«химия және биология» факультеті «жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы


Тақырыбы: Құзіреттілік туралы түсінік



бет2/15
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#3321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Тақырыбы: Құзіреттілік туралы түсінік



Жоспары:

1.Құзырлылық туралы түсінік

2. Құзырлылықтың негізгі белгілері:

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі
Лекция мақсаты: студенттерге құзырлылық және оның негізгі белгілері туралы түсінік беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Құзырлылық туралы түсінік.

Құзырлылық деген не? Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық (латын тілінде «соmpetens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.Құзырлылық маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты



2.Құзырлылықтың негізгі белгілері:-

- тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;

  • кызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;

  • қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;

  • практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;

  • нақты жағдайларға байланысты кандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;

  • тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Құзырлылық деп -

- танымдық,

  • пәндік-практикалық,

  • тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі.


3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі:

- Ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби кұзырлылық дайындық сапасына қойылатын
талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген
кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Мұндай контекстке қарастыру құзырлылықпен кәсіби профессионализм ұғымдары арасындағы айырманы ажыратып қарастыруға мүмкіндік
бермейді. Құзырлылық білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлғаның мінез-құлқын, ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру кұзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критериі
ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын кұндылықтарды есепке алуы қажет.
4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі:

-Дәстүрлі білім беру жүйесінде қандай да бір нақты қызметке дайындық деңгейін анықтау


үшін «адамның бір нәрсеге дайындығы» негізгі критерий ретінде
қарастырылып, ғылыми түрде бірнеше диссертациялык еңбектер аркылы дәлелденіп келген
болатын. Бұл критерий негізінде «мамандық» (квалификация) мәні ашылған. Ал бәсекелестік
жағдайында кәсіби қызметке дайындығын ғана тілге тиек ету жеткіліксіз. Сондыктан да,
кездейсоқтықтан, әр түрлі ситуациялардан нәтижелі шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есеп-
ке алатын уақыттың жеткендігін ескере отырып, құзырлылықты нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесінің сапалық критериі ретінде зерттеу бүгінгі күннің талабы.

-Құзырлылық табиғаты бағдарлы мақсат контекстісінде өзіндік дамуының, кызметтік,тұлғалык тәжірибесін жинактауға бағытталған құзыр ұғымы негізінде ашылады.

- Құзыр- Стив Уиддеттің пайымдауында - кажетті мінез-құлықты бейнелеу қабілеті.
Бақылау сұрақтары:

1.Құзырлылық туралы түсінік

2. Құзырлылықтың негізгі белгілері:

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі

Лекция №2

Тақырыбы: 12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер



Жоспары:

  1. 12-жылдық білім берудің максаты мен міндеттері

  2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы

  3. 12-жылдық білім берудегі басымдылық


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер жайлы мәлімет беру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері

• жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті

• өзін-өзі дамытуға; '

• өз ойын еркін айта білуге;

. өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін керсете білетін жан-жақты білімді;

ұлттық тілді;

• тарихты жетік меңгерген;

• отандық және әлемдік мәдениетгі бойында қалыптастырған;

• шығармашылығы;

• ой-өрісі дамыған: интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.



Жоғарыдағы мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:

• тәрбиелеу және дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

• құзіреттілікті қалыптастыру және дамыту;

• оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

• оның ішкі мүмкіншілігі,бейімділігі мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»,-деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар, Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпаратгық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да айтылады. Құзырлылық білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-кұлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қалыптастыру құзырлылық маңызын аша алады.

«Құзыреттілік-дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, құзыреттіліктің өзі бірінен-бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады. Өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі; өзінің қызметін бағалай білуі; түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі; өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі; өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі; түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын калыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырыудың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тэрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана болатындығы белгілі.


3. 12-жылдық білім берудегі басымдылық.

12-жылдық білім берудегі басымдылық-оқушының «қоғамдық субъекті» ретінде өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталады да, оның еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті Тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Білім беру мазмұнын жобалауда оқу бағдарламасын білім берудегі құзіреттілікті жүзеге асыруға, түйінді құзіреттіліктер ретіндегі білім алушылардың яғни, оқушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуіне бағдарлау керек. Бұл оқушылардың игерілген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дайындығынан көрініс табады.
Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім берудің максаты

2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы

3.12-жылдық білім берудегі басымдылық



Лекция №3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет