ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ
Глоссарий
Тобы: ФИ-23-1к1
Орындаған: Әбдіпатта Қ.
Қабылдаған: Садыкулова С
Шымкент, 2024 ж.
*Жоңғар, жунгар, зюнгар – 1) Шыңғыс хан әскерлерінің сол жақ қанаты. Оң қанат – бурунғар (бұраңғар) деп аталған. Жоңғар атауы 12 ғасырдың аяқ кезінен бастап белгілі.
*Губернатор (лат. gubernator) - бірқатар мемлекеттік территориялық бірліктеріндегі сайланатын немесе тағайындалатын ең жоғары тұлға. Штаттың атқарушы билігін және басқа федерация субьектілерін басқарады, бірақ қалалық басқаруда да басшылық билігін көрсете алады.
*Хан — лауазым. Түркі-моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік иесі. Зерттеушілер Хан сөзі семантикалық-тілдік реңкі өзгерген көне түркілердің “қаған” терминінен қалыптасқан деп есептейді.
*Сұлтан (араб.: سلطان – «билік», «құдіреттілік») — тәуелсіз ақсүйек билеушінің атағы. Құранда Сұлтан сөзі өзінің бастапқы «билік», «құдіреттілік» мағынасында және басқа хадистерде және көркем әдебиеттерде «саяси билік», соның ішінде халифа билігі мәнінде қолданылды.
*Әскер (араб.: جندي - әскәр, парсыша ләшкәр – сарбаз, жауынгер, жасақ, қол) – мемлекеттің Қарулы Күші, армия немесе оның бөлігі. Қазақ халқында әскердің түріне, құрамына және ерекшелігіне байланысты атты әскер, жаяу әскер, ондық, жүздік, мыңдық, түмен , жасақ, қосын, қол, лек, аламан, оң қанат, сол қанат, шеру, сап, шеп, тағы басқа дәстүрлі әскери атаулар қолданылған.
*Шекара - 1 нақты немесе субъект немесе объект және айырғыш бұл субъект немесе объект шектер қандай болмасын басқа анықтайтын ойдағы сызық.
*Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
*Қалмақтар (қалмақ. – хальмг, хальмгуд) – ойрат тобына жататын моңғолтілдес халық. Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасының (Хальмг Тангч) жергілікті халқы.
*Башқұрттар (башқ. башҡорттар; башҡорт, яғни бас құрт (түркіше бас бөрі)) — түркі тілдес және түркі халықтары топтарына жатқызылатын ұлт, Башқұртстан Республикасының байырғы халқы.
*Казактар немесе козактар (орыс. казаки; укр. козаки) — XIV-XV ғасырларда Украина және оңтүстік Ресей далаларында қалыптасқан әскери топ. Украин казактары - басыбайлы XVII-XIX ғасырларда пайда болған, олар - бүгінгі украин халқының бабалары.
*Қонтайшы, Хунтайшы – Жоңғар хандығының билеушісі. Қонтайшыдан кейінгі дәреже тайшы, ноян, зайсандар деп аталған.
*Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған.
*Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер.
*Генерал-Губернатор — 1) патшалық Ресейдегі жергілікті жоғары әкімшілік лауазым. 1719 ж. енгізілген. Бастапқы кезде құрметті атақ ретінде қолданылды. 1775 жылғы губ. реформаға сәйкес жергілікті әкімш. жұмыс Генерал-Губернатор-ға тапсырылды.
*Дипломатия - (лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты) - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері.
*Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес.
*Император (тарих.) Республикалық Римде қолбасшыға берілетін құріметті атақ. Кейін Рим империясы дәуірінде басқа мағынаға ие болды.
*Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы
*Держава -Ірі, күшті, тәуелсіз, үлкен әскери, экономикалық және өзге әлеуеті бар, әлемдік саясатта және халықаралық қатынастарда аса маңызды рөл атқаратын мемлекет; Монархтың (патшаның, корольдың, императордың және т.б.) алтын шар, тәж немесе кресті бейнесіндегі билігінің белгісі.
*Экспедиция (лат. ехpedіtіo – тәртіпке, ретке келтіру) – 1) Ресей империясындағы кейбір мемлекеттік мекемелердің немесе олардың бөлімдерінің атауы (мыс., Сенаттың құпия экспедициясы, 18 ғ.); 2) көлік экспедициясы шартынан туындайтын азаматтық-құқықтық қатынастар; 3) құ-жаттарды, материалдарды, т.б. салып жіберумен айналысушы ұйымның құрылымдық бөлімшесі немесе осындай ұйымның өзі.
*Дистанция - Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік бірлік.
*Дала комиссиясы- өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен құрылған.
*Реформа (лат. refōrmāre – қайта құру, жаңғырту) — өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
*Уезд — төменгі қатардағы әкімшілік–аумақтық бірлік. Алғаш рет "Уезд" термині XIII ғасырдағы орыс құжаттарында кездеседі. 1775 жылдан бастап Ресейдегі әкімшілік-аумақтық, қаржылық бірлік есебінде губернияның құрамдас бөлігіне айналды.
*Облыс (орыс. область, болг. област) — кейбір мемлекеттердің (көбінесе КСРО-дан тәуелсіздік алған мемлекеттер) әкімшілік бірліктерінің атауы. Облыс сөзі қазақ тіліне орыс тілінің "область" сөзінен келген.
*Болыс сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: Болыс (әкімшілік бөлініс) — қазақ жерінің патшалық Ресейдің қоластында болған кезіндегі аумақтық әкімшілік бөлінісі. Болыс (лауазым) — қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы.
*Отарлау - 1) "ішкі", өз елінің шет және елсіз аймақтарын игеріп, қоныстану; 2) "сыртқы" - өз елінен өзге жерлерде тұрақтар салуы, өзге аумақтарды басып алу.
*Төңкеріс немесе Революция [1] (лат. revolutіc – бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б.
*Феодализм - XVIII ғасырда Ұлы француз төңкерісі кезінде "Ескі тәртіп" (шексіз монархия, дворяндар үстемдігін) білдіретін ұғым; марксизмде - капитализмнің алдындағы әлеуметтік экономикалық формация.
*Прогресс - ең төменгіден ең жоғарғы деңгейге дейінгі даму бағытын, алға қарай қозғалысты, ұйым деңгейінің артуын, ұйымның күрделілігін ішкі байланыстардың өсуін сипаттайтын даму үрдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |