Фольклорлық практика есебі. Филология факультеті В01701 қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының курс білім алушысы



бет1/4
Дата23.05.2023
өлшемі25.99 Kb.
#474120
  1   2   3   4
Ботақара оронимі шығуы


ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРАКТИКА ЕСЕБІ. 
Филология факультеті 6В01701 қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының 1 курс білім алушысы Ахметова Айна.
Қарағанды 2023ж.  
Мен қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1 курс білім алушысы Ахметова Айна.
Фольклорлық іс-тәжірибе

Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының орталығы орналасқан Ботақара кенті және ауылдың батыс жағындағы Ботақара тау сілемдері мен Ботақара көлі, Ботақара атты құс фермасы, бұлардан алыс емес жерде, яғни таудың шығыс-оңтүстік жағынан қапталдай ағып жатқан Нұра өзені бойындағы Ботақара теміржол бекеті бар. Осындағы «Ботағара»атауының топонимиялық маңызы жайлы ономастикатанушылар мен географиялық территория жүйесін зерттеушілер бірауыздан бұл ороним (атау) антропонимге (адам есіміне) қатысты дейді. (Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясының өзекті мәселелері, Алматы. 2009 ж. 125-б).


Демек бұл атау адам есіміне қатысты болса Орта жүз он екі ата Абақ керей тайпасының бір тармағы Жәнтекей аталығының құрамына кіретін «Ботақара» атты руға немесе Ботақара Қожамжарұлыатты батырға қатысты болуы мүмкін бе? Атақты Доспанбет жыраудың, «сақалына сары шіркей ұялап, қазақтың басы қайда қалмаған» дегеніндей, ерте ғасырларда шығысы сонау Керуленнен, батысы Дунайға дейін созылып жатқан апайтөс далада еркін жайлаған аталарымыз қайда бармады, қайда қонбады.


Ендеше жоғарыдағы сұраққа жауап іздеп көрелік. Әуелі айтармыз: Керей руы жайлы жазба деректер орта ғасырлық тарихи құжаттарда көп кездеседі. Әсіресе, Шыңғыс хан іргесін қалған Моңғол империясының алғашқы қалыптасу кезеңдерінде, Орта Азияны мекендеген көшпенді тайпалар арасында Керейлер шоқтығы биік ұлыс ретінде сипатталады. Моңғолдар мен одақ құрып, татар-меркіттердің ықпалын азайтып, оларды бағындыру жолындағы тартыста Керей тайпасының мысы басым ретінде суреттеледі. 1204 жылы моңғолдардан ойсырай жеңілген керейлер тарих сахнасынан түсіп қалды. Көбі моңғол қосындарының құрамына кіріп Шыңғыстың ұлы жорықтарына қатысса, қалған бөлігі найман, меркіттерге ілесіп, қазіргі қазақ даласына қоныс аударған.
Үлкен жазушы, кеңестік қазақ әдебиеттің ірі өкілі Ғабит Мүсірепов өзінің жеке күнделігінде өте ертеде өмір сүрген керей Теке жыраудан қалған мына бір шағын шумақты келтіреді:
Уа, дариға-ай, дариға-ай,
Байқалға барып құятын,
Селенгіні жайлаған,
Керей деген ел едік,
Тұғырыл деген ханы бар,
Зарлауымның мәні бар,
Қарақорым қаласын,
Тартып алып Шыңғысхан,
Қатындарын ханымның,
Бөлісіп алды моңғолдар,
Бытырай қашты қайран ел,
Адыра қалды туған жер,
Атымыздан айырылып,
Қысық көз моңғол атандық,
Уа, дариға-ай, дариға-ай! –дейді.
Бұл көне жырдан біз өткен тарих сорабын аңғарғандай боламыз. Жырда айтылғандай ежелгі керей тайпасы 1200 жылдың басында ыдырауға ұшыраған. Тұғырыл ханның ордасы қазіргі Моңғол елінің астанасы Ұлан-батырдан 30 шақырым жерде орналасқан. Аспалы шыңдай асқақ Боғда тауының етегінде. 1204 жылы Керей хандығы құлағаннан соң Шыңғыс қағанның осында орда құруына байланысты тарихта «Шыңғыстың ІІІ ордасы» деп те аталады. Боғда тауы бүгінге дейін Тұғырыл ханның құрметіне «Хан тауы» деп аталады.
Монғол империясының тарихын зерттеушілер: Шыңғыс қағанның алғаш адам болып, ат жалын тартып мініп, күйзелген елін бүтіндеп, күйреген жұртын жинағанда дем беріп, демеу болған осы Тұғырыл хан дейді. Атақты керей Көкеш бақсының хан Шыңғысқа қаратып айтатын:
Тәңірден суат алдың,
Тұғырылдан қуат алдың,
Найманнан хатшы алдың,
Керейден бақсы алдың,
Қоңыраттан ақыл алдың,
Жалайырдан батыр алдың,
Меркіттен қатын алдың, – дейтін толғауында дүйім тарихтың сыры жатыр. Өйткені, 1190 жылы Тұғырыл хан, Темүжин, Жамуқа үштігі атқа қонып татар-меркітті тыныштандырады. Осы жорықта Жамуқа мен Темүжин барлық бұқарасын сарқып жүріп 20 мың әскер әрең шығарғанда, Тұғырыл хан қиналмай-ақ бір өзі 20 мың қолды бастап келген. Осы жолы Алтын елінің императоры Тұғырылға «Уаң хан» деген атақ береді. Бұл атақ артынан ханның есіміне айналып кеткен жайы бар. Тегі италян жиһангер Марко Поло: «Әлемге атты әйгілі, әсіресе еуропалықтар қатты әсерленетін шығыстағы «Иоан поп» дегеніміз осы «Уаң хан»» деп жазады. Орыс жылнамаларында «Ван хан» деген атпен белгілі.
Заман өте келе Тұғырыл хан жоғарыдағы Теке жырау айтқандай Шыңғыспен шайқасып жеңіледі. Жан сауғалап батыстағы Найман хандығына бара жатқанда шекара күзетінде тұрған қарауылдар қолынан қаза табады. Өлі бастың атақты керей Тұғырыл ханның мүрдесі екенін таныған найманның Дайын ханы оны күміспен күптетіп, өзінің алтын тағының үстіне қойып аза тұтады. Бұл 1204 жылы болған оқиға. Сол сәттен бүгінге жеткен жоқтау бар. Онда:
Уа, Тұғырыл, Тұғырыл,
Айбатты алып хан едің,
Даңқың кеткен әлемге,
Атағы зор жан едің,
Құтлық әже өсірген,
Бұйрықтан туған дана едің…, – деген жыр жолдары бар. Тұғырылдың інісі Жақа батырдың (Жақа Қамбы) асқан сұлу төрт қызы болған. Осының үшінші қызы Сұртоқтыға Шыңғыс кіші ұлы Төле үйленеді. Сұртоқтыдан атақты хандар Мөнке, Құбылай, Құлағу, Арық-бұқа төртеуі туған.
Уақыт өте келе Шыңғыс ханның бұқарасына айналған Жақа Қамбы бастаған керейлер толық моңғолданып үлгерді де, Шыңғысқа бағынбай батысқа қарай ауып кеткен керейлер әуелі Қарлық хандығының құрамында болып, ол ыдыраған соң Алтын Орда мемлекетінің іргесін қаласып, ХV ғасырдың басында құдіретті Ал­тын Орда ыдырап, кішігірім алты-жеті хандыққа бөлінген тұста керейлер – Ноғай ұлысы, Көк Орда, Қазақ ұлысы, Сібір хандығы сияқты кіші хандықтардың құрамына бөлініп кетті.
Дегенмен дені 1550-ші жылдары шаңырақ көтерген Сібір хандығының құрамына өтіп кетті. Тарихшы Аманжол Керейбаев: «Сібір хандығының халқы, негізінен, қыпшақ, арғын, керей, найман, жалайырдан құралғанын еді», дейді. («Түркі халықтарының тарихы» Алматы, 1999 ж. 10-б). Сол сияқты орыстың географиялық Қоғамының негізін қалаушылардың бірі белгілі ғалым А.Лепшин 1832 жылы жарық көрген «Тарихи хабарлар» атты еңбегінде Сібір хандығының негізін қалаған орта жүздің керей рулары екенін де айтып өтеді. Атақты Көшім ханның тұсында таққа таласқан керей Сейдақ бекті ғұлама жазушы-тарихшы Мұхтар Магауин атақты Тұғырыл ханның ұрпағы еді дейді.
Осы кезде қатты күшейген орыстар 1591-1595 жылдар аралығында Сібір хандығын толық бағындырады. Қысқа мерзімде ішінде Ресей патшасы басып алған өлкелерге 22 жерге қала (бекініс) салып үлгерді. Атап айтқанда, 1586 жылы Шым-Тұра қаласының орнына Түмен бекінісі, 1587 жылы Тобыл, 1594 жылы Тара, 1604 жылы Томск бой көтерді. Осы тұста кейбір тарихи деректерге сүйенсек керейлер батысында Ор өзенінің бойынан бастап, шығысында Ертіске дейінгі өңірде бытырай қоныс тепкен көрінеді.
Батыстан орыс отаршылары қусырып, қысқан сайын қазақ руларының дені еріксіз шығысқа қарай қоныс аударып, нақтырақ айтқанда қазіргі Қазақстанның орталық өңірі – Торғай даласына, одан да бері өтіп, Теңіз көлі алқабы мен Есіл өңіріне ығысқан. Бұл 1600-шы жылдардың шамасында орын алған оқиға. Осы өңірге қоныстанған керейлер 1740-жылдарға дейін тұрақты қоныстанып тұрғанға ұқсайды. Өйткені, осы өлкедегі Керей аты көл, Керей атты өзен, Жәнтекей және Жәдік атты ауылдар, Жәнібек атты шалқар-көл, т.б. атаулар тегін қойылған жоқ.
Жәнібек батырдың ұрпағы Ақын Байбосынұлы жазып қалдырған мына бір деректе: «…керейлер орыстың Ор бекінісін орыстармен қақтығысып, өртеп жіберіп, шығысқа қарай ауа көшеді. Есіл-Нұра бойына келіп мекендейді. Осы шамада арғындар да Сыр бойынан көшіп келе бастайды. Осылай жер тарлық еткен соң Жабай батыр бастаған керейдің бір бөлігі Есіл-Атбасар өңірінде және ашамайлы керейлер Есілді өрлеп көшіп кетті де, Абақ керейлер жоңғардан енді босаған, Көксала, Бақанас, Аякөз, Нарын өңіріне қоныстанады. 1752 жылы Жонғар ханы Даяшы 40 мың қолмен Алатау ауызы арқылы қазақтарға жорық бастағанда, керейлер қайтадан солтүстікке қарай ығысып, Шыңғыс тауы, Қалба, Көкбекті, Жайсаң, Маңырақ қатарлы жерлерге барып ірге тебебі » дейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет