"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту



бет1/5
Дата26.06.2016
өлшемі295 Kb.
#159727
  1   2   3   4   5
"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы N 796 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 36, 394-құжат, "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 19 қыркүйек, N 285-286 (25256)


      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2008 жылғы 29 тамыздағы 
N 796 қаулысымен     
бекiтiлген        

"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты
түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт
кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар"
техникалық регламентi

1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндiру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезiнде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi, " Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы " 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын iске асыру мақсатында әзiрлендi.

      2. Осы Техникалық регламенттiң талаптары Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жiктелетiн, өрт туындаған жердi табуға, хабарлауға, өрт туралы ақпарат беруге, ғимараттарда, үй-жайлар мен құрылыстарда (бұдан әрi - нысандарда) өрттi сөндiруге арналған автоматты өрт сөндiру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарына, өрт кезiнде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерiне қолданылады.

      3. Осы Техникалық регламенттiң күшi:

      1) көлiк құралдарын (поездар, теңiз және әуе кемелерiн) қорғауға арналған өрт сөндiру және өрт сигнал беру қондырғыларына;

      2) тау-кен және көмiр өнеркәсiбi шахталарындағы автоматты өрт сөндiру, автоматты өрт сигнал беру жабдығы және өрт кезiнде адамдарды хабарландыру мен эвакуациялауды басқару жүйелерiне;

      3) зиянды заттардың шектiк рұқсат етiлген концентрациялары мен өндiрiстiк орындар мен жарылыс өрт қауiптi объектiлердiң сыртқы алаңдарында жанғыш газдар мен бұлардың жарылыс қауiптiлiкке дейiнгi концентрацияларының стационарлық газ сигнализаторлардың бергiштерiне;

      4) технологиялық процестердiң, автомат және қашықтық басқару жүйелерi (басқару жүйелерi), апатқа қарсы автомат қорғанышының жүйелерi, сондай-ақ байланыс және апатты жағдайлар жөнiнде хабарландыру, оның iшiнде жабдықтары бар жинақтық жеткiзiлетiн жүйелерге;

      5) экстерриториалдықты пайдаланатын объектiлерге таралмайды.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы ", " Өрт қауiпсiздiгi туралы ", " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы ", " Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы " Заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиiстi анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) автоматты - белгiлi бiр жағдайларда адамның араласуынсыз жұмыс iстейтiн немесе орындалатын процестердi немесе құрылғыны сипаттайды;

      2) өрт сөндiрудiң автоматты құрылғысы - өрттiң бақыланатын факторы (факторлары) қорғалатын аймақта белгiленген төменгi мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде iстеп кететiн өрт сөндiру қондырғысы;

      3) өрт хабарландыру аймағы - ғимараттың адамдарды бiр уақытта және бiрдей өрт туралы хабарландыру жүргiзiлетiн бөлiгi;

      4) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдердi тiзбектi меншiгiнен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн шығаратын, сондай-ақ өтеп және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;

      5) өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;

      6) өрт краны - өрт құбыр жолында орнатылған және өрт қосылыс бастиегiмен жабдықталған клапаннан, сондай-ақ қол оқпаны бар өрт жеңiнен тұратын жинақ

      7) өрт спринклерлiк суландырғыш - көбiк түзу су ерiтiндiсiнен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбiктi алуға және оларды өрттi сөндiру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған жылу құлпы жұмыс iстеген уақытта ашылатын шығу тесiгiнiң iлмектi құрылғысы бар су немесе көбiк өрт сөндiру қондырғыларының суландырғышы;

      8) өрт дренчерлiк суландырғыш - көбiк түзу су ерiтiндiсiнен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбiктi алуға және олардың өрттi сөндiру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған ашық шығу тесiгi бар су немесе көбiк өрт сөндiру қондырғыларының суландырғышы;

      9) өрт-күзет сигнал беру жабдығы - тұтынушыларға берiлген түрде техникалық құралдарының көмегiмен қорғалатын объектiлерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну;

      10) жартылай автоматты басқару - өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндiрудiң автоматты қондырғыларынан команда импульсiн алған кезде хабарландыру және диспетчердiң эвакуацияны басқару жүйесiн әрекетке келтiру;

      11) жеткiзушi - өнiмдi, қызметтi ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;

      12) өрт орны - объектiнiң кезекшi мамандар тәулiк бойы келетiн, өрт автоматикасы құралдарының бақылау аспаптарымен жабдықталған арнайы бөлмесi;

      13) өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;

      14) өрт қабылдап алу-бақылау жинағы - өрт хабарландырғыштарының ақпараттарын қабылдау, өрт пайда болғаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерiн қосуға және басқа құрылғыларға арналған команданы одан ары беруге сигналдарды өңдеуге арналған өрт сигнал беру жабдықтары қондырғыларының құрама бөлiгi;

      15) өрт сөндiрудiң роботтандырылған қондырғысы - өрт ұңғысынан тұратын, қозғалмалылықтың бiрнеше деңгейi бар және жетектер жүйесiмен, сондай-ақ бағдарламалық басқару құрылғысынан жабдықталған және өрттi сөндiруге және жайылтпауға немесе технологиялық жабдықты және құрылыс құрылмаларын салқындатуға арналған қозғалмайтын негiзде жинақталған стационарлық автоматты құрал;

      16) өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндiру, түтiндi жою, өрт кезiнде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берiлген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс iстейтiн механизмдердiң, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;

      17) автоматты өрт сөндiру жүйесi - өрттi анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өрттi автоматты түрде сөндiруге арналған бiрге әрекет ететiн техникалық құралдардың жиынтығы;

      18) өрт сөндiрудiң стационарлық жүйесi (автоматты емес) - iшiне өрт сөндiру заттарына арналған сұйық қоймалар (ыдыстар, сыйымдылықтар), сорғы станциясы және iрiктеу және өрт сөндiру заттарын өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбыр жолдар желiсi кiретiн жүйе.


      Бұл жүйелердi автоматтандыру құралдары негiзгi сорғылар ақаулы болса немесе есептiк арынды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда резерв сорғылардың қосылуын қамтамасыз ету үшiн қолданылады;

      19) технологиялық жабдықтың өрттен қорғайтын стационарлық қондырғысы - жiберудiң автоматты, қашықтықтық немесе жергiлiктi режимiнде қорғалатын аймаққа өрт сөндiретiн заттарды беру есебiнен технологиялық жабдықты салқындатуға және өрттi жайылтпауға арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

      20) өрт сигнал беру жабдығының жүйесi - бiр объектiде жинақталған және жалпы өрт орнынан бақыланатын өрт сигнал беру жабдығы қондырғыларының жиынтығы;

      21) хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесi - адамдарға өрт туындағаны және (немесе) қажеттiлiктер мен эвакуация жолдары туралы ақпаратты уақытында хабарлауға арналған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешенi;

      22) өртке қарсы қорғаныш жүйесi - техникалық және ұйымдастыру шараларының және өрттiң қауiптi факторларының адамдарға әсерiн болдырмауға және одан келетiн материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық құралдардың жиынтығы;

      23) хабарландырудың техникалық құралдары - дыбыстық, сөздiк, жарықтық және құрама өрт хабарландырушылары, оларды басқару аспаптары, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiнiң эвакуациялық белгiлерi;

      24) өрт қауiпсiздiгi талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар;

      25) өрт сөндiру қондырғысы - өрт сөндiру заттарын шығару есебiнен өрттi сөндiруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

      26) дренчерлiк өрт сөндiру қондырғысы - ашық дренчерлiк суландырғышпен жабдықталған және өрттi барлық есептiк алаңы бойынша анықтау мен өшiруге, сондай-ақ су бүркеуiн құруға арналған сумен өрт сөндiру қондырғысы;

      27) спринклерлiк өрт сөндiру қондырғысы - белгiлi бiр температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлiк суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндiрудiң автоматты қондырғысы;

      28) өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өрттi анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндiрудiң автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы берудi өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы;

      29) пайдалануды бақылау - ұйымдағы өрт автоматикасы қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға орындайтын сәйкестiктi бағалаудың бiр формасы.



3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнiм айналымының талаптары

3.1. Жалпы талаптар

      5. Нарыққа шығарылатын өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының техникалық құрылғылары мен өрт сөндiру құралдары өрт туындағаны туралы ақпаратты анықтау, хабарлау, тарату бойынша мiндеттердi орындау үшiн қолданылады және объектiлердегi өрттi сөндiруге және адамдарға, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың меншiгiне қауiп төндiрмейдi.

      6. Өнiм түрiн таңдау, өрт автоматикасы жүйелерiн жобалау, жинақтау, санау және пайдалануға қабылдау, техникалық ұстау (пайдалану мен қызмет көрсету), техникалық куәландыру осы Техникалық регламенттiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, және халықаралық стандарттардың талаптарына, белгiленген тәртiпте бекiтiлген құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Жүйелердiң, қондырғылардың, техникалық құрылғылардың, өрт сөндiру құралдарының техникалық сипаттамалары туралы ақпарат нақты өнiмге арналған iлеспе құжаттамада көрсетiледi. Iлеспе құжаттаманың құрамы өнiм түрi мен оның өмiрлiк циклiнiң сатысына қарай анықталады.

      Iлеспе құжаттаманың жинағында:
      1) өнiмнiң сипаттамасы мен дайындаушы кепiлдiк берген техникалық сипаттамасы және құрылғы мен өнiмнiң жұмысын түсiндiретiн сызулар жинағы бар өнiмге арналған паспорт;

      2) iшiнде консервациялау, сақтау, тасымалдау, жинақтау (жинау), сынау, пайдалану, техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оның барлық өмiрлiк циклi сатыларында қауiпсiздiк талаптары бойынша мәлiметтерi бар нұсқаулық (басшылық);

      3) сәйкестiк сертификаты немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес мiндеттi сәйкестендiруге жататын өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация жөнiндегi мәлiмет берiледi.

3.2. Өнiмдi таңдауға қойылатын талаптар

      8. Өрт сөндiрудiң автоматты қондырғысының типiн, сөндiру тәсiлiн, өрт сөндiру құралдарының түрiн, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы қондырғыларын жабдықтау типiн өндiрiстiң технологиялық процестерiне, объектiлердiң құрылыс ерекшелiктерiне, техникалық-экономикалық көрсеткiштерiне, объектiде өндiрiлетiн, сақталатын және қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгi мен физикалық-химиялық қасиеттерiне қарай Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отыра жобалаушы-ұйым белгiлейдi.

      9. Өрт автоматикасының жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектiлердiң тiзбесi ҚР ҚН 2.02-11 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары талаптарына немесе белгiленген тәртiппен бекiтiлген басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес анықталады.

      10. Автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен жабдықтауға жататын орынның алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50% және одан астамды құраса ғимаратты тұтастай автоматты өрт сөндiру жүйесiмен жабдықтауды қарастырған жөн.

      11. Объектiлердегi автоматты өрт сөндiру жүйелерiнде адамдар мен қоршаған ортаға тiкелей де, уақыт өткеннен кейiн де улы әсерiн тигiзбейтiн өрт сөндiргiш құралдарды (көбiк түзгiштердi, ұнтақтарды, аэрозольдарды және газдарды) пайдалануға тыйым салынады.

      12. Өрт сөндiрудiң спринклерлiк және дренчерлiк қондырғыларын өрт сөндiруге арналған өндiрiс технологиялары жағдайлары бойынша суды пайдалануға рұқсат етiлмейтiн орындарда пайдалануға тыйым салынады.

      13. Өрт сөндiрудiң спринклерлiк және дренчерлiк қондырғылары өрт сөндiруге арналған өндiрiс технологиялары жағдайлары бойынша су пайдалануға рұқсат етiлмейтiн орындарда қарастырылмауға тиiс.

      14. Қазақстан Республикасында өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын әзiрлеу мен өндiруге қою "Өрт сөндiру-техникалық өнiмдерiн өндiру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулысында белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.



3.3. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жобалауға қойылатын талаптар

      15. Объектiлердi автоматты өрт сөндiру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтары, өрт кезiнде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарын, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 2.02-15 және ҚР ҚН 2.02-11 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерiн және белгiленген тәртiпте бекiтiлген басқа да нормативтiк құжаттарды басшылыққа алу қажет.

      16. Объектiлердi импорт өндiрiсiнiң өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның жобалық шешiмiмен келiскен кезде өндiрушi елдiң қолдануға белгiленген тәртiпте рұқсат етiлген нормативтiк және техникалық құжаттамаларының талаптарына сәйкес рұқсат етiледi.
      Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында осы Техникалық регламенттер мен "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес нормативтiк құжаттарды қолдану жөнiндегi есептiк тiркеудi жүзеге асыру қажет.

      17. Объектiлердi өрт автоматикасының жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеудi осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды және (немесе) жеке тұлғалар жүзеге асыруы қажет.

      18. "Жобалауға арналған тапсырма" объектiлердi өрт автоматикасының жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
      Жобалауға арналған тапсырманы әзiрлеу тәртiбi БҚ 25.952 басшылық құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Объектiлердi қорғалатын немесе iшкi iстер органдарының ведомстволық бағынысты мамандандырылған бөлiмшелерiнiң қорғауына беруге жататын өрт-күзет сигнал беру жабдығы жүйелерiмен жобалауға арналған тапсырма айтылған мамандандырылған бөлiмшелермен келiсiлуге жатады.

      20. Объектiнi iшкi iстер органдарының ведомстволық бағынысты мамандандырылған бөлiмшелерiнiң қорғауына берген кезде өрт-күзет сигнал беру жабдығы жүйелерiмен жобалауға арналған тапсырма аталған мамандандырылған бөлiмшелермен келiсiлуге жатады.

      21. Өрт автоматикасының жүйелерi мен қондырғыларымен жабдықталуға жататын объектiлерге арналған жобалау-сметалық құжаттама жобаның бас сәулетшiсiнiң (бас инженердiң) жауапты орындаушысының тиiстi жазбасымен куәландырылады.

      22. Объектiлердi өрт автоматикасының жүйелерi мен қондырғыларымен жобалаған кезде нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарынан бас тартуға жол берiлмейдi.
      Кей жағдайларда осы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттiк органдардың келiсiмi (рұқсаты) бар болғанда ғана нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарынан негiзделген бас тартуға рұқсат етiледi.

      23. Жобалаушылардың және (немесе) тапсырыс берушiлердiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарынан бас тартуы жөнiндегi өтiнiмдерiн (сауалдарын) қажеттi жағдайларда басқа да мүдделi уәкiлеттi органдар мен ұйымдарды тарта отыра, сәулет, қала құрылысы  және құрылыс қызметi iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiмшелерi қарайды.

      24. Мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың талаптарынан негiздi бас тартуды қарау үшiн жобалаушылар және (немесе) тапсырыс берушiлер дайындаған ұсынылған бас тартуды өтейтiн қосымша шаралар тiзбесi бар негiздеме мен мүдделi уәкiлеттi органдардың тиiстi бөлiмшелерiнiң қорытындысы (келiсiмi) берiледi.

      25. Автоматты өрт сөндiру қондырғыларымен жабдықталуға жататын объектiлердi және оларда нормативтiк құжаттамалар бойынша тек қана өрт сигнал беру жабдығы талап етiлетiн жеке үйлердiң болуын жобалаған кезде олардың орнына техникалық-экономикалық негiздемелердi есепке ала отыра осы үйлердi автоматты өрт сөндiру қондырғыларымен қорғау қарастырылуға рұқсат етiледi.



3.4. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жинақтау, сынау және пайдалану үшiн қабылдауға қойылатын талаптар

      26. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жинақтау бойынша жұмыстар белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау-сметалық және жұмыс құжаттамасына, жұмыс өндiрiсi жобасы мен дайындаушы-кәсiпорынның техникалық құжаттамасына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

      27. Шетел тiлiнде әзiрленген техникалық құжаттаманы мүдделi ведомстволар мен ұйымдар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде берiледi.
      Техникалық құжаттамада айтылған өлшем бiрлiктерi халықаралық бiрлiктер жүйесiнде (бұдан әрi БЖ) қарастырылады.

      28. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жинақтау кезiнде бекiтiлген жобалық құжаттамалардан бас тартуға жобалау ұйымының - жобаның әзiрлеушiсiнiң келiсiмiнсiз рұқсат етiлмейдi.

      29. Жобалау-сметалық құжаттаманы алу, қарау және келiсу тәртiбi, жинақтау жұмыстарының өндiрiсiне дайындық, ғимараттарды, құрылыстар мен жинақтау iргетастарын қабылдап алу, жабдықтарды, бұйымдар мен материалдарды жинақтау ұйымдарына беру тәртiбi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Жобаның спецификациясына сәйкес келетiн өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жинақтау кезiнде пайдаланылатын жабдықтарға, бұйымдар мен материалдарға сертификаттарын ( қолданыстағы заңнамаға сәйкес мiндеттi сертификаттауға жататын жабдықтарға), паспорттарын, жинақтау бойынша нұсқаулықтарын, сынақтарды жүргiзу әдiстерi мен пайдалану тәртiбiн ұсынады.

      31. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттардың талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады.

      32. Жинақтаған кезде нормалар, ережелер мен еңбектi қорғау және өрт қауiпсiздiгi бойынша шаралар сақталуы тиiс.

      33. Тапсырыс берушi көлемнiң сәйкестiгiне, орындалатын жұмыстың құны мен сапасына бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жинақтау-баптау жұмыстарының сапасының жобалық шешiмдерге және (немесе) жобаға, сондай-ақ нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

      34. Газ өрт сөндiру қондырғыларының баллондары мен қысым астында жұмыс iстейтiн басқа да ыдыстар жинақтар алдында тексерiледi және "Қысым асты жұмыс iстейтiн ыдыстардың құрылғысы мен қауiпсiз пайдалану ережелерiне" сәйкес куәландырылады. Жинақтауға өтiп кеткен мерзiмi бар куәландыруды қабылдауға жол берiлмейдi.

      35. Құбыржол (iлгектi, реттемелi, сақтандырғыш) арқауын жинақтауға қабылдаған кезде тұрқында арналуы мен материалға сәйкес шартты немесе жұмыс қысымының таңбалануын және арқаудың ерекшеленетiн бояуын, сондай-ақ оны дайындаушы-кәсiпорынның жеткiзгенiн және берiктiгi мен қымтақтығына сынақтар жүргiзудi растайтын құжаттары болуын тексередi.

      36. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жинақтау бойынша орындалатын жұмыстар өндiрiс ережелерi мен жұмыстарды қабылдау ережелерiне сәйкес келетiн өндiрiстiк құжаттамамен ресiмделедi.

      37. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жеке және кешендi баптау бойынша жұмыстар (iске қосу баптау жұмыстары) жинақтау жұмыстары аяқталған соң орындалады.

      38. Iске қосу - баптау жұмыстары өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларының сенiмдi және үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.


      Iске қосу - баптау жұмыстарына жинақтаудың дұрыс орындалуын, олардың жұмысқа қабiлеттiлiгiн, тексеру мақсатында аппаратуралармен, аспаптармен және реттегiштермен бiрге жинақталған сұлбаларды жеке байқап көру, сондай-ақ жүйелер мен қондырғыларды жұмыс режимiне шығару мақсатында кешендi баптау жатады.

      39. Жекелеген элементтер мен түйiндердi, өрт автоматикасының жинақталған жүйелерi мен қондырғыларын баптау бойынша жұмыстардың өндiрiсi басталғанға дейiн барлық реттемелi және iлгектi арқаулар жұмысқа қабiлеттi күйге келтiрiледi.

      40. Кешендi баптау кезеңiнде өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын реттеу мен күйiн келтiру жүргiзiледi. Кешендi баптау өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға беруге дайындаумен аяқталады.

      41. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын тапсырыс берушiнiң кәсiпорнының немесе ұйымының басшысының бұйрығымен пайдалануға қабылдау кезiнде жұмыс комиссиясы тағайындалады. Жұмыс комиссиясының жұмыс тәртiбi мен ұзақтығын "Қазақстан Республикасындағы архитектура, қала құрылысы және құрылыс iстерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырыс берушi айқындайды.

      42. Жұмыс комиссиясының құрамына тапсырыс берушiнiң өкiлдерi - комиссия, бас мердiгер, жинақтау ұйымының, iске қосу баптау ұйымының, өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi бөлiмшелерiнiң төрағасы кiредi.
      Қажет жағдайда жұмыс комиссиясының құрамына өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына техникалық қызметтi жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның өкiлi кiредi.

      43. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде жинақтау, кешендi баптау бойынша барлық жұмыстар орындалады және қабылдап алу-тапсыру сынақтары жүргiзiледi.


      Қабылдап алу-тапсыру сынақтары нақты типтi және модификациялы өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына арналған нормативтiк және техникалық құжаттамада белгiленген көлемде жүргiзiледi.

      44. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын қабылдаған кезде жинақтау және баптау ұйымдары:

      1) орындау құжаттарын (енгiзiлген өзгертулерi бар жұмыс сызуларының жинағы);

      2) сертификаттар (мiндеттi сертификаттауға жататын жабдықтарға арналған), техникалық паспорттар мен жинақтау жұмыстарының өндiрiсi кезiнде пайдаланылатын материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын басқа да құжаттарды;

      3) өндiрiстiк құжаттаманы көрсетедi.

      45. Жұмыс комиссиясы:

      1) орындалған жинақтау-баптау жұмыстарының сапасы мен жобалау құжаттамасының нормативтiк құжаттар мен осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн тексерудi және бағалауды жүзеге асырады;

      2) өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына кешендi байқау жүргiзедi. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын кешендi байқау әдiстемесiн (от сынақтары) әрбiр нақтылы жағдайда жұмыс комиссиясы жүргiзедi.

      46. Жұмыс комиссиясы орындалған жинақтау-баптау жұмыстарының жобаға және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкессiздiгiн анықтаған кезде ақауларды жою мерзiмiн, сондай-ақ оларды орындауға жауапты ұйымдарды көрсете отыра, анықталған кемшiлiктердiң хаттамасын құрады.

      47. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет