Грамматикалық талдау



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі272.5 Kb.
#205769
1   2   3

ІІІ Матасуға

Машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры солғын естіліп тұр./Ғ.Мұстафин/.

  1. Машиналардың гүрілі-есімді сөз тіркесі, матасу

  2. Ас үйдегілердің аяқ тықыры- есімді сөз тіркесі, матасу

Еркін тіркестің өрбіген күрделі түрлері болатындығын мына мысалдардан көруге болады:

Мұражайдың бастығы

Мұражайдың бастығының орынбасары

Мұражайдың бастығының орынбасарының кабинеті

Мұражайдың бастығының орынбасарының кабинетінің есігі

Мұражайдың бастығының орынбасарының кабинетінің есігінің алды.



ІҮ Қабысуға

Қабысу қиысумен, жанасумен сырттай ұқсас келеді.Мына кестеден байқауға болады.



Қабысу

қиысу

меңгеру

матасу

Күрделі сөз

Темір күрек

Мен оқушымын

Сөз сөйлеу

Біздің мектебіміз

Боз қырау

Биік тау

Ол-дәрігер

Балық аулау

Аудан әкімі

Торы ала

Тез кел

Біз ұқтық

Әңгіме айту

Мектеп директоры




Кестедегі мысалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы:

  1. Қабысу мен қиысудың бірінші сөздері арнайы тұлғасыз тұр. Бұл-сырттай ұқсастығы. Қабысуға алған сөздер қатар тұрып ешқандай қосымшасыз орын тәртібі арқылы байланысқан, ал қиысуда атау тұлғалы сөзбен екінші сөздегі жіктік жалғауы арқылы бастауыш пен баяндауыш байланысқан.Бұл-екуінің айырмашылығы.

  2. Меңгерудегі сөздер кейде қатар тұрғанда алдыңғы сыңарындағы жалғаулар түсіп қалып, қабысудың сыңарына ұқсайды. Бірақ меңгерудегі сыңарда жалғаудың барлығы аңғарылып тұрады. Хат жаздым. Хатты мен жаздым. Мен осы хатты жаздым.

  3. Матасу да кейде, жалғауы түсіп қалғанда, қабысуға ұқсайды, бірақ бұлардың матаса байланысқанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғаудан байқауға болады.Сондықтан бұл сырттай ғана ұқсастық.

  4. Күрделі сөздермен салыстырғанда күрделі сөздердің құрамындағы компоненттері мағыналық жағынан тұтас бір сөздің баламасы ретінде жұмсалатынын, орны тұрақты ауыстыруға да, арасына сөз салуға да келмейді.

  5. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орындары бірде еркін болса,бірде тұрақты болатынын және оның құрамындағы сөздердің барлық сөз табынан келе беретіндігін мысал арқылы түсіндіру қажет. Мысалы, жұмысшы адам/зат есіммен зат есім/, қызық кітап /сын есім мен зат есім/, жиырма бес күн/сан есім мен зат есім/, бұл қала /сілтеу есімдігі мен зат есім/, оқыған адам /есімше мен зат есім/, үлкен қаладағы /сын есім мен сын есім/.

Жиырма жігіт суға қарғып-қарғып түсе қалдық. (диктанттар жинағы)

Талдау

  1. Жиырма жігіт-есімді сөз тіркесі, қабысу.

  2. Суға түсе қалдық-етістікті сөз тіркесі, меңгеру

  3. Қарғып-қарғып түсе қалдық-етістікті сөз тіркесі, жанасу

Суық жел киіз үйде отырған ауылдарды тегіс бүрістірді. /М.Ә./

Талдау

  1. Жел бүрістірді.-3-жақ жіктік жалғау арқылы сөйлем ыңғайындағы қиыса байланысу.

  2. Суық жел-орын тәртібі арқылы байланысқан есімді қабысу.

  3. Киіз үйде-орын тәртібі арқылы байланысқан есімді қабысу.

  4. Үйде отырған-жатыс септігі арқылы байланысқан етістікті меңгеру.

  5. Отырған ауыл-орын тәртібі арқылы байланысқан есімді қабысу.

  6. Ауылдарды тегіс бүрістірді-табыс септік жалғауы арқылы байланысқын етістікті меңгеру.

  7. Тегіс бүрістірді- орын тәртібі арқылы байланысқан етістікті жанасу. –орын тәртібі арқылы байланысқан етістікті жанасу.

Жай сөйлемдерді талдау

Сөйлемді мүшелеп талдауға көшпес бұрын оқушылар сөйлем туралы алған әрі практикалық, әрі теориялық білімдерін төмендегі кестеге жинақтап береміз де , талдау үстінде бұлардың ескеріліп отыратындығы көзделеді.

1 кесте Құрылысына қарай

2 кесте Құрамына қарай




3 кесте Айтылу мақсатына қарай

4 кесте Құрамына қарай



5 кесте Байланысу тәсілдеріне қарай


Сөйлемді талдауда оқушылардың дағдысы қалыптасқан кезде , қайталау, пысықтау кездерінде көрсетілген кестелерді біріктіріп, төмендегідей бір кесте етіп, сөйлемнің түрлеріне қарай талдауды соның негізінде жүргізіп отыруға болады.


6 кесте

Бұл жай сөйлемдерді талдаудың ең алғашқы баспалдағы, жартылай талдау.



1. Мен оған мамыр айының бір көңілді күні келген едім.

Талдау

Сөйлем хабарлы, жайылма, толымды, жай сөйлем. Осыны тарата, түсіндіре талдасақ:

Айтылу мақсатына қарай-хабарлы сөйлем. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай-жайылма /өйткені тұрлаулы мүшелерден басқа да тұрлаусыз мүшелер бар/. Тұлғасы жағынан –жақты/бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысып келген/, толымды /айтылған ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел қатысқан/.

Талдаудың қай түрін жүргізсек те, көп сөзділікке жібермеу керек. Себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог көпке созылып, талдаудың басқа түрін жүргізуге уақыт жетпей қалады. Одан құтылудың жолы жеке мәселелер төңірегінде бірер сұрақпен шектелу.

-Бұл сөйлемді неге жақты дейсің?

-Мен бастауышы мен келген едім баяндауышы І жақта , жекеше жіктік жалғауы арқылы қиысып тұр.



2. Тағы бір пьеса жайында айта кетуге болатын шығар./Р.Ғамзатов/

Талдау

Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымды, жай сөйлем.

-Неге жақсыз сөйлем дейсің?

-Бұл сөйлемде бастауышы жоқ және оның қажеттігі болып та тұрған жоқ.. Баяндауышы арқылы табуға да болмайды.



3. Біздің тіліміз өте бай. Сіздер оны бұрмалап бүлдірмеңіздер, балаларды да соған үйретіңіздер.

Талдау

Екінші сөйлем бұйрықты, жайылма, жақты, толымды жай сөйлем.

-Бұл неге бұйрықты сөйлем?

-Мұнда тілді бүлдірмеуге, балаларды үйретуге ұмтылдыру мағынасы бар.

-Лепті сөйлемнен айырмашылығы қандай?

-Лепті сөйлем болса, көтеріңкі әуен болар еді, мұнда ондай интонация жоқ.



4. Түн. Қойлы ауылдың қотаны.

Талдау

Бұлар атаулы сөйлемдер.

Бұдан кейін жай сөйлемді талдаудың негізгі басқышы-мүшелеп талдау.

Сөйлем мүшесі әр жақтан қарастырылады. Оның бастысы сөйлем мүшесінің құрылысы, қызметі, сұрауы және басқа мүшелермен ара қатынасы. т.б.

Сөлем мүшесіне қарай дұрыс талдау ретін оқушылар біле бермейді.Себебі:


  1. Егер сөйлем талдаса, талдап отырған сөзге ғана сұрау қояды, яғни оның басқа сөзбен байланысын ескермейді.

  2. Кейде сөйлем талдаса, бүкіл сөйлемді қайталап барып сұрақ қояды.

  3. Сөйлемді мүшелеп талдаудың ең алдымен сөйлем ішінен қай сөйлем мүшесін табуды, яғни ретін, жүйесін біле бермейді.

Сұрақ қоюдың ең дұрыс жолы-сұрауды өзі қатысты мүшемен байланыстыра қою. Мысалы, Ол Алматыдан келді –деген сөйлемге сұрау былай беріледі.

  1. Ол не істеді?-келді.

  2. Кім келді?-Ол.

  3. Қайдан келді?-Алматыдан.

  4. Екінші, бастауышпен қоса баяндауыштың сұрауын қойып, баяндауышты тауып алу керек, содан кейін баяндауышпен қоса бастауыштың сұрауын айтып, бастауышты тиянақтап аламыз.Талдауды бұндай ретпен жүргізудің басты себебі-баяндауыштың сөйлемді аяқтап, тиянақтап тұруында. Жай сөйлемнің баяндауышын табу онша қиын емес. Оның үстіне баяндауыштың орны да біршама тұрақты-ол сөйлемнің соңында келіп, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл бір.Екінші, атаулы сөйлемді, кейбір диалогты сөйлемдерді ескермегенде баяндауышсыз сөйлем болмайды, ал бастауыш кейде сөйлемде болмауы да мүмкін./жақсыз/ Сондықтан да талдауды баяндауышты табудан бастап, әрі қарай сөздердің сөйлемдегі грамматикалық байланысының негізінде белгілі болған мүшеден белгісіз сөзге сұрақ қою арқылы жүргізу қажет.

Мысалы, Қаракөздің аулына амандасып қайтқалы Әзімхан келген. /М.Әуезов/

Сұрауы:


  1. Әзімхан не істеген?-келген-баяндауыш.

  2. Келген кім?-Әзімхан-бастауыш.

  3. Қайда келген?-аулына-мекен пысықтауыш.

  4. Кімнің аулына?-Қаракөздің-анықтауыш.

  5. Не мақсатпен келген?-амандасып қайтқалы-мақсат пысықтауыш.

Мұндай сұрақтарды ықшамдап қойып, жауапты да қысқа беру қажет.Жоғарыда көрсетілгендей сөйлемнен ең алдымен баяндауышты сұрақ қою арқылы тауып, сосын бар болса бастауышты тауып, осы тұрлаулы мүшелерден сөйлемдегі жеке сөздердің байланыс бағыты негізінде белгілі болған сөзден белгісіз сөзге сұрақ қою арқылы басқа мүшелерін айқындаймыз.

Жазбаша талдауда сұрақты ауызша қойып, жауабын жазбай-ақ, шартты белгілермен әрбір сөйлем мүшесін сызып көрсетуге болады. Шартты белгілер төмендегідей:

Бастауыш
Баяндауыш

Толықтауыш _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Анықтауыш

Пысықтауыш _ . _ ._ . _ . _ . _ . _ . _ . _ . _




Аталған жерлерде қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен. /М.Әуезов/

Талдау Хабарлы, жайылма, жақты, толымды жай сөйлем.

1.Қонақ үйлер, ас үйлер не істелген?-тігілген екен-күрделі баяндауыш, тігілген-есімше, негізгі ет., екен-есімше, көмекші етістік.

2. Не тігілген екен ?- қонақ үйлер де, ас үйлер де –бірыңғай күрделі бастауыштар зат есімнен жасалған.

3. Қайда тігілген?- жерлерге-мекен пысықтауыш, барыс септіктегі зат есім.

4. Қай жерлерге?-аталған-есімшеден болған анықтауыш.

Ашыққан жылқы кетпендей тұяғымен қалың қарды бұрқ-бұрқ лақтырады. /Ғ.Мүсірепов/

Талдау

Хабарлы, жайылма, жақты, толымды жай сөйлем.

1, Жылқы қайтеді?-лақтырады-етістіктен болған баяндауыш.

2. Не лақтырады?-жылқы-зат есімнен болған бастауыш.

3. Нені лақтырады?- қарды-табыс септіктегі зат есімнен болған толықтауыш.

4. Немен лақтырады?-тұяғымен-жанама толықтауыш.

5.Қалай лақтырады?-бұрқ-бұрқ-қайталанған еліктеуіш сөзден болған қимыл-сын пысықтауыш.

6. Қандай жылқы-ашыққан-есімшеден болған анықтауыш.

7. Қандай қарды?- қалың-сапалық сын есімнен болған анықтауыш.

8. Қандай тұяғымен?-кетпендей-туынды сын есімнен болған анықтауыш.



Құрмалас сөйлемді талдау

Құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері мен түрлерін төмендегі кестелер арқылы еске түсіріп, қысқаша шолу жасаймыз.

1 кесте Құрмалас сөйлем

2 кесте Салалас құрмалас


Ауызша пысықтау үшін салалас құрмаласқа мына секілді сұрақтар қоюға болады:



  1. -Құрмалас сөйлемнің қандай түрін салалас құрмалас дейміз?

-компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация, жалғаулық шылаулар арқылы байланысып, баяндауыштары тиянақты формада келген құрмаласты салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Іс бітті, қу кетті./Крылов/ Талап қою бар да, қаталдық бар. /Б.Момышұлы/

2. Салалас құрмаластың қандай өзіндік белгілері бар?

А) Салаластың құрамындағы компоненттерінің баяндауыштары тиянақты болады. /Үш жақтың бірінде тұрады/

Ә) Салаластың компоненттері жеке-жеке сөйлем бола алады.

Б) Салаластың құрамындағы сөйлемдер өз ара жалғаулық шылаулар, интонация, орын тәртібі арқылы байланысады.

3. Салаластың мағыналық түрлерін ата.

В) Олар: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулықты, кезектес, түсіндірмелі, болып бөлінеді. Осы тәрізді сұрақтар арқылы қайталауға болады.

Қар есіліп кетті, жер дүрілдеп ерте көктей бастады. /Т.Сланов/

Талдау


  1. Сөйлемнің түрін анықтау. /жай, құрмалас/Компоненттерін сабақтас болса, бағыныңқы, басыңқы сыңарларын айқындап, әрбір компонентті сөйлем мүшелеріне қарай талдап, шартты белгілермен көрсету керек.

  2. Жалғаулықсыз, ыңғайлас салалас, құрмалас сөйлем.

  3. Сұрақ –жауап әдісін жүргізіп отырамыз.

-Неге құрмалас?

-Бұл сөйлемнің құрамында екі жай сөйлем бар, күрделі ойды білдіріп тұр.

-Неге салалас?

-Мұндағы компоненттерінің баяндауыштары тиянақты болып тұр.

-Неге жалғаулықсыз?

- Компоненттері еш жалғаулықсыз ыңғайластық мағынада байланысқан.





Таяқ тиген жер жаныма батып барады, алайда сыр берген жоқпын. /Б.Момышұлы/

Талдау

Жалғаулықты, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

-Неге қарсылықты дейсің?

-Бірінші сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі ойға қарама-қарсы айтылып тұр.

-Неге жалғаулықты?

-Компоненттері алайда жалғаулығы арқылы байланысқан.

Сабақтас сөйлемнің формалық ерекшелігі-оның бағыныңқы компонентінің баяндауышы тиянақсыз болатындығы.Оны мына кестеден көруге болады.

.
Осы кестелерден бұл екі сөйлемнің екі түрлі жолмен құрмаласып тұрғандығын байқауға болады.1. Сөйлемдер тең дәрежеде байланысқан.2. Бірінші сөйлем екінші сөйлемге бағына байланысқан. Сабақтас құрмалас сөйлемнің оқушыларға қиындық келтіретіні-оның түрлері. Мұнда ең алдымен, басыңқыдан бағыныңқыға қарай сөйлем мүшесі сияқты сұрақ қойылатынын ескертіп алу керек. Мысалы, Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады. /Ұ. Бағаев/ деген сөйлемге «Қайтсе ол әнімен қосылады?»- «Қонағы домбыра тартса»-деп талдап көрсету керек.

3 кесте Сабақтас құрмалас сөйлем



Мағынасына қарай

Мысалдар

Шартты бағыныңқылы

Мен саған сенбесем, /қайтсем?/ бұл сырды айтпас та едім ғой. /Ә.Әбішев/

Қарсылықты бағыныңқылы

Амантайды Балтабек танығанымен, /қайткенмен?/ Ботакөз танымайтын еді.

Себеп бағыныңқылы

Кеш тым ыстық болғандықтан, /не себепті?/ жұрт әдеті бойынша далаға шығып отырған секілді. /І.Есенберлин/

Мезгіл бағыныңқылы

Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, /қашан?/тұла бойым тік тұрды.


Қимыл-сын бағыныңқылы

Құс жоғары-төмен ұшып,/қалай?/ бір қанатын

сабалап қаша берді.




Мақсат бағыныңқылы

Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып,/не мақсатпен?/ аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді. /М.Әуезов/


4 кесте Аралас құрмалас сөйлем




Салалас+сабақтас+салалас

сабақтас+ салалас +салалас

сабақтас+салалас +сабақтас+салалас

салалас+сабақтас сабақтас +салалас

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қаурыт еріп еді, сай- салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан шайдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалды.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.

5 кесте

Көп құрамды құрмаластың түрі

Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

Салалас+ салалас

+ салалас



Құрамындағы барлық жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болады.

Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Жарыспалы к.б.с.қ.

сабақтас+сабақтас

+салалас



Саб, саб, сал.



Күн жылы болғандықтан, шанамызды алып, далаға кеттік.

Сатылы к.б.с.қ.

сабақтас+ сабақтас+

салалас




Саб, саб, сал.


Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

сабақтас+ салалас

+салалас

Саб, сал, сал.



Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.




Аралас құрмалас сөйлем




сабақтас+ салалас

+салалас

Саб, сал, сал



Ол ретін тауып бастықпен сөйлесіп еді, жоспарларын бекітпей қойды.

Тапсырма. Берілген үлгіге сүйене отырып, сөйлемнің графикалық моделін құрастырыңыз. Үлгі: Бұл ауыл биыл жайлауға жылдағыдан ерте көшті.



ауыл көшті

Бұл

биыл жайлауға жылдағыдан ерте

Күзектің суық, сұрқыл жүдеу күні бүгін Қшамада отырған Тәкежен ауылының үстінде тұр.

Мақсаты – графикалық модель құра білуге үйрету. Нәтижесінде сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем талдаудың ретін үйренеді. Әр сөзге сұрақты дұрыс қоя білуге дағдыланды.

Өздік жұмыстың түрлері тақырыпқа байланысты түрлендіріліп беріліп отырылды. Мәтін, реферат тақырыбы бойынша жоспар жасау; мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жоспар құру; еңбектерді жинақтап картотека жасау (сөз тіркесі немесе жай сөйлем синтаксисі бойынша т.б.); синтаксис саласы бойынша тезаурус құру; ғалымдардың еңбектері мен жарияланған мақалалар бойынша қысқа тезис дайындау; синтаксистің тіл білімі салаларымен байланысын көрсету т.б. жұмыстар іске асырылды.

Мәтіндерді рефераттауды танымдық тұрғыдан үйрету студенттердің

репродуктивті-продуктивті дағдыларын қалыптастырумен қатар, тек академиялық мәтіндерді ғана ғана емес, сонымен бірге кәсіби-танымдық, әлеуметтік (әлеуметтік-саяси, әлеуметті-мәдени) сипаттағы мәтіндерді түсінулерін жеңілдетті.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Исаев С.М. «Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері», А.,1985ж.

  2. М.Шәбжантайқызы «Ана тілім-азығым, адастырмас қазығым», Көкшетау,2002.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет