Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы



бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі388 Kb.
#170614
  1   2   3   4   5
Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысы


      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережеде:
      2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттарды береді:
      1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм. Өтінім «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін;
      2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім беруші атынан өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      4) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар ескертілген шарттардың көшірмелері.
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптамау негізінде беріледі. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды береді:
      1) уәкілетті органға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм не «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады;
      2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және атынан өтінім беруші өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат.
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау негізінде беріледі. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.»;
      көрсетілген Ережеге 8 және 10-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 81-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар тізбесінің және белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар зертханалары тізбесінің, сондай-ақ орындаушы ұйымдардан жыл сайын 1 ақпанға дейін берілген өтінім хаттарының негізінде өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) қалыптастырады.»;
      39-тармақта:
      16), 17) тармақшалар алынып тасталсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты куәландыратын құжат (шетелдік пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған) отандық пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);»;
      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Орындаушы ұйымдардағы, сондай-ақ оларды қарауға қатысатын мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) барлық тіркеу материалдары жариялануға жатпайды. Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелушi (өтінім беруші) ұсынған тіркеу материалдарының, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге өтінімдердің құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Ведомство пестицидке (улы химикатқа) тіркеу материалдарын қарайды және тіркеу дерекнамасы ұсынылған күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Мемлекеттік тіркеуге «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылданады.
      Осы мерзім ішінде Ведомство қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұрау салуды келісуге жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге келісу немесе одан бас тарту туралы жауап жолдайды. Келісетін мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда, пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.»;
      42-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      49-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуден дәлелді бас тартуының болуы;»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Тіркелген пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу егер:
      1) пестицидтiң (улы химикаттың) физикалық-химиялық, токсикологиялық және басқа да сипаттамаларының мемлекеттік тіркеу кезіндегі тіркеу материалдарында мәлімделгенге сәйкес келмеуі анықталса;
      2) тіркеу дерекнамасының материалдары осы Қағидалардың 39-тармағында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.
      Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін Ведомство тiркелушiге (өтінім берушіге) анықталған сәйкессіздік және хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыру немесе жаңа деректермен толықтыру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізген жағдайда, Ведомство тіркеу материалдары ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігін қарайды және пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қайта бастау немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізбеген жағдайда, Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Ведомство бұйрық шыққаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде тiркелушiге (өтінім берушіге) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеудің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тiркелушi (өтінім беруші) жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Ведомствоға тіркеу куәлігін қайтарады.»;
      58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Қайта тiркеуге өтiнiм мен тиісті құжаттар мемлекеттік тiркеу мерзiмiнің аяқталуына дейін 40 (қырық) жұмыс күні бұрын беріледi.»;
      62-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама қоса беріледі.».
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат);
      3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы 1-тармағының 10), 11) және 12) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен   
бекiтiлген     
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
      құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу туралы шешім және қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігін беру;
      2) порталда – пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді өткізу және пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәлігінің дайындығы туралы хабарлама.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім;
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерінің құрамын айқындау жөніндегі есептер;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) өндірістік тексеру актілері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицид (улы химикат) туралы мәліметтер (қысқаша дерекнама);
      пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтi (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтi (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтi (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтi (улы химикатты) бал ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты айқындаудың талдамалық әдісі. Тiркелушi әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген әдісті де ұсынуға рұқсат беріледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Д1-тарауға (21-тармақ) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді де ұсынуға рұқсат беріледі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1-тарауға (21-тармақ) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) жұмыс аймағы ауасындағы қалдық мөлшерлерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бейімделген әдістемелерді де ұсынуға рұқсат беріледі);
      пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп рұқсат етілген деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су айдындарының суындағы шекті рұқсат етілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы шекті рұқсат етілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауiпсіз әсер ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы шекті жол берілген шоғырлануы)(Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен);
      техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік органның талаптарына сәйкес пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйымдастыру стандарты (техникалық шарттар), препараттық нысанның рецептурасы, пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) лицензиялық келісімнің көшірмесі (ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін);
      пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты куәландыратын құжат (шетелдік пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған, отандық пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
      пестицид (улы химикат) өндіруші әзірлеген пестицидтiң (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының үлгісі.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
      Көрсетілетін қызметті алушыға:
      құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      2) порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерінің құрамын айқындау жөніндегі есептер құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) өндірістік тексеру актілері құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицид (улы химикат) туралы мәліметтер құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер(Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтi (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтi (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтi (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер(Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтi (улы химикатты) бал ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты айқындаудың талдамалық әдісі. Тiркелушi әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді де ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Д1-тарауға (21-тармақ) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1-тарауына (21-тармақ) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) жұмыс аймағының ауасындағы қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бейімделген әдістемелерді де ұсынуға рұқсат беріледі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілген деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су айдындарының суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауiпсіз әрекет ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы шекті жол берілген шоғырлануы) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік органның талаптарына сәйкес пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымдастыру стандарты (техникалық шарттар), препараттық нысанның рецептурасы, пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) лицензиялық келісімнің көшірмесі (ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты куәландыратын құжат (шетелдік пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған, отандық пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі) құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      пестицид (улы химикат) өндіруші әзірлеген пестицидтiң (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорт құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар құжаттың электрондық көшірмесі түрінде;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының үлгісі құжаттың электрондық көшірмесі түрінде.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет