Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда жер бетінде жүргізілетін геодезиялың өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде колданылатын аспаптарға:
арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу таспалары, сымдар, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б;
бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б;
тік биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометранероид, т.б. жатады.
Геодезиялық жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарға жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалык, сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (абрис) деп атайды.
Жер бетінің әрқилы физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе азайту өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс таңдауға тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |