21.01.2010 ж. Ғылыми кеңестің шешімі
(Хаттама № 9)
1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері және оның әрі қарай даму келешегі.
Қаулы етті:
-
Университеттің 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері қанағаттанарлық деп танылсын.
-
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп бекітілсін.
-
Университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелерінің тәжірибелік маңызын арттыру мақсатында жаңа нәтижелерді патенттеу бойынша жұмыс күшейтілсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: үнемі.
-
Халықаралық конференцияларды ұйымдастыру барысында қатысушылар географиясын кеңейту мақсатында факультеттердің жұмысы белсендірілсін.
Жауаптылар: факультет декандары, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: үнемі.
-
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңының жаңа редауциясының күшіне енуіне байланысты университет ғалымдарының оны тиімді пайдалануы үшін оның ережелерін түсіндіру және талқылау бойынша семинар өткізілсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры.
Мерзімі: жыл ағымында.
-
Жергілікті және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдар өткізетін мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу үшін бастамашыл топтар құрылсын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры.
Мерзімі: үнемі.
-
Факультеттер магистратура мен PhD-докторантура пәндері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізсін және олардың жоспарын құрсын.
Жауаптылар: факультет декандары, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: жыл ағымында.
-
Факультеттер жасалған халықаралық келісімшарттарды пайдалана отырып, екі дипломдық білімді жүзеге асыру бойынша жұмысты белсендірсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, факультет декандары.
Мерзімі: жыл ағымында.
2. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010 жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасының орындалуы туралы: 2009 жылдың қорытындылары.
Қаулы етті:
1. 2009 жылдың қорытындылары бойынша «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасының» орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. 2010 жылы сәтті аяқтау мақсатында «Бағдарламаның» ағымдағы жылы толық жүзеге асырылмаған тармақтарын орындау бойынша жұмыс белсендірілсін.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор.
Мерзімі: үнемі.
3. «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасына» қажетті өзгертулер уақытында енгізілсін.
Жауаптылар: бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор.
Мерзімі: жыл ағымында.
Достарыңызбен бөлісу: |