Газет тарихы



бет8/10
Дата28.01.2024
өлшемі241.13 Kb.
#490048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тәрбие сағаты Көк тудың желбірегені

Динара МӘЛІК, Ләззат АСАНОВА атындағы арнаулы жүлде
Борыштармыз азат елдің таңына
Тәуелсіздік – деген ұлы сезімім,
Алла берген аманат.
Мен бір сонау әпкелердің көзімін,
Жүрер ме екен жазалап.
Менің үшін, балам үшін күрескен,
Азат таңды әперіп.
Егемен ел ертеңіне ілескем,
Мұнша бақты көтеріп!
Қара жерге жас тәнімен құлаған,
«Қазақпын» деп жазығы.
Желтоқсанның желін жұтып жылаған,
Құлағымда наз үні…
Аппақ таңның алақаны оятар,
Бал өмірім - жанымда.
Қиялымның тал шыбығы бүр атар,
…парызым бар- арымда…
Ол борышым өтелер ме өлмесем,
Бос сермемей қаламды.
Ұрпағымды ұлт тіліне көн десем,
Сөндірме деп санаңды.
Жатырымнан шыққан ұлым бүлінбей,
Тектілігін сақтаса.
Туған елдің бейнетіне бүгілмей,
«Абай жолын» жаттаса!
Азат таңның білсе екен қадірін,
Несібінен жиренбей.
Бабалардың рухын сыйла Жарығым,
«Қазақпын» де именбей!
Отаныңның әрбір гүлін аяла,
Ұлтыңнан ал – жар қылып.
Азат күннің әрбір таңын бағала,
Аманат бұл мәңгілік.
Алтынкөріп ар жолынан жаңылма,
Ана тілің - ұятың.
Жүректегі иманыңа дамылда,
Ізгілік нұр сиятын.
Қарыздармыз сол бір қатал ғасырға,
Қанша жасты жалмады.
Адал болсаң ақиқатты жасырма,
Бұл солардың арманы

14 ПІКІР

  • аязгул

3 желтоқсан, 2011 
1:31 am

АТАП ОТ!ЛГЕКН ШАРАНЫН .АТКАРУШЫ УЖЫМЫНА , ТАРИХИ ОКИГАЛАРГА КАТЫСТЫ , ЖЕЛТОКСАН ОКИГАЛАРЫНЫН ЖАНГЫРЫГЫНДАЙ , АТАЛМЫШ ЕНБЕКТЕР!Н!З ЕЛЕН!П , АЛДАГЫ КЕЗЕНДЕРДЕ ДЕ , БИ!КТЕП , КАЗАКТЫН ЕРЛ!Г!Н АЛЕМГЕ ТАНЫТА БЕРУЛЕР!Н!ЗГЕ , ЗОР ЫКЫЛАС Б!ЛД!РМЕКП!Н !!!

  • Руза

3 желтоқсан, 2011 
11:56 am

Бәрекелді! Құтты болсын мүшайраңыз Қазыбек Иса атты мықты ұлтшыл, сол үшін де аса қатты құрметтелетін АЗАМАТ!
Өзіміздің “Желтоқсан ақиқатында” қоғамдас қадірлі Аманғазы Кәрібжанұлын құттықтаймын! Ұлтшылдық жолдан таймай, шығармаларыңыз шыңдала берсін, мен Сізді қатты құрметтеймін!
Ақберген Елгезек деген ақын да мен үшін танымал. Құтты болсын! Қалғандарыңыз да, марапатқа ие болғаннан кейін соған тұасыздар да! Өкінішке орай өлеңдерді жиі оқи бермегенсоң…

  • жебе

5 желтоқсан, 2011 
6:42 pm

Мүшайрага жолданган барлык олендерди осы сайтка жарияласаныздар екен Адилдикти сонда халык ози корип алады курметты АДИЛДИКТИ СУЙЕТИН АГАЙЫН

  • Жада

8 желтоқсан, 2011 
12:51 pm

Мүшәйраға жолданған барлық өлеңдерді жариялауларыңызды сұраймыз

  • алатау

19 желтоқсан, 2011 
12:52 am

желтоқсанды жырламаған да, …
біздің барлық, қазыр қолымыздағы жеңіс сол желтоқсан көтерілісінің арқасында …

  • алатау

19 желтоқсан, 2011 
12:58 am

осы мүшайраны ұйымдастырған ақын Қазыбек Исаұлына рахымет!!! ұлт жанды азамат. осындай ағаларымыз көп болсағый…

  • Табиғат

27 желтоқсан, 2011 
11:03 am

Әрине, әр нәрсеге Тәңір таразы ғой. Бірақ меніңше бұл байқаудың жеңімпазы атануға лайықты өлең – Әлібек Шегебайдыкі сияқты көрінді. Сосын Талғат Ешенұлыныкі де көңілге қонды.

  • Ардақ ҚҰЛТАЙ

2 қаңтар, 2012 
9:16 pm

Мүшайра әділ өтпеген.

  • Батыр

2 қаңтар, 2012 
11:34 pm

Дәлел керек.мысалы қай ақын қай орынға лайық емес? шетелдік ақыннан басқалары, әрине….

  • Ақын

2 қаңтар, 2012 
11:36 pm

Табиғаттың сөзінде шындық бар секілді….

  • Нурлан Садиров

3 қаңтар, 2012 
1:33 am

мынау менің өлеңім, орын бермеді деп емес, оқысын деп қосып отырмын.
Қыз бен мұз
(Желтоқсанның қаһарман қыздарының құрметіне)
Ақ тағынан ағамды алды-алаң бүгін алаңдаулы.
Көнбіс, көптен бұғандаулы, айта ала ма бодан дауды ?
Жетер жаттың басынғаны, намысы бар жасың, қані ?!
Қан төгілсе қымтайын,- деп аспаннан қар жаман жауды.
Алаң қатты бағылуда, алаңға жұрт ағылуда.
Өшті,- деген намыс оты жүректерде жағылуда.
Бар екен ғой қан бойымда, құрбан жаным бұл ойында,-
Деп кемпір-шал «а, Құдайлап» тәубе қылып, аһ ұруда.
Тақ таңғаны сүйген бе еді ? Халық оған үйленбеді.
Ордалықтар күйбеңге енді: жарлық, жасақ, сүймен келді.
Тиеп алды «темір атқа» тоқпақ, темір тигендерді
Шыбын жанын шындық үшін шүберекке түйгендерді.
Тәнін темір жаншып болды, рухты реттеу мансұқ болды.
Шарасы мен шеңгеліне жендеттердің қан шып толды.
Көкжалдарын жайратқасын, іске қосты жайлап басын,
Көк бөріні өрбітетін қауіп енді қаншық болды.
Кімге бүйтіп шүйліккен ең, жақпай қалды билікке нең ?
Қарсы алады қала сырты қарындасты «сыйлықпенен».
Зорлап, қорлап бұрымдыны, ал рухына «Қырғын күні»
Бұйрық берер күші болмай-ісі болды құйрықпенен…
…Қыз астынан бу атады, құздар қызды жұбатады:
«Ертең Сізге таң атады, шуақ мұзды қиратады.
Куә болар мұнда біз бар, қуаратын қара жүз бар,
Ынтық болмай Сіздерге ызғар, ышық Сізді ұнатады»
Көккөз көсем, көк мұз, көтен-бір диалог алабөтен.
Тағылмаған жала да кем, жала сияр дала да кең.
Жалап кеткен жатырын мұз қуанта ма батырын қыз ?
Әлі құрып түні бойы әлди енді сала ма екен ?
Қыздан ерлік ел күтеді, ер мен етек бірге тегі.
Әр қыз бізге жалғыз еді, әр қыз бізге бір құт еді.
Қызуыңнан, қарындасым, тоқыраудың тоңы кетті,
Құрсағыңа ұл бітпесе жүрегіңе нұр бітеді !

  • Cәкен

3 қаңтар, 2012 
2:00 am

Жақсы екен жырыңыз.

  • Еркеш Жұмажан

7 ақпан, 2012 
6:27 pm

Қазақ деген мен болам!
Тамыры терең, түбімен теңіз ұштасқан,
Абройы асқақ заңғарын аппақ қар басқан.
Қазақ деген сөз жетпейтін даңалық,
Мақтанышпен айта берем тынбастан.
Қазақ деген төбемдегі көк аспан,
Қазақ деген сарқылмайтын жыр дастан.
Тәңір берген тәтті сыйы дарыны,
Сөз сиқыры қара өлеңмен сырласқан.
Қазақ деген қара шыңырақ киелі,
Өнер, білім жыр ордасы, тиегі.
Алтай , Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Жетісу мен Сары-арқа қонған белі.
Қазақ деген ақын, батыр ер елің,
Қазақ деген әнші, күйші өнерің.
Саусағынан бал тамып, көмейінен жыр аққан,
Қазақ деген асыл халық мен едім.
Көк бөрінің көк жалын, Күлтегіннің қанжарын.
Сонау кеткен үмітпен, ата-баба арманың.
Жалыңдатып келемін.
Оқығанда жырымды, бұлқынады жүрегім.
Алаш деген көк бөрі, Қазақ деген мен едім.
Тәуелсіз байтақ елімді, Қазақстанды сүйемін.
Тәуелсіз елім бүгінде 20 жасқа толдың сен,
Көк байрағын көгінде егеменді болдың сен.
Тең терезе өзгемен ел еңселі болдың сен,
Жиырма жылда жарқ етіп жарық жұлдыз болдың сен.
Тақыр жерден тау көтеріп Астананы орнаттын,
Төрін тудай желбіретіп Көктемгі гүлдей жайнаттын.
Бар ғаламның көгінде көз тікпеймін басқаға,
Текті жердің төрінде аруым тур Астана.
Жібектейін жайылған “тұм” киелі кең далам,
Ұлан ғайыр атырап жұмақ мекен жер маған.
Сазгерлер қосып әніне, ақындар асып жырлаған,
Естимісін мені әлем қазақ деген мен болам.

  • ЖІБЕК

9 желтоқсан, 2013 
11:33 pm

U78787878787878YIUYUYIYIIYIYIYHMHMHKHKHKHKHKHHFJJFJFJFJFJFJFJJFJFJFJFJFJFJFJFFFJVNC NBCVN VBVVVVVVVVVVV
ПІКІР ЖАЗУ
Начало формы
Аты-жөні (*)
E-Mail (*)


Конец формы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет