3.5. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын техникалық күтiп ұстауға және куәландыруға қойылатын талаптар
48. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының жұмысқа қабiлеттiлiгi мен сенiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында объектiлердiң ерекшелiктерi мен өндiрiстiк процестердiң спецификаларын есепке ала отыра, ведомстволық (салалық, объектiлiк) ережелер мен өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын техникалық ұстау бойынша нұсқаулықтар әзiрленедi.
49. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын техникалық ұстау бойынша ережелер мен нұсқаулықтар осы Техникалық регламенттiң, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып әзiрленедi.
50. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға енгiзген сәттен бастап әрбiр объектiде техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеулерiн жүргiзу ұйымдастырылады.
51. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеудi тек объектiнiң тиiстi дайындықтан өткен немесе мамандандырылған ұйымдарымен шарт бойынша (бұдан әрi - Орындаушы) мамандары ғана орындайды.
52. Мамандандырылған ұйымдармен өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргiзуге арналған шарттың болуы объект басшысынан осы Техникалық регламенттiң талаптарын орындау жауапкершiлiгiн алып тастамайды.
53. Iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстағы мамандандырылған бөлiмшелерi күзететiн объектiлерде техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-сақтық жөндеулерi мен өрт-күзет сигнал беру жабдықтарының қондырғыларын пайдалану ведомстволық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылу қажет.
54. Өрт автоматика жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуге:
1) жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргiзу;
2) ақаулықтарды жою және ағымдағы жөндеудi жүргiзу;
3) орындаушының Тапсырыс берушiге дұрыс пайдалану жөнiнде көмек көрсетуi кiредi.
55. Техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулерiнiң кезеңдiлiгi қызмет көрсетiлетiн өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес жинақтау-баптау жұмыстарын қабылдап алу-тапсыру кезеңiнде белгiленедi және шартта көрсетiледi.
56. Бiлiктi пайдалану және өрт автоматика жүйелерi мен қондырғыларын техникалық ақаусыз күйде ұстап тұру үшiн объектiде басшының бұйрығымен мынадай мамандар:
1) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға;
2) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшiн оқудан өткен мамандар (мамандандырылған ұйымдармен шарт болмаса);
3) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының күйiн бақылауға, сондай-ақ өрт бола қалған жағдайда өртке қарсы күрес қызметiн шақыруға арналған жедел (кезекшi) маман тағайындалады.
57. Қызмет көрсету мамандары үшiн объектiлерде "Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар" және "Кезекшi (жедел) мамандарға арналған нұсқаулықтар" әзiрленедi.
58. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға:
1) осы Техникалық регламенттiң талаптарының орындалуын;
2) шарт бойынша жұмыстардың кестесi мен күнтiзбелiк жоспарға сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулер бойынша жұмыстарды бақылау мен қабылдап алуды;
3) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын уақытында техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеулерiн жүргiзудi ұйымдастыру жолымен жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұруды;
4) қызмет көрсету және кезекшi мамандарды, сондай-ақ қорғалатын орындарда жұмыс iстейтiн тұлғаларды өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары жұмыс iстеген кездегi әрекет бойынша нұсқаулықтарға оқытуды;
5) қажеттi пайдалану құжаттамасын әзiрлеудi және оны жүргiзудi;
6) мынадай:
дайындаушыларға - өрт автоматика жүйелерi мен қондырғыларының кешендi емес немесе осы Техникалық регламенттiң, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгiленген тәртiпте бекiтiлген басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес келмейтiн техникалық құралдары мен жабдықтарын жеткiзген кезде;
жинақтау ұйымдарына - сапасыз жинақтауды және жобаның әзiрлеушiлерi мен өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi бөлiмшелерiмен келiсiлмеген, жобалық құжаттамадан бас тартуды анықтаған кезде;
қызмет көрсету ұйымдарына - өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеудi уақытында жүргiзбегенi және сапасыз жүргiзгенi үшiн наразылықтарды уақытында берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
59. Объектiнiң қызмет көрсету маманы немесе Орындаушы объектiде жинақталған өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының құрылғысы мен жұмыс принципiн бiлуге, осы Техникалық регламенттiң талаптарын, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалану бойынша ережелердi, нұсқаулықтарды бiлуге және орындауға, регламенттiк жұмыстарды белгiленген мерзiмде жүргiзуге және тиiстi пайдалану құжаттамасын жүргiзуге мiндеттi.
60. Жедел (кезекшi) мамандар:
1) жедел мамандарға (кезекшiге) арналған нұсқаулықты;
2) кәсiпорында жинақталған өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының жабдықтары мен аспаптарының тактикалық-техникалық сипаттамаларын және олардың әрекет ету принциптерiн;
3) қондырғылармен қорғалатын (бақыланатын) аймақтардың атауын, арналуын және орналасқан жерiн;
4) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын қол режимiнде iске қосу тәртiбiн;
5) жедел құжаттаманы жүргiзу тәртiбiн;
6) объектiде өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң күйiн бақылау тәртiбiн;
7) өртке қарсы қызметтi шақыру тәртiбiн бiлуi мiндеттi.
61. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықталған объектiде мынадай құжаттамалар:
1) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына арналған жобалау-сметалық құжаттамасы;
2) орындау құжаттамалары (жұмыс сызуларының кешенi), жасырын жұмыстардың (бар болғанда), сынақтар мен өлшеулердiң актiлерi;
3) қондырғыны пайдалануға қабылдап алу актiсi;
4) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының құрамына кiретiн техникалық құралдарға арналған паспорттар;
5) жинақталған жабдықтың ведомосi;
6) газ өрт сөндiру қондырғыларының (олар бар болғанда) баллондарын өрт сөндiру құралдарымен зарядтауға арналған паспорттар;
7) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалану бойынша нұсқаулық
8) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс регламентi;
9) техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеулерiнiң жоспар-кестесi;
10) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеуi бойынша жұмыстардың есебiн жүргiзу журналы;
11) жедел (кезекшi) маманның кезекшiлiк кестесi;
12) жедел маманның кезекшiлiгiн тапсыру-қабылдап алу журналы;
13) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының ақаулықтарын есепке алу журналы;
14) газ өрт сөндiру қондырғыларына арналған өрт сөндiру құрамы бар баллондарды өлшеу журналы (олар бар болса);
15) кезекшi және қызмет көрсету мамандарының, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулықтары, техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыстарын жүргiзуге мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар;
16) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйелерiн пайдаланып адамдарды эвакуациялау бойынша мамандардың дайындығын жүргiзу журналы (олар бар болғанда) болуы мiндеттi.
62. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары үнемi жұмыстың кезекшi (жобалық) режимiнде болу қажет.
63. Жүргiзiлуi өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын ажыратуға байланысты болатын техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-сақтық жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңiнде объект әкiмшiлiгi өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларымен қорғалатын объектiлерiнiң өрт қауiпсiздiгiн өтелетiн шаралармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
64. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының құрамына кiретiн техникалық құралдарға арналған құжаттамаларда айтылған қызмет мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының жұмыстары iстен шыққанда оларды одан ары арналуы бойынша пайдалану мүмкiндiгiн анықтау мақсатында барлық жүйелер мен қондырғыларға техникалық куәландыру жүргiзiледi.
65. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын техникалық куәландыруды Тапсырыс берушiнiң, Орындаушының, өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi бөлiмшелерiнiң және қажеттi жағдайда басқа ұйымдардың мамандарының мiндеттi қатысуымен комиссия жүргiзедi.
66. Куәландырудың нәтижелерi тиiстi актiмен (қорытындымен) ресiмделедi.
67. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының жай-күйiне қарай комиссия:
1) қазiргi өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын одан ары пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда жаңа жүйелер мен қондырғыларды жинақтауды орындауға;
2) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының жекелеген техникалық құралдарына жөндеу жүргiзудi;
3) келесi куәландыру мерзiмiн белгiлеп, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануды ұзартуды ұсынуы мүмкiн.
68. Өрт автоматикасының жаңартылатын жүйелерi мен қондырғыларының сәйкестiгiн бағалау осы Техникалық регламенттiң 3.4-бөлiмiнде белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
4. Өнiмнiң қауiпсiздiгiне және оны пайдалану процестерiне қойылатын талаптар
4.1. Жалпы талаптар
69. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары жүйелерi мен қондырғыларына ұсынылатын қауiпсiздiкке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әзiрленедi және нақты типтi және модификацияның өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада белгiленедi.
70. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары электр жабдықтау сенiмдiлiгi бойынша ӨАЖҚ бойынша 1-санатты ток қабылдағыштармен қамтамасыз етiледi.
71. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының электр жабдықталуы мен құбыр жолдары жерге қосылады (нөлденедi). Жерге қосу белгiсi мен орнын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес белгiлейдi.
72. Сорғы станциялары немесе өрт орындары үй-жайларында орнатылған басқару түйiндерi мен қолмен iске қосу крандарын қоспағанда, автоматты өрт сөндiру қондырғыларын басқару түйiндерi мен қолмен iске қосу крандары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршайды және пломба салады.
73. Қорғалатын үй-жайларда орналасқан автоматты өрт сөндiру қондырғыларын басқару түйiндерi осы үй-жайлардан 0,72 сағ. отқа төзiмдiлiк шегiмен өртке қарсы қоршаулармен және ара жабындармен, қорғалатын үй-жайлардан тыс - шынылайды немесе тор ара жабындармен бөлектейдi.
74. Iлгектi құрылғылар (ысырмалар, шұралар, крандар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарының эргономикалық талаптарына сәйкес келуге және сұйықтық ағынының бағытының көрсеткiштерiмен (меңзерлермен) және "АШЫҚ" және "ЖАБЫҚ" деген жазулармен жабдықталуы тиiс және автоматты өрт сөндiру қондырғыларын абайсызда немесе өз еркiмен қосылу немесе ажыратылу мүмкiндiгiн болдырмайды.
75. Автоматты өрт сөндiрудiң автоматты қондырғыларымен жұмыс iстеуге тек қауiпсiздiк және еңбектi қорғау бойынша арнайы нұсқаулық пен оқудан, қауiпсiздiк ережелерi мен орындалатын жұмысына қатысты лауазымына сәйкес нұсқаулықты бiлуiн тексеруден өткен тұлғалар жiберiледi.
76. Автоматты өрт сөндiру қондырғыларын пайдаланған кезде:
1) автоматты өрт сөндiру қондырғыларының құбыр жолдарын қандай да бiр жабдықты iлу немесе бекiту үшiн пайдалануға;
2) автоматты өрт сөндiру қондырғыларының құбыр жолдарына өндiрiстiк жабдықтар мен санитарлық аспаптарды қосуға;
3) автоматты өрт сөндiрудiң спринклерлiк қондырғыларының құбыр жолдарында орнатылған iшкi өрт крандарын өрттi сөндiруден басқа мақсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады.
77. Өрт сөндiру мен басқару түйiндерiнiң сорғы станцияларының үй-жайларында сорғы қондырғысының негiздi сұлбасына сәйкес сорғылар, басқару түйiндерi, ысырмалар мен басқа жабдықтар нөмiрленген сұлба iледi.
78. Сорғы станциясының үй-жайларында жұмыс және апатты жарық беру, сондай-ақ өрт орнымен (диспетчер бөлмесiмен) телефон байланысы қарастырылады.
79. Сынақтар немесе жөндеу жұмыстарын жүргiзу орындарында "Сынақтар жүргiзiлуде!" деген түсiндiрме жазуы бар "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес "Абайлаңыз! Басқа да қауiптiлiктер" деген ескерту белгiлерi орнатылады, сондай-ақ қауiпсiздiк нұсқаулары мен ережелерi iлiнедi.
80. Көбiк түзушiнi сақтауға арналған үй-жай Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.
81. Радиоизотопты өрт хабарландырушылары "Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға " СанЕжН 5.01.030.03 және "Сәулеленудi иондаушы санитарлық ережелер. Радиациялық қауiпсiздiк. Радиациялық қауiпсiздiк нормалары" СЕ 2.6.1.758 сәйкес келуге тиiс.
Радиоизотопты өрт хабарландырушыларының беттерiнде гамма және рентген сәулеленудiң балама дозасының қуаты 3 мкЗв аспауы қажет.
Альфа- және бета- сәулеленуi бар радиоизотопты өрт хабарландырушыларының белсендiлiгi 185 кБк аспауы қажет.
4.2. Өрт сөндiрудiң автоматты қондырғысына қойылатын жалпы талаптар
82. Өрт сөндiрудiң автоматты қондырғыларының (бұдан әрi - қондырғылар) конструкциялық шешiмдерi Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және:
1) климаттық әсерлерге тұрақтылығы бойынша орындалу санаты;
2) сейсмикалық және дiрiл бөлiгiнде;
3) берiктiгi мен қымтақтығы бөлiгiнде нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес әзiрлейдi.
83. Қондырғылар:
1) өрттiң дамуының алғашқы сатысында жұмыс iстеуiн;
2) әрекетке жедел күштер мен құралдарды енгiзуге қажеттi уақыт iшiнде өрттi жайылтпауды;
3) өрт сөндiру заттарын берудiң беттiк немесе көлемдiк тәсiлiмен оны жою мақсатында өрттi сөндiрудi;
4) өрт сөндiру заттарын берудiң және (немесе) концентрациясының қажеттi қарқындылығын;
5) атқарымдылықтың қажеттi сенiмдiлiгiн (жайылтпау немесе сөндiру) қамтамасыз етуi қажет.
84. Қондырғылар:
1) өрт және оның туындау орны туралы дыбыстық және жарықтық хабарландыру беру;
2) қондырғының жұмысқа қабiлеттiлiгiн, iшiнде өрт сөндiру заты бар толтырылған құбыржолдар мен ыдыстардың қысымын (деңгейiн) және (немесе) өрт сөндiру затының салмағын бақылау;
3) газды және (немесе) құбыржолдарды жууға (үрлеуге) және сынақтар жүргiзуге арналған сұйықтықты жеткiзу;
4) оларды орналастырған кезде берiлген биiктiк кезiнде суландырғыштар мен құбыржолдарды жинақтау мен қызмет көрсетуге арналған;
5) өрт ғимаратынан адамдарды эвакуациялауға қажеттi уақытқа газды және ұнтақты өрт сөндiру заттарын берудi ұстап тұратын құрылғымен жабдықталуы қажет.
85. Өрт сөндiрудiң автоматты қондырғылары көлемдiк өрт сөндiру кезiнде:
1) қажет жағдайда қорғалатын ғимаратқа өрт сөндiру заттарын шығаруға дейiн аралас ғимараттарға ойықтарды желдету мен бөгеудi автоматты өшiру;
2) есiктердiң өздiгiнен жабылуы;
3) адамдарды эвакуациялауға қажеттi уақытқа қорғалатын көлемге өрт сөндiру заттарын берудi ұстап тұру командалық импульстарын қалыптастыруды қамтамасыз етуi керек.
86. Қорғалатын үй-жайдың iшiндегi өрт сөндiрудiң көлемдiк (ұнтақты, газ) қондырғылары жұмыс iстеген кезде "Газ (көбiк, ұнтақ) - жолама!" деген жарық таблосындағы жазу түрiндегi сигнал және хабарлаудың дыбыстық сигналы берiлуi қажет. Қорғалатын үйге кiруде "Газ (көбiк, ұнтақ) - кiруге болмайды!" деген жарық таблосындағы жазу түрiндегi сигнал, ал кезекшi маманның орнында - өрт сөндiру затының берiлгенi туралы ақпараты бар тиiстi сигнал берiлуi қажет.
87. Спринклерлiктен басқа өрт сөндiру автоматты қондырғылары қол:
1) арақашықтық iске қосумен - қорғалатын ғимаратқа кiре берiсте орналасқан құрылғыдан бастап және қажет жағдайда - өрт орнынан бастап;
2) жергiлiктi iске қосумен - қорғалатын аймақтың iшiнде орналасқан iлгектi-iске қосу түйiнiнде және (немесе) өрт сөндiру станциясында орнатылған құрылғыдан бастап жабдықталуы қажет.
88. Қолмен iске қосу құрылғысы оларды кездейсоқ әрекетке келтiруден және механикалық бүлiнуден қорғалуы және жану аймағынан тыс болуы керек.
89. Өрт сөндiрудiң роботтандырылған қондырғылары:
1) қондырғының жұмыс аймағында адамның тiкелей қатысуынсыз ошақтан тыс өрттi анықтау және жою немесе таралуын шектеудi;
2) қондырғыны арақашықтық басқару және қондырғының жұмыс орнынан операторға ақпаратты беру мүмкiндiгiн;
3) өрт пен жарылыстың қауiптi факторларының әсерлерi, радиациялық және химиялық әсерi жағдайларында олардың өз функцияларын орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi қажет.
90. Өрт сөндiрудiң автоматты жүйелерiнiң қоздырушылары қорғалатын аумақта үйдiң кез келген нүктесiнен өрттi уақытында анықтауды қамтамасыз ететiндей орналасуы керек.
91. Өрт сөндiрудiң автоматты жүйелерiнiң жұмыс iстеуi объектiнiң ғимараттарында және ашық алаңдарда өрттiң және (немесе) жанғыш материалдардың жарылысының туындауына әкеп соқпауы керек.
92. Өрт сөндiру затын өрт ошағына беру тәсiлi жанғыш материалдарды төгу, шашырату немесе тозаңдату салдарынан өрт алаңының ұлғаюына әкеп соқпауы қажет.
93. Технологиялық жабдықтың өрттен қорғау стационарлық қондырғылары басқа қондырғыларды пайдалану мақсатқа лайық болмайтын немесе техникалық мүмкiн болмайтын ғимараттар мен құрылыстарда пайдаланылуы қажет.
94. Өрт сөндiру заттарының түрi, оларды берудiң қарқындылығы, өрттен қорғаудың стационарлық қондырғыларына арналған өртке қарсы жабдықтардың типi қорғалатын объектiнiң ерекшелiктерiне, түрiне және өрт жүктемесiнiң орналасуына қарай анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың және өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттардың талаптарын есепке ала отырып, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң нұсқауларына сәйкес келуi қажет.
95. Қондырғылар бiр мезгiлде автоматты өрт сигнал беру жабдығының функцияларын орындауы керек.
4.3. Су өрт сөндiру автоматты қондырғыларына қойылатын талаптар
96. Қондырғылар суландырғыштың типiне байланысты:
1) спринклерлiк;
2) дренчерлiк болып бөлiнедi.
97. Спринклерлiк қондырғылар:
1) сумен толтырылған;
2) ауа;
3) су-ауалы болып бөлiнедi.
98. Дренчерлiк қондырғылар жетегiнiң түрiне қарай:
1) электрлiк;
2) гидравликалық
3) пневматикалық
4) механикалық
5) құрама болып бөлiнедi.
99. Қондырғылар жұмыс iстеу уақыты бойынша:
1) 3 с. аспайтын жұмыс iстеу ұзақтығы бар жылдам әсер ететiн;
2) 30 с. аспайтын жұмыс iстеу ұзақтығы бар орташа инерциялы;
3) 30 с. бастап 180 с. дейiнгi жұмыс iстеу ұзақтығы бар инерциялы болып бөлiнедi.
100. Қондырғылар әрекет етуiнiң ұзақтығы бойынша:
1) әрекет етуi 30 мин. аспайтын орташа ұзақтықты;
2) әрекет етуi шамамен 30 мин. бастап 60 мин. дейiнгi ұзақ ұзақтықты болып бөлiнедi.
101. Қондырғылар әрекет ету уақыты бойынша қорғалатын алаңда суландырудың берiлген екпiнiн қамтамасыз етуi қажет.
102. Қондырғылар белгiленген тәртiпте бекiтiлген есептiк шығын мен арынды қамтамасыз ететiн автоматты суқоректендiргiшпен немесе суқоректендiргiшке арналған нормативтiк құжаттамаға сәйкес негiзгi суқоректендiргiштi қосқанға дейiн қысым асты күту (бақылау) режимiнде қондырғыны ұстап тұратын импульсты құрылғымен жабдықталады.
103. Қондырғылар үшiн электр қоректенудiң мынадай параметрлерi:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тұрақты және ауыспалы тоқ желiлерiнiң кернеуi;
2) кернеудiң тербелiсi минус 15 % бастап плюс 10 % дейiн;
3) ауыспалы тоқтың жиiлiгi шамамен (50 + 0,1) Гц қабылданады.
104. Қондырғылардың қалтқысыз жұмыс iстеуiнiң ықтималдылығының есептiк мәнi әзiрлеу сатысында 0,924 кем болмауы қажет.
105. Күрделi жөндеуге дейiн қондырғылардың орташа қызмет мерзiмi 10 жылдан кем болмауы қажет.
106. Қондырғылар:
1) берiлген қысымда және оларды арқаулар мен аспаптарға қосуда құбыр қосылыстарының берiктiгi мен қымтақтығын;
2) құбырлардың тiрек құрылмалары мен сол құрылмалардың негiздерде сенiмдi бекiтiлуiн;
3) оларды қарау, сондай-ақ шаю мен үрлеу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi қажет.
107. Қондырғыларда олардың сенiмдiлiгiне ықпалын тигiзетiн сызаттардың, жаншықтардың және тағы басқа ақаулардың болуына жол берiлмейдi.
108. Дренчерлiк қондырғылардың автоматты режимнен қолмен iске қосуға уақытша ауысуы өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның бөлiмшелерiмен келiсiп қана жүргiзуге рұқсат етiледi.
109. Басқару түйiндерiн орналастыру, құбыржолдарды жинақтау ҚР ҚНжЕ 2.02-15 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
110. Қондырғыларда автоматты суқоректендiргiш немесе импульсты құрылғы ретiнде қолданылатын ыдыстар белгiленген тәртiпте бекiтiлген нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы қажет.
111. Қондырғыларды электрмен басқару:
1) жұмыс сорғысын автоматты iске қосуды;
2) жұмыс сорғысы жұмыс iстеудiң белгiленген уақыты iшiнде өрт сөндiру режимiне iске қосылудан немесе шығуынан бас тартқан жағдайда резервтiк сорғының автоматты iске қосылуын;
3) арынды арқаулардың электр жетектерiн автоматты басқаруды;
4) басқару шынжырларының жұмысшыдан электр энергиясымен қоректенудiң резервтiк көзiне автоматты ауыстырып-қосуын қамтамасыз етуi қажет.
112. Қондырғылардың өрт сөндiрудiң сорғы станциясының үй-жайында сорғыларды қолмен ажырату құрылғысы болуы қажет.
113. Қондырғының сорғы станциясы үй-жайында:
1) электрмен жабдықтаудың негiзгi және резервтiк енгiзуiнде кернеудiң және фазалардың жерге тұйықталуының (шақыру бойынша) болуы туралы;
2) сорғыларды автоматты iске қосуды бұғаттау туралы;
3) сұйық қоймадағы апатты деңгей туралы;
4) дренажды шұңқыршадағы апатты деңгей туралы жарық сигнал беру жабдығы қарастырады.
114. Қондырғының атқарымдығын тәулiк бойы бақылауды жүзеге асыратын мамандары бар үй-жайда:
1) қондырғының жұмыс iстеуi туралы (бағыты бойынша шарт белгiнi ашумен);
2) сорғылардың автоматты iске қосылуын бұғаттау туралы;
3) қондырғының ақаулы екенi туралы (автоматты суқоректендiргiште немесе импульсты құрылғыда қысымның түсуi, сұйық қоймадағы немесе дренаждық шұңқыршадағы судың апатты деңгейi, электр басқару желiлерiнiң арынды құрылғылармен бұзылуы, электрмен жабдықтаудың негiзгi енгiзуiндегi кернеудiң жоғалып кетуi туралы жалпы сигнал);
4) электр жетегi бар ысырмалардың ақаулығы туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығы қарастырады.
115. Жинақтау аяқталғаннан кейiн басқару түйiндерiнiң:
1) түйiн мен оның нөмiрiнiң атауы;
2) бағытының нөмiрiн;
3) қорғалатын үй-жайдың атауы;
4) суландырғыштың типi мен саны;
5) таңғыштың функционалды сұлбасы мен от сөндiру қондырғысының негiздi сұлбасы;
6) от сөндiру затының берiлу бағыты;
7) қондырғыны жұмысқа қосу тәсiлi көрсетiлген табличкасымен жабдықталады.
116. Қондырғылардың құбыр жолдары "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң , сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес боялады.
Қондырғылардың басқару түйiндерi "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi талаптарына сәйкес қызыл түске бояйды.
Жабынның класы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес.
117. Суландырғыштарды, хабарландырушыларды, жылу құлыптарын бояуға жол берiлмейдi.
118. Қондырғылар объектiде үлестiру құбыр жолдарында жинақталған қондырғылар санының 10 % кем болмайтын және сынақтар жүргiзу үшiн 2 % кем болмайтын суландырғыш запасымен қамтылады. Ашылған және ақаулы суландырғыштарын орнына тығындар мен бұқтырмаларды орнатуға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |