“Қазақстан Республикасының 2003 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары және 2004 жылға арналған міндеттері туралы” баяндаманың жобасына
хабарлама
Әлеуметтік-еңбек саласының өткен жылдағы дамуы оң серпінмен сипатталады.
Еңбек рыногындағы ахуал
Республиканың еңбек рыногы жұмыспен қамтудың өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша жұмыссыздық деңгейі 2003 жылдың үшінші тоқсанында 8,2 % (2002 жылдың үшінші тоқсанындағы 8,3 % қарағанда) болды; жұмыспен қамтылғандардың саны 7,2 млн. адамға жетті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,0 % артық).
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп барған адамдардың саны қысқарды (273,5 мың адам, өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 362,8 мың адам болды). Өтінішпен барғандардың әрбір үшіншісі – ауыл тұрғыны. 2003 жылдың желтоқсанында тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағы (142,8 мың адам) экономикалық белсенді халықтың 1,8 % болды және өткен жылмен салыстырғанда 26,3 % төмендеді.
Алайда, бұл ретте еңбек рыногында тепе-теңдік болмады. Республика бойынша 2004 жылдың 1 қаңтарында бір бос жұмыс орнына орта есеппен 10 жұмыссыздан, ал ауылдық жерлерде – 55 жұмыссыз үміткерді. Жұмыссыздардың неғұрлым көбірек саны Шығыс Қазақстан облысында – 22,2 мың, Қостанай облысында – 14,5 мың, Алматы облысында – 10,2 мың, Жамбыл облысында – 10,1 мың адам тіркелді.
Кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысында жұмыспен қамтудың белсенді саясатын қолданудың нәтижесі жақсарды (жұмыс орындарын құру, жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және т.б.).
Облыс әкімдерінің берген мәліметтері бойынша 2004 жылғы 1 қаңтарға елімізде 244,3 мың жаңа жұмыс орындары құрылған, бұл жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жылдық жоспарлы көрсеткіштің жартысынан астамға артық. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жәрдемімен өтінішпен келгендердің әрбір екіншісі жұмысқа орналастырылды. Барлығы 154,6 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде - 48,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Республика өңірлері бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері біркелкі қалыптаспады. Жұмысқа орналасқандардың жоғары үлес салмағы Алматы қаласында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалды.
Бұрынғыдай Қызылорда облысында жұмысқа орналасудың ең төменгі деңгейі сақталды.
Тіркелетін еңбек рыногындағы ахуал
р/с
№
|
Көрсеткіші
|
2003 ж.
1 қаңтарына
|
2004 ж.
1 қаңтарына
|
Үрдіс серпіні
(2003 ж. 2002ж.
қарағанда)
|
%
|
Адам
|
1.
|
Тіркелген жұмыссыздардың саны, адам
|
193722
|
142831
|
73,7
|
-50891
|
2.
|
оның ішінде әйелдер
|
113882
|
87169
|
76,5
|
-26713
|
|
Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі, %-бен
|
2,6
|
1,8
|
-
|
-
|
3
|
Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өтініш бергендердің саны, адам
|
362766
|
273546
|
75,4
|
-89220
|
4.
|
Жұмысқа орналастырылғандардың саны, адам
|
148567
|
154557
|
104,0
|
5990
|
5.
|
Өтініш бергендердің % жұмысқа орналастырылды
|
41
|
56,5
|
|
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолданылғаны туралы мәліметтер
|
6.
|
Жұмыс орындары құрылды
|
211541
|
244294
|
115,5
|
32753
|
7.
|
Кәсіптік даярлауға жіберілген, адам
|
23221
|
26355
|
113,5
|
3134
|
8.
|
Бұрынғы жіберілгендерді ескере отырып, оқуды аяқтағандар, адам
|
24180
|
25338
|
104,8
|
1158
|
Олардың ішінде:
|
|
жұмысқа орналастырылды
|
12365
|
16050
|
129,8
|
3685
|
меншікті кәсібін ашты
|
594
|
1168
|
196,6
|
574
|
9.
|
Қоғамдық жұмыстарға қатысты, адам
|
134043
|
140884
|
105,1
|
6841
|
Жыл басынан бастап 140,9 мың адам (2002 ж. – 134,0 мың адам), оның ішінде ауылдық жерде – 65,8 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстармен қамтудың неғұрлым жоғары көрсеткіші Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында байқалды. Алайда, қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуде берешек әлі де сақталып отыр. 2004 жылдың 1 қаңтарына ол 78,0 мың теңгені құрады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар 2003 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 26,3 мың (2002 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында – 23,2 мың адам) жұмыссыз азаматты кәсіптік оқуға, қайта оқытуға жіберген. Оқуға тартылған жұмыссыздардың басым көпшілігі Қарағанды (4,8 мың), Алматы (4,0 мың), Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында (2,5 мың) адам болса, ең төменгі деңгейі Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болды. 23,5 мың адам оқуды және қайта оқуды тәмамдады. Оқудан және қайта оқудан өткен жұмыссыздар қатарынан жұмысқа орналасқандардың қатары өсіп келеді, бірақ бұл көрсеткіш әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2002 жылдың сәйкес мерзімінде 51,1 % болса, 2003 жылы 63,3% жеткен).
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар оралмандардың бейімделуіне және жұмысқа орналасуына қажетті жәрдем көрсетеді. Министрліктің бастамасымен оралмандарды әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіткен ведомствоаралық бұйрық шығарылды, ол басшылыққа алу және орындау үшін жергілікті жерлерге жіберілді. 2004 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған оралмандардың саны 5,0 мың адам болды (2002 жылы - 6,8 мың адам), оларды жұмысқа орналастыру деңгейі өткен жылға сәйкес кезеңдегі 28,4 % орнына 45,3 % жетті.
Министрліктің ұсынысымен бірқатар мемлекеттік стратегиялық маңызды бағдарламаларға – Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасының жобасына; Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына; Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына арнаулы бөлімдер, жекелеген жағдайларда ережелер енгізілді.
Жұмыспен қамту саясатының тағы бір маңызды бағыты көші-қон процестерін реттеу, заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау және ішкі еңбек рыногын қорғау болып табылады. Қазіргі кезде атаулы әлеуметтік көмек көрсету шеңберінде жүргізілетін үй шаруашылықтарының табысын зерттеп тексеру еңбек қатынастарын заңдастыруға ықпал етуде.
Заңсыз еңбек көші-қонын шектеу мәселелері бойынша 2003 жылы халықаралық келісімдер әзірленді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасында Келісім жасалды және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасында шекараға іргелес облыстарда ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы келісімнің жобасы әзірленді.
Алайда, көші-қон саясатын шын мәнінде үйлестірудің болмауы және көші-қон алмасуға қатысатын елдердің заңнама базасының жетілдірілмеуі заңсыз көші-қонмен күрестің тиімділігіне кедергі келтіріп жүргенін мойындау керек.
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен квота белгіленеді (2003 жылға экономикалық белсенді халық санының 0,14 % болды).
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша 7,8 мың шетелдік азамат жұмыс істеді, бұл 2002 жылғы көрсеткішке тең. Квота орындалуда. Шетелдік азаматтарды тартатын ұйымдарда есептік кезеңде 237,7 мың қазақстандық азамат жұмыс істеді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5 мың адамға артық; 19,7 мың жұмыс орны құрылды (2003 ж. 1.01. – 15,6 мың) және 8,0 мың қазақстандық азамат жаңа кәсіптерге қайта оқытылды (2003 ж. 1.01. – 6,0 мың).
Қазіргі кезде еңбек ресурстарына дефициттің алдын алу, кадрлар даярлаудың өзгермелі өндіріс құрылымымен байланысын қамтамасыз ету, көші-қон тасқынын қажетті арнаға бағыттау үшін болашақтағы жұмыс күшіне деген сұраныстың актуарлық есептері жүргізілуде. Министрлік әзірлеп жатқан Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды кешенді шешуге ықпал ететін болады.
Есептік кезеңде еңбек қатынастарын жетілдіруге ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің тұжырымдамасы, “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобында қаралуда), “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы (Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің келісу комиссиясында қаралуда) әзірленді.
Жетілдірудің негізгі бағыттары: еңбек қатынастарының икемділігін арттыру, жеке еңбек шарттарының рөлін арттыру, мерзімді еңбек шарттарын қолдануға шектеулерді орынды жұмсарту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік сұхбатты дамыту.
Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге түгендеме жүргізілді, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің 2003-2005 жылдарға арналған Жоспар-кестесі әзірленді және мақұлданды. Оларды әзірлеу жөніндегі тиісті тапсырмалар салалық министрліктерге жіберілді.
Еңбек заңдарының сақталуын бақылауды қамтмасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2003 жылы еңбек заңдарының сақталуы мәселелері бойынша ұйымдарда 15936 (жоспарлы, кешенді және жоспардан тыс) тексерулер мен зерттеп тексерулер өткізді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6 % кем. Ұйымдардың өндірістік нысандарын тексеру барысында жалпы республика бойынша 115394 заң бұзушылық анықталды. Еңбек заңдарының талаптарын бұзушылыққа жол берген ұйымдар мен лауазымды адамдарға бұзушылықтарды жою туралы 17420 ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық (айыппұл) туралы 4254 қаулы берілді. Салынған айыппұлдардың сомасы ағымдағы жылы 43,6 млн. теңгені құрады.
Өндірістік жарақаттану жағдайы өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайды. 2003 жылы республика ұйымдарында 3359 адам зардап шекті (2002 ж. – 3402 адам). Өндірісте қаза тапқандардың саны 11,3 % төмендеді (2002 ж. – 355 адам). Өндірістегі жазатайым оқиғалар саны бойынша ең нашар көрсеткіштер Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпорындарына тән болып отыр.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі көбінесе оқиғалардың алдын алу сипатында болады және ол еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы заңдарды бұзушылықтың алдын алуға бағытталады. Мәселен, 2003 жылы меминспекторлар өндірістік мақсаттағы 777 нысанды қабылдауға қатысты, бұл 2002 жылдың сәйкес кезеңіндегіден (531) 46,3% артық.
Бұдан басқа, өңірлерде кәсіпорындардың басшыларымен және мамандарымен семинарлар мен оқу жүйелі түрде жүргізілуде, еңбек заңнамасы БАҚ-та, консультацияларда, азаматтардың өтініштері мен хаттарына берілетін жауаптарда түсіндіріледі.
Әлеуметтік әріптестік
Еңбек қатынастарын реттеуде және әлеуметтік саясатты іске асыруда әлеуметтік әріптестік институтын дамыту айтарлықтай орын алады. Үш жақты ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестермен 2004-2004 жылдарға арналған Бас келісім жөнінде қабылданған міндеттемелерді Тараптардың орындауын қамтамасыз ету жөнінде сындарлы сұхбат жүргізіліп отырады. Облыстық үш жақты келісімдердің қорытындыларына мониторинг жүргізілуде. 2003 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 195 әкімшілік-аумақтық бірліктерден 157 қалалық және аудандық келісімдер жасалды.
Сонымен қатар, әлеуметтік проблемаларды әлеуметтік әріптестерді ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін де тарта отырып, әлеуметтік сұхбаттың мүмкіндіктерін кеңейтудің уақыты келді.
Еңбекке ақы төлеу. Халықтың табысы.
Есептік кезеңде ең төмен және орташа айлық жалақының бұдан әрі өсуі қамтамасыз етілді. Мәселен, статистикалық деректерге сәйкес 2003 жылғы қаңтар-қазанда республика бойынша орташа айлық жалақы 22697 теңге құрады және өткен жылғы осындай кезеңмен саластырғанда 14,2 % өсті. Бұл ретте атаулы жалақы 2003 жылғы қаңтар-қазанда экономикалық қызметтердің барлық салаларында көбейді.
Жалақының ең төмен мөлшері 2003 жылы 5000 теңге сомасында белгіленген (бұл 2002 жылғы ең төмен жалақының мөлшерінен 19,6 % көп), 2003 жылғы 1 маусымнан бастап жалақының ең төмен мөлшері 5500 теңге сомасында белгіленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2004 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы шамамен 20 пайызға өседі. Еңбекақы жүйесін одан әрі жетілдіру жалақы құрылымындағы тарифтік бөлігінің (лауазымдық ақының) деңгейін жоғарылатуды және тариф үстіндегі бөлігінің (қосымша ақылар мен үстемеақылар) деңгейін төмендетуді көздейді. Салалық заңнамадан еңбекақы мәселелерін алып тастау мақсатында еңбекке ақы төлеу мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне қосымша ақылар мен үстемеақыларды есептеуді реттеу бөлігінде “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді және мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.
Сонымен қатар еңбек жөніндегі нормативтік базаны (еңбек нормалары, қызметшілердің лауазымдық біліктілік сипаттамалары, жұмысшылар кәсіптеріне тарифтік-біліктілік сипаттамалар) құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2003 жылғы қаңтар-қазанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 93975 теңге құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 14,5 % жоғары. Бұл ретте осы кезеңдегі нақты ақшалай табыс 7,7 % өсті. Тұтынуға пайдаланылған орташа жан басына шаққандағы табыс 2003 жылғы 3 тоқсанның бір айында республика бойынша шамамен 7448 теңгеге жетті, оның өсімінің қарқыны 2002 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 113,5 % құрады.
2003 жылғы қаңтар-қазанда бір қызметкердің атаулы жалақысының орташа деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 4,6 есеге, ең төмен еңбекақы мөлшерінен 4,1 есеге артты.
Бұл ретте, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшернің төмен халықтың үлесі, 2003 жылғы үшінші тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда азайды және 20 % құрады (2002 жылы – 23,7 %).
Табысы ең төмен күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың ең жоғары үлесі Оңтүстік Қазақстанда (29,3), Қызылорда және Маңғыстау (28) мен Алматы (26,8) облыстарында байқалады.
2003 жылғы кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 % белгіленді және бірінші тоқсанда орта есеппен – 1909, екінші тоқсанда – 2077, үшінші тоқсанда – 2097, төртінші тоқсанда – 1985 теңге құрады (2002 жылы бірінші тоқсанда – 1813, екінші тоқсанда – 1893, үшінші тоқсанда – 1922, төртінші тоқсанда – 1894).
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2003 жылғы VI тоқсанда республика бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 5114 теңге мөлшерінде белгіленді.
Зейнетақымен қамсыздандыру.
Зейнетақы реформаларын одан әрі жетілдірудің қадамдарының бірі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақыны саралап арттыру болып табылды. Арттырылған зейнетақы мөлшерін 1 млн. 30 мың зейнеткер немесе олардың жалпы санының 64 % алды. Жұмыс стажы мен жалақы мөлшеріне байланысты зейнетақыларға қосымша нөлден 4800 теңгеге дейін (әр жағдайда жеке) құрайды. Зейнетақыны арттырудың орташа мөлшері республика бойынша 2300 теңге құрады. Зейнетақыларды қайта есептеу нәтижесінде 5000-6000 теңге шегінде ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны екі есеге қысқарды, зейнетақылар мөлшері орташа 23,4 % (6485 теңгеден 7927 теңгеге дейін) өсті және 6000-нан 12000 теңгеге дейінгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер үлесі екі есеге жуық көбейді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту жалғасуда. 2003 жылғы 1 желтоқсанда 6,1 млн. адам (активті және пассивті салымшыларды қосқанда) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы болды, бұл жұмыспен қамтылған адамдардың 89,3 % немесе республиканың экономикалық белсенді халқының 81,3 % құрайды. Зейнетақы жинақтары 356 млрд. теңге құрайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін жетілдіру жөнінде шаралар қолданылуда: арнайы нормативтік актілермен (2003 жыл) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының мәселелері, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ғұмырлық зейнетақы төлемдерінің схемалары реттелуде.
Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесіне көшу үшін жағдайлар жасау.
2003 жыл ішінде сақтандырудың міндетті түрлерін енгізу үшін құқықтық және ұйымдық жағдайлар әзірлеу және жасау жөнінде жұмыс жүргізілді. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне бірқатар заң жобалары енгізілді:
- “Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы”;
- “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне толықтыру енгізу туралы” және т.б.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында “Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ұйымдардың (жұмыс берушілердің) олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан өтеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленді және мүдделі министрліктер мен ведомстволарға келісуге жіберілді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды оңалту және қоғамға кіріктіру жөнінде шаралар қабылдануда. 2003 жылғы 1 қазанда барлық санаттағы мүгедектер саны Қазақстанда 409,5 мың адам немесе барлық халықтың 3 % құрады. Бұл ретте әр үшінші мүгедек еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Алғашқы мүгедектік деңгейі төмендегенмен, әлі де жоғары болып қалуда. Мүгедектікке алғашқы шығудың жоғары пайызы Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Балалар мүгедектігі, оның ішінде туа біткен кемістіктер ерекше алаңдатып отыр.
Елде қалыптасқан мүгедектік деңгейі:
- халықтың ауруы деңгейінің өсуіне;
- кәсіпорындарда және құрылыстарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын ұйымдастырудағы кемшіліктерге;
- экологиялық жағдайдың нашарлауына, табиғи апаттар санының көбеюіне байланысты.
Мұнда халықтың жалпы тұрмыстық деңгейі төмендеуінің ролі аз емес. Кепілдікті тегін медициналық қызметтер көрсетудің үлесі азаюына және ақылы медициналық көмекті енгізу аурулардың денсаулық сақтау ұйымдарына көп бармауына апарды, халықтың едәуір бөлігі үшін емделуді қол жетпес қылып қойды. Оңалту іс-шараларын жүргізудің мүмкіндіктері нашарлады және нәтижелері төмендеді.
Мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғау органдарының негізгі күші 2002-2005 жылдарға аналған мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Мемлекеттік тапсырыс орындау шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыруға қажетті қаражат бөлінеді. Халықтың емдеу, емдеу-алдын алу және арнайы протездік-ортопедиялық құралдарға қажеттілігін неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатқан протездік-ортопедиялық кәсіпорындардың қайта құрылуы жүзеге асырылды. Жалғызілікті қарт және жұмысқа жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін республикада 75 интернат-үйлері жұмыс істейді. Оларда мемлекет толық қамтамасыз ететін 16 мыңнан астам адам тұрады.
2003 жылғы 5-6 желтоқсанда Алматы қаласында “Медициналық-әлеуметтік сараптаманың және мүгедектерді оңалтудың көкейтесті проблемалары” деген Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мүгедектерді оңалтудың жаңа үлгісін денсаулық пен еңбекке жарамдылықты жоғалтуды әлеуметтік сақтандыруға көшу жағдайларында енгізу мүгедектерге ықпалды көмек көрсету үшін жағдайлар жасайды, қоғамның басқа мүшелерімен тең өзінің әлуетін іске асыру мүкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Зейнеткерлермен және мүгедектермен қатар әлеуметтік қамтамасыз етудің әр түрімен 629,0 адам қамтылған әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекет қолданған шаралар кедейлік деңгейінің төмендеуіне апарады. Ел азаматтарының осы санатына қатысты әлеуметтік көмек көрсетудің шаралары қолданылады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийлері бұрынғыдай болып қалды. Әр аз қамтамасыз етілген отбасының нақты табыстары мұқият тексеріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың автоматтандырылған жүйесі әзірленді және енгізілді, аз қамтамасыз етілген отбасылары жөнінде деректердің бөліп таратылған базасы құрылды.
Халықты әлеуметтік қорғаудың өңірлік органдарының деректері бойынша 2003 жылғы 12 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік шегінен төмен табысы бар 859,8 мың аз қамтамасыз етілген азаматтарға тағайындалған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе аз. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының– 60,3 % (518,6 мың адам) балалар үлесі; баларды күтумен айналысатын адамдардың – 12,0 % (102,8 мың адам); жұмыссыздардың – 14,2 % (122,4 мың адам); жұмыс істейтіндердің – 4,9 % (42,5 мың адам); зейнеткерлер мен мүгедектердің – 2,8 % (23,9 мың адам); өзін өзі жұмыспен қамтығандардың – 3,0 % (25,4 мың адам); студенттердің – 1,7 % (14,8 мың адам); азаматтардың өзге санаттарының үлесі– 1,1 % жалпы саны (9,2 мың адам) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражатынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстар 7,4 млрд теңгені құрады, ал өткен жылғы ұқсас кезеңде 9,1 млрд теңге болатын.
Бұдан басқа, өңірлерде 34 мың адамға қызмет көрсететін, үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 326 бөлімі жұмыс істейді.
Тұрақты мекен - жайы жоқ адамдарға әлеуметтік қолдау шаралары қолданылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Тұрақты мекен - жайы жоқ адамдарға әлеуметтік оңалту орталықтарын құру туралы” 2000 жылғы 16 наурыздағы № 408 қаулысына сәйкес республика бойынша 20 Орталық құрылды.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының мынадай Заңдары:
1. “Арал өңіріндегі экологиялық касірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізу туралы” және “Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы 2003 жылғы 9 қаңтардағы № 381-II Заңы;
2. “Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394- II Заңы ;
-
“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңы
қабылданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
1. “2003 жылғы 1 қаңтардан бастап ЗТМО төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы” 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 6;
2. “Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2003 жылға арналған квотаны белгілеу туралы” 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 11;
3. “Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік -біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының анықтамалығын қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы” 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 12;
4. “2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасының қаржы бөлігін өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 20;
5. “ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы шекараға іргелес облыстарда ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы келісімді бекіту туралы” 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 29;
6. “Халықты жұмыспен қамту туралы ” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге арналған рұқсат беру туралы қолданылып жүрген Ережеге өзгерістер енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 55;
7. “Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақылар төлеу ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82;
8. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 91;
9. “Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200;
10. “2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының, Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін көзделген мақсатты трансферттерді бөлу ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 28 ақпандағы № 221;
11. “Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысты белгілеудің ережесін және Салымшылар өз қаражаты есебінен олардың пайдасына ерікті кәсіптік жарналарын жүзеге асыратын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы” 2003 жылғы 15 мамырдағы № 452;
12. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржы бөлу туралы ” 2003 жылғы 30 мамырдағы № 498;
13. “Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы” “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылғы 11 маусымдағы № 561;
14. “ 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы ” 2003 жылғы 11 маусымдағы № 564;
15. “Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы” 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661;
16. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 803 қаулысының күші жойылды деп тану туралы” 2003 жылғы 18 тамыздағы № 819;
17. “Қазақстан Республикасының 2004 - 2006 жылдарға арналған республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері туралы” 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 927;
18. “Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің 2004 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемі (пайызбен көрсеткенде) туралы” 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1114;
19. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225;
20. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы №1758 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1325;
21. “2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы мөлшерлерін арттыру туралы” 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1337 қаулылары.
Достарыңызбен бөлісу: |