Хаттамасы №1 Жамбыл-2 ауылы Қатысқандар: Мектеп директоры Р. Ибраймов Мектеп инспекторы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұ. Егешова Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Т. Байрабаев, А



бет7/9
Дата18.04.2024
өлшемі154.5 Kb.
#499125
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Террористік хаттамалар doc

Іс -әрекеттер:1. Табылған күдікті затқа тиіспеу, жақындамау, орнынан қозғамау! Затқа жақын жерде шылым тартпау, радио, соның ішінде ұтқыр байланысты пайдаланудан тартыну. 2. Күдікті заттың табылуы туралы құқық қорғау органдарына көрсетілген телефондар бойынша кешіктірмей хабарлау. 3. Табылған уақыты мен орнын белгілеп алу; 4. Қауіпті аумақты радиусы кем дегенде 100 метрге дейінгі жерді адамдардан босату. 5. Күдікті затқа және қауіпті аумаққа мүмкіндігінше күзетті қамтамасыз ету. 6. Дүрбелең тудырмау. Қауіпті аумаққа жанасып тұрған жерлерден адамдарды көшіруді қамтамасыз ету (көмекті қамтамасыз ету). 7. Құқық қорғау органдарының өкілі келгенге дейін күту, күдікті зат жатқан жерді, ол табылған уақыт пен жағдайды көрсету. 8. Бұдан әрі қарай құқық қорғау органы өкілінің нұсқауы бойынша әрекет ету. 9. Жарылыс қауіпі туралы дүрбелеңге жол бермеу үшін оны білуге тиісті адамдардан басқа ешкімге хабарлабамау. 10. Объектіге тексеру жүргізу, қызметшілердің қажетті санын білу және оларға өзін-өзі ұстау тәртібі туралы (неге назар аудару керектігі және қауіпті зат табылған немесе қауіп төнген кезде қалайша іс-әрекет ету туралы) ақыл-кеңес беру үшін, персоналдардың қажетті санын бөлу. 11. Объект қызметшілеріне бөгде адамдардан қандай да бір зат пен бұйымды сақтауға қабылдауға тиым салынғандығы туралы ескертіп отыру. 12. Жарылыс қондырғысына ұқсас заттың сыртқы түрін суреттеуге дайын болу. Зат көп адамдар жүруі мүмкін жерлердегі қалтарыстарда, жарылыс және өрт қауіпі бар орындарда, әртүрлі коммуникация орналасқан жерде: сөмке, орам, пакет және т.б. түрінде жатуы мүмкін. Ол сыртқы түрі бойынша жарылыс қондырғысына (гранат, мина, снаряд және т.б.) ұқсас болуы мүмкін; және өткізгіш жіп, арқан, изолента, жабысқыш түрінде жатуы мүмкін; сағаттың шықылдауы, механикалық гүріл, өзге дыбыстар естілуі; бадамның немесе өзге таныс емес иістің шығуы мүмкін. Күдікті затты күзеткен кезде мүмкіндігінше қорғауды қамтамасыз ететін заттар (ғимараттың бұрыштары, діңгек, жуан ағаш, автомашина және т.б.) тасасында тұрып, бақылау жүргізу қажет.
Б) ТЕЛЕФОН БОЙЫНША ЛАҢКЕСТІК АКТІ ҚАУПІ ТӨНГЕН КЕЗДЕ
а) Ескерту (алдын-алу) шаралары: - лаңкестік актінің қауіпі туралы телефон хабарын қабылдау тәртібін қызметшілерге түсіндіру; - жарылыс қауіпі туралы, жарылыс қондырғысының жатқаны туралы хабарды алғаннан кейін үрейге бой алдырмау; - сабырлылық танытып, сыпайы болу, сөйлеушіні бөлмеу; - магнитофон болса, оны телефонға жақындатып, әңгімені жазып алу; - қауіп туралы өз әріптесіңізге бірден хабарлауға талпыныңыз; - мүмкіндігінше ол сөйлесіп жатып, сонымен бір уақытта басқа аппаратпен полиция жедел кезекшісіне және ҰҚК бөлімі бойынша кезекшіге төнген қауіп пен террористік қоңырау шалған телефонның номерін хабарлау. Телефон бойынша қауіп төнген кезде "Лаңкестік сипаттағы қорқытушылық телефон хабарын қабылдау тәртібіне" (2 қосымша) сәйкес әрекет етіп, ұйым телефонын жылдам автоматты номерді анықтау (АНА) қондырғысымен және телефон хабарының жазбасымен қамтамасыз ету қажет. б) Телефон хабары алынған кездегі іс-әрекеттер: - әрбір түскен телефон қоңырауына мұқият болу; - түскен телефон қоңырауы туралы басқа телефонмен құқық қорғау органына хабарлау; - қажетті жағдайда адамдарды көшіру жоспарына сәйкес көшіру; - жедел тергеу тобының, кинологтардың және т.б. кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету; - телефонмен алынған ақпаратты құқық қорғау органы мен ұйым басшысына кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету.

В. ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ ТУРАЛЫ ХАБАРДЫ АЛҒАН КЕЗДЕ


Сабырлы, сыпайы болыңыз, сөйлеушіні бөлмеңіз. Магнитофонды (егер ол телефонға қосылып тұрса) қосыңыз. Әңгімені толық жазып алу үшін аппараттың жұмысының сапасына назар аударыңыз. 
Әңгіме аяқталғаннан кейін телефонды ілмеңіз.
Мысалдық сұрақтар:
1. Жарылыс қашан болуы мүмкін? 2. Жарылыс қондырғысы қайда қойылған? 3. Ол қандай заттан жасалынған? 4. Оның сыртқы түрі қандай? 5. Тағы басқа жерлерде жарылыс қондырғысы бар ма? 6. Жарылыс қондырғысы не үшін қойылған? 7. Сіздің талабыңыз қандай? 8. Сіз жалғызсыз ба, жоқ жаныңызда тағы біреу-міреу бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет