V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
болса біздің әдебиеттануда ғылыми
мектептердің қалыптасуы туралы
пікірлердің айтылуына себепкер бол-
ды.
Алайда бізде ғылыми мектептер
ұғымын саналы түрде демесек те
білместікпен немесе пендешілікпен
шатастырушылық орын алып отыр.
Академик ғалымның жетекшілігі-
мен қорғап, ғылыми атақ алғандар-
дың барлығы бірдей сол адамның
ғылыми мектебінің шәкірттері деп
танушылық бар. Шынына келген-
де, бұл – қате тұжырым. Себебі ол
әлемдік әдебиеттану ғылымында-
ғы ғылыми мектептердің қалыптасу
үрдісі мен үдерісіне қайшы келеді.
Себебі тек белгілі бір ғана бағыт-
тағы ғылыми мектеп қалыптастыру
үшін көкейкесті және кешенді мақ-
сатта ғана зерттелетін проблемалар
қамтылуы керек. Яғни, сол ұлттық
әдебиеттану үшін ортақ мақсат-
мүд дедегі, бір ғана бағыттағы зерт-
теулердің кеңдігі, биіктігі, терең-
дігі танылатын болса ғана ғылыми
мектептің дәрежесіне жете алады.
Бұл – ғылыми мектептердің туып-
қалыптасуы үшін басты шарт. Ме-
рейтойлық баяндамалар мен ма-
қа лаларда асыра бағалап, көпірте
мақтау ұлттық ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің кеңінен зерттеп бағалаған
тұжырымы емес.
З. Қабдолов «Арна» (1988) атты
еңбегінде проф. Т. Кәкішұлының
ғылыми мектебі туралы: «Сынның
туу, қалыптасу тарихын зерттеуге
Т. Кәкішев өзінің саналы ғұмырын
түгел арнап келеді. Сарыла ізденіп,
жалпы жұртқа беймәлім көл-көсір
көп материалды түп-төркінінен қо-
парып, қағып-сілкіп, ақтарып-төң-
керіп, екшеп-сұрыптап, даму тари-
хына арна болар өзек жасап, оның
кемерін кейде сарғыш, кейде көгілдір
(кейде лайсаң, кейде таза) толқын-
мен толтыруы және сол толқынды
көп жағдайда бір өзі білек сыбана
жалынан сүйреп, сонау жылап аққан
жіңішке бастауынан мынау сарқып
құяр кең сағасына қарай жылжытып
әкеле жатуы – айтарлықтай үлкен
еңбек», – деген сипаттағы алғашқы
ойды түйіндей жазған болатын.
З. Қабдолов алғашқы екі ғылыми
мектептің өкілдері деп елімізге таны-
мал біршама әдебиетшілерді атаса,
Т. Кәкішевтің ғылыми мектебіне кел-
генде ізбасарлары ретінде ешкімді
атай қоймаған. Ал бұл турасында
Т. Кәкішұлы өзінің «Толғам» (2004)
атты кітабында: «Дандай Ысқа-
қов «Қазақ сынының ғылыми негіз-
дері, Жандос Смағұлов «Қазақ әде-
биеттану ғылымының қалыптасу
жол дары» деген тақырыпта менің
ғы лыми жетекшілігіммен докторлық
дис сертациялар қорғаулары, атақты
сыншылар жөнінде еңбектер жазы-
луы, ізденістер жасалуы ғылыми
мектептің іргесін бекіте түсері хақ»
деп қарапайым қалпынан таймаған
[94, 10]. Сондықтан оны толықтыруға
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
460
Достарыңызбен бөлісу: |