Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Туған жер, сенің үстіңде де, қойныңда да туыстарым



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Туған жер, сенің үстіңде де, қойныңда да туыстарым, 
туғандарым, қыбаттан да қымбаттарым бар. Сондықтан сенен артық 
жер жоқ, мен саған мінәжат етемін.
 
Әке, балаларыңының қуанышы сенің қуанышың еді. Менің кітабымды 
қалтаңа салып жүреді екенсің. Әр келген сайын: «қызым, тағы бір бес-алты 
кітабыңды берші. Достарым, үлкен профессор ағаларың кітабыңды жақсы 
деп мақтап жатыр» деп алып кетуші едің. Жан әкем-ау, тектілігің ғой, бір 
күйеубалаңнан, бір қызыңнан «балам айлығың қанша, қанша аласың?» деп 
сұрамапсың. Күйеубалаларың үй алып жатса, үй соғып жатса, қуанып, басы-
қасында болып, жарқылдап жүруші едің ғой. – Тезекбай балам үй алды, 
көрдім, мынандай жақсы үй, тұрған жері де жақсы деп,– Астандағы үйін 
мақтап келгенің әлі есімде. Тезекбай балаң: «Көке, сыртқа шықсаңыз жылы 


36 
киініп шығыңыз, тоңасыз» депті. Сен: «Өй, балам, мен Жуалының 
қазағымын, бұл жердің бораны, біздің ауылдың боранының қасында не, 
суығы да түк етпейді» деген екенсің. Жарты сағат болмай үйге кіріп: 
«Құрсын, суық түймеңнің тесігінен өтіп кетеді ғой, оңға бұрылсаң да, солға 
бұрылсаң да бетқаратпай жел соғып тұратыны қызық екен. Жел бір жақтан 
соғушы еді. Қой, біз тұратын жер емес екен» деп Алматыңа қайтып кетіпсің. 
– 
Тезекбай балама разымын, өмірді көргендігі көрініп тұр. Қызметі бар да, 
шамасы келіп тұрғанда балаларының бәріне көмектесіп, жағдайын жасап 
берді. Ондайды азаматтың азаматы ғана жасайды. Өткенде Шымкентте 
болғанда Сәбит балама да айттым, үйлерін сәл кішілеу жасап қойған. Менің 
Мәттәш қарындасым мен Әбдібек күйеубалам молодец. Үйлерін енді бір 
тамаша етіп салды. Осыдан жазылып аман-есен шықсам, қызым, Ербол 
екеуіңді апарып көрсетемін. Олар да Тезекбай балам сияқты, барлық 
балаларының жағдайын жасап, бөлек-бөлек үй етіп шығарды. Көрсең көзің 
тояды, тіфә-тіфә көз тимесін». Жан әкем-ау, дәл осы әңгімені маған айтып 
отырғанда Тараздан Мәдина (Мәтташ Айшакүл әпкемнің қызы) телефон 
шалып еді ғой. Оның өзіне де айттың ғой. Кейін үйлеріне қоныс той жасады, 
жұмыс, әрі жер шалғайлы болды да, бара алмай қалдық. Амандық болса, 
міндетті түрде бөлеміз Мәтташқа барамыз.
Иә, әке, естелік болсын деп жазып жатырмын. Уақыт өте келе, 
жазылмағанның бәрі естен шыға береді ғой ... 
*** 
Әке, екеуміз бір әңгімелескенде 5-6 жыл бұрын. «Ауыл да, аудан да тозып 
бара жатыр. Жамбыл облысы деген қандай облыс еді, біздің аудан қандай еді.
Не болды? Неге бізге бір дұрыс басшы болмайды? Бәрі бірінші басшыға 
байланысты. Қарапайым мысал. Бұрын осы Алматыдағы №12 аурухана 
қандай еді? Көзің ауырып жатқанда өзің де айтқансың. Кір, лас, бір қора 
сияқты болатын. Енді қазір қарашы Қалқамандағы №1 аурухананың бас 
дәрігері Есентай Тәжиев келді, бәрі өзгерді. Тура бір шетелдің ауруханасы 
сияқты, тап-таза, бәрінде тәртіп. Анау «Көктем» шипажайы қандай. Тәртіп, 
бір ауыз артық сөз жоқ, демалушыларға барлық жағдай жасалған. Екі жыл 
демалдым, барып бас дәрігеріне рақметімді айттым. Сол сияқты ғой.
Жамбылдың байлығы таусылып қалған жоқ. Қасиетті Қаратаудың қойында 
кеннің бәрі жатыр. Фосфор да, уран да, көмір де, бәрі бар. Қарасаң барлық 
облыстар дамып жатыр. Тараздағы ағайындарға барғанда көремін, жұмыс 
жоқ. Азаматтарына жұмыс тауып бере алмаса, ол әкім не бітіріп отыр?» деп 
күйінуші едің ғой. Шын тілесе, Алланың берері мол деген осы екен. 
Облыстың әкімі Қанат Бозымбаев деген азаматты жамбылдықтар мақтап 
отыр. «Әкіміміз кетіп қалмаса екен деп тілеп отыр. Құлқынын ойламайтын да 
әкім болады екен, нағыз жігіт, сөзінде тұрады, халықтың жағдайы көтеріліп 
қалды. Тұрғын үйлер, парктер салынып, көшелер жөнделіп жатыр» деп, дән 
риза. Есі кірсе, жағдайы жөнделсе ғана адам үйіне қонақ шақырады ғой. Міне 
соңғы жылдарда Жамбыл облысы батыр атамыз Бауыржан Момышұлының 


37 
100 жылдық мерейтойын, Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерекесін 
Республикалық көлемде атап өтті. Атап өткенде де ұялмайтындай, дарақы 
той емес, тағылымды той етіп өткізді. Қанат Бозымбаев қазақша жақсы 
баяндама жасады. Сөздері мәнді де мағыналы болды. Келген қонақтарға 
құрмет көрсете білді, кісілігін көрсетті. Әкешім, сен мені білесің ғой, қуанып
қалдым. Елді де, ұрпақтарды да осындай іс-шаралар тәрбиелейді ғой. Орта 
ғасырдың өзінде Қорқыт баба: «қонақ келмеген үйдің тұрғанынан құлағаны 
жақсы» деген екен. Сол сияқты елге жақсылар ат басын бұрмаса, олардың 
дуалы аузынан шыққан сөздерді жұрт, ұрпақ естімесе, онда болашағымыз не 
болады? 
Биылғы қыс елге ауыр болып тұр. Соның ішінде біздің Жамбыл облысына 
қиындау болды. Қаратау, Талас аудандарында, баяғы өзің талай-талай 
шарлаған жерлерің еді ғой, адам айтқысыз дауыл болып, үйлерді, нешеме 
жыл тұрған электр бағандарды құлатып, малдар қырылып, адам шығыны да 
болды. Ел қақаған қыста жарықсыз, жылусыз қалды. Астанада отырып 
теледидардан қарап отырдық. Сонда Қанат Бозымбаев соның ішінде жүр. 
Жаны ашу сезімі сөзінде, ісінде ғана емес, көзінде тұр. Кейде теледидардан 
ауыр қайғыларды көрсеткенде әкім-төрелер адам емес, бір мал өліп 
жатқандай журналистерге сұқбат беріп тұрады. Қаның қайнайды. 
Американың бір жауыз қарақшысы мектептегі бір топ балаларды
мұғалімдерді атып өлтіріп кеткенде, Президент Барак Обама жылап тұрып 
сөйледі. Ол айып емес деп ойлаймын.
Ал енді, әке, біздің ауданның әкімі Батырбек Құлекеев жақсы Азамат 
екен. Қаншама игі істерді ұйымдастырып, арасында өзі жүріп атқарып 
жатыр. Аудан еркін тыныстап, жан кіріп, құлпыра бастапты. Өзің білесің, 
біздің елге тұтқа болған бабамыз Батырбек Рысбекұлының басына кесене 
салу талайдан айтылса да, іске аспай келіп еді ғой. Әкімдердің 
қорқақтығынан, жасықтығынан, пендешілік тонының қалыңдығынан жасай 
алмаған болатын. «Басқарып отырған еліне сөзін өткізе алмаған әкім – әкім 
емес, қоқым» деп айтқаның, әке, әлі есімде. Батырбек Құлекеевпен 
әңгімелескенімде: «Гүлеке, мемлекеттің қаражатынан бюджеттен бір тиын 
да шыққан жоқ, тек ескерткіштің қасына электр жарығын ғана тарттық. 
Қалған шығынның бәрін өзіңіз сияқты ел болашағын ойлаған азаматтар 
көтерді. Мен тек ұйымдастыра білдім. «Өлі разы болмай тірі байымайды» 
дегендей, тарихымызды танымасақ, өткен ата-бабаларымыздың ерлігі мен 
өрлігін ұрпаққа қалдыра алмасақ, онда несін жүрміз? Бұл ұрпаққа қажетті 
рухани құндылығыз ғой. Бәріміз мәңгілік емеспіз. Датқасазға 2000 түп алма 
ағашын отырғыздық. Ол жұмысты одан әрі де жалғастырамыз. Бір он жылда 
үлкен жасыл орманға айналады. Батырбек датқа тарихи, әрі қасиеті бар тұлға 
ғой, ол кісінің басына зиярат жасап алыс-жақыннан қонақтар келеді. Келген 
қонақтар алма бақтың көлеңікесінде отырып, датқаның бастауынан су ішіп, 
бабамызға дұға тілек айтады, ұрпаққа батасын берді. Қырықтың бірі қыдыр 
деген, кім біледі, бір дуалы ауыздан жасалған дұға қабыл болып, елге тұтқа 


38 
болатын ұрпақтар дүниеге келер. «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер 
көгерер» деп неге айтқан дейсіз» деді.
Әке, көрдің бе? Рухың көкте шарықтап, Батырбек бабамыз бар, Байзақ 
бабамыз, ой санамайыншы, сендер өте көпсіңдер, Тараздан шыққан 
тарланбоздар, арттағы ұрпақтарыңның азбауын Алладан тілеп, рухтарыңмен 
желеп-жебеп жүріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет