Filtering, Firewall кілтінің ашылуы



Дата03.01.2022
өлшемі358.58 Kb.
#450489
Filtering, Firewall кілтінің ашылуы


Filtering, Firewall кілтінің ашылуы

Желіаралық экран - брандмауэр немесе firewall жүйесі деп аталатын арнайыланған желіаралық қорғаныс комплексі. Желіаралық экран ортақ желіні екіге бөлуге және ортақ желінің бір облысынан екінші облысының шекарасынан берілгендер пакетінің өту шаттарын анықтайтын ережелер жиынтығын іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай шекаралар мекеменің жергілікті желісі және Internet ауқымды желісі арасында жүргізіледі.

Әдетте желіаралық экран Internet ауқымды желісінен мекеменің ішкі желісін бұзып кіруден қорғайды, мекеменің жергілікті желісіне қосылған корпоративті интражелідегі шабуылдан қорғау үшін де қолданыла береді. Желіаралық экран технологиясы корпоративті желілерді сыртқы кауіп қатерден қорғайтын ең алғашқы технологиялардың бірі.

Көптеген мекемелерде желіаралық экран – орнату ішкі желіні қорғаудың ең қажетті шарты болып табылады.

Санкцияланбаған желіаралық бұзуға қарсы тұру үшін желіаралық экран ішкі болып табылатын мекеменің қорғалатын желісі және сыртқы қарсылас желінің арасында орналасуы керек (1-сурет). Соған қарамастан осы желілер арасындағы қарым қатынастар желіаралық экран арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Желіаралық экран жалпы қорғалатын желі құрамына кіреді.

Бірнеше түйіндерді бірден шешетін желіаралық экран, мыналарды жүзеге асырады:

Корпоративті желінің ішкі ресурстарына сыртқы қолданушылардың кіруін шектеу жұмысы (қорғалатын желіге байланысты). Мұндай пайдаланушыларға серіктестер, жойылған қолданушылар, хакерлер және де сол мекеменің желіаралық экран қорғайтын берілгендер қорын алғысы келетін жұмысшыларын жатқызуға болады.

Сыртқы ресурстарға қорғалатын желінің қолданушыларының кіруін шектемеу мәселесі. Бұл мәселені шешу, мысалы қызмет бабының орындалуын қажет етпейтін серверлерге кіруді қадағалауға мүмкіндік береді.

Осы кезге дейін жалпыға мойындалған бір ғана желіаралық экран классификациясы жоқ. Оларды мысалға келесі негізгі белгілері бойынша классификациялауға болады:

OSI моделінің деңгейінде функционалдау:

Пакет сүзгіші (screening – экрандалатын маршрутизатор);

Сеанстық деңгей шлюзі (экрандалатын көлік);

Қолданбалы шлюз (aplication gateway);

Эксперттік деңгей шлюзі (stateful inspection firewall).

Қолданылатын технология бойынша:

Протокол жағдайын қадағалау (stateful inspection);

Орадағы модульдер (proxy).

Орындалуы бойынша:

Программа – аппараттық;

Программалық.

Қосылу схемасы бойынша:

Желіні қорғаудың ортақ схемасы;

Қорғалатын жабық және қорғалмайтын ашық желі сегменттерінің схемасы;

Бөлек жабық қорғау мен ашық желі сегментінің схемасы.


Ақпараттық ағымдарды сүзгілеу олардың экран арқылы таңдап өткізу кейбір түрлендірулердің жасалуынан тұрады. Сүзгілеу таңдалған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, желіаралық экранға алдын ала жүктелген ережелер арқылы жүзеге асады. Сондықтан да желіаралық экранды ақпараттық ағымды өңдейтін сүзгі ретінде қарастырған ыңғайлы.

Фильтрдің әрқайсысы бөлек сүзгілерді мына жолдармен интерпретациялау үшін арналған:

1.интерпретацияланатын критерий ережелеріне сәйкес ақпаратты анализдеу, мысалы қабылдаушы адресі бойынша және ақпарат арналған жіберушіге немесе түсініктеме түріне.

2.интерпретацияланатын ереженің біреуі негізінде келесі шешімдерді қабылдау:

берілгендерді тастап кетпеу;

алушы атынан берілгендерді өңдеу және жіберушіге қорытындыны жіберу;

анализді жалғастыру үшін берілгендерді келесі сүзгіге жіберу;

келесі фильтрлардан берілгендерді өткізіп жіберу.


Сүзгілеудің ережесін жалғастырушы функциясына жататын қосымша іс - әрекеттерде бере алады, мысалға берілгендерді өңдеу, оқиғаларды тіркеу және т.б. Соған байланысты сүзгілеу ережесі орындалуына байланысты шарттарды анықтайды:

алдағы берілгендердің жіберілуін шектеу немесе шешу;

қосымша қорғаныс функцияларының орындалуы.
Ақпараттық ағымның талдауының критерийлері ретінде келесі шамалар қолданыла алады:

желілік адрестерден, индикаторлардан, интерфейс адресінен, порттар номерінен және де басқа мәні бар берілгендерден тұратын хабарламалар пакетінің қосымша өрістері;

мысалы компьютерлік вирустың бар жоғына тексеретін хабарлама пакеттерінің құрамы;

ақпараттық ағымның сыртқы мінездемелері, мысалы уақытша, жиілік мінездемелер, берілгендердің көлемі және т.б.

Қолданылып отырған анализ критерийлері сүзгілеу жүзеге асырып жатқан OSI моделінің деңгейіне байланысты болады. Жалпы жағдайда желіаралық экран сүзгілеуден өткізіп жатқан пакеттің неғұрлым OSI моделінің деңгейі жоғары болса, соғұрлым ол қамтамасыз ететін қорғаныс деңгейі де жоғары болады.

Желіаралық экран жалғаушы функциясы экрандалатын агент немесе жалғаушы – программа деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады. Бұл программалар резидентті болып табылады және ішкі және сыртқы желілер арасындағы ретсіз ақпарат алмасуға рұқсат бермейді.



Ішкі желіден сыртқы желіге немесе керісінше қол жеткізу қажет болған жағдайда, ең алдымен желіаралық экран компьютерде функционалдайтын жалғаушы – программамен логикалық байланыс орнатылуы қажет. Жалғаушы программа сұралған желіаралық байланысты тексеріп, ол шешілетін болса өзі керекті компьютермен байланыс орнатады. Әрі қарай ішкі және сыртқы желі компьютерлері арасындағы байланыс программалық жалғауыш арқылы жүзеге асады, ол өз кезегінде келген ақпаратты сүзгіден өткізіп, басқа да қорғаныс функцияларын орындайды. Желіаралық экран жалғауыш-программа көмегінсіз сүзгілеу функциясын жүзеге асыра алады, бұл жағдайда ол ішкі және сыртқы желі арасында мөлдір өзара байланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жалғауыш-программа хабарламаларды сүзгілеуден өткізуді жүзеге асыра алмауы да мүмкін.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет