№29 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мұғалімдер арасында өткізілген жиналыстың
Хаттамасы №1
Жамбыл-2 ауылы
Қатысқандар: Мектеп директоры Р.Ибраймов
Мектеп инспекторы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Егешова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Т.Байрабаев , А.Тұрсынбаев
Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуының алдын алу
бойынша оқу сабақтары мен нұсқаулықтары АӘД жетекшісі Д.Нұртазаев
Мектеп психологы Б.Қалдаров
Әлеуметтік педогог Н. Турсын
39 мұғалім
Күн тәртібінде:
Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуының алдын алу бойынша
2. Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Бірінші болып террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуының алдын алу бойынша оқу сабақтары мен нұсқаулықтары бойынша және бейне ролик көрсету арқылы АӘД жетекшісі Д.Нұртазаев сөзге шығып телефон арқылы, ланкестік акт туралы үрей туғызған анонимді қоңырау шалынған жағдайда жасалынатын алғашқы әрекет жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ланкестік болған жағдайда оқушылардың тез арада қауіпсіз аймақтарға шығу жолдарын, мектептің эвакуатция схемаларымен қалай шығу керектігін мұғалімдерге оқушыларды шығару туралы түсіндірді. Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуының алдын алу мақсатында қазан айында мектепте оқушыларды қауіпсіз аймаққа және сыртқа шығару бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылар өз уақытында шығып үлгергенін айтты.
Әр түрлі мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Байрабаев Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуының алдын алу бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстар бойынша мұғалімдерге және оқушыларға террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жолдарын көбірек үйрену керектігін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |