Халықаралық қатынастар факультеті «Тура Би» шешендік өнер клубының Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап өткізген «Желтоқсан желі ызғарлы» атты ақын, елші Исраил Сапарбаймен өткізген кездесуінің
Есебі
2011 жылғы желтоқсанның 12 жұлдызында халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының «Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубының ұйымдастыруымен университтет деңгейінде «Желтоқсан желі ызғарлы» атты ақын, елші, композитор Исраил Сапарбаймен кездесу өткізді. Бұл жиынды ұйымдастыруға қатысқан және ат салысқан, кафедра меңгерушісі Байтоқаева А.Ш., ректораттың тәрбие бөлімінің қызметкері Канафиева Ш.Е., «Тура Би» шешендік өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова және кафедра оқытушылары: Бөрібаева С., Омарова М., Смағұлова Г., Құлжанова Б., халықаралық қатынастар және филология факультетінің студенттері.
Мәжіліс «Желтоқсан оқиғасына» қатысты бейнекөріністі тамашалаған соң, «Тура Би» шешендік өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауованың кіріспе сөзімен басталды. Ақын желтоқсан оқиғасына қатысты «Қазақ қызы» өлеңінің шығу тарихын тілге тиек ете отырып, 1,5 сағаттай студенттердің сұрақтарына өз пікірін білдірді. Ақын, неғұрлым, мазмұнды сауал қойған студенттерге өз алғысын білідіріп, өлеңдер жинағын өз қолтаңбасымен сыйлады. Өз кезегінде студенттер желтоқсан оқиғасына арнап қойған шағын концертін ұсынды.
Кездесу соңында кафедра меңгерушісінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бөрібаева сөз сөйлеп, ақынға факультет деканының К. Шакировтың атынан университтет жайлы естелік альбом мен қалам силады. Кездесу тәуелсіздігіміздің мән маңызын бағалауда студенттерге ой салатындай мазмұнды әрі қызықты өтті.
«Тура Би» шешендік
өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова
«Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубының «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбатының
Есебі
2011 жылғы қазанның 18 жұлдызында халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының «Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубы мұрындық болуымен «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбат өткізді.
Бұл жиынды ұйымдастыруға қатысқан және ат салысқан, кафедра меңгерушісі Байтоқаева А.Ш. және оқытушылар: Бөрібаева С., Омарова М., Смағұлова Г., Құлжанова Б., Ақбұзауова Б., х/құқық –12, 18 орыс топтары, аймақтану, х/қ 11 топтарының студенттері және клуб мүшелері.
Зияткерлік сұхбатта студенттер Байжігітова А., Ержанова Алтынай., Жөкенова А., Жүнісова А., Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны, саяси қызметке араласуы, Думадағы мұсылман фракциясындағы хатшылық қызметі жайлы айтып өтсе, Өміржанова С., Мұстафаның інісі жазған хатын оқып, Зияданова Айдана Мұстафаның эммиграциядағы қызметі жайлы жан жақты қызғылықты ақпарат ортаға салды. Азат Түркістан мемлекетін құруды мұрат еткен Мұстафа Шоқай сынды алаш ардагері туралы айтылған ойларды 2 курс студенті Мелдеханов Дәулет өзінше қорытындылады.
Мәжіліс «Мұстафа Шоқай» атты фильмді көрумен қатар жүріп отырды. «Түркінің ұлы алыбы Мұстафа Шоқайға 125 жыл» деп жазылған портреттік биллборд, қабырға газеті бұл жиының салтанатын арттыра түсті.
Жиын соңында доцент М. Омарова, кафедра меңгерушісінің орынбасары С. Бөрібаева, ректораттың тәрбие бөлімінің қызметкері Канафиева Ш.Е. Мұстафа Шоқай жайлы ойларын ортаға салды.
Жиын өзінің алдына қойған мақсаты – түркі әлемін біріктіруді мақсат еткен, сол жолда саналы өмірін сарп еткен, тағдыры жұмбақ, халқымыздың бірегей ұлы Мұстафа Шоқайды жастарға танытуда жасалған маңызды бір қадам деп бағаласақ артық болмас.
«Тура Би» шешендік
өнер клубының жетекшісі Б.Ақбұзауова
Достарыңызбен бөлісу: |