Философия және саясаттану факультеті



бет1/12
Дата15.02.2024
өлшемі155 Kb.
#491898
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012


ӘЛ-ФАРАБИ АЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

Саясаттану кафедрасыы
Факультет деканы_______Ә..Р. Масалимова
"_25___"____05______ 2012 жг.

Бекітілді


Университет Ғылыми- әдістемелік Кеңесінің мәжілісінде
Хаттама № 5 22._____06.2012 ж.
Оқу жұмысы бойынша проректор _________________ Абдибеков У.С.
"__22"______06___________2012 жг.

ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Саяси жүйелер және саяси режимдер

5В50200- Саясаттану мамандығы бойынша
Оқу түрі- күндізгі

Алматы 2012 г.

ОӘК-і құрастырған А. И. Лұқпанов, философия ғылымдарының «Саясаттану» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде

«___» _______________ 2012 ж., Хаттама №____


Кафедра меңгерушісі, профессор_________________ Г. О. Насимова.

«Саяси жүйелер мен режимдер» атты пән бойынша
дәрістер тезистері


Модуль 1. Саяси жүйе теориясы
Дәріс 1.
Жүйенің жалпы теориясы. Жүйелік талдаудың категориялары
Теориялық-жүйелік дүниетанымның ағымдары. Жүйелік әдістің дамуы және жүйенің жалпы теориясын құру. Жүйелік талдау мен жүйелік синтез күрделі ұйымдастырылған объектілердің зерттеу әдісі ретінде. Жүйелік объектілердің дефинициялары. «Жүйе емес» және «қоршаған орта» категориялары. Кіріс және шығыс арқылы жүйе мен қоршаған орта байланысы. Құрылымдық-функционалды талдау жүйе элементтерінің өзара функционалды тәуелділігін зерттейтін және олардың өзгермелі ортаға бейімделуін зерттейтін сала ретінде. Саяси жүйе туралы түсінік
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.

Саяси жүйе пәнін оқытудың басты мақсаты: студенттерді саяси жүйе саласындағы басты мәселелермен таныстыру, саяси жүйе жалпы саясаттану ғылымының ажырамас бір бөлігі екенін көрсету, саяси ғылымының маңызды проблемаларын зерделеу, әлемдік саяси үрдісті сипаттайтын қазіргі заманғы саяси жүйелерді түсіндіру осы пәннің мақсаты б.т.


Саяси жүйе және саяси режимдер пәнінің басты міндеттері: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық саяси режимдермен танысу, саяси институттар, саяси тұрақтылық, саяси жүйені жіктеу ҚР саяси жүйесі жөнінде білуімізге осы пән жол ашады.
Д. Истонның саяси жүйе туралы негізгі идеялары.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Яғни, ХХ ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген және оны жеткілікті түрде талдаған Американ саясаттанушысы Давид Истон болды. Оның осы салаға арналған еңбектері: «Саяси жүйе: саяси ғылым саласына кіріспе» (1953), «Саяси өмірді жүйелі түрде сараптау» (1965), «Саяси сараптамаға кіріспе» (1979), «Саяси құрылымның сараптамасы» (1990).
Д.Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері – адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе б.т.
Саяси жүйедегі кіріс пен шығыс мәселесі туралы.
Д.Истонның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар талаптар мен қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау қоғам мүшелерінің саяси ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.
Шығыс - саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулылырын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп «кіріс» пен «шығыс» әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет