Химия • периодтық кесте • элементтердің ашылуы 1 1-бөлім: Периодтық кестенің құрылуы



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата28.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#461500
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
периодтық заң



Элементтердің ашылуы
ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
1
1-бөлім: Периодтық кестенің құрылуы
• Элементтердің арасындағы заңдылықтарды алғаш болып Д.Менделеев ашты ма?
Дмитрий Менделеев периодтық кестесінің алғашқы
нұсқасын 1869 жылы жариялады 
Орта ғасырлардың соңында бірте-бірте жаңа элементтер 
анықтала бастады, олар кейде металл кендерін зерттеу 
барысында, кейде Хенниг Брандтың фосфорды 
анықтағаны сияқты кездейсоқ жағдайлар барысында 
ашылды. 19-ғасырда спектроскопия және электролиз 
сияқты күрделі әдістердің көмегімен жаңа элементтер 
анықталды және олардың қасиеттеріндегі заңдылықтар 
байқала бастады.
Мысалы, салыстырмалы атомдық массасы (ол кезде 
атомдық салмақ деп аталған) шамамен 7, 23 және 39 
болатын сілтілік металдар: литий, натрий және калийдің 
химиялық қасиеттері бір-біріне ұқсас. 1829 жылы Иоганн 
Деберейнер (1780-1849) олардың атомдық салмақтарының 
арасында сандық қатынас бар екенін байқады. Мысалы, 
натрийдің салыстырмалы атомдық массасы 23-ке тең, 
ол – 7 мен 39 сандарының арифметикалық ортасы. Ғалым 
осы 3 элементтен құралған топты триада деп атады. Өзге 
триадаға – салыстырмалы атомдық массалары 35,5, 
80 және 127 болатын хлор, бром және йод галогендері 
жатады. 80 35,5 пен 127-нің орташа мәніне жақын.
1863 жылы Джон Ньюлендс (1837-1898) егер элементтерді 
салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша 
орналастырса, элементтер заңдылық көрсетті, соның 
арқасында элементтердің қасиеттері кестедегі сегіз ұяшық 
бойынша ерекшеленді. Бұл заңды ол “октавалар заңы” 
деп атады. Алайда бұл музыкалық ұқсастық ғалымдардың 
сынына ұшырады. Олардың кейбірі бұл жай ғана сәйкестік
алфавиттік ретпен орналастырса да, осындай заңдылық 
шығады деп ойлады.Бір ғалым Ньюлендсті енді ашылатын 
элемент қалған жоқ деп есептегені үшін сынға алса
және оның кестесінде темір, кобальт, никель сияқты 
ұқсас элементтер бір-бірінен алшақ орналастырылды, 
ал платина, бром сияқты ұқсамайтын элементтер бірге 
орналастырылды деген сын да болды. Деберейнер мен 
Ньюлендс маңызды тұжырымдар жасағанымен, олардың 
идеялары сол уақытта қабылданбады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет