Сабақтың тақырыбы : Параллелограмм (геометрия, 8-сынып)
Сабақтың мақсаты: параллелограмм қасиеттерін, белгілерін есептеулерге қолдана білу , жылдам ой қорыту , тапқырлық пен тиянақтылық қасиеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бірлесіп жұмыс атқаруға , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жүйелеу, қорытындылау.
Түрі: жұмыс сабағы , интеллектуалды марафон.
Қолданылатын технология: ойын арқылы оқыту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау, сабақтың мақсатын түсіндіру. Бүгінгі сабақ «Дарабоз» танымдық сайыс ретінде өтеді.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсетіп ,
Сұраққа жауап бер .
Оқушылады топқа бөлу. (Төрт түлік бейнеленген қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу) .
І бөлім «Бәйге» . Тақырыпқа байланысты сұрақтар
І топ :
Төртбұрыш дегеніміз не?
Диагональ дегеніміз не?
Дөңес төрт бұрыш дегеніміз не?
Төртбұрыштың периметрі
Бұрыштарының қосындысы
ІІ топ :
Параллелограмм дегеніміз не?
Параллелограмның диагональдары туралы не айтасыз?
Өмірде төртбұрыш тәріздес заттарды ата
Параллелограмның биіктігі
Параллелограмның табаны деп...
ІІІ топ :
Төртбұрыш төбелері дегеніміз не?
Тең бұрыштар дегеніміз не?
Параллель кесінділер дегеніміз не?
Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары қандай?
Параллелогамның белгілері қандай?
IV топ:
Параллелограмның қарама-қарсы жатқан бұрыштары қандай?
Дөңес емес төртбұрыш дегеніміз не?
Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
Параллелограмның қасиеттерін ата
Өмірде параллелограмм тәріздес заттарды ата .
Достарыңызбен бөлісу: |