Газқұбырын Ақтөбе облысы Темір ауданының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата03.07.2016
өлшемі11.56 Kb.
#175809
Газқұбырын Ақтөбе облысы Темір ауданының

коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 01-4314889 және Темір ауданы әкімінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 01-2/1237 келісімінің хатының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенттік округінде орналасқан, 1998 жылы іске қосылған, бастапқы құны - 27 199 599 теңге, қалдық құны 0 теңге құраған газқұбыры Темір ауданының коммуналдық меншігіне қабылдансын.

2. Темір ауданының әкімі (Б. Қаниев) «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ сыйға тарту шартын жасасын және Темір ауданы, Шұбарқұдық кенттік округі мекен-жайында орналасқан газқұбырын коммуналдық меншікке қабылдасын.

3. Темір ауданының әкімі (Б. Қаниев) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын және мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарының тізіліміне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.


Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Жобаны енгізуші:



«Ақтөбе облысының

қаржы басқармасы» ММ бастығы С. Еңсегенұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет