1. Бизнесті ұйымдастыру (Жалғасы)
б) Тәсім өзінің қызметін жүзеге асырған экономикалық орта
Қазақстанның экономикалық ахуалы 2004 және 2005 жылдары халықаралық рейтинг агенттіктерімен бағаланған болатын. 2005 жылы «Standard & Poor’s» ұзақ мерізмді валютті рейтингті «ВВВ» дейін және ұлттық валютада қарызға алу ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ+» ретінде, ұлттық валютада қарызға алу қысқа мерзімді рейтінгін А-2 деңгейінде бағалады және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді рейтинг «А-3» (2004: тиісінше «ВВВ-», «ВВВ», «А-3» және «А-3») деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар 2006 жылы «Moody’s Investors Service» шетелдік валютадағы борыштық міндеттемелер бойынша рейтингіні «Ваа2» ретінде (2004: «Ваа3») және ұлттық валютадағы борыштық міндеттемелер бойынша рейтингіні «Ваа1» ретінде (2004: «Ва1») бағалады. «Fitch» 2005 жылы шетелдік валютада ұзақ мерзімді қарызға алу рейтингісін «ВВВ» дейін (2004: «ВВВ-»), ал ұлттық валютада – «ВВВ+» дейін (2004: «ВВВ+») көтерді.
Тәсімнің қызметі Қазақстанда бизнес жүргізуге тән экономикалық, саяси және әлеуметтік тәуекелдіктерге ұрымтал. Аталған тәуекелдіктерге үкімет саясатының, экономикалық шарттардың, салық және құқық салаларындағы өзгерістердің, валюта бағамдарының ауытқуының және контрактілік құқықтардың іске асырылуының салдары кіреді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикалық ахуалының ілгерілеуі байқалатындығына қарамастан, оның экономикасы нарықтық экономика қалыптасу кезеңіндегі елдерге тән сипаттамалық ерекшеліктерге орын беріп келеді. Өзгелерімен қатар мұндай сипаттамалық ерекшеліктерге елден тыс жерде еркін айырбасталатын ұлттық болмауы және биржа нарығындағы қағаздардың өтімділігінің төменгі деңгейі жатады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру секторы саяси, заң шығарушы, қаржылық және реттеуші өзгерістерге ұрымтал. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығының болашағы басым деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдайтын экономикалық шаралардың тиімділігіне тәуелді. Тәсімнің қызметіне теріс әсер ететін қаржылық эәне экономикалық саладағы болжап болмайтын өзгерістердің орын алу мүмкіндігі бар. Басшылық экономикалық қиыншылықтардың не деңгейін, не олардың орын алу уақытын мөлшерін болжай алмайды, тиісінше бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілікте орын алған дүдәмал жағдайлардың анықталуы нәтижесінде қажет болуы мүмкін түзетулер жоқ. Ондай түзетулер қажет болған жағдайда, олар анықталған кезеңдегі Тәсімнің қаржылық есептілігінде мазмұндалып, бағаланатын болады.
Экономикалық шарттар қаржы нарығындағы қызметтің көлемін шектеуді жалғастырады. Нарықтық бағалама мүдделі сатушылар мен мүдделі сатып алушылардан тұратын тиімді әрекет ететін нарықта анықталуы мүмкін қаржы құралдарының құнын бейнелемеуі мүмкін. Сөйтіп, бұл қажет деп табылған жағдайда, басшылық әділ құнның ең жоғарғы бағасын бейнелеу мақсатында қолда бар ақпараттың ең жақсысын пайдаланады.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
2. Есептілікті құрастырудың негіздері
а) Бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес келу
Бірге тіркеліп отырған қаржылық есептілік қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес әзірленді.
Тәсімнің қаржылық есептілігі Тәсімнің пайдаланушылардан тәуелсіз дербес субъект ретіндегі жиынтық қаржылық ережелерін ұсынады. Бұл қаржылық есептілік зейнетақы төлемдері үшін қолда бар Тәсімнің таза активтерін және жыл ішіндегі таза активтердегі өзгерістерді ұсынады.
б) Негізгі ұсыныс
Бұл қаржылық есептілік нарықтық бағамдарға сүйеніп әділ құны бойынша бейнеленген, сатуға арналған, қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды қоспағанда, бастапқы құны бойынша есепке алу қағидаттарына сәйкес дайындалған.
в) Бернелік валюта және есептілік беру валютасы
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы болып қазақстан теңгесі (бұдан әрі – «теңге») табылады. қордың басшылығы теңгені бернелік валюта ретінде анықтады, өйткені теңге Қордың экономикалық оқиғалары мен операцияларының мәнін бейнелейді. Теңге сонымен қатар осы қаржылық есептілікті ұсыну мақсаты үшін пайдаланылатын есептілік валютасы боып табылады.
Теңгеде ұсынылған барлық қаржылық ақпарат жақын мыңдыққа дөңгелектелген.
г) Бағамдарды пайдалану
Осы қаржылық есептілікті дайындау үшін Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес басшылық активтер мен міндеттемелердің есептілігін белгілеуде, сондай-ақ есептілікте шартты активтер мен міндеттемелерді ашуға қатысты бірқатар бағамдар мен болжамдар жасады. Нақты алынған нәтижелер болашақта бұл бағамдар өзгеше болуы мүмкін.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары
Осы қаржылық есептілікті дайындау кезінде есеп саясатының төмендегідей негізгі қағидаттары қолданылды. Есеп саясатының аталған қағидаттары жүйелілікпен қолданылды.
а) Шетелдік валютадағы операциялар
Шетелдік валютадағы операциялар операция жасалған күні қолданыста айырбас бағамы бойынша бейнеленеді. Шетелдік валютадағы ақша активтері мен міндеттемелері операция күні қолданыста болған ресми айырбас бағамы бойынша теңгеге аударылады. Тарихы құны бойынша шетелдік валютадағы ақшалай емес активтер мен міндеттемелер операция күні қолданыста болған ресми айырбас бағамы бойынша теңгемен аударылады. Активтер мен міндеттемелерді аудару кезіндегі бағам айырмашылығының нәтижесінде болған кірістер мен шығыстар таза активтердегі өзгерістер туралы есепте бейнеледі.
2005 жылғы 31 желтоқсанда шетелдік валютадағы қалдықты аудару үшін пайдаланған айырбас бағамы 1 АҚШ долллары үшін 133,77 теңгені құрады (2004ж.: 1 АҚШ долллары үшін 130,00теңге болды).
б) Ақша
Ақша банк шоттарындағы ақшадан тұрады.
в) Қаржы құралдары
і) Сыныптама
Кірістер мен шығыстар туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы құралдар – бұл қаржы активтері мен міндеттемелері олар:
-
жақын арада сату немес кері сатып алу мақсатымен сатылады немесе пайдаланылады;
- Қаржы құралдары негізінен жақын арада сату мақсатында сатып алынған болса, саудаға арналған болып сыныпталады немесе қаржы құралдарымен жақын арада болған мәмілелер қысқа мерзімді негізде нақты кіріс алу туралы куәландыратын қаржы құралдары қоржынының бөлігі немесе туынды құралдар болып табылады.
- активтер немесе міндеттемелер келісім-шартта бастапқыда көрсетілген ақша қаражаты ағынын айрықша өзгертетін бірге құрылған туынды құралдан тұратын болса, кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша қаржы активтері мен міндеттемелерін анықтайды.
Берілген кредиттер мен дебиторлық берешек Тәсім дереу немесе жақын арада сатуға ниеттілерінен, және Тәсім бастапқы мойындаудан кейін таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бейнелейтіндерден немесе кредиттік қабілетінің төмендеуі салдарынан басым бөлігін иегері өтей алмайтындардан басқаларынан белсенді рынокта бағаланбайтын беркітілген немесе анықталған төлемдері бар туынды емес қаржы активтерінен тұрады.
ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы
в) Қаржы құралдары, (жалғасы)
і) Сыныптама, (жалғасы)
Өтегенге дейін ұсталатын инвестиция – беркітілген немесе анықталған төлемдері және беркітілген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері, оларға Тәсім берік ниетті және төмендегі активтерден басқаларын өтеу мерзімі жеткенге дейін иелене алады:
-
Тәсім бастапқы мойындаудан кейін таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құны бойынша бейнелейді;
-
Тәсім сатуға арналған ретінде сыныптады; немесе
-
Қарыздар мен дебиторлық берешек анықтамасына енгізілген.
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар -кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен міндеттемелер кейінгі мойындау кезінде қайта сыныпталмайды. Кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері мен міндеттемелер сауда бағалы қағаздарынан, кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша бағаланған басқа қаржы құралдары мен міндеттемелерден, сондай-ақ деривативтерден тұрады.
іі) Мойындау
Қаржы активтері және міндеттемелер Тәсім сол қаржы құралы туралы келісім-шарт бойынша Тараптың бірі болып саналған сәттегі таза зейнетақы активтері туралы есепте мойындалады. Негізгі қызмет барысындаға барлық қаржы активтерінің сатып алынымы төлем күніне мойындалады.
ііі) Бағам
Бастапқы мойындау кезінде қаржы активі немесе қаржылық міндеттемелер әділ құны бойынша бағаланады, қосымша, таза активтердегі өзгерістер туралы есеп арқылы әділ құн бойынша бағаланбайтын қаржылық активі немесе қаржылық міндеттеме жағдайында, қаржы активтін немесе қаржылық міндеттемелерді сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәміле бойынша залалдар.
Бастапқы мойындаудан кейін қаржы активтері, оның ішінде активтер болып табылатын туынды құралдар олардың әділ құны бойынша Тәсім сату кезінде мәмілеге кеткен шығыстарды және басқалай залалдарды есептен шығарып бейнелейді. Төмендегі қаржы активтері есепке кірмейді:
-
сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдаланып, амортизациялық құны бойынша бағаланатын қарыздар мен дебиторлық берешектер;
-
кірістіліктің тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдаланып, амортизациялық құны бойынша бағаланатын, өтелгенге дейін ұсталынып қалатын бағалы қғаздардағы инвестиция;
-
белсенді рынокта бағаланатын рыноктық бағасы жоқ және құны сенімді бағаланбайтын, өзіндік құны бойынша бағаланатын үлестік құралдарға инвестициялар.
ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы
в) Қаржы құралдары, жалғасы
Кіріс пен залал арқылы әділ құны бойынша есептелетіндерден және қаржы активтерін әділ құны бойынша аудару мойындауды кері қайтаруға келмейтін кезде туындайтындардан басқа барлық қаржылық міндеттемелер амортизациялық құны бойынша бағаланады. Сыйлықақылар мен дисконттар мәміле бойынша бастапқы залалдармен бірге тиісті құралдың баланстық құнына енгізіледі және аталған құралға тиесілі сыйақының тиімді мөлшерлемесі негізінде амортизацияланады.
іv) Әділ құн бойынша бағалау қағидаттары
Қаржылық құралдардың әділ құны мәмілелер бойынша қандай-да залалдарды шегерместен, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша олардың бағаланатын рыноктық бағалары негізінде анықталады. Қаржы құралдарының бағаланатын рыноктық бағалары болмаған жағдайда, әділ құн бағамдық үлгілерді немесе ақша ағынын дисконттау әдістерін пайдаланып, анықталады.
Ақша ағынын дисконттау тәсілін пайдаланған кезде болжалды ақша ағындары Тәсім басшылығының барынша мүмкін болжамы негізінде анықталады, ал дисконттау мөлшерлемесінің сапасында ұқсас шарттары бары қаржы құралдары бойынша есеп беретін күнгі жай-күй бойынша рыноктық мөлшерлеме қолданылады. Бағамдық үлгілер пайдаланылған кезде шығыс деректері есеп беретін күнгі жай-күй бойынша рыноктық көрсеткіштер негізінде анықталады.
Биржада бағаланбайтын туынды қаржы құралдарының әділ құны Тәсім ағымдағы нарықтық шарттарды және мәміле бойынша контрагенттердің кредиттік мүмкіншілігін есепке алып, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша келісім-шартты бұзу кезінде алуы немесе төлеуі мүмкін сома ретінде анықталады.
v) Кейінгі мойындау кезінде туындайтын кірістер мен шығыстар
Қаржы активтерінің немесе міндеттемелерінің әділ құнын өзгерту кезінде туындайтын кірістер мен шығыстар зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте танылады.
vi) Танылудың тоқтатылуы
Қаржы активтерін тану қаржы активтерін пайдалану ақша ағындарын алуға келісім-шарт құқықтарының іс-әрекет ету мерзімі өткен соң немесе Тәсім қаржы активтерін иелену өұқығынан шығатын барлық айрықша тәуекелдіктер мен пайданы тапсыру кезінде тоқтатылады. Осындай табыстау кезінде туындайтын немесе сақталатын құқықтар мен міндеттемелер бөлек актив немесе міндеттеме ретінде танылады. Қаржы міндеттемелерін тану олар өтелген кезде тоқтатылады.
vii) РЕПО және кері РЕПО келісімі
«Кері РЕПО» келісімі бойынша алынған бағалы қағаздар тиісінше сипатта банктердің немесе өнім берушілердің дебиторлық берешегінде мазмұндалады. Сату алу бағасы мен кері сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық сыйақы түріндегі кірісті білдіреді және сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісінің негізінде осындай келісімдер іс-әрекет ететін кезең ішінде есептеледі.
ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары (жалғасы)
г) Құнсындану
і) Амортизациялық құны бойынша есептелетін қаржы активтері
Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері негізінен сатуға арналған қолда бар қарыз, басқалай дебиторлық берешек немесе бағаланбайтын қарыз қағаздарынан («қарыз және дебиторлық берешек») тұрады. Тәсім өзінің кредиттік қоржынын оның құнсыздану мәніе тұрақты негізде талдап отырады. Қарыздар мен дебиторлық берешек құнсызданып отырады, және Тәсім, қарызды және дебиторлық берешекті бастапқы тану күнінен кейін болған бір немесе бірнеше жағдайлардың негізінде, тек құнсызданудың объективті себептері болған жағдайда ғана және мұндай жағдай (немесе жағдайлар) сенімді бағалануы мүмкін қарыздар бойынша болашақ ақша ағындарына әсер еткен кезде, құнсыздану салдарынан шығын тартады.
Сатуға арналған қолда бар, әрқайсысы айрықша болып табылатын бағалы қағаздар үшін және сатуға арналған қолда бар әрқайсысы айрықша болып табылмайтын бағалы қағаздар үшін жиынтығында құнсызданудың объективті себептерінің бар екендігін бағалайды. Егер тексеру нәтижесінде Тәсім оның айрықша немесе айрықша емес екендігіне қарамастан бөлек бағаланатын бағалық қағаздың құнсыздануының объективті себептерінің жоқ екендігін анықтаса, мұндай бағалы қағаздар сатуға арналған қолда бар кредиттік тәуекелдігі ұқсас бағалы қағаздар тобына қосылады, және Тәсім сатуға арналған қолда бар мұндай бағалы қағаздар тобын олардың жиынтығында құнсыздану мәніне тексереді. Сатуға арналған қолда бар, құнсыздануына бөлек-бөлек сынақтан өткізілген, құнсызданудан келетін шығыны танылған немесе танылып жатқан бағалы қағаздар жинытығында құнсыздану мәніне тексерілетіндер қатарына енбейді.
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздануының объективті себептері болған кезде, құнсызданудан болған залалдың сомасы сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздың баланстық құны мен қарыз кепілдері және бағалы қағаздардың сыйақысының бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконтталған қамтамасыз ету бойынша дебиторлық берешекті есепке алғанда болжалды болашақ ақша ағындарының ағымдағы құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Ағымдағы экономикалық шарттарды мазмұндайтын тиісті шолу деректері негізінже түзелтілген контракт бойынша ақша ағындары және тарихи залалдар болжалды ақша ағындарын бағалау үшін негіздеме болады.
Кейбір жағдайларда бағалы қағаздың құнсыздануынан болған залал сомасын есептеу үшін қажетті мұндай шолу деректері шектеулі немесе ағымдағы экономикалық шарттарға толық көлемінде сәйкес келмейтіндей болуы мүмкін. Мұндай ахуал егер қарызгер қаржылық қиыгшылықтарға ұшыраған болса және ұқсас қарызгерлер бойынша жеткілікті деңгейдегі тарихи деректер болмаса, туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда залал сомасын құнсызданудан анықтау мақсатында Тәсім басшылығы өзінің тәжірибесі мен пікіріне сүйенеді.
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған барлық залал таза зейнетақы активтері туралы есепте танылады және егер өтелетін құнның кейінгі өсімі құнсызданудан болған залал танылғаннан кейін орын алған жағдайға объективті жатқызылуы мүмкін жағдайда ғана түзетіледі.
ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы
г) Құнсыздану (жалғасы)
(іі) Өзіндік құны бойынша есептелетін қаржы активтері
Өзіндік құны бойынша есептелетін қаржы активтері сатуға арналған қолда бар және әділ құны бойынша есептелмейтін, өйткені ол сенімді анықталуы мүмкін емес активтерге енгізілген нарқы белгіленбеген үлес құралдарынан тұрады. Егер инвестициялардың құнсызданатындығы жөнінде объектиівті себептер болатын болса, құнсызданудан болған залал инвестициялардың баланстық құны мен аталған актив бойынша кірістіліктің ағымдағы нарықтық мөлшерлемесі бойынша дисконтталатын болашақ болжалды ақша ағынының ағымдағы құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Аталған бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған барлық залалдар таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есепте танылады және түзетілмейді.
ж) Сыйақы түріндегі кірістер және шығыстар
Сыйақы түріндегі кірістер таза активтердегі өзгерістер туралы есепте олардың есепке алыну шамасына қарай, активтің немесе міндеттеменің тиімді кірістілігін немесе қолданылатын қозғалмалы мөлшерлемені есепке ала отырып, танылады. Сыйақы түріндегі кірістер дисконт немесе сыйлықақыдан, немесе проценттік құралдың бастапқы баланстық құны мен оның өтеу күнгі құны аралығындағы, сыйақының тиімді мөлшерлемесі бойынша есептелген басқа айырмашылықты құрайды.
е) Сыйақы түрінде есептелген кірістер
Сыйақы түрінде есептелген кірістер, оның ішінде есептелген купонды кіріс және амортизациялық дисконт таза зейнетақы активтері туралы есептің тиісті бабындағы баланстық құнына енгізіледі.
ж) Салымшылардың жарналары, зейнетақы аударымдары және жинақталған зейнетақы қаржатының төлемдері
Салымшылардың жарналары және басқа қорлардан түскен жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдары Тәсімнің настодиандық шотына жарналар мен аударымдар келіп түскен кезде есепке алынады. Жинақталған зейнетақы қаржатын төлеу және басқа қорлардан аударылған зейнетақы қаражаты Тәсімге зейнетақы заңнамасына сәйкес салымшының таблабы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу немесе оларды аудару талабы қойылған сәтте бейнеленеді.
ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы
з) Әзірге енгізілмеген жаңа стандарттар мен интерпретациялар
2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша кейбір жаңа стандарттар, стандарттарға түзетулер және интерпретациялар күшіне енген жоқ, сондықтан осы қаржылық есептілікті жасау кезінде қолданылған жоқ. Стандарттар мен интерпретациялардың деректерінің арасында төмендегілер Тәсімнің қызметіне ықтимал әсер етуі мүмкін. Тәсім аталған стандарттар мен интерпретацияларды олар күшіне енген сәттен бастап қабылдауды жоспарлайды. Тәсім бұл жаңа стандарттардың қаржы есептілігіне болжалды әсерінің қандай боларына талдау жасаған жоқ.
-
МСФО 7 Қаржы құралдары: ашылымдар, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастапқы кезеңдер үшін әрекет етеді. Стандарт Тәсімнің қаржы құралдарына қатысты үлкен ашылымдарды талап етеді.
-
БЕХС 1 түзетулер Қаржылық есептілік беру – капитал ышылымдары, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастапқы кезеңдер үшін әрекет етеді. Стандарт капитал жайындағы үлкен ашылымдарды талап етеді.
-
БЕХС 39 түзеутлер «Қаржылық құралдар: Опцион әділ құнды мойындау және бағалау», 2007 жылғы 1 қаңтардан бастапқы кезеңдер үшін әрекет етеді. Аталған өзгерту кірістер мен шығыстар арқылы әділ құн бойынша қаржылық құралдарды сыныптауды шектейді.
ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ
Жарналардың белгіленген мөлшері бар зейнетақы тәсімі
2005 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке ескертпе
4. Сыйақы түріндегі кірістер
|
2005
мың теңге
|
2004
мың теңге
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
|
1,844,212
|
2,648,555
|
Қазақстандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
|
1,817,175
|
717,870
|
Банктегі мерзімді салымдар
|
1,116,863
|
507,424
|
Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
|
320,386
|
205,154
|
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
|
137,770
|
192,838
|
Шетелдің эмитенттердің мемелекеттік емес борышты және үлестік бағалы қағаздары
|
83,367
|
163,491
|
Ипотекалық облигациялар
|
53,475
|
9,980
|
Кері РЕПО келісім-шарттары
|
39,666
|
9,295
|
|
5,412,914
|
4,454,607
|
Достарыңызбен бөлісу: |