Ареаловедение – ареалтану. Белгілі бір өсімдіктердің және жануарлардың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Аридные растения – қуаншылық өсімдіктері. Климаты құрғақ болатын қуаншылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
Ацидофильные растения – қышқылдық өсімдіктер. Қышқыл топырақта ғана өсіп-жетілетін өсімдіктер.
Базофильные растения – сілтілік шөл өсімдіктері. Топырағы сілтілі шөл, шөлейт жерде өсетін өсімдіктер.
Батат, сладкий картофель – тәтті картоп. Түйнегінің құрамында крахмал көп, техникалық өсімдік.
Батун – татар пияз, татар жуа. Жуаның бір түрі. Көкөніс дақылы.
Бахча – бақша. Қарбыз, қауын, асқабақ сияқты бақша дақылдары өсірілген егіс алқабы.
Бахчеводство – бақша өсіру. Бақша дақылдарын өсірумен айналысатын егіншілік саласы.
Бахчевые культуры - бақша дақылдары. Қарбыз, қауын, асқабақ т.с.с. өсімдіктердің ортақ атауы.
Белена- меңдуана (у.ө.). Екі жылдық және бір жылдық өсімдік туысы. Негізінен дәрілік өсімдікке жатады, улы болады. Кейбір түрін қолдан да өсіреді.
Болиголов – убалдырған (у.ө.). Екі жылдық шөптесін өсімдік туысы. Улы өсімдікке жатады.
Боярышник, боярка – долана (Қ.ж.ө.).Дәрілік және әсемдік үшін өсірілетін бұта немесе шағын ағаш түрінде өсетін өсімдік. Витаминді, балшырынды болады.
Брусника, черника – қызамық, қызыл жидек, итбүлдірген (ж.ж.ө.) Бұта түріндегі жидекті өсімдік. Шырынды қызыл түсті жемісінде қант пен органикалық қышқылдар көп.
Брюква – тарна. Екі жылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жемісі бар мал азығындық дақылға жатады.
Ветроопыляемые растения – желмен тозаңданатын өсімдіктер. Өсімдік тозандарының желмен үшып, бір өсімдіктен екіншісіне қонып тозаңдануы.
Вещества запасные – қордағы заттар. Өсімдік құрамындағы углевод, май, белок, т.с.с. заттар.
Вещество органическое – табиғи зат. Көміртегі, сутегі, азот сияқты элементтерден өсімдік денесінде құрастырылатын зат.
Достарыңызбен бөлісу: |