Глоссарий
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың
және ірі кәсіпорындарды
ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану
кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.
Егер акциялар тек құрылтайшылар
арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық
акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік
қоғам акциялары еркін
сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның
жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке
капиталдарды біріктіру нәтижесінде,
акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және
оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің
жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шекелген.
Акция (лат. аction – бағалы қағаз) – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар,
банкілер, кооперативтер шығаратын осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция
иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде
алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.
Айналым капитал – еңбек заттардың бір өндіріс
циклына қатысып таза қалпын
сақтамай өндірілген өнімге құнын түгелімен аударатын бөлігі.
Айналым капиталы - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларды құруға
және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай
қаражаттар жиынтығы.
Айналма қаржы - өндірілген өнімді сатып және қажетті заттарын сатып алуға керек
қаржылар.
Айналмалы өндіретін қорларға жататындар – өндірістік запастар қорлар,
аяқталмаған өндіріс.
Айналым қаражаты - өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз өндіріс үдерісін
қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін
бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын – ала берілетін
ақшалай қаражаттың
жиынтығы.