Химия • периодтық кесте • элементтердің ашылуы 1 1-бөлім: Периодтық кестенің құрылуы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата28.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#461500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
периодтық заң

Периодтық кестенің бөлігі
• Қосымша сұрақтар
- Атомдық құрылыс
- Сілтілік металдар
- Галогендер
- Асыл газдар
- Металдардың белсенділік қатары
Қосымша сұрақ
С5. Фтор OF
2
оксидін түзеді. Ол ерітіндіде қышқыл бола ма, әлде негіз бола ма? Неліктен?
Периодтық кесте бойынша, солдан оңға қарай элементтер оксидтерінің қышқылдық қасиеті артады. Фтор 
7-топта орналасқан, сондықтан оттегі дифлориді OF
2
ертіндіде сумен әрекеттесіп, фторсутек қышқылы мен 
оттегін түзеді де, қышқылдық қасиет көрсетеді. 
OF
2
(с) + H
2
O(с) g 2HF(с.ер) + O
2
(г)
• Периодтық кесте бойынша элементтердің балқу температурасы қалай өзгереді?
Әр периодтың сол жағындағы элементтердің балқу температурасы 
жоғары болады, оңға қарай арта отырып, шегіне жетеді де, қайта 
түседі. Мысалы, 2-периодта литийден басталып, көміртекке келгенде 
шегіне жетеді де, қайта төмендейді, ең төменгі мән неон инертті 
газында болады. 3-ші периодта балқу температурасы натрийден 
басталып, магний мен алюминийде артып, кремнийде шегіне жетеді 
де, фосфор, күкірт және хлорда төмендеп, аргон инертті газында ең 
төмен мәнге ие болады.
Ұсынылатын фильмдер
- Атомдық құрылыс
- Элементтер: Калий
- Галогендер
- Асыл газдар
- Қатты денелер, сұйықтықтар және
газдар


ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
7
Қосымша сұрақ
С6. Неліктен бірінші периодта екі элемент, ал екінші периодта сегіз элемент орналасқан?
Бірінші период (Н, Не) тек 2 электрон ғана сиятын бірінші электрондық қабатты толтыруға сәйкес келеді. Екінші 
период (Li, Be, B, C, N, O, F, Ne) 8 электрон сиятын екінші электрондық қабатты толтыруға сәйкес келеді.
• Элементтердің электрөткізгіштік қасиетінде қандай заңдылық байқалады?
Периодтың сол жағында орналасқан литий, натрий 
және магний электр тогын жақсы өткізеді. Ал оң 
жақтағы бейметалдар электр тогын нашар өткізеді. 
Ортада орналасқан кремний және германий сияқты 
элементтер жартылай өткізгіштіктер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет