«География» пәнінен Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10 сынып


«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет12/13
Дата25.02.2022
өлшемі2.95 Mb.
#455747
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
10SYNYPBJB GEOGRAFIYa 1178 GB 10 SYNYP VK-10SYNYPBJB

«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Геосаясаттың өзектілігі. Дүниежүзінің геосаяси аймақтары Мемлекеттік аумақтың морфологиясы.

Оқу мақсаты

10.5.1.1 Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі категорияларын түсіндіру
10.5.1.4 Түрлі көрсеткіштер немесе олардың жиынтығы
бойынша ерекшеленген геосаяси аймақтарды анықтау
10.5.1.7 Мемлекеттерді аумағының морфологиялық
ерекшеліктері бойынша жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтайды

  • Геосаясаттың зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттайды

  • Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадан көрсетеді

  • Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1.Геосаясаттың мақсатын, міндеттерін, зерттеу пәні мен негізгі категорияларын кесте түрінде сипаттаңыз.

Геосаясат

Мақсаты

Міндеттері

Зерттеу пәні

Негізгі категориялары











2.Қазіргі кездегі Еуразия кеңістігіндегі ерекшеленген 3 геосаяси аймақтарды кескін картаға түсіріңіз.



3.Мемлекеттердің аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеп, геосаяси орнына баға беріңіз.
а. Дүниежүзінің саяси картасын қоланып, мемлекеттердің аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеп, кесте толтырыңыз.
(әр морфологиялық ерекшеліктеріне қатысты бір мемлекеттен жазыңыз)

Созыңқы мемлекет

Біртұтас мемлекет

Шашыраңқы мемлекет

Құрамында анклавы бар мемлекет











b.Созыңқы мемлекеттердің геосаяси орналасуының екі кемшілігін атаңыз.








Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтайды
Геосаясаттың зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттайды

1

геосаясатты мақсатын анықтайды;

1

геосаясаттың міндеттерін анықтайды;

1

геосаясаттың зерттеу пәнін атайды;

1

геосаясаттың негізгі категорияларын атайды;

1

Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадан көрсетеді



2



кескін картаға 1-ерекшеленген аймақты түсіреді;

1

кескін картаға 2-ерекшеленген аймақты түсіреді;

1

кескін картаға 3-ерекшеленген аймақты түсіреді;

1

Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастырады

3

созыңқы бір мемлекетті анықтайды;

1

біртұтас бір мемлекетті анықтайды;

1

шашыраңқы бір мемлекетті анықтайды;

1

құрамында анклавы бар бір мемлекетті анықтайды;

1

созыңқы мемлекеттердің геосаяси орналасуының 1-кемшілігін атайды;

1

созыңқы мемлекеттердің геосаяси орналасуының 2- кемшілігін атайды.

1

Жалпы балл

13

«Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтайды
Геосаясаттың зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттайды

Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтауда/ зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттауда қиналады

Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтауда/ зерттеу пәні мен негізгі категорияларын сипаттауда қателіктер жібереді

Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін анықтауда/ зерттеу пәні мен негізгі категорияларын дұрыс сипаттайды



Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадан көрсетеді



Ерекшеленген геосаяси аймақтарды картадаға түсіруде
қиналады

1/2/3 ерекшеленген геосаяси аймақтарды кескін картаға түсіруде қателіктер жібереді



Ерекшеленген геосаяси аймақтарды кескін картаға дұрыс белгілейді



Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастырады

Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша топтастыруда қиналады

Созыңқы/біртұтас/шашыраңқы/құрамында анклавы бар мемлекеттерді анықтауда, созыңқы мемлекетердің геосаяси орналасуының кемшіліктерін атауда қателіктер жібереді



Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша дұрыс топтастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет