Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Шын сезім мен құмарлықты шатастырмаңдар



Pdf көрінісі
бет12/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Шын сезім мен құмарлықты шатастырмаңдар. 
1987 жылы әкем 49 жаста. Ауырып жүр екен. Алматыға шақырдым. Ол 
кезде біздің Амангелді деген досымыз Денсаулық сақтау министрінің 
көмекшісі болып қызмет жасайды. Аман досқа апардым, ол Қалқамандағы 
№1 аурухананың бас дәрігерімен сөйлесіп, әкемді сонда жатқызатын болдық. 
Әкем жатты. Мен Саятымды жаңа босанғанмын, үш-төрт айлық болатын. 
Үйде апам бар. Әкеме күнде тамақ апарамын. Жақсы болып жазылып та 
қалды, тым жақсы жазылуына көрші палатадағы бір апай көмектескен 
сияқты. Барған сайын палатасынан таппай қалам. «Ой мында жігіттермен 
карта ...» дей бастағанда, «Ой, Сәке, карта ойнамайсың емес пе, солар да 
карта ойнамайтын жігіттер сияқты ғой» десем, күлімсіреп білдіріп қойды. 
«Сәке, байқа, ауылға бірге барамын деп жүрмесін, анау кемпірің 
шашымызды жұлады» дедім. «Ой, қызым, қайдағыны айтасың, ондай жоқ» 
деді. Содан әкем үйге шықты. Ауылға асығатын түрі жоқ. Телефон шыр етсе, 
жүгіріп барып бірінші өзі алады. Не керек бәрі анық болды. Әкем ауылға 
кетті. Мен кетпей тұрып, әкемнен оңашада бар мән-жайды сұрап, аты-жөнін, 
телефонын жазып алдым. Айтулы бір жоғары оқу орнының оқытушысы екен, 
ғылым кандидаты көрінеді. Алуын алсам да, хабарласпадым. 1988 жылы 5 
наурызда әкем 50-ге толды. Туған күніне Ербол екеуміз балаларымызды 
алып бардық. Туған күні өте қызық өтті. Ол кезде әке-шешемнің 
достарының бәрі бар, бәрі көңілді. Ауылда сөз жата ма? Әкем Алматымен 
ауылдың поштасына барып сөйлеседі. Онда «құлақтар» бар. Сөз анама да 
жетеді. Анамның көңіл-күйі болмай жүрді. Содан далада мал жайғап жүрген 
әкеммен сөйлестім.
– 
Тәте (әкемді тәте деймін), мен бәрін білемін ғой. Қашқалақтай берме, 
кемпірің бәрін біліп отыр ғой. Өзің айттың ба?
– 
Жоқ поштадағылар айтқан көрінеді.
– 
Содан? 
– 
Содан, болды, білді. Сұрады мен айттым.


18 
– 
Шіркін-ай, айта салған саған оңай болған шығар? Ал оның жағдайын 
ойладың ба?
– 
Ойладым, енді не істеймін? Болар іс болды, оны кейін қайтару мүмкін 
емес. 
– 
Мүмкін емес болса, енді сен әке, он есе ақылды болуың керек. 
Тотыңды бұрынғыдан бетер сыйла, жүрегі ауыратын сөздерді айтпа. Ол сені 
жек көріп кетсе, саған қиын болады. Керісінше жақсы көріп тұрса, ол ақылды 
ғой, тағдырға қарсы шықпайды. Сені өзі-ақ жіберіп тұрады.
– 
Енді, қызым, сен шешеңе айт. Ауылдың есі жоқ қатындарының өсегін 
тыңдамасын, оған шындық керек болса, бірін де жасырмай өзім айтып 
беремін. 
– 
Пай шіркін, шындықты айтқышым-ай, сен арасында өтірік айт. 
Шындық оның жүрегін ауыртады, ал сенің зиянсыз өтірігің оны емдейді. 
Соған ақылың жетеді ғой. 
Шешеммен сөйлесу қиын болып жүрді. Бір күні қисынын таптым-ау. 
Алтын анашымды жақсы түсінемін. Жаным-ау, менің. «Мен байсырап бара 
жатқан жоқпын, қыздарымның бетіне шіркеу болатын болды ғой, күйеулері 
бетіне салық ететін болды ғой деп, ата-енелері бетіне басар ма екен деп, 
содан өліп бара жатырмын. Әкеңе де соны айттым. Бірақ еркектің аты еркек 
қой. Оның санасына да кірмейтін сияқты. Бәрі құрсын ажырасып-ақ кетейік 
деп те ойлаймын. Сен білуші ме едің?» деді. Мен көп уақыт үндемей, 
анашымды аяп жылап отырдым. Содан біраз уақыт өткен соң, бар күшімді 
жинап, анашымды құшақтап, бетінен сүйіп: «Сендей данышпан әйел жер 
бетінде жоқ. Сенен басқа біреу болса, шаңын қағып, қуып жіберер еді. Сенің 
айтып отырғаның дұрыс. Өткенде әкеме Алматыда мен де айтқанмын. 
Үндемей кеткен. Содан кейін қойған шығар десем, қоймапты ғой. Енді мен 
аямаймын, айтамын. Не деген сұмдық? Бала емес, шаға емес. Немере сүйіп 
отырғанда...» деп ашуланған болдым. Менің мінезімді білетін анашым енді 
мені көндіруге тырысты. «Қой, еркектің сауы жоқ. Әкең де солардың 
қатарынан. Саған қатты ұрсып тастаса, көңілің қалып қалады. Осы кезге 
дейін мені ренжіткен жоқ, елдің қатындары байларынан күнде таяқ жейді. 
Сендерді оқытты, не керек десеңдер соны күн-түн демей жеткізіп тұрды. 
Одан артық әкені қайдан табасыңдар?» 
– 
Жоқ мен бәрібір сөйлесемін, деп сыртқа шықтым. Әкеме болған 
әңгімені жақсылап айтып бердім. Байқаймын оның да жүрегі елжіреп қалған 
сияқты.
Шешеме қайта келіп: – Сөйлестім. «Онда сол тапқан әйеліңмен тұр. Ақыр 
екеуің тұра алмайды екенсіңдер» дедім.
– 
Ол не деді? 

Қызым, мен ешқайда да кетпеймін. Тотымды мен жақсы көремін, 
сыйлаймын. Біз елдер сияқты ұрсып-төбелесіп көрген емеспіз. Тотым 
ашуланғаны дұрыс, менің ісім дұрыс емес,– деді. 
Анашым жеңілденіп қалды. Мен де әйел баласымын ғой, анамды түсініп 
тұрмын. 


19 
– 
Жеңеше, деймін, сен шынымен ақылды екенсің. Негізінде бәйбішелер 
ақылды болады. Абайдың да, Құнанбайдың да бірінші әйелдері ақылды 
болды және солардан туған балалар да ақылды болды. Көрдің бе, сен де 
ақылдысың, енді біз де ақылды боламыз.
Шешем күліп: – Тоқалдан бала болмайтыны дұрыс болмай тұр ғой. Оны 
да әкеңе айттым. «Әй, байғұс-ау, алған соң жасын, бала табатынын алмайсың 
ба? Ол әйелің ұл тауып берсе, мен оны басыма көтерер едім ғой. Сайынның 
ұлы бар деп мақтанар едім ғой» дедім. Әкең баяғы сөзінен таймайды: «Мен 
саған ұл таппадың деп кінә қойған жоқпын ғой. Менің қыздарым ұлдан 
артық. Төрт күйеубалам ұлдарым болады. Ол әңгімеңді айтпа» деп аузымды 
жауып тастады. Мынаусы өзінен екі-ақ жас кіші екен. Ол енді тумайды ғой. 
Мен мазақтап күлдім. Ондай жақсы ойың болса, ана әйел де сен сияқты 
ақылды болса, әкеме жас, туатын үшінші тоқалды алып бересіңдер де» дедім.
Шешем мәз болды: – Әкең екіншіні көндірсе, менің дегенім деген
Сайынның ұлы деген бір бала болса, мен келісемін. 

Жарайды, онда саған тірі күніңде ескерткіш қойса да артық болмайды 
екен,– дедім.
Ербол Алматыға кетті де, мен балалармен ауылда қалдым. Сөйтіп 
жүргенде бір тосын жағдай болды. Әкем екеуміз мал жайғап жүрміз. 
«Қызым» деді әкем. 
– 
Не болды? 
– 
Мен Алматыға баруым керек болды?
– 
Неге? 
– 
Әкесі қайтыс болыпты. Бармасам болмайды. 
– 
Енді не істейміз? Не деп айтамыз? 
– 
Білмеймін. 
– 
Әке, саспа, бір амалын табамыз. Бірақ сен күліп жіберме. Жүр екеуміз 
шешеме барайық.
Шешеме келдік, дастарқан басында отырмыз. Мен бастадым: 
– 
Тәте (әке), өткенде сені больницаға жатқызған досымыз осы сенбіге 
баласына сүндет той жасайтын еді. Соған ауылдан әкем бір мал беріп жатыр, 
Ербол алып келеді деп едім. Соны сендерге айтуға ұмытып кетіппін. Тәте, 
егер сен қиналмасаң, бір қойды сойып апарып берсең дұрыс болар еді. 
Әкем менен бұл әңгімені күтпеген ғой. Үнсіз отырып қалды. Тіптім үні 
шығар емес. Шешем: «Неге үндемейсің, анау бордақыда тұрған қойлардың 
біреуін сойып апар. Қызыңды ұятқа қалдырмай» деді. (Жаным-анашым-ай, 
кешіре гөр). Өзінің бар өмірін бізге арнап, біздің абройымызды ойлап жүрген 
анашым, оп-оңай жол ашып берді. Әкем далаға шықты, біраз уақыт салып 
артынан мен шықтым.
– 
Ай, қызым-ай, қайдан ойыңа келді? Әлде шынымен айтып қойып па 
едің. 
– 
Жоқ, ол той өтіп кеткен, берер сыйлығымызды беріп қойғанбыз. Сен 
бір қойды сойып, бата жасап бармасаң болмайды ғой. Өзің екі қолың бос не 
деп барасың? 


20 
Ертеңіне әкем жолға шықты ...
Содан ойластырып-ойластырып, әке мен шешені және екінші шешені 
жоғалтпау үшін әке-шешемізді Алматыға көшіріп алдық. Содан бері бұл 
оқиға тарих болған жоқ, өмір болды. Анашым кең болды, сабырлы болды. Ол 
әйелдің сыртынан жаман сөз айтқан жоқ. Қыздардың ішінде мен ғана 
араласып тұрдым. Гуілдеген өсектің шуын шешем өзі басып отырды. 
Қалжыңмен болсын айтқан адамдарға: «Менің Сәкентайымдай болып 
алыңдар. Біріңнің де қолдарыңнан келмейді. Келмеген соң көре 
алмайсыңдар» дейтін. Осындай жағдайда да әкем мен шешемнің бір рет бірі-
біріне қатты сөйлегенін, дауыс көтергенін не біздер, не күйеубалалары, 
немерелері естімепті. «Атам қайда?» деген немерелеріне «Аталарың қонаққа 
кетті, достарына кетті, курортқа кетті» деп қоятын.
Шешем әкем өмірден қайтқаннан кейін де қыздарына айтыпты: 
«Қадишамен хабарласып қойсаңдаршы. Жағдайын біліңдер. Әкелеріңнің 
аруағы разы болсын десеңдер. Байғұс оның да денсаулығы жоқ қой» деп 
Индираға, Светаға телефон соқтырып, хабарын алыпты. Өткенде 5 қаңтарда 
(2013 жылы) мен Алматыға барғанда: «Қадиша, құлап мертігіп қалыпты. 
Барып шықсаңдар дұрыс болар еді» деді. Біз Света сіңілім екеуміз барып 
шықтық. Екі анамыз бір-біріне сәлем-сауқыт беріп жатты. Әңгіме осы. 
Алладан да анамнан да өтірігім үшін кешірім сұраймын. Өтірікті екеуін де 
сақтап қалу үшін, аз нәрсе көп қайғы тудырмас үшін айтып едім. Бір Алла 
оған куә.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет