17
сыртқа шықтым. Қайта кіргенде сен: «мұнда қалай түскенімді білмеймін»
дедің. Қадиша апайым: «Гүлтасым келеді, ол
келсе бәрі жақсы болады деп
едің ғой. Енді жақсы боласың» деді. Сен: «Қызым келмесе, қайтып жатар
едім? Өткенде де қызым келіп жатқызды ғой» деп мені еркелеттің. Сол кезде
Ербол мен Саят келді. Мен ол екеуін дәлізге шығарып жібердім. Қадиша
апайым екеуің қоштастыңдар.
Қоштасқанда мәңгілікке емес, сен жай
қоштастың. Себебі сен жазыламын, әлі тұрып кетемін деп жаттың. Ал
Қадиша апайым қатты жылады. Оның жүрегі сезді, білді.
Неде болса, өзімнің осы әрекетіме кейін қуандым.
Екеуің бір-бірлеріңді
көріп, қоштастыңдар.
Менің оқырманым бұл Қадиша дегені кім деп отырған шығар. Айта
кетейін. Ал кейбір апайларым, құрбыларым менің әректімді қош көрмейтінін
де білем. Бірақ бұл – тағдыр, бұл – шындық , бұл өмір ғой ...
Достарыңызбен бөлісу: