Sql тілінің негізгі сипаттамасы



Дата04.03.2024
өлшемі40.5 Kb.
#494229
түріПрограмма
Лекция 10



SQL тілінің негізгі сипаттамасы

1987 жылы SQL маманданған реляциялық МҚБЖ үшін стандартты тіл болып барлық кең таралған жүйелерге ене бастады. Ол келесі момнеттерімен байланысты. Тез әрекеттіліктің өсуі, және энергияны тұтынудың,компьютер өлшемдері мен бағаларының төмендеуі, тұтыну нарығының, қолданушылар ортасының және түрлері мен бағаларының кеңеюіне әкеліп соқты. Сондай-ақ, әртүрлі программалық жабдықтауларға да сұраныс көбейді. Сатып алушы фирмаларға күресте, программалық жабдықтаушылар нарыққа интеллектуалды, әрі көлемді программалар кешенін шығара бастады. Олар сатып ала отырып, көптеген ұжымдар мен жеке қолданушылар ол программаларды өз компьютерлеріне орната алмадй. Ақпаратпен алмасу және оларды тарату үшін ЭЕМ желілері құрылды, онда программалар мен мәліметтерді арнайы файлдық сервер лерге орналастырды.


Файлдық серверлермен жұмыс істейтін МҚБЖ, бір-бірінен алыс ара-қашықтықта орналасқан әртүрлі ЭЕМ қолданушыларына бір МҚ кіру мүмкіндігін берді. Мұндай жағдайда ұжымдарды, оқу кешендерін, ақпараттық және басқа жүйелерді әртүрлі автоматталған басқару жүйелерін өндіру оңайлатылады. Бірақ бұл кезде қарапайым сұраным құру үшін де файлдық серверден немесе серверге файлдарды жазу керек болады, ал ол конфликтілік ситуайияларды туғызуы мүмкін. Мұндай кемшіліктерді бодырмау үшін клиент/сервер технологиясы ұсынылған боатын, бірақ ол үшін сервермен хабарласу тілі қажет-мұндай тіл ретінде SQL таңдалды.
SQL концепцияларында операциялардың мәліметтердің кесте түрінде берілуіне бағытталуы, аз сөйлемді жинақы тілді құруға мүмкіндік берді. SQL сұранымдарды орындау үшін, және де қолданбалы программаларды құру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Онда келесі сөйлемдер бар:
- Мәліметтерді анықтау тілі-МҚ анықтау, және де кестелер мен индекстерді анықтау және жою;
- Мәліметтерді таңдау сұранымы-SELECT сөйлемі;
- Мәліметтерді түрлендіру сөйлемі-мәліметтер қосу, жою және өзгерту;
- Мәліметтерді басқару сөйлемі-мәліметтерге кіру артықшылығн беру немесе қайтару, транзакцияларды басқару және т.б.
Сондай-ақ SQL бұл сөйлемдерде келесі есептерді орындау мүмкіндігін береді:
- Арифметикалық есептеулер, функционалдық түрлендірулер, және арифметикалық өрнектер мен текстерді салыстыру операцияларын орындау;
- Кесте мазмұнын экран дисплейіне немесе баспаға шығарар кезде жолдар мен бағаналарды реттеу;
- Қолданушыларғы МҚ-да мәліметтердің көлемін өзгертпей интерпретациялау мүмкіндігін беретін ұсыныстар құру;
- Сұраным бойынша шығарылатын бір немесе бірнеше кестелер және ұсыныстар мазмұнын басқа кестеде сақтау;
- Мәліметтерді топтау, және осы топтарға арифметикалық орта, сумма, максимум, минимум операцияларын қолдану;
SQL тілі көптеген МҚБЖ-ң негізі болып табылад, өйткені ол мәліметтердің физикалық құрылымдануына және дискіге жазылуына сондай-ақ мәліметтерді дискіден физикалық оқуға жауап береді, және МҚБЖ-ң басқа компоненттерінен және қолданушы қосымшаларынан SQL-сұранымдарды қабылдау мүмкіндігін береді.Олай болса, SQL қолданушыларға, программаларға реляциялы МҚ ақпараттарына кіруді қамтамасыз ететін мықты құрал.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет