компоненттері де қазақ тілінің периферийлік қүбылысы ретінде сақталып қалған: көр, көз, жар, жаз, еліт, есіт, қыз, қырқын, т.б. Жаңа, кейін қалыптасқан дыбыстар конститутивтік белгілерге айналды да, олардың байырғы көне варианты сирек үшырайтын эквивалент болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |