Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері


Тіркесіп тұқым қуалаудың ашу тарихы; оның мысалдары



бет20/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не

33.Тіркесіп тұқым қуалаудың ашу тарихы; оның мысалдары.
Тіркес тұқым қуалауды ғылымға енгізген Томас Хант Морган
Томас Хант Морган (1866-1945) Америкалық генетик. Алғаш рет өз зерттеулерінде жеміс шыбыны дрозофиланы пайдаланды. Морган өз кызметкерлерімен бірігіп, тұқым  қуалаушылықтың хромосомалық  теориясын ашып, гендердің хромосомаларда орналасатындығын дәлелдеді. Нобель сыйлығының лауреаты (1933 ж.). Бұрынғы КСРО ғылым академиясының құрметті академигі. Оның зерттеу зерзаты жеміс шыбыны дрозофила шыбыны болды.
Тіркес тұқым қуалау. Морган бірінші ұрпақтағы дигетерозиготалы аналық шыбынды қайтадан шала қанатты қара денелі аталық шыбынмен кері будандастырғанда, екінші ұрпақта төрт түрлі фенотиптері бар дарақтар алған. Олардың пайыздық мөлшерлері әр түрлі: 41,5% жетік қанатты сұр денелі, 41,5% шала қанатты қара денелі шыбындар, ал 8,5% шала қанатты сұр денелі және 8,5% жетік қанатты қара денелі шыбындар болған.

Томас Морган тұжырымдамасы:
1. Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тібектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны болады;
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол ағзаға тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді;
3. Гомологты хромосомалардың арасында аллельді гендерінің алмасуы жүреді.


  1. 34. Тіркесіп тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері.

Тіркесу. Бір хромосомада орналасқан гендердің айқаса алмай, бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп атайды. Яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, бірге тұқым қуалайды. Алғаш рет бұл құбылысты 1905 жылы У. Бэтсон және Р. Пеннет хош иісті бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибелерінде ашқан болатын.
Т. Морган және оның мектебі гендер бір хромосомада болған жағдайдағы тұқым қуалау заңдылықтарын толық зерттеді. Зерттеудің негізгі объектісі кішкене жеміс шыбыны - дрозофила болды.
Көптеген тәжірибелер бір хромосомаларға шоғырланған гендер тіркесті болатынын көрсетті, яғни олар бір-бірімен тәуелсіз ажырап кетпей, көбінесе бірге тұқым қуалайды. Мұны нақтылы мысалмен қарастырайық. Егер жетік қанатты сұр шыбын мен шала қанатты қара шыбынды будандастырсақ, гибридтердің бірінші ұрпағындағылардың бәрі жетік қанатты сұр шыбын болып шығады. Бұл екі жұп аллель бойынша (сұр денеден - қара дене және жетік қанаттыдан - шала қанатты) пайда болған гетерозигота. Будандастырып байқайық. Осы дигетерозиготалы (сұр денелі, жетік қанатты) аналық шыбындарды рецессивті белгілері бар - қара денелі, шала қанатты аталық шыбындармен будандастырамыз. Мендельдің екінші заңы бойынша бұлардан төрт фенотип ұрпақтар: 25% жетік қанатты сұр; 25% шала қанатты сұр; 25% жетік қанатты қара; 25% шала қанатты қара шыбындар алынады деп күтуге болар еді.
Шындығына келгенде тәжірибеде белгілер комбинациялары алмастырылған (сұр денеден - қалыпты қанатты, қара денеден - шала қанатты) шыбындарға қарағанда белгілердің бастапқы комбинациясы (сұр денеден - шала қанатты, қара денеден - қалыпты қанатты) бар шыбындар көбірек болып (бұл тәжірибеде 41,5%) шығады. Олар әр типтен 8,5% ғана болады. Бұл мысалдан сұр денеден - жетік қанатты және қара денеден - шала қанатты белгілеріне себепші гендер көбіне бірге тұқым қуалайтыны немесе басқаша айтқанда гендер өзара тіркесті екені көрінеді. Бұл тіркестілік - гендердің тек бір хромосомаға ғана шоғырлануының салдары. Сондықтан да мейоз кезінде бұл гендер ажырасып кетпей, бірге тұқым қуалайды. Бір хромосомада шоғырланған гендер тіркестігінің құбылысы Морган заңы деген атпен әйгілі.

  1. Адамның практикалық қызметінде тіркесіп тұқым қуалаудың туралы білімді пайдалану.

Кроссинговердің биологиялық маңызы өте жоғары. Осы процестің нәтижесінде ата-аналық гендердің жаңа комбинациялары пайда болады, бұл ұрпақтардың генетикалық әртүрлілігін арттырады және организмдердің әртүрлі орта жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Т.Морган және оның зертханасының қызметкерлері байланысқан гендер арасындағы кроссинг-over жиілігін білу хромосомалардың генетикалық картасын құруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Генетикалық карта – бір байланыс тобына жататын гендердің олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, өзара орналасуының диаграммасы. Адамдарға, көптеген жануарлар түрлеріне, өсімдіктерге, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдерге хромосомалардың генетикалық карталары жасалды. Генетикалық картаның болуы организмнің белгілі бір түрін зерттеудің жоғары дәрежесін көрсетеді және үлкен ғылыми қызығушылық тудырады. Мұндай организм тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар практикалық маңызы бар әрі қарай тәжірибелік жұмыстар жүргізу үшін тамаша объект болып табылады. Атап айтқанда, генетикалық карталарды білу селекциялық тәжірибеде кеңінен қолданылатын белгілі бір белгілері бар организмдерді алу жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Адам хромосомаларының генетикалық карталары медицинада бірқатар тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау және емдеу үшін қолданылады.
Томас Морган мен оның әріптестерінің жұмысының нәтижелері генетикадағы іргелі теориялардың біріне айналған тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын құру болды. Бұл теорияның ең маңызды салдары – тұқым қуалаушылықтың функционалды бірлігі ретіндегі ген, оның бөлінгіштігі және басқа гендермен әрекеттесу қабілеті туралы қазіргі заманғы идеялар. Хромосома теориясының қалыптасуына жыныс генетикасын зерттеу барысында әртүрлі жынысты организмдердегі хромосомалар жиынтығында айырмашылықтар анықталған кезде алынған мәліметтер де ықпал етті.



  1. Аллель гендерінің өзара әрекеттесуі: толық және толық емес доминанттылық, олардың мысалдары.

Бір белгілі белгінің дамуын анықтайтын және гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендерді аллельді гендер деп атайды. (А, а – бұршақ түсі)
Аллельді гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері: - Толық доминанттылық - Толымсыз доминанттылық – Кодоминанттылық.
Толық. Доминантты аллель рецессивті аллельдің әсерін толық басып, гоможәне гетерозиготалық жағдайда жарыққа шығады. АА = Аа
Толымсыз доминанттылық доминантты аллель рецессивті аллельдің әсерін толық баса алмайды, гетерогизоталардың өз фенотиптері болады Толымсыз немсес аралық доминанттылық деп бірінші ұрпақтың ата-аналарының біріне де ұқсамайтын біркелкілігін айтады. Мұнда ата-анасының қасиетінің аралығы байқалады. Мысалы :Гүлінің түсі қызыл түнсұлу өсімдігін, гүлінің түсі ақ түнсұлумен будандастырғанда , бірінші ұрпақта будан өсімдіктерінің түсі қызғылт болады .Ата анасына ұқсамайтын жаңа белгі пайда болды, доминантты қызыл гүл , толық доминанттылық көрсете алмады .Ал егер бірінші ұрпақтың қызғылт гүлдерін будандастырсақ, 2ұрпақта белгілердің ажырау жүреді генотип және фенотип бойынша 1:2.1 .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет