Реферат тақырыбы
1. Мұхаммед – ислам мен халифаттың негізін салушы
2. Ислам дәірінің жаңа кезеңі. Хиджра
Бақылау сұрақтары
1.Ислам дінінің пайда болуы
2.Ислам дінінің пайда болуының әлеуметтік-экономикалық идеялық алғы шарттары
3.Мұхаммед және оның исламды құру мен оның дамуындағы ролі
Тест сұрақтары
1.Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген жылдар
а) 570 ж. 29 тамыз – 632 ж. 6 маусым
б) 570 ж. 19 тамыз – 632 ж. 16 шілде
в) 570 ж. 19 маусым – 632 ж. 23 тамыз
г) 570 ж. 9 тамыз – 632 ж. 26 тамыз
2.Мұхаммед пайғамбардың 20 жыл бірге өмір сүріп 4 қыз 3 бала көрген әйелі
а) Хадиджа
б) Фатима
в) Бибі Ханым
г) Айша
3.Хижра жылы
а) 622 ж.
б) 712 ж.
в) 652 ж.
г) 522 ж.
4.Мұхаммед пайғамбар қайтыс болды
а) 632 ж. Медина қаласы
б) 632 ж. Мекке қаласында
в) 622 ж. Дамаск қаласында
г) 612 ж. Каир қаласында
12- тақырып
ИСЛАМ ДІНІНІҢ УАҒЫЗДАРЫ, МҰСЫЛМАН МЕЙРАМДАРЫ
1. Құран – Кәрім
2. Мұсылман мейрамдары
3. Исламдағы негізгі бағыттар
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. – Анкара, 1999 ж.
2.Ғ. Есім. Хакім Абай. – Алматы, «Ғылым», 1994 ж.
3.Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. – Алматы, «Мұраттас», 1993 ж.
4.Әбсаттар Дербісалиев. – Алматы, «Рауан», 1995 ж.
5.Ыбырай Алтынсарин. Мұсылманшылықтың тұтқасы. – Алматы, «Қазақстан», 1991 ж.
6.Мұхаммед пайғамбар, өмірі мен қызметі. – Алматы, «Жазушы», 1991 ж.
7.Алла тағаланың 99 көркем есімі. Имам ағзам кітабы, - Алматы, 1997 ж.
8.Халифа Алтай Ғақыпұлы. Ғибадатул – ислам. - Алматы, «Берен», 1994 ж.
Ислам – адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары жиырма үш жыл бойында Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған.
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран – Каримдегі (Қасетті Құран) аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.
Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы – оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі – Алладан басқа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші – Мұхамедтің (ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екендігіне сену. Сондықтан “Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның елшісі, араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ мұхаммадүр – Расулүллаһ,” – деген мүбарак қағиданы тілмен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып саналады. Бұл сенімді (символды) Има, сенушіні Мүһмин деп атайды.
Діни мейрамдарға Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл-қадр” – қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – ҚұранКәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.
Ислам төрт халифті - Әбу-Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді деп бөліп атайды. Бұл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған қайраткерлер, кәміл мұсылмандар. Осы халифтер тұсында ислам Египетке, Сирияға, Иракқа, Ливияға, Иранға, т.б. елдерге тарады.
Ислам елдерінде жихад жайында негізгі бес қағида орныққан. Оның жоғарғы нысаны – рухани жихад. Мәні - өзін-өзі Алла жолына әзірлеу. Екінші – найза жихады. Ол – дінсіздермен күрес. Осы күресте шейіт болғандар жаннаттан орын алады. Үшінші – жүрек жихады. Ол - өзінің ерсі қылықтарымен күрес. Төртіншісі тіл жихады – тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін күрес. Яғни, жихад – қару алып күрес ғана емес, негізінен рухани күрес әрі адамның өзін өзі жақсы істерге дағды алуына тәрбиелеуі үшін күресі.
Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі – имамиттер. Олардың пайымдауларынша Али тұқымының он бірінші имамы әл-Хасан әл-Аскари (873 ө.ж) дүниеден өткен соң, он екінші имам болып таққа соңғы имамның жасөспірім баласы Мұхаммед отырады, өкінішке орай ол көп ұзамай жоғалып кетеді, кейбір риуайаттарда жасырынып қалады. Оны “жасырын” имам-махди деп атайды. Тарихта бұл жасырын имамға деген сенім талай секталардың дүниеге келуіне негіз болады.
Осымен қатар шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Оны олар “такийа” – деп атайды. Такийаның қаталырақ түрдегі нысаны сунниттіктерде де кеңінен қолданылады. Сунниттіктердің айтуларынша егер адамға діні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады. Сонымен қатар сунниттіктер шийттіктерде қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де мойындамайды. Бұдан басқа бұл екі бағыттағылардың ғұсыл алуда, дәрет алуда, намаз оқуда және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде өзіндік айырмашылықтары байқалады.
Реферат тақырыбы
1. Құран – Кәрім
2. Исламдағы негізгі бағыттар
Бақылау сұрақтары
1.Құрбан айт мейрамы
2.Ораза айт мейрамы
3.Ислам дінінің уағыздары. Құран.
4.Карим және хасидизм жіктігі
Тест сұрақтары
1.Мұхаммед ислам дінін неше жасында уағыздай бастады?
а) 40 жасында
б) 35 жасында
в) 45 жасында
г) 50 жасында
2.Мұхаммед өзінің әскерімен Мекке қаласын қай жылы бағындырды?
а) 630 ж.
б) 632 ж.
в) 622 ж.
г) 610 ж.
3.Әли Халиев негізін қалаған діни ағым
а) Шиға
б) Сүннә
в) Мұғтәзиләилер
4.Исламның хрситтиан дінінен айырмашылығы?
а) нақты нормалардың этикасы
б) жалпы принциптердің этикасы
в) ізгілік этикасы
г) құдайдың жалғыздығы жөніндегі идея
5.Ислам дінінің қасиетті кітаптары?
а) Құран,Сунна
б) Құран.Інжіл.
в) Інжіл,Сунна.
г) Әдеби кітаптар
13- тақырып
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ДІНДЕР
1. Будда діні
2. Христиан діні
3. Ислам діні
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Аюпов Н.Г. Тенгрианство. – Алматы, 1998 ж.
2.Мұртаза Жүнісұлы Бұлтай. Будда. – Алматы, 2000 ж.
3.Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. – Анкара, 1999 ж.
4.Ғ. Есім. Хакім Абай. – Алматы, «Ғылым», 1994 ж.
5.Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. – Алматы, «Мұраттас», 1993 ж.
6.Әбсаттар Дербісалиев. – Алматы, «Рауан», 1995 ж.
7.Ыбырай Алтынсарин. Мұсылманшылықтың тұтқасы. – Алматы, «Қазақстан», 1991 ж.
8.Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. – Алматы, «Қазақстан», «Ғақлия», - 1991 ж.
9.Шәкәрім Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты. – Алматы, «Қазақстан» , 1993 ж.
Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе II-III ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағыздаушылары белсенді әрекеттер жаады. Бірақ, будда дінінің VI ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VII ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VI ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның өз сарайында соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.
Қазақстанның территориясында христиандықтың пайда болуы туралы деректер V-VI ғасырларға жатады. Бұл кездері Қазақстанда несториандық кеңінен тарағаны аталады.
IX-X ғасырларда Жібек жолымен өтетін христиан миссионерлерінің белсенділігі байқалды. Көне жәдігерліктер бізге Тараз және Мерке қалаларында христиан шіркеулерінің болғандығынан мәліметтер береді. Обаларды қазғанда христиан тәртібімен қойылған мүрделердің көптеп табылуы да христиандықтың айтарлықтай тарағанын дәлелдейді. Бірақ бұл процесс X-XI ғасырдан соңғы кезде бірталай уақытқа толас алды: ислам батыл еніп, шіркеулер мешітке айнала бастады.
Қазақстандағы христиан мәдениеті. Қазақстан – ғажайып ел. Мұнда 130-дан астам халықтар мен ұлттардың өкілдері тұрады. Осылардың әрқайсысы республиканың ортақ мәдениетіне өздерінің айтулы үлестерін қосты. Сонымен қатар, мемлекетті құраушы қазақ халқы осы сан алуандық арасында көмексі тартпай, керісінше мәдени мұраларын құрметпен сақтап, мәдениеттің жаңа биіктеріне көтерілді.
Осы мәдени қазыналарды жасауда православиенің де айтулы орны бар. Соның бір мысалы – Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборы. Шіркеу құрылысының тамаша үлгісі болып табылатын бұл собор кеңестер билігінің кезінде түрлі мекемелерге, қолдан қолға беріліп келген еді. 1995 жылы ол Республика президентінің жарлығымен христиандарға қайтарылды.
Орыс православие шіркеуі, әсіресе Астана-Алматы епархиясы тегін концерттер ұйымдастырып, православие діни музыкасын насихаттауға үлкен мән береді.
Орта Азия және Қазақстанның территориясында Ислам VII-ғасырдың екінші жартысында Омеядтық халифа Мауави Ибн-Суфияның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүсілім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан төңірегінде Исламның орнығуына Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751-ші жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді.
Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Ислам біздің территориямызда Алтын орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Береке (1255-1266ж) ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғасырларда әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.
Алдымен ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы Ислам мәдени орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар қалалармен көршілес орналасқандықтан үнемі тығыз мәдени-экономикалық байланыста болды. Біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабындағы сунниттік бағыты. Бұдан әрі Исламның дамуы араб елдерінен келген миссионерлердің ықпалымен болды.
Реферат тақырыбы
1.Қазақстандағы христиан мәдениеті
2.Қазақстанның территориясында Ислам діні
Бақылау сұрақтары
1.Исламның Орта Азия мен Қазақстанға таралуы.
2.Православия діні
3.Католик діні
Тест сұрақтары
1.Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерінде кеңінен тараған көне дін
а) Шаманизм
б) Анимизм
в) Фетишизм
г) Тотемизм
2.Будда дінінің неше ағымы бар?
а) 3
б) 4
в) 2
г) 5
3.Будда діні Үндістаннан қашан ығыстырылып шығарылды
а) б.з. Х ғ.
б) б.з. ХV ғ.
в) б.з. ХІ ғ.
г) б.з. ХІІІ ғ.
14- тақырып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ
1. ҚР дін және еркін ойлау
2. Меннониттер, “Кришна санасы қоғамы”
3. ҚР баптистер, иегово куәләры
4. Пятидесятниктер, жетінші күн адвентистер
5. Пресвитериандық., жаңа апостол
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Өсерұлы Нұралы. Мұсылмандық қағидалары. - Алматы, «Өнер», 1994 ж.
2.Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері. - Алматы, «Жазушы», 1994 ж.
3.Ғ. Есім, А. Артемьов, С. Қанаев, Г. Білалова. Дінтану негіздері. – Алматы, 2003 ж.
4.Любимов Л. Батыс Европа өнері.-Алматы,1989 ж.
5.12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы».-1976 ж.
6.Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. – Алматы, 1997 ж.
Діни жағдай. адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конститутциясының 22-бабында былай делінген: “Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.” Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2030” деген Қазақстан халқына жолдауында: “Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ,”-деген болатын.
Меннониттер. Бұл діни ағымның негізін салушы католик священнигі Менно Симонс. Ол анабаптистерге (грекше дінге қайтара енгіземін, екінші қайтара шоқындырамын) өтіп, өмір шындығын мойындау, қиянат жасамау принциптеріне негізделген өз қауымын құрды. Кейінірек меннинизм принциптері “Біздің ортақ христиан дініміздің бас статьяларының декларациясы” деген құжатта (1632 ж.) нақтыланды.
“Кришна санасы қоғамы”. Қазір әлемде индуизмнің “Кришна санасы қоғамы” деген діни ағымды айтарлықтай тарап отыр. Оның шығу тарихы қандай және ол нені уағыздайды?
Кришнашылар үшін мантра – еркіндік беретін, ойды күдіктен арылтатын “трансцедентальді дыбыстар комбинациясы”. Басты мантра болып саналатын “маха-мантра” ертедегі “Ведаларда” жазылған болатын. Ол бас-аяғы он алты сөзден тұрады. Кришнашылар оларды күн сайын және үсті-үстіне қайталап айтып отыруы керек.
Қазақстанға ең кейін келген – баптистер. “Баптист” гректің “шомылдырамын” деген сөзінен шыққан. Олар республикада XX ғасырда ғана пайда болды.тұңғыш баптист қауымдары Голландия мен Англияда XVII ғасырда пайда болды. Кейіннен Америкаға тарады. Қазір ол АҚШ-та христиан конференциялары мен деноминациялары ішінде жетекші орында. Баптизм Европаға XIX ғасырда тарай бастады.
Иегово куәләрі – қазірде жылдам жетіліп келе жатқан шіркеулердің бірі. Діни ағым XIX ғасырдың екінші жартысында адвентизмнің бұтағы ретінде АҚШ-та пайда болды. Бастапқыда Інжілді зерттеушілер деп аталды. Орталығы – АҚШ-тағы Бруклин орталығы деген ұйым. Екі жүзден астам елде жұмыс істейтін жүзге жуық филиалы бар. “Сторожевая башня” және “Пробудитесь” деген журналдары 160 тілде миллиондаған тиражбен шығарылады.
Жетінші күн адвенистері. Бұл дінге сенушілер жетінші, мейрам күні жексенбі емес, сенбі деп сенеді. Бұл күні жұмыс істеуді былай қойғанда, ас жасауға да тыйым салынады. Адвенистерге лас жануарлардың (шошқаның) етін жеуге, шарап, кофе, шай ішуге, шылым шегуге болмайды. Қауымның әр мүшесі өзінің кірісінің оныншы бөлігін шіркеуге бөлуге міндетті.
Пресвитериандық республикада негізінен американдық және кореялық миссионерлердің үгітімен соңғы жылдары ғана пайда бола бастады. Бұл – XVII ғасырда Шотландия мен Англияда король және англикан шіркеуінің абсолютизміне қарсылық ретінде туған кальвинизмнің бір ағымы. Оның басты принциптері Вестминистр дін уағызында (1648) нақтыланған. Пресвитерандар адамдарды күнә үшін жаралған, бәрі тағдырдың жазуынан деп сенеді. Құлшылық рәсімдері өте қарапайым. Қауымдарын пресвитер мен пастордан тұратын консисторилер басқарады. Қазақстанда 20-дан астам өздігінен қызмет қылатын пресвитер құрылымы бар.
Жаңа апостол шіркеуі республикада 1991 жылы пайда болды. Оның негізін салған – неміс дін уағыздаушылары. Шіркеу қатаң орталықтандырылған. Қауымдар Ақмола облысындағы Алексеевка селосындағы республикалық орталыққа бағынады. Ол елуден астам қауымды біріктіреді.
Реферат тақырыбы
1. ҚР дін және еркін ойлау
2. Меннониттер, “Кришна санасы қоғамы”
Бақылау сұрақтары
1.Протестант діні
2.Иогованың куәлары
3.Баптизм
Тест сұрақтары
1..XVI ғ. Батыс еуропада пайда болған діни ағым
а) Протестант
б) Католик
в) Православие
2..Әке – құдай, Бала құдай, Рух құдайдың бірлігіне арналған діни мейрам
а) Троица
б) Пасха
в) Рождество Христова
3.Өлмейтін жеке «жан» дегенге сенетін дін
а) Джайнизм
б) Сикхизм
в) Даосизм
г) Зороастризм
15- тақырып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ДІНДЕР
1. Ахмадийа қауымы
2. Бахаизм
3. “Ақ ағайындар”
4. Саенталогия
5. Бірігу шіркеуі
6. Соңғы өсиет шіркеуі
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Алла тағаланың 99 көркем есімі. Имам ағзам кітабы, - Алматы, 1997 ж.
2.Халифа Алтай Ғақыпұлы. Ғибадатул – ислам. - Алматы, «Берен», 1994 ж.
3.Өсерұлы Нұралы. Мұсылмандық қағидалары. - Алматы, «Өнер», 1994 ж.
4.Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері. - Алматы, «Жазушы», 1994 ж.
5.Ғ. Есім, А. Артемьов, С. Қанаев, Г. Білалова. Дінтану негіздері. – Алматы, 2003 ж.
6.Дәуітұлы Сәрсенбі. «Диуани Хикмет» хақында. – Алматы, 1998 ж.
7. М. Үсенов, С. Үсенов. Дінтану. – Алматы, 1995 ж.
Ахмадийа қауымы. Исламның бұл “жаңа” дінінің негізін салушы – Мирза Ғұлам Ахмед Кадиани (1835-1908). Құран мен мұсылман дәстүріне құрылған оның ілімі мұсылман, христиан және басқа да діндегілерге бағышталады. Ахмадийа Құранның идеясын жаңаша түсіндіру мақсатын көздеді.
Ғұлам Ахмедтің идеясының негізгі - өлгеннен кейін адамда қайтадан дене және жан пайда болады. Осылайша жаңарған күйінде Қиямет қайымға да жетеді. Содан кейін ғана тамұққа немесе жұмаққа барады. Тозаққа барғандағы азаптың өзі мәңгілік емес, себебі күнәкарлар тозаққа азапталып күнәсін жойған күні жұмаққа қайтарылады. Сонда о дүниедегі ғұмыр жарық дүниедегі рухани өсіп-жетілудің жалғасы ретінде танылады.
Бахаизм. Бұл діннің пайда болғанына бір жарым ғасыр шамасы болды. Оған бес миллионнан астам адам сенеді. Британ энциклопедиасының мәліметі бойынша Бахаи халықаралық қауымдастығы үкіметтік емес халықаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымында кеңесші дәрежесінде тіркелген.
Бахаилер күнделікті рухын жетілдірумен айналысады. Олар адамзаттың прогресі қоғам мүшелерінің рухани дүниесіне тікелей тәуелді деп санайды. Сондықтан қоғамның әр мүшесінен адамшылықтың ең жоғары өлшемдеріне сай өмір сүру талап етіледі.
Бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісі Қазақстанда 1944 жылы тіркелді. Елімізде бүгінде 82 қауым бар. Оның 22-сі жергілікті рухани мәжіліс дәрежесінде.
“Ақ ағайындар” өздерінің ілімін христиандықтың жаңа үлгісі деп мәлімдеді. Інжілді жоққа шығарып, оның орнына Мария өзі дайындаған “Хабарын” ұсынды. Жаңа және Көне өсиеттерге “Соңғы өсиет” дегенді қосты. Мария: “Мен жер бетіне ақырзаманның хабаршысы ретінде келдім, жер беті күнәға батты, ол майып болады, тек маған ерген 144 мың адам ғана тірі қалады, олар ақырзаманның соң жер басқа орбитаға ауысқанда пайғамбар-адамдар әулетін құрап, мың жасайды, бір-бірімен телепатия арқылы хабарласа алады”, - деп уағыздады. Осының бәрімен мистикалық Каббала иісі аңқып тұрды. Соған қарамастан жастар топ-топ болып келді.
“Ақ ағайындар” қозғалысын қолдаушылар бастапқы кезде Қазақстанда да болды. Бірақ, сот процесінен кейін оның беделі төмендей бастады.
Сенатология. Сеантология немесе Наукология шіркеуі 50-ші жылдардың орта кезінде АҚШ-та пайда болды. Оның негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Хаббард журналист ретінде әлемнің көп жерлерін аралады. Кейін жазушылықпен айналысты. Осы кәсіптері арқасында адам табиғатын терең зерттеді. Зерттеулерінің нәтижесін “Дианетика: ақыл-ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты еңбегінде қорытындылады. Осы еңбегі соңында Сеантологияға негіз болды. Жаңа дін өзі пайда болған XX ғасырдың ішінде көптеген қолдаушылар тапты.
Бірігу шіркеуі. Толық аталуы – Дүниежүзі христиандығын біріктіру жолындағы Қасиетті Рух Ассоциациясы.
Ассоциация 1954 жылы 1 мамырда құрылды. Оның негізін салушы – Сан Мен Мун. Мун 1920 жылы солтүстік Кореяда шаруаның отбасында дүниеге келді. Япониядағы университеттердің бірінде электротекхникаға мамандығы. Өзінің сөзіне қарағанда оған 16 жасында Ғайсаның өз миссиясын орындай алмағаны, сондықтан бұл міндеттің өзіне жүктелетіні туралы аян келіпті-міс. Сондықтан ол Кореяға оралысымен діни уағызбен белсенді айналыса бастайды. Үкімет оны тұтқынға алып, концлагерге жібереді. Оны тұтқыннан 1950 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарулы күштері босатады.
Соңғы өсиет шіркеуі. Бұл шіркеу 80-ші жылдардың аяғы, 90-шы жылдардың басында ғана мәлім болған ең жаңа конференциялардың бірі. Ол Виссарион шіркеуі деп те атайды.
Соңғы өсиеттің басты идеяларының бірі – ақылмен емес, жүрекпен өмір сүру қажеттігі. Тек жүрекпен жасалған нәрсе ғана шын. Виссарион өз шәкірттерін жүрек тынысына құлақ салуға шақырады. Бұл шіркеудің қоғамы Алматыда 90-шы жылдардан жұмыс істейді. Жүзге тарта адамды біріктіреді.
Реферат тақырыбы
1. Ахмадийа қауымы.
2. Бахаизм.
Бақылау сұрақтары
1.“Ақ ағайындар”.
2.Сенатология.
3.Бірігу шіркеуі
4.Соңғы өсиет шіркеуі
Тест сұрақтары
1.«Яхве» құдайы қайсы дінге тиесілі
а) Иудаизм
б) Индуизм
в) Зороастризм
г) Джайнизм
2.Тора мен Талмуд қай діннің қасиетті кітабтары?
а) Иудаизм
б) Индуизм
в) Зороастризм
г) Джайнизм
3.Моисей пайғамбары қай дінге тиесілі
а) Иудаизм
б) Индуизм
в) Зороастризм
г) Джайнизм
4.39 кітаптан тұратын қасиетті кітап
а) «Көне өсиет»
б) Тора
в) Құран
г) Кодзики
Достарыңызбен бөлісу: |