Гормондардың ерекше белгілері


Қазіргі кезде гормондардың әсер етунің бірнеше жолдары бар



бет10/24
Дата29.12.2023
өлшемі1.11 Mb.
#488309
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Эндокринология ответы (копия)

Қазіргі кезде гормондардың әсер етунің бірнеше жолдары бар: тікелей, рефлекстік, орталық және шартты рефлекстік

  1. Гормондардың ұлпалар мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса жасуша мембраналарымен байланысқа түседі.

Мұнда:
а) ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферменті.Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адинозинмонофосфат арқылы циклді әсері дәлелдейді.
б) ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы: итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНК алмасуының және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.

  1. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай олардың қантамырлары мен ұлпалардың әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді.

  2. Гормондардың әсер етуінің үшінші жолы орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бұл жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарлату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.

  3. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты рефлекс әсерін байқауға болады.

Жасушааралық байланыс жүйелеріне эндокринді, паракринді және автокринді жатқызуға болады.

  1. Эндокриндік механизм – жасушааралық сигнализацияның көбірек зерттелінген тәсілі (гормон – эндокриндік бездерде синтезделінеді және қан ағынымен нысаналы-жасушаларда тасымалданылады).

  2. Паракриндік механизм - жасушалар сигналды молекулаларды жасап шығарады, олар сол ұлпаларда жақын көрші жасушаларды белсендіреді. Сигналды молекулалар қан ағынына түспейді. Бұл жараның жазыла бастауы, ұлпаның қайта қалпына келуі, эмбрионның даму процесстеріндегі сигналды берудің негізгі тәсілі болып табылады.

  3. Аутокриндік механизм - бұл жергілікті (локалді) қатынас -шектелген сигналдарға жауап беру механизмі. Жасуша өзіне меншікті сигналға жауап береді: ол сигналды молекуланы жасап шығарады және нақ осы лигандаға жауап беру үшін қажетті, өзінің беткейінде рецепторлары болады.



Гормондар – біріншілік хабаршылар (бастапқы хабаршылар) – жасуша мембранасының бетіндегі рецепторлармен байланысып, гормон-рецепторлық кешен түзеді. Бұл кешен екіншілік хабаршылардың жасушаішілік концентрациясын өзгерту арқылы біріншілік хабаршы сигналын түрлендіреді. Екіншілік хабаршылар: Циклдік AMP (cAMP), cGMP, инозитолтрифосфат (IF), диацилглицерол (DAG); Ca, NO (азот оксиді II)
Бастапқы хабаршылар: сыртқы ортадан жасуша үшін реттеуші (ақпараттық) сигналды тасымалдайтын молекулалар. Жасушадан тыс сигналдық молекулалар (бастапқы хабаршылар) қысқа және ұзақ қашықтықта әрекет етеді:
Қысқа қашықтық:
- жасуша мембраналарының тікелей жанасуы;
паракриндік сигнализация: кейбір жасушалар бір типті көрші жасушаларға әсер ететін сигналдық молекулаларды бөледі (сигнал молекулалары қанға енбейді);
автокриндік сигнализация – сигналдық молекуланың өзіне – жасуша өз бетінде алып жүретін осы молекулаға арналған рецепторлар арқылы берілуі.
Ұзақ қашықтық:
электр тогының синаптикалық берілуі синапста нейротрансмиттер/нейротрансмиттер шығарумен аксон бойымен сигнал;
эндокриндік сигнализация: химиялық сигнал (лиганд) – ішкі секреция бездерінде синтезделеді және қанға бөлінеді, ол арқылы лиганд мақсатты жасушаларға жеткізіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет